Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет156/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Жан  Жак  Руссо  (1712-1778  жж.)  –  француз  философы,  ағартушысы, 
моралист,  жазушы.  Ол  әлеуметтік  әділетсіздік  орын  алған  қоғамдағы 
кӛзқарастарға бірден қарсы болды. Прогресс, адамға және табиғатқа табыну 
(адам және табиғат культі) ұғымдарын негіздеді; «мінсіз мораль» (идеалды) 
және  «тәрбиенің  мінсіз  жолы»  тұжырымдамасын;  «қоғамдық  келісім» 
идеясын ұсынды.  
Оның шығармашылығында адамдардың теңсіздігіне ерекше мән берілді 
және  әлеуметтік  теңсіздіктің  қарапайым  адамға  тигізетін  залалынан  қалай 
арылуға болады деген сұрақтың жауабын іздеді. «Ғылымның әдет-ғұрыпқа 
әсері»  деп  аталатын  еңбегінде  ӛркениеттің,  ғылымның  және  ӛнердің  дамуы 
адамды  табиғаттан  алшақтатып  жіберді  деп  жазды.  Ғылым  мен  мәдениет 
жасанды  қажеттіліктерді  туғызады  да,  адамды  шын  болмысында  «болу»-ға 
емес,  соған  «ұқсату»-ға  итермелейді.  Адамдар  әуел  бастан  теңсіз  болып 
жаратылмайды, ол «материалдық бӛліністің нәтижесінде» пайда болады. Ол 
–  жеке  меншіктің  пайда  болу  салдарының  кӛрінісі  (ең  алдымен  жерге 
меншіктің пайда болуынан) деді.  
Руссо  теңсіздіктің  үш  түрін  кӛрсетеді  –  физикалық,  материалдық 
(мүліктік), саяси. Меншіктің бұл үш түрінің үшеуі де «табиғи жат және ӛте 
жиіркенішті».  Әр  азаматтың  мүддесін  қорғап,  бейбітшіліктің  кепілі  болу 
үшін дүниеге келген мемлекеттің пайда болуымен теңсіздік одан сайын ұлғая 
түсті.  Билеуші  заңды  да,  халықты  да  алдап,  билік  билік  емес,  шоқпарға 
(деспотизм)  айналғанда  «теңсіздіктің  үшінші  сатысы»  пайда  болады.  Бұл 
жағдайды  Руссо  «адам  заңсыздығының  теңдігі»  деп  атайды.  Ол  барлық 
адамдар  тең,  адамгершіліктері  бұзылмаған  «табиғи  қоғам  болса»  деп 
армандайды.  Себебі  «меншік  жоқ  жерде,  теңсіздік  те  болмайды»  деп 
есептеді.  Бұл  жағдайдан  шығудың  бір  жолын  кӛрді  –  ӛркениеттің  ұсынған 
игіліктерінен  бас  тартып,  ӛмірдің  алғашқы  табиғи  бастауына  оралу  керек 
деді.  Ӛйткені  ӛркениеттің  игіліктері  адамдардың  физикалық  әрі  адами 


болмысын  бұзады  және  мүгедек  қылады.  Руссо  «Табиғатқа  бет  бұр!»  деген 
ұран тастады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет