Тораптық концентратор, немесе хаб (
англ. hub – орталық), –
компьютерлерді кабельдік қосу инфрақұрылымын пайдалану арқылы
Ethernet желісіне біріктіру (сурет - 1.40). Тораптық концентраторлар бар
базаларға қосылуға арналған қалың немесе жұқа коаксиалды кабель
қосылатын жалғағыштары бар.
Тораптық концентратор құрылғы порттардың біреуінен істен шықса да
немесе коаксиалды кабельдің бір жері зақымдалып ол толықтай істен шықса
да тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Көбінесе концентраторлар 4, 5, 6, 8, 12, 16, 24 және 48 порттармен
шығарылады (тең таралған түрлері 4, 8 және 16 портты концентраторлар).
Деректерді жіберу жылдамдығы секундына мегабайтпен өлшенеді,
концентраторы со скоростью 10 және (немесе) 100 Mбит/c жылдымдықпен
жұмыс жасайтын концентраторлар шығарылады. Жылдамдық автоматты
түрде ауыса алады (қолданыстағылар арасындағы ең азына), сондай-ақ
жалғастырғыш немесе ауыстырып-қосқыш арқылы да ауыстыруға болады.