Ислам және өнеге


« С ағат сатып алсаң да, уақыт сатып



Pdf көрінісі
бет37/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«
С
ағат сатып алсаң да, уақыт сатып 
ала алмайсың»
Адам  баласына  берілген  баға  жетпес  құн-
дылықтардың  бірі  –  уақыт.  Бүгінгі  күні  дамыған 
өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез келген адамның 
осы  уақыт  мәселесіне  келгенде  тым  сараң  екенін 
байқайсыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда 
көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі. Тіпті метро 
мен көлік аялдамаларынан жүру мезгілдерінің «16.03»; 
«12.01»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі 
екендіктерін  байқап  таңғаласыз.  Көліктері  де  сол 
белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір 
минут озбайды. Біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он 
минут кетті» десең, «Е, жеті жарым деші» дей сала-
тын  уақытқа  деген  тым  ысырапшыл  түсінік  оларда 
жоқ. 
Батысқа  барып,  олардың  әрбір  минутпен  санаса 
отырып  жұмыстарын  реттейтініне  таңғалған  азиялық 
мұсылман  жігітке  бірде  сол  жақтың  адамы:  «Оның 
несіне  таңырқайсың?  Бұл  біздің  сендерден  үйренген 
қасиетіміз  емес  пе?  Сендер  минутына  дейін  санап 
күнделікті  бес  уақыт  намаздарыңды  оқисыңдар,  ауыз 
бекітіп,  ауыз  ашар  кездеріңде  де  уақыт  бір  минутқа 
кірмесе,  соны  күтесіңдер  ғой.  Бар  болғаны,  біз  бұған 
енді қол жеткіздік», – деп ой салған екен. 
Расында  да,  Ислам  діні  уақыт  мәселесіне  қатты 
көңіл бөлген. Оны өмірдің мәніне балаған. Құран кәрімде 


113
Адами мінез – арға сын
уақытты білдіретін әр түрлі ұғымдар қолданылған. Әр 
намаздың парыз, уәжіп, нәпілдігіне қарай өз уақыттары 
жүйеленген.  Айталық,  бес  намаздың  арнайы  өз 
уақыттары болса, сәске (дұха) намазының, әууабин мен 
үтір-уәжіптің, таһажжудтың өз уақыттары бар. Құранда 
уақыт  ұғымына  қатысты  «күн»  (яум),  «апта»  (усбуғ), 
«ай» (шаһр), «жыл» (сәнә), «ғасыр» (аср), «сағат» (саат), 
«күндіз» (наһар), «түн» (ләйл) сөздері кездеседі. Адам 
үшін ең маңыздысы «күн» болғандықтан, Құранда ең 
көп осы сөз 475 рет қайталанған екен. Демек, ең әуелі бір 
күндік уақытты ысырапқа жол бермей реттей білу аса 
маңызды. Артынша аптаны, айды, жылды тиімді өткізу 
де мұсылманға міндеттелген. Уақыттың маңыздылығы 
соншалық – Ұлы Раббымыз Құранда кейбір маңызды 
саналған уақыттарға серт еткен. Бұған «Аср», «Дұха», 
«Ләйл»,  «Фәжр»  секілді  сүрелер  дәлел.  Құранда  бір 
жұмыстан  шаршағанда,  дереу  екінші  бір  жұмысты 
қолға  алу  арқылы  тынығу  керектігі  меңзелген.  Бұны 
«жұмыс істеп отырып тынығу» деуге болады. Ислам-
да бос уақыт деген ұғым кездеспейді. Тек дене қатты 
шаршайтындықтан,  түнде  тынықтыруды  жөн  көреді. 
Өйткені, Аллаһ тағала күндізді еңбектену үшін, түнді 
тынығу үшін жаратқанын айтқан: 
«Сендерге  түнді  жамылғы,  ұйқыны  тынығуға 
(себеп),  күндізді  еңбектену  мерзімі  етіп  жаратқан 
Аллаһ»
164
.
Сүйікті  Пайғамбарымыздың  өміріне  қарасақ, 
уақытын  өте  тиімді  пайдаланғанын  көреміз.  Өйткені 
барлық істеріне үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, 
164
  «Нәба» сүресі, 9-11-аят.


114
Ислам және өнеге
нәпіл  құлшылықтарының  өзі  өмірінің  соңына  дейін 
өз  уақытында  орындалып,  еш  үзілмеген.  Бұған  қоса, 
ертелі-кеш  зікірлері,  мешітте  уағыз  айтуы,  сахаба-
ларымен  кеңесуі,  елшілерді  қабылдауы,  өзін  зиярат 
етушілерге  уақыт  бөлуі,  өзінің  зиярат  етіп  барған 
кісілері (науқастар, қабірлер, жарлары т.б.), халықпен 
жүздесуі  (сұрақтарға  жауап  беруі,  шариғат  талапта-
рын  қадағалауы  т.б.),  жорықтарға  дайындық,  үй  іші 
жұмыстарына  қолғабыс  етуі  (аяқ  киім,  шапан,  астау-
ларын  жамауы,  немелерін  ойнатуы,  базарға  баруы 
т.б.),  ел  ішіндегі  діни  рәсімдерді  атқаруы  (балаға  ат 
қою,  сүндеттеу,  неке  қию,  жаназа  т.б.),  жұма  күнгі 
хұтбалары,  арасында  уахиды  қабылдап  алу,  күтпеген 
жұмыстың  шығып  қалуы  секілді  істердің  барлығы  да 
жоспарға сыйып отырған. Пайғамбарымыздың өмірінде 
бұл істердің барлығына уақыт табылған. Тіпті ешкімді 
қабылдамай,  жеке  өзіне  ғана  арнаған  уақыттары  да 
болған.  Бұл  нені  көрсетеді?  Бұл  күндік  жұмыстарын 
қаншалықты  жүйелей  білгенін,  белгілі  бір  уақыт 
кестесін ұстанғандығын айғақтайды. 
Пайғамбарымыз  күндізгі  уақыттарды  ғана  емес, 
түнгі  уақыттарда  да  мүмкіндігінше  тиімді  өткізуге 
тырысқан. Құранда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет