ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС№ 3.4 АНАЛЫҚ ТАҚТАНЫ ЖАҢАРТУ Өндірістік тапсырмаларды шешуге байланысты сіздің компьютеріңіздің
аналық тақтасына мықтырақ процессор, видеокарта орнату және жедел жады
көлемін арттыру қажеттігі туындады.
1.
Жаңа аналық тақтаны сатып алу мен орнатудың мақсатқа сәйкестігін
анықтаңыз. Ол үшін
Speccy немесе
AIDA 64 утилитасын іске қосыңыз және
жүйеде орнатылған аналық тақта туралы барлық керекті ақпараттарды
алыңыз.
2.
Интернетті пайдалана отырып, www.im30.ru мекенжайы бойынша
«Столица» компаниясы интернет-дүкенінің прайс-парағын ашыңыз.
3.
Видеомонтаж бен дыбыс жазу үшін компьютердің аналық тақтасын
оңтайлы комплектациясынан өз нұсқаңызды құрастырыңыз.
4.
Аналық тақтада процессор мен жедел жадыны орнатуды орындаңыз.
5.
Аналық тақтаны жүйелік блоктың корпусына орнатыңыз.
6.
Бұрандалармен мықты бекітіңіз.
7.
Ток көзіне қосыңыз. Заманауи платаларда ток көзіне жалғағыш
бірыңғай 20-контактілі блок түрінде жасалған. Ол ток көзіне дұрыс емес
қосуға мүмкіншілік бермейтін кілттерге ие.
8.
Компьютердің компоненттерінің жинақтауын толық орындаңыз.
Құрылғыларды аналық тақтаға қосыңыз.
9.
Видеокартаны орнатыңыз.
10.
Жаңа аналық тақтаны орнату мақсатқа сәйкестігі туралы
қорытындылар қалыптастырыңыз және жазыңыз және жасалған жұмыс
жайлы есеп жасаңыз.