Дескрипторлық бап — бас дескрипторлармен мәнмәтін ішіндегі
қарым-қатынастармен
байланысты дескрипторлар мен дискриптор
еместердің (дескрипторлар синонимдері) ретке келтірілген тобы.
Деректер ағындар диаграммасы (DFD, DataFlowDiagrams) —
үдеріс жүйесінде жүзеге асыру арқылы ақпараттарды тұтынушылар мен
дереккөздердің өзара әрекетін сипаттау үлгісі.
«Болмыс-байланыс» диаграммасы (ERD— Entity- RelationshipDiagrams) — жүйе деректер базасын сипаттау үлгісі.
Құжат айналымы — құжаттардың құрылған немесе алынған
мезетінен бастап оларды өңдеу және қолдану мезетіне дейнгі өту
тізбектілігі.
АЖ анықтығы — онымен жүргізілетін ақпараттарды түрлендіруде
қате болмауға негізделген жүйе қасиеті. Ақпараттық жүйенің қызмет ету
анықтығы толықтай оның нәтижелі ақпараттарының анықтығымен
анықталады және өлшенеді.