ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС№ 3.10 WINDOWS-ТАҒЫ ДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛДАРЫ 1.
Windows құралдарымен құрылғылардың диагностикасын жасаңыз.
2. Іске қосу, Анықтама мен қамсыздандыру орындаңыз.
Диагностика құралдары іздеу критерийін енгізіңіз (сур. 3.39).
3.
Қауіпсіз режимде диагностика жасау үшін жүйе ұсынатын құралдар
мен функцияларды жазып алыңыз. Түсініктемелер жазыңыз.
4.
Жүйе жайлы мәліметтерді іске қосыңыз
. Жүйе жайлы мәліметтер бағдарламасы Windows-та стандартты қосымша болып
табылады. Ол сондай-ақ шақырылады:
Іске қосу, Бағдарламалар, Стандартты, Қызметтік, Жүйе жайлы мәліметтер. Бағдарлама
жүйенің конфигурациялары туралы деректер жинауды орындайды және
әртүрлі құрылғылар мен бағдарламалардың өзара әрекеттестігімен, қате
драйверлермен және бұзылған файлдармен байланысты мәселелердің
көздерін тауып беруге көмектеседі.
Бағдарламаның интерфейсі қолайлы сатылы құрылым түрінде
рәсімделген. Бұл құрылымның санаттары сол жақ панельде келтіріледі,
берілген санат бойынша нақты мәліметтер – оң жағында (сур. 3.40).
Ақпарат үш санат бойынша таратылады: ресурстар, компоненттер және
бағдарламалық орта. Дәптерге осы санаттарға түсіндірме жазыңыз: