Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  OLAP (On-line Analitical Processing) —



Pdf көрінісі
бет88/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

5.6.1. 
OLAP (On-line Analitical Processing) — 
деректерді жедел талдау 
Механизм  OLAP  механизмі  қазіргі  таңда  деректерді  талдауда 
танымал  әдіс  болып  саналады.    OLAP—  бұл  жеке  алынған 
бағдарламалық  өніс  емес,  бағдарламалау  тілі  де  емес,  тіпті  нақты 
технология да емес. Егер,  OLAP оның барлық байқалуында қамтуға 
әрекет  жасайтын  болсақ,  онда  бұл  деректерге  аналитикалық  қол 
жетімділікті  жеңілдететін,  бағдарламалық  өнімдер  негізінде жатқан 
тұжырымдамалар, қағдаттар мен талаптар жиынтығы. Ең алдымен, 
аналитиктерге  неліктен  деректерге  қол  жетімділікті  арнайы  түрде 
оңайлату қажет болғанын анықтайық. 
Шын  мәнінде,  талдаушылар  —  бұл  корпоративтік  ақпаратты 
ерекше  тұтынушылар.  Олардың  міндеті  —  жалпы  деректер 
ауқымындағы  заңдылықты табу. Сондықтан да талдаушылар жеке 
алынған  фактіге  (мысалы,  нақты  сатып  алушымен  жеке  тауарды 
сату)  назар  аудармайды.  Дерекқордағы  жалғыз  фактілер  мысалға, 
иелігінде  келісім  бар  есепші  немесе  сату  бөлімінің  басшысын  
қызықтыруы  мүмкін.    Талдаушыға осындай бір жазба аз  – оған ай 
немесе жыл ішіндегі барлық келісім қажет болуы мүмкін. Сонымен 
бірге  аналитик  оған  қажетсіз  сатып  алушының  ЖСН,  оның  нақты 
мекенжайы  мен  телефон  нөмірі  секілді  егжей-тегжейлікті  алып 
тастайды. 
OLAP  технологиясы  деректер  қоймасы  түсінігіне  негізделген.  
Деректер  қоймасының  «негізін  қалаушы»  Билл  Инмонмен 
тұжырымдалған  анықтаманы  келтірейік.  OLAP—  бұл  уақытқа 
байланысты  пәнбағдарлық  және  басқару  шешімдерін  қабылдау 
үдерісн қолдау үшін өзгертілмейтін деректерді жинау. 
Қоймадағы  деректер  жедел  жүйелерден  (OLTP)  және  сыртқы 
көздерден – статистикалық есептер, Интернет, прайс-парақтар және 
т.б. келіп түседі. (5.8-сурет). Жедел деректер, «тазартылады», 
 
 
 
 
 


173 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.8-сур.  Ақпараттық-аналитикалы қ  жүйе құрылымы 
 
 
Біріктіреді  және  реляциялық  қоймада  сақталады.  Сонымен  бірге, 
олар  енді  талдау  үшін  қол  жетімді  және  оларды  әртүрлі  есептерді 
құру  құралдары  арқылы  қолдануға  болады.  Содан  кейін  деректер 
(толықтай немесе ішінара) OLAP-талдауы үшін дайындалады. Олар 
арнайы  OLAP  ДҚ  жүктелуі  немесе  реляциялық  қоймада 
қалдырылуы  мүмкін.  Ақпараттық-аналитикалық  жүйенің  маңызды 
элементі метадеректер болып табылады, яғни деректер құрылымы, 
орналасуы  және  тасымалдануы.  Метадеректер  арқылы  әртүрлі 
қойма компоненттерінің  тиімді іс-әрекеті қамтамасыз етіледі. 
Мынадай  сұрақ  туындайды  —егер  қажетті  деректер  жедел 
жүйелерде  файлдар  әлдеқашан  болған  жағдайда,  көрінеу  артық 
ақпараттан тұратын деректер қоймасын  не үшін құру керек? Тағы 
да  бірнеше  жыл  бұын  басты  себеп  ретінде  дерек  қоймасындағы 
пішімдердің 
айырмашылығын, 
олардың 
шашыраңқылығын, 
корпоративтік  желінің  әртүрлі  орындарында  шектеуді  атады. 
Шыныменде,  бұрын барлық деректерді орталық серверде сақтау ірі 
кәсіпорын  үшін  сирек  құбылыс  болды.  Қазір  біріктірілген 
корпоративтік 
ақпараттық 
жүйелерді 
қарқынды 
енгізуге 
байланысты  жағдай  өзгерді.  Бірақ  деректер  қоймасын  құру 
қажеттілігінің  түбегейлі  үш  себебі  қалып  отыр.  Біріншіден,  жедел 
деректерге  қатысты  күрделі  аналитикалық  сұраныстар  сервердің 
ресурстарын  «алып  қояды»  және  ақпараттық  жүйенің  жұмысын, 
деректер  кестесін  ұзаққа  бұғаттай  отырып    тежейді.  Екіншіден, 
жедел  деректер  тікелей күрделі талдау үшін жарамсыз. Үшіндіден, 
OLTP жүйесі, деректерді жедел өңдеу үшін арналған, сондықтан да 
олар  ақпараттарды  ұзақ  уақыт  бойы  сақтауға  бейімделмеген,  сол 


