Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет139/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Дж.  Бруно  (1548-1600)  Н.Кузанскийдің  ойларын  тереңірек  зерттеді. 
Бұл  зерттеуінде  жаратылысты  жаратушымен  байланыстыра  түсті.  Ол 
пантеистік ілім құрып, ортағасыр тезисіне қарсы мағынада болды. Дж.Бруно 
тек  қана  Н.Кузанскийдің  іліміне  ғана  емес,  Коперниктің  гелиоцентрлік 
астрономиясына да сүйенді. Ол Кузанскийдің Жердің күнді айналуы туралы 
идеясын  қолдап,  зерттей  түсті.  Белгілі  болғандай  коперник  жұлдыздарды 
жерден  алыста  тұрған  күндер  деді.  Жұлдыздардың  айналасында  Күннің 
айналасындағыдай  планеталар  айналып  жүреді,  тіпті  кейбіреулерінде 
тіршілік  бар.  Бруно  осылайша,  ғаламның  шексіздігі  мен  әлемнің  кӛптігі 
туралы  идея  қозғады.  Осы  саланы  зерттей  келе,  Бруно  жаңа  космология 
ашты,  ол  әлемнің  гелиоцентрлік  картинасы  ретінде  философиялық 
шешімдерге  сүйенді.  Философиялық  деңгейде  ғана  ғаламның  шексіздігін 
оның  физикалық  бірлігі  мен  басқа  планеталарда  ӛмір  сүру  мүмкіндігін 
түсіндіре  алады  деп  есептеді.  Бруно  адам  ой-санасы  арқылы  ғаламшарды 
зерттеуі керек және зерттей алатындығына сенімді болған. 
Жаратушы  мен  жаратылыстың  шекарасын  бұза  отырып,  форманың 
қарама-қайшылық  заңына  қарсы  пікір  айтты.  Бруно  табиғаттың  ӛзіне 
ортағасырда  Құдайға  тән  деп  таныған  нәрсені  тиесілі  етті.  Осы  бағытпен 
Аристотель  мен  Платон  кезеңінде  тек  формаға  тән  деп  оқытылған 
дүниелердің  қасиетін  материяға  жатқызды.  Бруноның  айтуынша,  «Құдай 
заттарда бар».  
Бруно  діннің  филосоияға,  ғылымға,  қарым-қатынасқа  еш  қатысы  жоқ 
деп  тапты.  Осы  ойы  үшін  Бруно  флоренциялық  платон  Академиясының 
шіркеуі  тарапынан  кӛп  жылдар  бойы  қуғынға  ұшырады.  1660  жылы  ол 
тұтқындалып,  Рим  қаласындағы  «гүлдер  алаңында»  тірідей  ӛртелген 
болатын.  
Материя  мен  форманың  жаңа  байланыстылығы,  материя  туралы  жаңа 
түсініктер  XVI  ғ.  антикалық  ілімнен  де  жақсы  қалыптасты.Егер 
ортағасырлық философ үшін жоғарыдағының шегі қалыптасқан әрі олардың 
барлығы  бірге  қалыптасқанан  да  жақсырақ  болса,  Қайта  ӛрлеу  дәуірінің 
философы үшін мүмкіндік ӛзектіліктен қымбатырақ, қозғалыс пен қалыптасу 
ӛзгермейтін дүние деп есептелді. Осы кезеңде шексіздіктің мәні туралы ілім 
ӛзіне бағындыра білгені де бекер емес: шексіздіктің ӛзектілігі туралы ілім тек 
Николай  Кузанский  мен  Джордано  Бруноның  ғана  зерттеулерінде  айтылып 
қоймай,  XVI  ғ.  аяғы  мен  XVII  ғ.  басында  ұлы  ғалым  Галилейдің  де 
еңбектерінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет