Командалық шина бойынша оперативті жадыдан процессор орындайтын
командалар түседі. Командалар байт түрінде ұсынылады. 1 байтқа қарапайым
команда сыйады, бірақ 2, 3 және одан да артық байт қадет ететін командалар
бар. Заманауи процессордың көбісі 32-разрядты командалық шинасы болады,
дегенмен 64-разрядты командалық шиналы процессорлар да бар.
Жүйелік тақта шиналары процессормен тек байланыс үшін ғана
пайдаланбайды. Жүйелік тақтаның барлық басқа ішкі құрылғылары, сондай-ақ
оған қосылатын құрылғылар шина арқылы өзара байланыста болады. Осы
элементтердің құрылымы ДК өнімділігіне толықтай тәуелді.
Жүйелік тақтаның өзекті компоненті чипсет (жүйелік логика жиынтығы)
болып табылады – оперативтік жадыға, графикалық контроллерге және
шеткері құрылғының котроллерына ОПҚ қосуды қамтамасыз ететін
микросхема жиынтығы. Қандай құрылғылар қосыла алатыны мен келешекте
компьютердің мүмкіндігін, жүйелік тақтаның өзекті ерекшелігінің барлығын
дәл осы жүйелік логика жиынтығы анықтайды. Ол екі негізгі
микросхемалардан тұрады, олар «солтүстік көпір» және «оңтүстік көпір»:
■