■
Sempron – үстел ДК және мобильді құрылғы үшін ең төмен бюджетті
процессор. Ол Intel компаниясының Celeron процессорларына тікелей
бәсекелес болып табылады. Осы процессордың негізгі тауашасы
күнделікті жұмыс үшін қарапайым қосымшалар болып табылады;
■
PhenomII – барлық тапсырмаларды шешуге арналған жоғары өнімді
процессордың көпядролы түрі. Қазіргі уақытта FX-9590 сериялы
процессор флагманы болып табылады. Ол модульге қосарлас жинақталған
сегіз есептеуіш ядроға негізделген, 32-нанометр технологиясымен
өндірілген, үшінші деңгейдегі 8 Мбайт кэш-жады иегері және
SocketAM3+ жалғағышпен жүйелік тақтасын пайдалануға арналған.
■
AthlonII – процессорлардың көпяролы түрі, PhenomII сериялы қымбат
процессорға
бюджетті
балама
ретінде
құрылған.
Күнделікті
тапсырмаларды орындауға және «бюджетті» ойын жүйелері мен жоғары
өнімді ДК үшін балама ретінде жасалған.
■
A-Series – процессорлардың жаңа төртядролы түрі, ол қазіргі уақытта
сатылуға түскен AMD компаниясының соңғы әзірлемесі болып табылады.
Осы сериясының ерекшелігі Radeon графикалық бейнекартасы процессор
ядросына кірістірілген. AMD компаниясы әзірлемені жаңартуға
дайындығын және жоғары өнімділік үстел компьютерлері үшін FX-
сериялы процессорларды шығаратындығын хабарлады. Осындай жаңа
процессор түрінің пайда болуын 216 ж. күтіледі. Оның негізінде келесі
буында x86 (x86-64) жасалады. Аппараттық платформа көпнүктелі
технологияны пайдаланатын болады, әрбір ядро бірнеше команданың
ағынын орындауға мүмкіндігі бар.