Аннотация
Бағдарлама мазмұны:
Білім алушыны білім алуға жетелеу- ұстаздың ең жоғары міндеті. Пәнді
қызықтыра оқыту, іздендіруге жол сілтеуде театр өнеріне баулудың мәні зор.
Сахна мәдениетіне тәрбиелеуде жеке тұлғаның өзіндік құзіретті тұлғасы
қалыптасады.
- Ұлтжандылық сезім, ана тіліне деген құрмет, жергілікті ақын –
жазушылардың шығармаларын оқуға, білуге деген қызығушылық
оянады.
- Шешендік өнер, шешен сөйлеуге деген мәдениет қалыптасады
- Топта ұжымда бірлесе жұмыс жасау әдебі қалыптасады.
Бағдарлама мақсаты:
Мектеп оқушыларының рухани қорын, мәдени эстетикалық деңгейін
кеңейту, бәсекеге бейім, дарынды, дара тұлғаны таныту, ақын-
жазушылардың шығармашылығын насихаттау.
Бағдарлама міндеті:
Көркем шығармаларды оқу, кейіпкерлер мінезіне сипаттама беру,
кейіпкер образына енуде, өзі сомдар образын ашуда арнайы іздену,
әдебиеттермен жұмыс жасау, сахна өнерінің ерекшелігін түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: |