«кӛзбен кӛріп, құлақпен естіген шындықпен», үшіншіден «сол істердің елге,
халыққа әкелетін пайдасымен» салыстырады деп есептеді.
Таным үрдісінің бастапқы бӛлігі болып, ата-бабадан және қазіргілерден
жинақталған тәжірибе саналады. Кез келген теориялық пайымдау
тәжірибемен тексеруді талап етеді. Мо-цзының таным теориясы, оның
барлық басқа оқулары сияқты Конфуция кӛзқарасына қарсы. Біріншіден,
таным объектісі болып, ол үшін адамдардыі жер шаруашылығымен, қол
ӛнерімен, саудамен айналысатын адамдардың іс-әрекеттері, яғни адамзат
қоғамының ӛмірі табылса, Конфуций үшін әдебиеттерде орын алған ӛткеннің
дәстүрі табылады. Екіншіден, жаңа әлеуметтік құбылыстар пайда боса,
оларға жаңадан атау беру қажет, яғни жаңа мазмұнға жаңа форма сәйкес
келуі қажет деп есептеді. Үшіншіден, Мо-цзы дәстүрлерге сыни кӛзқараста
болды, оларды тек жаңа құбылыстардың пайда болу барысында түсіндіру
үшін ғана пайдаланды. Ол ерте дәстүрлердің қазіргі күнде пайдалысын
пайдалану қажет, ал ескіргенін тастау қажет дейді. Моистерде таным
теориясының рационалды элементі болып, мазмұнның шешуші мәні туралы,
заттың таным мүмкіндігі туралы, білімнің тәжірибелік рӛлі туралы «атау»
(түсінік) идея болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: