1-тапсырма. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қо-
сымша дереккөздерді пайдаланып, шағын хабарлама дайындаңдар.
2-тапсырма. «Қажымұқан» повесінің кейіпкері – белгілі қазақ палуа-
ны Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерлік істері туралы зерттеу
жүргізіңдер.
!
Көркем бейне – әдеби шығармада жинақталған түрде
суреттелетін өмір құбылысының нақтылы көрініс-қалпы,
кейіп кердің ой елегінен өткі зіліп, қорытындылап жасалған
бей несі.
Жазушы көптеген адамдарға тән қасиет-сипаттарды
жинас тырып, екшеп, іріктеп алып, бір адамның бойына
сыйғызып бейнелейді.