174 
 
мезетте    OLAP  үшін  нысанды  көп  жылдық  және  көп  аспектілік 
талдау қызықты. 
Сонымен,  OLAP, қолайлы жылдам әрекет ететін қол жетімділік 
құралдарын,  іскерлік  ақпараттарды  қарау  және  талдауды  қолдана 
отырып,  қарапайым,  түсінікті  құрылымда талдау үшін «шикізатты» 
ұсынады.  Дәстүрлі  есептер,  тіпті  бірыңғай  қоймаға  негізінде 
құрылған, орнықтылықтан айрылған. Оларды деректерді қалауында 
ұсыну  үшін  «айналдыруға»,  «жазуға»  немемесе  «бүктеуге» 
болмайды.    OLAP  қоймада  жинақталған  деректерді  көп  өлшемді 
талдау үшін қолайлы құрал болып табылады. 
    OLAP  негізінде  қолданушының  өзімен,  көп  өлшемді  текше 
(гипермәтінге)  түрінде  ұйымдастырылған  деректерді  көрнекі  үлгісі 
жатыр.  Көп  өлшемді  координат  жүйесінің  осі  талданатын  бизнес-
үдерістің  өлшеу  (Dimensions)—  атрибуттары  қолданылады. 
Мысалы,  сату  үшін  бұл  тауар  түрі,  аймағы,  контрагенті  болуы 
мүмкін. Өлшем түрлерінің бірі ретінде уақыт қолданылады. Бизнес-
үдерістерін санмен сипаттайтын деректер өлшемдер (Measures) деп 
аталады. Бұл сандық немесе ақша түріндегі сату көлемі, қоймадағы 
тауарлық  қалдықтар,  шығындар  және  т.б.  болуы  мүмкін. 
Қолданушы  шынайы, интуициялық түсінікті деректер үлгісін алады. 
Ақпаратты  талдай  келе,  ол  текшенгі  әртүрлі  бағыттар  бойынша 
«кесуі»  мүмкін.  Бұл  бизнес-үдеріс  туралы  жиынтық  және  егжей-
тегжейлі мәлімет алуға және талдау кезінде қолданушының басына 
келетін басқа да айла-шарғыларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
5.9-суретте бейнеленген, үш өлшемді текше өлшемі ретінде сату 
сомасы,  ал  өлшеу  ретінде-уақыт,  тауар  мен  қойма  қолданылған. 
Өлшеу  белгілі  топтастыру  деңгейлерінде  ұсынылған:  тауарлар 
түрлеріне қарай, ал операцияларды жасау уақытына қарай деректер-
айлар  бойынша  топтастырылған.  Кейінірек  біз  топтастыру 
деңгейлерін  (иерархиялар) толығырақ  қарастыратын боламыз. 
Шын  мәнінде,  математикалық  текше  тұрғысынан,  осындай 
ауқым  үнемі  бола  бермейді:  нағыз  текшеде  барлық  өлшемдер 
бойынша элементтер саны бірдей болуыы қажет, ал OLAP текшеде 
мұндай  шектеулер  жоқ.  Әйткенмен,  осы  бөлшектерге  қарамастан,  
«OLAP  текшесі»  термині,  өзінің  ықшамдылығы  мен  бейнелігіне 
қарай  жалпыға  ортақ  қабылданды.    OLAP  текшесінің  үш  өлшемді 
болуы мүлде міндетті емес. Ол бір және шешілетін  мінгдеттер қарай 
- көп өлшемді бола алады. Ерекше сыналған аналитиктерге дәл осы 
мөлшер  үшін  20  –ға  жуық  өлшем  және  салмақты  OLAP-өнімдері 
қажет  болуы  және  есептелуі  мүмкін.  Анағұрлым  қарапайы  үстел 
қосымшалары  үшін 6-ға жуық өлшем қолданылады. 
Алайда,  текше  өзі  талдау  үшін  жарамсыз.  Тіпті  үш  өлшемді 
текшені  компьютер  экранында,  қызықтыратын  өлшемдер  көрінуі 
үшін  көрсету  күрделі.  Үштен  артық  өлшеу  көлемі  бар  текшелер 
туралы  не  айтуға  болады?  Текшеде  сақталатын деректерді көзбен 
шамалау  үшін,  әдетте  күрделі  иерархиялық  жолдар  мен  бағагндар 


175 
 
 
атауы бар үйреншікті  екі өлшемді кестемен көрсетуді қолданады.  
 
 
 
 
 
 
 
5.9-сурет.OLAP-кубының  мысалы
  
Бұл  операция  бейнелі  түрде  текшені  «резервтеу»  деп  аталады. 
Талдаушы  оны  алып,  текше  өлшемін  оны  қызықтыратын 
өлшемдерге  «кеседі».  Бұл  тәсілмен  талдаушы  текшенің  екі 
өлшемдіқиығын  алады  және  сонымен  жұмыс  істейді.  Шамамен 
солай  орман  кесушілер  арамен  кесілген  жылдық  сақиналарды 
есептейді.  Сәйкесінше,  кестенің  өлшеу  саны  бойынша«кесілмеген»  
екі өлшем қалады. 
OLAP  анықтаушы  қағидатын  1993жылы  Э.Кодпен-реляциялық 
ДҚ  «ойлап  табушымен»  құрастырылды.  Кейінірек,  оның 
анықтамасы,    OLAP  –қосымшасы  бөлетін  көп  өлшемді 
ақпараттарды жылдам талдау мүмкіндігін ұсынуы үшін, FASMI деп 
аталатын  тестер  қайта  жасалды.  FASMI  аббревиатурасының 
мағынасын ашайық: 
— 
Fast  (жылдам)  —  талдау  ақпараттың  барлық  аспектілері 
бойынша  бірдей  жылдам  жүргізілуі  қажет.  Қолайлы  жауап беру 
уақыты — 5 с немесе одан кем; 
— 
Analysis  (талдау)  —әзірлеушімен  алдын  ала  белгіленген 
қосымшалар  немесе  қолданушымен  ерікті  түрде  анықталған 
сандық  және  статистикалық  талдаудың  негізгі  түрлерін  жүзеге 
асыру қажет; 
— 
Shared  (бөлінетін)  —  көптеген қолданушылар деректерге қол 
жеткізуі,  сонымен  бірге  құпия  ақпарттарға  қол  жетімділікті 
бақылау қажет; 
— 
Multidimensional 
(көп 
өлшемді) 
— 
негізгі 
OLAP  
сипаттамасы; 
— 
Information (ақпарат) — қосымша кез келген ақпаратқа, оның 
көлемі  мен  сақтау  орнына  қарамастан  жүгіну  мүмкіндігі  болуы 


176 
 
қажет. 
 
OLAP-жүйелерімен  жұмыс  төмендегі  сипатталған  екі  сызба 
негізінде  құрылуы қажет. 
1. 
Үстел қосымшасында кіріктірілген, OLAP-құралдары «жеңіл» 
қолдану  үшін  жарамды.  Осындай  құралдар,  әдетте,  көптеген 
шектеулерге  ие:  бөлшек  санына,  қол  жетімді  иерархияға  және 
т.б.  Осыған  ұқсас  құралдарға,  мысалы,  MicrosoftExcel 
текшелермен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін    PivotTable 
үлгілері  жатады.    PivotTable  MicrosoftOfficeс  құрамына  кіреді, 
кіршіксіз  уақыттар  мен  таяк уақытқа дейін оның құрамындағы 
жалғыз  OLAP-өнімі  болды.  Бұл  жағдайда,  деректер  клиент-
үлгімен реляциялық ДБЖ тікелей шығарылады. 
2. 
«Қиын»  жағдайларда  екі  сатылы  «тұтынушы-сервер» 
сызбасын  қолданады.  Сервер,  ДБЖ  ақпараттарды  және 
текшелерді  құруға  қажетті  нәрселерді  тікелей  шығаруды 
қамтамасыз  етеді.    Мамандандырлылған  қосымша-тұтынушы 
текшелерді  қолайлы  (ал  ең  бастысы-тиімді)  көру  және  сол 
аналитикалық  заңдылықтарды  анықтау  үшін  арналған.  
Microsoft 
өнімдер 
сызғышындағы 
серверлік 
бөлімі  
MicrosoftAnalysisServices 
өнімдермен 
берілген, 
ол 
MSSQLServer құрамына кіреді. Салыстырмалы түрде жақында  
MSOffice  құрамына  MicrosoftDataAnalyzer  атауымен    OLAP-
тұтынушысы кірді. 
Ресейлік  OLAP  технологиясын  әзірлеумен  бірнеше  компания 
айналысады.  Танымал  өнім  —фирма  жиегінің  аналитикалық 
InterSoftLab  тұғырнамасы.  «Галактика»  Zoom  жүйесі  Галактика 
үлгісі  үлкен  танымалдыққа  ие.  Осы  бағдарламалық  өнімдердің 
халықаралық  түрде  мойындалғандығын  және  баға  мен  сапаның 
тартымды    үйлесуінің  арқасында  OLAP-өнімдердің  батыс 
нарығында өз тауашасына ие болғандығын атап өтейік. 
ERP-жүйесінде    «кіріктірілген  OLAP-талдаушыларының»  болуы 
жақын 
жылдарда 
біріктірілген 
корпоративтік 
ақпараттық 
жүйелердің маңзды бәсекелестік артықшылықтары болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет