Модем –
ақпаратты сандық формадан аналогтық және кері түрде
синусоидты сигналды модуляция-демодуляция арқылы түрлендіретін
құрылғы.
212
Ақпарат жинақтауыш
– ақпарат сақтаудың сыртқы құрылғысы.
Плоттер
– үлкен форматтағы тасымалдағыштармен жұмыс істеуге
арналған кең форматты принтер (сызбалар, схемалар, плакаттар).
Принтер (басып шығарушы құрылғы)
– ақпаратты қағазға немесе
басқа тасымалдағышқа шығаратын перифериялық құрылғы.
Есептеуіш машиналарға арналған бағдарлама
– есептеуіш машинада
өндеуге тұрарлық пәрмендердің ретке келтірілген тәртібі.
Хаттама
– есептеуіш машиналар мен жүйелердің жеке есептеуіш
компоненттерінің ақпараттық өзара әрекеттесу форматы мен типтерін
сипаттайтын және регламенттейтін арнайы стандартталған ережелердің
жинағы.
Процессор
– есептеуіш машинаның жадысында болатын бағдарламаны
орындау құрылғысы.
Сервер
– желілік есептеуіш машина, онда клиенттерге қол жетімді
ақпараттық ресурстар болады және желінің клиенттік жұмыс станцияларына
қызметтер көрсетіледі.
Сканер
– қағаз немесе басқа тасымалдағыштан мәтіндік және
графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Файл
– бағдарламадан тыс болатын сыртқы жадыда орналасатын және
бағдарламаға арнайы операциялар арқылы қолжетімді болатын деректер типі
нақты
бағдарламасында
толық
сипатталған
экземплярлардың
сәйкестендірілген жиынтығы.
Шина
– сандық коммуникациялық сызықтардың кейбір жинағы,
олардың әрбіреуі екілік сандардан 1 және 0 тұратын сигнал жіберуге
қабілетті.
213
Достарыңызбен бөлісу: |