жауынгерлер үшін әйелдер мен балалары ортақ деуін «егер мүліктер ортақ
болса, онда тіршілік жасау мүмкін емес, яғни жанұя мен мемлекеттен
бағыныштылық бірлікті талап ету мемлекеттің түбіне жету» деп
тұжырымдады.
Мінсіз мемлекет концепциясын Аристотель қарапайым антикалық
полис тұрғыны сияқты уағыздады. Ол мемлекет табиғатын жанұя
табиғатынан жоғары қойды және ұраны: «бүтін нәрсе бір бӛліктен бастау
алады». Тек қана бүтін нәрсе пәк, таза болса ғана, оның бӛліктері де пәк, таза
болады. Аристотель бойынша керемет мемлекеттің басты мақсаты – азат
туылғандары үшін (басқарушы буынға) мүмкіндіктерін пайдалану құқығын
беру. Тек ӛз мүмкіндігін пайдаланғандар ғана шынайы қайырымдылық және
қайырымсыздылыққа жақын нәрсе жасауға мүмкіндік алады.
«Никомахов этикасында» Аристотель әркімнің ӛз мүмкіндігін
пайдалануды әдептілік идеясымен теңестіреді. Бұл тақырыптан біз автордың
әркімнің ӛз мүмкіндігін пайдалануды ақылмен шығармашылық танымдық
мүмкіндігін пайдалану деп түсіндіреді (Никомахов этикасы X, 7, 118 а.7). Ол
ӛз шығармаларында
адамның ӛз ӛміріндегі негізгі кӛздегені ләззатқа бату
емес, рахатқа бӛлену деп жазады. Рахатқа адам әртүрлі ойын-сауықпен емес,
шығармашылық еңбегі қанағаттандыру арқылы жетеді деп түсіндірді.
Сондықтан
рахатқа бӛлену – қайырымдылық жасаумен тең. Яғни адам
рахатқа тек қана ӛз мүмкіндіктерін пайдаланумен жетеді, ал ол арқылы
қайырымдылық істерге бел буады. Осындай ӛмір адам үшін басқа ӛмірден
әлдеқайда мәнді деп ой түйеді Аристотель. Бірақ ақыл-оймен ӛмір сүру
«адамға тән, ӛйткені адамды адам қылған ақыл» (сонда X, 7, 118 а.7).
Аристотель «антикалық адам этикасына идеясының жоғары шыңын
шындықты теориялық түрде дәлелдеуі» деп ой түйеді және мүмкінділіктерін
пайдалану ғана философиямен айналысуға алғышарттар жасайды деп
жазады.
Аристотельдің оқуы – бұл антика философиясының шыңы, себебі оның
философия оқуы одан кейінгі кӛптеген философияларға негіз қалаған
әмбебап философия. Оның шығармашылығы тек қана теориялық жағынан
ғана емес, тарихи жағынан да құнды. Ӛзінің барлық зерттеулерінде
теориямен қоса ол грек қоғамының қарапайым жағдайын суреттейді. Оның
еңбектерімен таныса отырып біз ӛте ақылды пікірлес адаммен ежелгі заманға
саяхат жасаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: