§2. Жіберілетін жəне ішкі хат-хабарларды тіркеу тəртібі
107. Жіберілетін жəне ішкі хат-хабарды Мекеменің тиісті бөлімшесінің
жауапты адамы тіркейді.
108. Ішкі құжаттың электронды қол қойылған электрондық нұсқасы
бөлімшенің ішкі құжаттарын тіркейтін электронды журналында тіркеу үшін негіз
болып табылады.
109. Электронды қол қойылған, жіберілетін құжаттың электрондық нұсқасы
қағазға шығарылған құжат болғанда ғана бөлімшенің жіберілетін құжаттарын тіркеу
журналында тіркеуге негіз болып табылады.
7-тарау. Келіп түскен құжаттарды қабылдау,
өңдеу жəне өткізу тəртібі
110. Мекемеге келіп түскен құжаттар бастапқы өңдеуден өткізіледі жəне
тіркеліп, Мекеменің басшылығына немесе бөлімшелерге, содан кейін
орындаушыларға беріледі.
111. Келіп түскен хат-хабарларды қабылдауды, өңдеуді (ашу, тапсырысты
хат-хабардың, сондай-ақ құжаттар көрсетілген қосымшалардың салынғандығын
тексеру, белгілеу, мөртаңба қою), тіркеуді, бөлімшелер арасында бөлуді, оларға
жеткізіп беруді, жіберілетін хат-хабарларды өңдеу мен межелі жерлерге жіберуді
уəкілетті орган орындайды.
Мекеменің орталық аппараты бөлімшелеріне келіп түскен хат-хабарларды
уəкілетті бөлімшеге тіркетпей қабылдауына тыйым салынады.
112. Келіп түскен хат-хабарларды сақтау мақсатында бөлек бөлмелерде
өңделеді.