1.6.
БЕЙНЕ ШАҒЫН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Монитор бейнекартамен бірлесіп дербес компьютердің бейне шағын
жүйесін құрайды.
Бейнекарта (графикалық адаптер, графикалық карта, бейнеадаптер) –
графикалық бейнені құрап, оны монитор экранына шығаратын құрылғы.
Үстел ДК пайда болу дәуірінде графикалық адаптерлер процессор құраған
суретті ғана экранға шығаруды орындайтын. Нрафикалық карталардың
заманауи буыны тек суретті ғана шығарып қоймай, оны өзі құрамдайды (1.16,
1.17-суретер).
Заманауи адаптерлер компьютердің жүйелік платасына кіріктірілген
болуы да мүмкін (интегралданған) немесе еңейту платасы болуы да мүмкін.
Ол жүйелік тақтаның PCI-Express бейнекартасы үшін арнайы жалғағышқа
қойылады. Кіріктірілген адаптерлер, әдетте графикалық құрамға қойылған
талаптары мен күрделі үшқабатты суреттерді құрастыру туралы мәселелерді
қарамайтын кеңсе қосымшаларымен жұмыс үшін бюджетті шешімде
пайдаланады.
Соңғы
уақытта
көптеген
интегралданған
шешімдер
пайдаланушыға жоғары айқындық бейне (HD) көруге мүмкіндік беруіне
45
1.16-сурет. Салқындату жүйесі жоқ екіядролы бейнекарта
1.17.-сурет. Салқындату жүйесі жоқ екіядролы бейнекарта
және бастапқы деңгейлегі үшқабатты графикамен (3D) рахатқа бөлеуіне
қарамастан, олардың мүмкіндігін өздік шешімдер ретінде шығарылатын
бейнекарталардың мүмкіндігімен салыстыруға болмайды.
Өзіндік кеңейту платасы бар бейнеадаптер компьютердің ішіндегі
компьютер. Оның өзіндік немесе екі графикалық процессоры (GPU),
бейнежады (GDDR), салқындату жүйесі, қорек жүйесі, бейнеконтроллер және
цифрлы аналогты түрлендіргіші бар.
Бейнекартаның негізгі сипаттамасы бейнепроцессор мен бейнежадының
тактілік жиілігі, графикалық процессордың ішіндегі істейтін орындаушы
блогының саны, бейнежады шинасының ені (бір тактіге жадыдан деректерді
беру санына әсер етеді) және бейнежадтың көлемі болып табылады.
46
1.18.-сурет. NVIDIA және AMD бейнеадаптерлері
Әдетте, заманауи графикалық адаптерлер әртүрлі мониторлар мен
телевизорларға қосу үшін бірдей және әртүрлі графикалық интерфейстің
бірнеше шығыстары болады. Қазіргі уақытта аса таратылғандары аналогты
VGA және цифрлы интерфейстер: DVI, HDMI (miniHDMI), DisplayPort
(miniDP). Соңғы екеуі бейнеқатардан басқа дыбысты да береді.
Графикалық чиптерді жобалау және шығаруға екі ымырасыз қарсыластар
қатысады: ATI канадалық компаниясы, қазіргі уақытта AMD сатып алған,
және калифорниялық NVIDIA (1.18-сурет). Өткен жылдардың барлығында
екеуінің біреуі де өз пайдаларына асырған жоқ, қазіргі күні нарықтағы
олардың үлесі 50/50. ATI (AMD) компаниясынан графикалық чиптер негізінде
өндірілген кең таралған барлық (үй ДК үшін) бейнекарталар Radeon, ал
NVIDIA логикасындағылар – GeForce деп аталады. Осы компанияларда
жұмыс стансалары үшін кәсіби шешімдер де бар. Осы топтамалар Quadroот
NVIDIA және FireGLот ATI (AMD) деп аталады.
47
Қазіргі уақытта бірден екі, ал кей жағдайларда – үш буынның графикалық
чиптерінен құралған бейнеадаптерлерді кездестіруге болады.
NVIDIA-да олар: отбасы GeForceGT 2XX, GT 4XX, GTX 5XXи GTX 6XX,
ал AMD (ATI) – RadeonHD 5XXX, HD 6XXXи HD 7XXX.
NVIDIA-тан SLI (3-WaySLI) және AMD (ATI)-нен CrossFire (CrossFireX)
технологияларының екі, үш, және төрт бейнекарталардың есептеуіш
қуаттылығын бір компьютерге орнатып біріктіруге мүмкіндігі бар (1.19, 1.20-
сурет).
1.19. .-сурет. Екі
бейнекартаны біріктіру технологиясы
1.20.-сурет. Үш бейнекартаны біріктіру технологиясы
48
Бірденнен бір жүйеде бірнеше бейнекарталарды пайдалану мәселесі
қолданыстағы жалғыз бейнекарталардың барлығынан қуаттылығы артық
бейнекартаның өнімділігін алуға қажетті жағдайда қажет болады. Кейде екі
орта (өнімді) класты бейнеадаптерлерді орнату өнімділігі осындай бір
бейнекартаны орнатуға қарағанда экономика жағынан тиімдірек болады. Осы
технологияларды іске асыру үшін жүйелік тақтада PCI-Express бейнекартасы
үшін екі немесе одан көп слоттардың бар болуы қажет, осы технологияларды
жүйелік плата чипсеттерімен қолданады.
Microsoft компаниясымен DirectX тәуелсіз бағдарламалық кешені ойлап
табылған. Ол әрбір жеке бейнекартаға бағдарламаны жазудан құтқарады және
кітапханадан дайын шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бейнекарталар
аппараттық деңгейде функциялардың берілген жинағын орындауға қабілетті
адаптерге ықпал ететін DirectX кітапханаларының осы немесе басқа нұсқасын
қолдай алуы қажет.
Нақты компьютер каталогынан бейнекартаның атауларына мысал
қарайық:
Достарыңызбен бөлісу: |