Шетел тілі мұғалімінің құзыреті мен құзыреттілігі негізгі акмеологиялық категориялар ретінде



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#21935
  1   2   3   4
Байланысты:
Qagazbaev Shetel 2015



Серия «Педагогика». № 1(77)/2015 

73 


ƏОЖ 371.13 

Ж.Қағазбаев, Д.Б.Нығметжанова 



Е.А.Бөкетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: zhan_1952@mail.ru) 

Шетел тілі мұғалімінің құзыреті мен құзыреттілігі 

негізгі акмеологиялық категориялар ретінде 

Мақалада  осы  уақытқа  дейін  бірыңғай  көзқарасқа  ие  болмаған  «құзырет»  жəне  «құзыреттілік» 

ұғымдары  қазіргі  заманғы  əдістемелік  ғылым  тұрғысынан  қарастырылды.  Сонымен  қатар  зерттеу 

барысында  олардың  өзара  байланысы,  өзіндік  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтары  айқындалып, 

сипатталды. Оқушы тұлғасына бағыттылығымен, оқытылатын тіл құралдары арқылы білім алушының 

өз  бетімен  даму  қабілеттерінің  жетілуімен  сипатталатын  құзыреттілік  əдісін  зерттеумен  айналысқан 

отандық жəне шетелдік зерттеушілердің пікілеріне сараптама жасалған. 

Кілт сөздер: құзырет, құзыреттілік, біліктілік, кəсіби шеберлік, қабілет, құзыреттілік əдісі. 

 

Шетел  тілінен  білім  берудегі  түпкі  мақсат — екінші  тілдік  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни,  қос 



тілді,  қос  мəдениетті  меңгерген  білім  алушыны  даярлау  деген  тұжырымға  саяды.  Ал  мақсаттың 

негізін білім, мағлұматтар, біліктер, қабілеттер жəне құзыреттер құрайды. Осы орайда білім беруде 

құзыреттілік  əдісін  басшылыққа  алу  көкейкесті  мəселеге  айналып  отыр.  Бұл  мəселенің  ойдағыдай 

шешімі  шетел  тілін  оқыту  мазмұнын  анықтауда  терминдер  жүйесін  нақтылау  əрекетімен  тығыз 

байланысты. 

«Құзыреттілік» пен «құзырет» ұғымдары педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кəсіби 

шеберлігін  бағалау  барысында  жиі  қолданылғанымен,  қазіргі  уақытқа  дейін  аталмыш  ұғымдардың 

толымды  əрі  нақты  мағынасы  берілмеген,  сонымен  қатар  қос  ұғымның  өзара  ара  жігі  де 

ажыратылмаған. 

Кейбір  анықтамалық  жəне  ғылыми  басылымдарда,  соның  ішінде  əдістемелік  əдебиеттерде 

«құзыреттілік» пен «құзырет» ұғымдары бір мағыналы, синонимдес терминдер ретінде қолданылады. 

Дегенмен,  Т.Білдебаевтың  «Қазіргі  заман  ұғымдары  мен  терминдерінің  қысқаша  түсіндірме 

сөздігінде» «құзырет» (латын тілінде competentia — құқығы бойынша тиесілік, competo — лайықты 

болу,  сəйкес  келу,  күш  салу,  орыс  тілінде  компетенция) — белгілі  бір  саладағы  білімдер  мен 

тəжірибе,  қайсыбір  адамның  ерекше  хабардар  мəселелерінің  ауқымы  деп  көрсетілген [1]. Ал 

«құзыреттілік»  деп  маманның  құзыреттерді  игеріп,  оны  қызмет  барысында  тиімді  пайдалана  білуді 

айтады. Латын тілінен аударғанда «өз ісін жетік білу», «танымы мол, тəжірибелі», «қабілетті» деген 

мағыналарды  білдіреді.  Қос  ұғымның  мəн-мағынасы  жақын  əрі  өзара  байланысты  болғанымен, 

феноменологиялық  тұрғыдан  екі  түрлі  термин  болып  келеді. «Құзырет» «құзыреттілік»  ұғымының 

құрамдас  бөлігі  болса,  құзыреттілік  құзыреттер  негізінде  қалыптасады.  Бұл  пікірді  білім  беру 

саласында  құзыреттілік  бағытын  зерттеумен  айналысып  жүрген  ғалым  А.В.Хуторской  өзінің 

«Дидактическая  эвристика.  Теория  и  технология  креативного  обучения»  еңбегінде  білдірген.  Кейін 

бұл көзқарасты Ю.В.Фролов, Д.А.Махотин, Ю.Г.Татур одан əрі дамытты. Аталмыш пікір бойынша, 

«құзыреттілік» ұғымын «құзырет» ұғымының синонимі ретінде емес, жеке термин ретінде қолданған 

жөн [2]. 

Бұл  ұғымдардың  қалыптасу  жолдарын  қысқаша  қарастырайық. «Құзырет»  ұғымы 60 жылдары 

АҚШ-та  еңбек  нарығында  бəсекелестікке  түсе  алатын  мамандарды  даярлау  мақсатында  əрекеттілік 

негізде білім беру аясында (performance based education) қолданысқа ие бола бастады. «Құзыреттер» 

жəне «құзыреттілік» (competences and competency) ұғымдарын ажырата білу ұсынылды. Құзыреттілік-

тұлғалық  категория,  ал  құзыреттер  тізімі  оқу  бағдарламаларына  енгізіліп,  құзыреттіліктің  негізін 

құрайды деген пікір қалыптасты. Соңғы ұғым құзыреттер кешені ретінде, яғни, табысты, продуктивті 

іс-əрекеттің бақылап-байқауға болатын көрінісі ретінде қарастырылды. Еуропа мемлекеттерінде ХХ 

ғасырдың  соңында  жəне  ХХІ  ғасырдың  бас  кезеңінде  жоғары  кəсіби  білім  беру  жүйесінің 

құрылымында,  бағалау  үдерістерінде  орын  алған  өзгерістер  жоғары  білімнің  қорытынды-мақсатты 

негіздемесіне  əсерін  тигізбей  қоймады.  Ең  алдымен,  білім  алушыларды  кəсіби  даярлау  барысында 

олардың бойында білім мен біліктен басқа, құзыреттерді қалыптастыру қажеттілігі туындады (Еуропа 

кеңесінің  Берн  симпозиумы, 1996 ж.).  Алғашында,  құзыреттер  деп  адамның  жеке  тұлғасы  мен 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Ж.Қағазбаев, Д.Б.Ныгметжанова 

74 


Вестник Карагандинского университета 

қызметінің 40 түрлі  қасиеттері  мен  ерекшеліктері  (мотивация,  интерактивтілік,  жауапкершілік, 

сəттілікке  бағдарлану,  дербестік,  əрекетті  талдай  алу  қабілеті  жəне  т.б.)  аталды.  Кейін  «құзырет» 

ұғымының  мағынасы  кеңейе  түсіп,  ол  оқу  нəтижесіне  əсер  ететін  факторлардың 

(психофизиологиялық,  психологиялық,  білімдік,  қызметтік  жəне  т.б.)  жиынтығы,  яғни  білім  алушы 

субъектінің  жеке  қасиеттерімен  қатар,  оның  білімі  мен  білігінің  қосындысы  деп  тұжырымдалды. 

Одан  кейін,  құзыреттер  əмбебап  (жалпы  мəдени),  жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  құзыреттер  болып 

жіктелді. Бұл тұрғыда «құзырет» ұғымының үш негізгі мағынасын ажыратқан жөн. 

А.В.Хуторскойдың пайымдауынша, бұл ұғымның педагогикалық мағынасы — əрекет нысанына 

тұлғаның  қатынасын  анықтайтын  адамның  нақты  құзыретті  меңгеруі.  Осы  көзқарас  бойынша, 

синоним ретінде қолданылатын «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарын ажырата білу қажет. Яғни, 

«құзырет»  дегеніміз — оқушының  белгілі  бір  қызмет  саласында  сапалы  əрі  өнімді  жұмыс  жасауы 

үшін  қажетті  білімдік  дайындығына  қойылатын  алдын  ала  əлеуметтік  міндеттелген  талап  (норма). 

Құзырет  тұлғаның  бір-бірімен  байланысты  қасиеттерінің  (мотивация,  білім,  білік,  дағды,  əрекет 

амалдары)  жиынтығын  қамтиды,  ал  құзыреттілік  болса,  жөні  бөлек  құбылыс,  ол  маманның  нақты 

құзыретті игеруін жəне əрекет нысанына тұлғаның өзіндік көзқарасын анықтайды [3]. 

«Құзырет»  ұғымының  психологиялық-практикалық  мағынасы  ХХ  ғасырдағы  сəттілікке  жетуге 

ынталандыру  бойынша  жарияланған  еңбектерде (H.Heckhausen, R.White, D.C.McClelland) жиі 

кездеседі.  Бұл  көзқарас  бойынша,  құзырет — білім  мазмұнын  игеру  жəне  одан  əрі  қызмет  етуге 

мүмкіндік беретін адамның зияткерлік, жеке дара қасиеттері, оның психологиялық мінездемесі, білім 

жəне  білікпен  қоса  игерілетін  психологиялық  шарт.  Бұл  бағыттың  аясында,  құзыреттер  тізімдемесі 

кеңейе түсті. Атап айтқанда, Дж.Равеннің еңбегінде құзыреттің 37 компоненті берілген. Оның ішінде, 

өз-өзіне деген сенімділік, өзін-өзі ұстай білу, сыни ойлау, шешім қабылдай алу қабілеті, табандылық, 

жеке-бас  жауапкершілігі,  қатысым  субъектілерінің  ой-пайымдарын  ескере  отырып,  олардың 

пікірімен санаса білу қабілеттері жəне т.б. [4]. 

Құзыреттің лингво-психологиялық мағынасы тұрғысында, ол — ішкі психикалық түзілім, белгілі 

бір  бағдарлама  деп  қарастырылады.  Құзыреттің  бұл  мағынасы  Н.Хомскийдің  тілдік  «құзырет» 

(сөйлеушінің немесе тыңдаушының өз тілін білуі) пен «тілді қолдана білу» (performance), яғни, нақты 

бір  жағдаяттарда  сөйлей  алу  жөніндегі  тұжырымдамасынан  бастау  алады.  Тек  «қолданыс» 

(performance)  аясында  ғана  адамның  жеке-дара  қасиеттері  мен  психологиялық  мінездемесі 

айқындалады. Бұл тұрғыда, «қолданыс» (performance) «құзыреттілік» ұғымымен мағыналас болып келеді [5]. 

Жоғарыда  айтылған  пікірлерді  сараптай  отырып, «құзырет»  жөнінде  келесі  тұжырымдарға 

келуге болады: 

1. Алдын  ала  іріктеліп,  құрылатын,  дидактикалық  тұрғыдан  ұйымдастырылатын,  игеруге 

міндетті білім мазмұны (педагогикалық мағынасы). 

2. Субъектінің  белгіленген  білім  мазмұнын  сəтті  игеру  үшін  қажетті  зияткерлік, 

психофизиологиялық  қасиеттері,  бұл  мағынада  «құзырет»  ұғымы  «білім»  мен  «білік»  ұғымдарын 

қамтитын «қабілет» сөзінің синонимі ретінде қолданылады (психологиялық-практикалық мағынасы). 

3.  Игерілетін  немесе  игерілген,  бірақ  əлі  де  іс  жүзінде  толыққанды  қолданылмаған  білім 

мазмұны, психикалық түзілім, білім мен оны қолдану бағдарламалары, əдіс-тəсілдері мен іс-əрекеттер 

алгоритмі (лингво-психологиялық мағынасы) [2; 5]. 

Екінші тармақта берілген «құзыреттің» мағынасын «құзыреттілік» ұғымының алғышарты немесе 

негіздемесі  ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  орайда  «құзыреттілік» — əр  түрлі  міндеттерді  жүзеге 

асыру  барысында,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасағанда  айқындалатын  адамның  зияткерлік 

жəне əлеуметтік-мəдени ерекшеліктері, білімінің негізінде қалыптасатын жеке-дара қасиеттері. Атап 

өтер  жайт,  құзыреттілік  құзыреттің  баламасы  емес,  оның  сапалы  жиынтығы  болып  табылады. 

Құзыреттілік — құзыреттердің негізінде қалыптасатын күрделі əрі алуан түрлі құрылымдар. Ол білім 

беру  үрдісінің  барысында  игеріліп,  оның  қорытынды  нəтижесі  болады.  Э.Зеер,  О.Шахматова 

құзыреттілікті кəсіби білім мен біліктің жиынтығы, кəсіби іс-əрекетті орындаудың əдіс-тəсілдері деп 

тұжырымдады.  Ғалым  М.Чошанов  құзыреттілікті  білім,  білік,  дағдының  өзара  байланысы  деп 

қарастырса [6], И.А.Зимняяның пікірінше, құзырет — білік, дағды мен қабілеттер қосындысы жəне де 

оны  танымгерлік,  кəсіби  қызметтер  барысында  қолдануға  даяр  болуды  білдіреді.  Ал  құзыреттілік 

болса,  мотивациялық,  когнитивтік,  мінез-құлықтық,  құндылықты-мағыналық  жəне  эмоционалдық-

еріктік компоненттерден тұратын тұлғаның əлеуметтік-кəсіби қасиеті болып табылады [7]. 

Құзыреттілік  жинақтаушы  ұғым  ретінде  деңгейлік  құрылымға  ие.  Аталмыш  құрылым  үш 

дейгейден  тұрады.  Төменгі  базалық  деңгейге  зияткерлік  іс-əрекеттер  (талдау,  синтездеу,  жалпылау, 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



Шетел тілі мұғалімінің… 

Серия «Педагогика». № 1(77)/2015 

75 

жоспарлау,  болжау)  жатады,  бұл  деңгейдің  қалыпты  даму  кезеңі  құзыреттіліктің  алғышарты  болып 



табылады.  Екінші  деңгейге  тұлға  құзыреттілігінің  сипатын  анықтайтын  жеке-бас  қасиеттері  кіреді. 

Атап  айтқанда,  мақсаттылық,  жауапкершілік,  дербестік,  жинақылық,  креативтілік  жəне  т.б. 

Құзыреттілік  құрылымының  үшінші  деңгейіне  құзыреттіліктің  ішкі  мазмұны,  компоненттік  құрамы 

жатады. Оған келесі аспектілер енеді: 

1. Құзыреттілік мазмұнын білу (когнитивтік аспект). 

2. Əр түрлі қалыпты жəне қалыпты емес жағдайларда өз құзыреттілігін көрсете білу білігі (мінез-

құлықтық аспект). 

3. Құзыреттіліктің  мазмұнын,  үдерісін  жəне  нəтижесін  құндылықтар  тұрғысынан  сараптау 

(құндылықты-мағыналық аспект). 

4. Құзыреттілік үдерісі мен нəтижесін эмоционалдық-еріктік реттеу (реттеу аспектісі). 

5. Түрлі  жағдаяттарда  əлеуметтік  жəне  кəсіби  міндеттерді  шешу  барысында  құзыреттілік 

əлеуетін іске асыруға дайын болу (мотивациялық аспект) [2; 7]. 

Мұғалімнің  құзыреттілігі — нақты  уақыт  шеңберінде  жəне  сəтті  педагогикалық  еңбек 

нəтижелерінен  көрінетін  тəжірибелік-бағдарланған  білімдер,  біліктер  жəне  стратегиялар.  Басқа 

əріптестері  «кəсіби  олқылықтар»  жібергенде  немесе  орын  алған  мəселені  шешуден  бас  тартқан 

уақытта  құзыреттілік  əлеуеті  мол  мұғалім  сүбелі  нəтижеге  ие  болады.  Мысалы,  аса  талапшыл  ата-

аналармен  жұмыс  жасағанда  кикілжіңдерді  еңсеру,  жаңа  стандарттар  бойынша  бағдарламалар 

əзірлеу, жаңа буын оқулықтарымен жұмыс жасауға көшу, жаңа білім беру технологияларын қолдану, 

ғылыми-əдістемелік  экспериментке қатысу  жəне  тағы  басқа  ұстаздың  кəсіби  шеберлігі  мен дарыны 

ұштасқан болмысына сай іс-əрекеттер. 

Өз  кəсіби  қызметін  сəтті  жүзеге  асыру  үшін  мұғалім  негізгі,  пəндік  жəне  арнайы  құзыреттер 

тобын игеруі міндетті. 

Қолдану  аясы  кең,  əрі  əмбебап  болып  келетін  құзыреттер  «негізгі  құзыреттер»  деп  аталады. 

Негізгі  құзыреттер  маманның  жан-жақты  болуын  қамтамасыз  етеді.  Еуропа  кеңесі  негізгі 

құзыреттердің бес тобын ажыратты: 

  саяси жəне əлеуметтік құзыреттер, яғни тұлғаның өзіне жауапкершілік алу, басқа адамдармен 

бірлесе  мəселені  шешіп,  оның  жүзеге  асырылуына  қатысу,  əр  түрлі  этномəдениеттер  мен 

діндерге  толеранттылықпен  қарау,  жеке  мүддесін  кəсіпорын  мен  қоғам  қажеттіліктерімен 

үйлестіре білу қабілеттері; 

  мəдениетаралық  құзыреттер — түрлі  ұлт,  мəдениет,  дін  өкілдерінің  өзара  түсіністік, 

сыйластық, құрмет негізде қарым-қатынас жасауы; 

  коммуникативтік  құзырет  дегеніміз — əр  түрлі  тілдерде  ауызша  жəне  жазбаша  қарым-

қатынас  жасау  технологияларын  меңгеру  (оның  ішінде  компьютерлік  бағдарламалау, 

Интернет желісі арқылы қарым-қатынас жасау); 

  əлеуметтік-ақпараттық құзырет — ақпараттық технологияларды меңгеру, БАҚ-тағы ақпаратқа 

сыни көзқараспен қарау; 

  жеке-бас  құзыреті — өзінің  білім  беру  деңгейін  тұрақты  арттыруға  дайын  болу,  жеке-бас 

əлеуетін толыққанды іске асыру қажеттілігінің болуы, өз бетімен білім мен біліктерді игеру, 

өзін-өзі дамыту қабілеттері. 

Негізгі  құзыреттер  кез  келген  мұғалімнің  қызметін  сипаттайды.  Яғни  барлық  мұғалімдер 

оқушыларға  білім  беріп,  педагогикалық  мақсаттарға  қол  жеткізіп,  оқу  нəтижелерін  бақылауға 

міндетті.  Қажетті  ақпаратты  іздестіру,  өзінің  теориялық  жəне  практикалық  білімдерін  дамытып, 

көрсете  білу,  əр  оқушының  танымгерлік  мүмкіндіктерін  ашу,  көрнекі  графикалық  құралдар  мен 

компьютерлік  технологияларды  қолдану  да  маңызды.  Негізгі  құзыреттерге  көрсету,  түсіндіру, 

машықтану, зерттеу, бағалау сияқты жалпы дидактикалық əдістерді сəтті қолдану жатады. Оқушылар 

жəне  олардың  ата-аналарымен  бірлесе  жұмыс  жасай  отыра,  олардың  жағдайын  түсіне  отырып, 

қарым-қатынас барысында көшбасшы бола білу де мұғалімнің кəсіби қызметінің сапалы көрсеткіші. 

Шетел тілі мұғалімдерінің пəндік құзыреттерінің негізгі құзыреттерден айырмашылықтары бар. 

Аталмыш  құзыреттің  аясында  жаңа  буын  оқулықтарын  құрастыру,  оқу-əдістемелік  құралдарын 

сауатты түрде енгізу, жаңа оқу-əдістемелік кешендерді объективті бағалап, уақытында оларға көшу, 

жетіспейтін  əдістемелік  материалдарды  əзірлеп,  оқушылардың  жобалық  жұмысын  ұйымдастыру 

талап  етіледі.  Мұғалім  оқу  үдерісін  білім  беру  тұрғысынан  қарастырып, «лингвистикалық 

педагогика»  саласының  сарапшысы  болуы  маңызды.  Бұл  үшін  оқушылардың  тілдік  қабілеттерін, 

когнитивтік  стильдерін  ескере  отырып,  оқу  материалын  меңгеруде  орын  алған  қиыншылықтардың 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



Ж.Қағазбаев, Д.Б.Ныгметжанова 

76 


Вестник Карагандинского университета 

себептерін, оқушының өз бетімен жұмыс істей білу қабілетінің деңгейін, тұлғаның даму ерекшелігін 

анықтай білуі қажет. 

Арнайы құзыреттердің санатына АКТ құзыреті де жатады. АКТ құзыреті деп шетел тілін оқыту 

жəне оқытылатын тіл мəдениетімен таныстыру мақсатында Интернет-ресурстарын жəне ақпараттық- 

коммуникативтік  технологияларды  қолдана  білу  қабілетін  айтамыз.  Бұл  құзыреттің  құрылымына 

келер болсақ, ол бес түрлі өзара байланысты компоненттерден тұрады: 

1. Құндылықты-мотивациялық  компонент  шетел  тілі  мұғалімінің  білім  беру  барысында  АКТ 

меңгеру мен қолдануға деген құндылықты бағдары мен мотивациясының болуын анықтайды. 

2. Когнитивтік  компонент  шетел  тілі  мұғалімінің  бойында  шетел  тілін  оқыту  үдерісіне  АКТ 

енгізуге қажетті білімнің (теориялық жəне практикалық) болуын айқындайды. 

3. Операциялық  компонент  шетел  тілін  оқыту  барысында  АКТ-ны  тəжірибе  жүзінде  қолдану 

қабілетінің даму деңгейін көрсетеді. 

4. Коммуникативтік компоненттің құрамына мұғалімнің шетел тілін оқыту барысында АКТ-ны 

қолдану қажеттілігі туралы пікірін айқын əрі дəйекті білдіріп, əріптестерін жəне басқа да адамдарды 

сендіре білу қабілеті енеді. 

5. Рефлексивтік компонент мұғалімге АКТ қолдану арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастыру 

нəтижелерін бағалауға, өз кəсіби қызметін талдауға мүмкіндік береді [8]. 

Ойымызды  жинақтай  айтсақ,  пəндік  құзыреттер  оқушылардың  бойында  тілдік  білімдерді 

қалыптастырудың  тиімді  технологияларын  қолдану  арқылы  таңдалған  оқыту  əдістемесінің  іске 

асырылуын  қамтамасыз  етеді.  Тəжірибелі  мұғалім  пəндік  құзыреттердің  көмегімен  əдістемелік 

материалдарды əзірлейді, сонымен қатар мектеп оқушыларын оқыту, білім беру, тəрбиелеу, дамыту 

жəне  педагогикалық  үдерісті  басқару  əрекеттерін  іске  асырады.  Шетел  тілі  мұғалімінің  пəндік 

құзыреттері арнайы құзыретттер есебінен елеулі түрде толықтырылып отырады. 

Мұғалімнің арнайы құзыреттері ерекше кəсіби міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет. Мысалы, 

арнайы бағыт бойынша оқытылатын сыныптарда сабақ беру үшін арнайы (əр түрлі деңгейде оқыту) 

бағдарламаны түзу, бейіндік білімдерді, пəнаралық байланысты белсенді түрде орната білу қабілеті 

арнайы  құзырет  санатына  жатқызылады.  Бұл  құзыреттер  шетел  тілінен  сыныптан  тыс  жұмысты 

ұйымдастыру барысында да аса маңызды. Атап айтқанда, оқушылардың шығармашылық тобын құру, 

пəн аясында үйірмелер мен клубтарды ұйымдастыру, оқушыларды білім сайыстарына, ағылшын тілді 

лагерьлерге тарту кезінде айқын байқалады. Сонымен қатар мұғалімнің арнайы құзыреттеріне жаңа 

буын  оқулықтарды  əзірлеп,  басып  шығару,  редакциялау,  эксперименттік  алаңдарда  жаңа 

технологияларды сынақтан өткізу жатады. Педагог өз ғылыми-зерттеу қызметін жемісті түрде жүзеге 

асыру үшін арнайы құзыреттер қажет етіледі. Жоғарыда аталған құзыреттер мұғалімнің құзыреттілік 

мінездемесін толықтыра отырып, кəсіби акме-шыңына жетелейді [9]. 

Көп жағдайда шетел тілі мұғалімдері пəндік құзыреттерді аса жоғары деңгейде игереді. Онымен 

салыстырғанда, негізгі немесе арнайы педагогикалық құзыреттерге аз көңіл бөлінеді. Мінезі «қиын», 

үлгерімі  төмен  оқушылармен  жеке  жұмыс  жасау  барысында  аса  маңызды  арнайы  құзыреттердің 

негізгі  жəне  пəндік  құзыреттермен  қатар  қажеттілігі  айқын  сезіледі.  Сонымен  қатар  мектеп 

бағдарламасына енетін басқа пəндермен салыстырғанда кейбір мектептерде оқушылардың шетел тілі 

пəнінен білім алу жетістіктерінің төмендеу болуы да назар аударарлық жағдай [9; 16]. 

В.Байденконың  пайымдауынша,  кəсіби  құзыреттер — кез  келген  істің  талаптарына  сəйкес 

орынды əрекет етуге дайын болу, міндеттер мен мəселелерді өз бетімен жəне əдістемелік тұрғыдан 

дұрыс шешу, сонымен қатар қызметінің нəтижелерін өз бетімен бағалау қабілеттері. Ол түрлі қызмет 

салаларына тəн біліктер, əдістемелік жəне техникалық амалдар [10]. 

Педагогтың құзыреттілігі оқушылардың құзыреттілігімен өзара байланысты біртұтас ұғым. Оқу 

үдерісінде  мұғалім  оқушылармен  сыйластық,  əріптестік  негізде  жұмыс  жасағанда  ғана,  мұғалім 

құзыреттілігінің  шынайы  мəні  ашылады:  мұғалімнің  құзыреттілігі  оқушы  құзыреттілігін 

қалыптастыру  үшін  игеріледі.  Мұғалім  мен  оқушының  құзыреттіліктері  коммуникативтік  құзырет 

арқылы түйіседі. 

Коммуникативтік  құзырет  бірнеше  компоненттерден  құрылады:  лингвистикалық  (қарым-

қатынас  жасаудың  тілдік  əдіс-тəсілдерін  тəжірибе  жүзінде  игеру),  дискурсивтік  (əр  түрлі  типті, 

стильді, жанрдағы мəтіндерді байыпты құрудың коммуникативтік біліктері), прагматикалық (сөйлеу 

əрекетінің  мақсатына  қол  жеткізу  жəне  сөйлеу  амалдары  арқылы  қажетті  нəтижені  алудың 

коммуникативтік  біліктері),  стратегиялық  (тілдік  жəне  зияткерлік  кедергілерді  жою  арқылы  толық 

түсіністікті  қамтамасыз  ете  отырып,  еселі  нəтижеге  қол  жеткізудің  тиімді  төте  жолдарын  іріктеу 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



Шетел тілі мұғалімінің… 

Серия «Педагогика». № 1(77)/2015 

77 

білігі),  мəдени  (төл  мəдениет  пен  мəдени  көзқарас  жөнінде  ақпарат  беру,  əлеуметтік  тану  əдіс-



тəсілдері  арқылы  бөгде  мəдениетті  қабылдай  алу,  мəдениеттер  үнқатысында  дəнекер  рөлін  атқару 

білігі). 

«Құзырет»  ұғымының  негізінде  қалыптасқан  құзыреттілік  əдісі  шетел  тіліне  оқыту  сапасын 

жетілдірумен тікелей байланысты. 

Кəсіби шебер мұғалімнің құзыреттілік болмысын жасау үшін құзыреттер градациясын қолдануға 

болады,  сол  арқылы  мұғалім  құзыреттілігінің  күшті  жəне  əлсіз  компоненттері  анықталады,  кəсіби 

шыңдалудың бағыты белгіленеді, нақты бір мұғалім өзінің жеке əлеуетін толық көлемде іске асыра 

алатын  қызмет  желісі  айқындалады.  Құзыреттілік  əдісі  арқылы  назарды  кəсіби  қызметтің  басымды 

жақтарына  аударып,  шетел  тілі  мұғалімі  өз  кəсібінде  өз-өзін  айқындап  таныта  алатын  аса  қолайлы 

жағдайларды құруға болады. 

Құзыреттілік  əдісі — білім  беру  нəтижесіне  баса  көңіл  бөлетін  əдіс,  бұл  тұрғыда  мақсатты 

нəтиже меңгерген ақпарат жиынтығын емес, адамның əр түрлі проблемалық жағдаяттарда əрекет ету 

қабілеттілігін  білдіреді.  Басқаша  айтқанда,  құзыреттерді  игерген  түлектің  қабілеттерін,  яғни,  оның 

қандай  əрекет  амалдарын  меңгергенін,  не  істей  алатынын,  неге  дайын  екенін  анықтау,  шынайы 

мақсатқа  жету  жолдарын  таба  білу  қабілетінің  болуы  аталмыш  əдістің  зерттеу  нысаны  болып 

табылады [6; 46]. Алайда  құзыреттілік  əдісінің  аясында  тілдік  қабілеттер,  дағдылар  мен  біліктер 

кешені  мен  құзыреттілік  арасындағы  айырмашылықтары  қазіргі  уақытқа  дейін  айқын 

анықталмағандықтан,  бұл  əдіс  туралы  кереғар  пікірлердің  болуы  оның  толық  зерттелмеуінен,  даму 

үстінде екендігінен туып отыр [11]. 

В.А.Байденко, А.А.Вербицкий, И.А.Зимняя, А.В.Хуторскойдың пікірлерінше, құзыреттілік əдісі 

— қазіргі заманғы жоғары кəсіби білім беру жүйесінің əдіснамалық іргетасы іспеттес. Сонымен қатар 

В.А.Байденко  кəсіби  білім  беру  саласында  біліктілік  əдісінен  құзыреттілік  əдісіне  көшу  үдерісінің 

орын алуы мүмкін деп пайымдайды. 

Ғалымдырдың пікірінше, құзыреттілік əдісінің пайда болуына себепші болған проблема бүгінгі 

таңдағы  білім  беру  мазмұнының  «қазіргі  заманғы  экономика  мен  өркениеттің  сұранысына»  сəйкес 

болмауынан туындап отыр. Демек, құзыреттілік əдіс — қоғамымыздың қазіргі даму сатысында білім 

беру  мекемелерінің  білім  алушыларды  еңбек  нарығына  сай  даярлау  үдерісіне  жасалған  алғашқы 

қадам. 


Шетел  тілін  оқыту  барысында  құзыреттілік  əдісті  іске  асыруда  қолданысқа  ие  болатын  білім 

беру технологиялары төменгі сипатта болуы керек деген пікірге қосыламыз: 

  жеке-бағдарлы оқыту технологиясы; 

  модульдік технология; 

  проблемалық оқыту технологиясы; 

  кейс-стади (жағдаяттық талдау); 

  жоба технологиясы — оқушыларды шығармашылық жəне зерттеу жұмысына тарту; 

  ынтымақтастық негізде оқыту — сабақ үстінде психологиялық жайлы ахуалды қалыптастыру; 

  сыни ойлау технологиясы жəне SWOT-талдау. 

Мұғалімнің  құзыреттілігін  талдап  бағалау  кезінде  əңгіме-сұхбаттың  маңызы  зор,  себебі  оның 

барысында  мұғалімнің  педагогикалық  тəжірибесі,  қызмет  нəтижелеріне  өзінің  берер  бағасы,  кəсіби 

даму бағдары, əріптестер мен түлектердің мұғалімге деген сыни көзқарасы айқындалады. Аталмыш 

əңгіме-сұхбаттардың  материалдарының  негізінде  мұғалімнің  құзыреттілігі  туралы  белгілі  бір  ой-

тұжырым жасауға болады. 

«Құзырет»  пен  «құзыреттілік»  ұғымдары  бір-бірімен  байланысты,  бірақ  синоним  емес,  дара, 

жеке  мағынаға  ие  терминдер  деп  нық  сеніммен  айтуға  болады.  Құзыреттілік  құзыретке  қатысты 

жинақтаушы ұғым. 

Құзырет дегеніміз — мұғалімнің сапалы, əрі өнімді əрекет жасауы үшін қажетті білім деңгейіне 

қойылатын  алдын  ала  əлеуметтік  міндеттелген  талап,  білім  мазмұнын  игеру  мен  одан  əрі  қызмет 

етуге мүмкіндік; адамның зияткерлік, жеке дара қасиеттері, оның психологиялық мінездемесі, білім 

жəне білікпен қоса игерілетін психологиялық шарт, ішкі психикалық түзілім, белгілі бір бағдарлама, 

қабілет  ұғымымен  мағыналас  қасиет.  Сонымен  қатар  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттары  мен  оның  негізінде  əзірленетін  жұмыс  бағдарламаларына  сəйкес  болашақ  мұғалім 

игеретін немесе игерген білім мазмұны (білім, дағды, білік кешені). 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



Ж.Қағазбаев, Д.Б.Ныгметжанова 

78 


Вестник Карагандинского университета 

Құзыреттілік — құзыреттердің  негізінде  қалыптасатын,  оқыту  мен  əлеуметтену  үдерістерінің 

барысында  тұлғаның  меңгерген  білім  мен  тəжірибеге  негізделген   оның  жалпы  қабілеті  мен  іс-

əрекетке  даярлығы,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қатысымда  ғана  бұл  ұғым  өзінің  шынайы 

мағынасына  толық  ие  болады.  Қос  субъектінің  (мұғалім  мен  оқушының)  құзыреттілігі  бір  арнада 

түйісуі  қажет.  Құзыреттілік — қоршаған  ортадағы  белгілі  бір  салада  қатынас  жасауды  қамтамасыз 

етуге қажетті құзыреттерден тұратын кешенді тұлғалық ресурс. 

Қорыта  айтқанда,  мұғалімнің  құзыреттілігі  қызметінің  барысында  айқындалып,  оның  əр  түрлі 

қызметтік  орталарда  игерілген  құзыреттерді  іске  асыра  білу  қабілетін  көрсетеді.  Шетел  тілі 

мұғалімінің  құзыреттілігі — кəсіби  шеберліктің  шыңына  жету  кепілі,  демек,  құзырет  пен 

құзыреттілік ұғымдары оқу-тəрбие үдерісінде негізгі акмеологиялық категориялар болып табылады. 

 

 



Əдебиеттер тізімі  

1  Білдебаев Т. Қазіргі заманғы ұғымдар мен терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі. — Алматы, 2001. — 134 б. 

2  Зимняя И.А. Компетенция и компетентность в контексте компетентностного подхода в образовании // Иностранные 

языки в школе. — 2012. — № 5. 

3  Хуторской А.В. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного обучения. — М.: Изд-во МГУ, 2003. — 

416 с. 


4  Равен Дж. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация. — М.: Когито-Центр, 2002. 

— 400 с. 

5  Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса. — М.: Изд-во Моск. ун-та, 1972. — 129 с. 

6  Абдыкадырова  Ж.  Компетенттік  əдіс  қазіргі  шеттілдік  білім  берудегі  педагогикалық  теория  ретінде // Қазақстан 

мектептеріндегі шетел тілдері. — 2014. — № 1. 

7  Зимняя И.А. Ключевые компетенции — новая парадигма результата современного образования // Интернет-журнал 

«Эйдос». 2006. — [ЭР]. Режим доступа: http:// www.eidos.ru/journal/2006/0505.htm. 

8  Зеер Э.Ф., Сыманюк Э.Э. Компетентностный подход к модернизации профессионального образования // Высшее об-

разование в России. — 2005. — № 4. — С. 22–28. 

9  Мильруд Р.П., Карманов А.С. Компетентность учителя иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2012. 

— № 1. 

10  Байденко В.А. Компетенции в профессиональном образовании // Высшее образование в России. — 2004. — № 11. — 

С. 3–13. 

11  Norris N. The trouble with competence // Cambridge journal of education. — 1991. — Vol. 21 (3). 

 

 

Ж.Кагазбаев, Д.Б.Ныгметжанова 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет