Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


  Мекемелер  мен  кəсіпорындарда  іс  қағаздарын  жүргізу



Pdf көрінісі
бет15/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

2.4.  Мекемелер  мен  кəсіпорындарда  іс  қағаздарын  жүргізу 
ерекшеліктері 
 
Мекемелер 
мен 
кəсіпорындарда 
құжаттар 
мынадай 
функцияларды орындауы тиіс. 
1. Процестер мен о иғаларды  +жаттау (негізгі функция). Бұл 
бірінші  кезекте,  кəсіпорындар  мен  ұйымдарды  құруды  жəне  оның 
өндірістік-шаруашылық қызметін құжаттау.  
2.  Есептік-ба ылау  функциясы.  Кəсіпорын  бірқатар  құжаттарды 
мемлекеттік 
жəне 
жергілікті 
басқару 
органдарына 
ұсынуға, 
ревизорлардың бақылап тексеруіне көрсетуге міндетті.  
3.  Сот- + ы ты   функциясы.  Серіктестермен  шаруашылық 
дауларын  шешу  кезінде  құжаттар  төрелік  сотта  талап-шағымның 
заңдық  күшін  растайды,  еңбек  дауларын  қарау  кезінде  дəлел  бола 
алады. 
4.  Есепке  алу-кадрлы   функциясы.  Кəсіпорынның  жеке  құрам 
бойынша  құжаттары  қызметкерлердің  мəртебесін  жəне  оның 
басшылықпен қарым-қатынасын белгілейді. Олардың қызметте өсуіне, 
жеке  мүмкіндіктері  мен  қабілетін  анықтауда  негіз  болады.  Зейнетке 
шығу  кезінде  қызметкердің  еңбек  өтілін,  жалақысының  көлемін 
белгілеуге қызмет етеді. 
5. 
О у 
функциясы. 
Мекемеге 
жаңадан 
қабылданған 
қызметкерлер мен жас мамандар үшін дайын құжаттар жəне олардың 
көшірмелері жаңа құжаттар əзірлеуге жəне іс қағаздарын жүргізуге үлгі 
болады. 
6. Техникалы  жетістіктер мен мəдени  +ндылы тарға тарихи 
куəлік  беру  функциясы.  Мекеме  мен  кəсіпорынның  тарихи  құндылық 
болып саналатын немесе өз замананың мəдени ескерткішіне жататын 
құжаттары  мемлекеттік  мұрағатқа  тапсырылады  жəне  Қазақстан 
Республикасының Ұлттық мұрағатының жəдігерлеріне айналады.  


 
34
Мекемелер  мен  кəсіпорындарда  басқаруды  құжаттамалық 
қамтамасыз  ету  жүйесін  дұрыс  ұйымдастыру  үшін  ұйым  ішінде 
құрылымдық  бөлімшелер  мен  мамандардың  қызметінде  пайдалануы 
үшін  нормативтік-əдістемелік  база  –  ұйымдық,  нұсқаулық,  əдістемелік 
сипаттағы құжаттар: 
● іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы; 
●  басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  қызметі  туралы 
ереже; 
● қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары; 
● ішкі еңбек тəртібі; 
● таратылуы шектелген құжаттармен жұмыс жүргізу ережесі жəне 
басқа да ішкі нормативтік актілер əзірленіп, бекітіледі.  
Шағын  кəсіпорындарда  іс  қағаздарын,  əдетте,  хатшы-референт, 
басшының  көмекшісі  немесе  директордың  орынбасары  жүргізеді.  Бұл 
қызметкерлер  алдымен  іс  қағаздарын  жүргізудің  жұмыс  жоспарын, 
содан кейін іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты дайындайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет