80
Бiр күнi мен Тортайды көп iздеп, әрең таптым. Тұрған үйi
аузына келгенiн айтып ұрысып, қуып жiберiптi. Салық салғанның
ұшар басындағы қалың қамысты тас қорымның үңгiрiне кiрiп, от
жағып жатыр екен.
...Ешкiм жоқта жылаған секiлдi, оттың сәулесi тиген көзi
қызарып, домбығып тұр едi.
– Әке-шешең іздеп жүрер, үйiңе қайт, қорықсаң, мен шығарып
салайын, – дедi Тортай. «Әке-шешең» деген сөздi қырсығып
айтқандай болды. Ал әке-шешемнiң тiрi, жер басып жүргенiне мен
кiнәлi емес едiм.
– Сенiң жаныңа жата кетсем қайтедi? – дедiм оттың шаласын
ысырып.
– Қайтасың! – дедi ол мiз бақпай. Мен бүгiн оны мүлдем таны-
май отырмын. – Қайтасың, әке-шешең менiң басымды жарады.
– Жармайды.
Сен менi қума, дос емес пе едiк?
– «Ораза-намаз тоқтықта» ғана деген. «Тоқ бала аш баламен
ойнамайды» деген.
Мен жауап бере алмадым, үндемеген қалпы мылқиып отыра
бердiм. Тортай мең-зең. Ëаулаған отқа тесiлген күйi күрсiндi. Со-
дан кейiн нардан қарғып түстi де, тас үңгiрдiң тесiгiнен сыртқа
қарады.
Тасошақтағы оттың сәулесi тас қабырғаларға түсiп, қоңырқай
тартады. Төбеде тесiк бар-ау деймiн, тырс-тырс тамады бiр жерден.
Бiз ертедегi ескi дүниеде отырғандай едiк. Менiң кеңсiрiгiм ашып,
бiртүрлi жылағым келдi.
– Тортай, – дедiм.
– Ау, – дедi.
– Әңгiме не ертегі айтшы.
– Баяғыда бiр жетiм бала болыпты, – деп бастады... баяғыда
бiр жетiм бала болыпты... әрі қарай күңгiр-күңгiр, күбiр-сыбыр
ертекке айналды. Бүгiнде менiң есiмде Тортай айтқан ертектiң
көбi қалмаған, тiптi сол арманшыл баланың өзiн де ұмытқандай
едiм... Тек, «баяғыда бiр жетiм бала болыпты» деп басталушы
едi, ал қалай аяқталғанын бiлмеймiн, мүлдем есiмде жоқ, қалай
аяқталушы едi?.. Менiң жадымда тамаша сақталғаны – ол тас
үңгiрде шөп төселген нардың үстiнде жатып оқыған кiтаптары мен
81
өзiнiң арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбiр-күбiр
әңгiмесiнiң емiс-емiс елесi ғана. Менi жып-жылы қойнына алып,
ағалық ақылын айтатыны мен зеректiгi едi.
– Бұл дүниеде мен пiр тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар,
ол – кiтап, – дейтiн.
– Әкем де, шешем де – сол кiтап. Кейбiрiн екi-үш қайтара
жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетiмдiгiң – бәрi-бәрi
ұмытылып, басқа бiр жұмақты өмiрге сапар шеккендей боламын.
Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрi жалғастырып, Алматыға ат-
танар едiм. Шынымды айтайыншы, кiтап жазып, жазушы болғым
келедi.
...Тортай көзi жайнап, астындағы жақпар тасты тебiнiп-тебiнiп
қалғанда, ар жағындағы шатқалға құлап кетедi екен деп зәре-
құтым қалмайды.
– Ақ боз ат демекшi, түнде түсiмде көк өгiзiм арғымақ болып,
жер тарпып, кiсiнеп тұр. О несi екен? – деп, бұзауларымен бiрге
қаперсiз оттап жүрген өгiзiне күн сап қарады.
– Тортай, сен түбi сол ақ боз атқа мiнесiң, – дедiм мен шын
көңiлiммен.
– Қайдам, – дедi ол тастан-тасқа секiрiп, төменге түсiп бара
жатып. – Қайдан бiлейiн... Әкем марқұмның тақымы қотыр тайға
тимей
кетiп едi, қайдан бiлейiн.
Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға
оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тор-
тай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзiммен
бiрге ала кететiн шаманың жоқтығына жыным келдi. Кетерiмде ол
маған ең сүйiктi кiтабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшiн де оқы.
Бәлкiм, мен мiне алмаған ақ боз атқа сен мiнерсiң».
– Сенiң өз ақ боз атың бар емес пе?
– Жоқ, менiң маңдайыма көк өгiз жазылған.
– Онда мен өз ақ боз атымды саған сыйға тартамын.
?
Достарыңызбен бөлісу: