христиандық ортағасырлық Еуропада бір ресми идеология болды.
Христиандық мемлекеттік дінге айналғаннан кейін, байлар мен күші
барлардың дініне айналды. Мемлекеттік кӛзқараспен қарағанда христиан
болсаң, құрметті әрі мақтаулы боласың. Шіркеулер сол заманның
феодалдары үшін мықты институтқа айналды.
Мемлекеттік дін болған христиандық мыңжылдық уақыт аралығында
нешеме рет тарқап, түрлі топтарға, секта, мектеп, бағыттарға бӛлінді. Ірі
бағыттары (католицизм, православие, протестантизм) ғасырлар бойы ӛзара
шайқасып, қан тӛгісті. Діни соғыстардың айуандығы, крест шайқасы,
еуропалық инквизиция тек күші барлардың кӛзқарасын қорғау үшін ғана
негізделді, Исус Христостың оқуына түк қатысы болмады.
ХІІ-ХІІІ ғғ. басында рим-католик шіркеуі орталықтандырылған
идеологиялық және саяси ірі ұйымға айналады. Ӛздерінің ықпалын жүргізу
үшін Иннокентий ІІІ папаны Исус Христостың орынбасары деп
тағайындайды, инквиция енгізіледі, ол мектептер мен университеттердің
оқуларында «еретиктермен» қатаң есеп айырысады. Батыс еуропалық
университеттер ішкі автономиясынан айырылды, философияда тек болашақ
шіркеу қызметшілері ғана оқыды, ал ең жоғары факультет теология болып
саналды.
Теология діни ақиқаттардың жүйесімен айналысты. Бұндай идеология
теориялық түсініктемені қажет етеді. Бұның дәлелі аясында ұсынылған топ
догматтар негізі болған, лон теологиясында басым дамыған еуропалық
ортағасырлық философия болды.
Достарыңызбен бөлісу: