Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет49/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
Байланысты:
умит

13-тапсырмаШығармада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы 
ауыл  тұрмысы  қалай  суреттелген?  Мәтіндегі  баланың  әлеуметтік 
жағдайын білдіретін сөздерді пайдаланып, сыни хабарлама жасаңдар.
14-тапсырма.  Сол  кездегі  ауыл  балаларының  және  қазіргі 
балалардың  өмірін  салыстырып,  кестені  дәптерге  толтырыңдар. 
Ұқсас тықтары мен айырмашылықтарын дебат түрінде талдаңдар.
Соғыс жылдарын-
дағы  балалардың 
ойыны, ермегі
Қазіргі балалардың 
ойыны, ермегі
 
Соғыс жылдарын-
дағы  балалардың 
еңбек етуі
Қазіргі балалардың 
еңбек етуі
оРАЛÕАн бӨКеÉ
(1943–1993)
Оралхан  Бөкей  1943  жылы  28  қыркүйекте 
Шығыс  Қазақстан  облысы  Қатон-Қарағай  ауда-
нына  қарасты  Шыңғыстай  ауылында  туған. 
1963  жылы  қазіргі  әл-Ôараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық  университетіне  сырттай  оқуға  түседі  де, 
оны  1969  жылы  тамамдайды.  1970  жылы  Алма-
ты қаласындағы «Жазушы» баспасынан шыққан 
«Қамшыгер»  атты  алғашқы  жинағы  қаламгер 
ретінде  танытты.  Осы  баспадан  оның  «Үркер» 
(1971),  «Қайдасың,  қасқа  құлыным?»  (1973),  «Мұзтау»  (1975) 
әңгімелері мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән сала-
ды шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта 
қыс  ұзақ»  (1984)  әңгімелері  мен  повестері  «Жалын»  баспасы-
нан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» драмалық  
шығармасы «Өнер», ал 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп атала-
тын әңгімелері «Жазушы» баспасынан шықты.


78
!
Көркем  шығармада  адамның  өмірі,  олардың  өзара 
қарым-қатынасы,  наным-сенімі,  ой-сезімі,  мінез-құлқы 
жинақтала суреттеледі.
Осындай  жинақталған  адам  образын  типтік  образ  деп 
айтамыз. 
1-тапсырма.  Оралхан  Бөкейдің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы 
шағын хабарлама дайындаңдар. Õабарламада жазушының өзің білетін 
басқа да шығармалары туралы айтып беріңдер.
2-тапсырма. Әңгіменің толық мәтінін хрестоматиядан оқыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет