Золбдерді диализдеу.
Жұмыстың мақсаты. Зольдерді тазалау әдістерімен және олардың диффузиялану
жылдамдығымен танысу.
Жұмысқа керекті заттар: Диализатор, ультрадиализатор, темір III гидроксиді золі, 0,1М AγNO
3
берлин лазурінің золі, 2 % танин золі, 2 % темір хлориді ерітіндісі, крахмал, 0,1М барий
хлориді ерітіндісі.
Жұмыстың барысы: 1- тәжірибе. Темір III гидроксиді золін диализдеу. Коллодийден жасалған
«қапшыққа» ыстық темір III гидроксиді золін құяды. Золі бар коллодийден жасалған
«қапшыққа» дистелденген суға батып тұруы керек. Біраз уақыттан соң судан бірнеше мл
алып, оған батып, оған AgNO
3
ерітіндісін қосып сапалық реакция (анализ) жүргізеді. Сапалық
анализді CI
-
иондарының суда жоқ екенін көрсеткенше бірнеше рет қайталайды.
2-тәжірибе. Берлин лазурі золін диализдеу. Коллодийден жасалған «қапшыққа» берлин лазурі
золін құяды да, стакандағы суға батырып бекітеді. Бірер уақыттан соң стакандағы судан
бірнеше мл алып, оған барий хлориді ерітіндісін қосады. Не байқалады? Суға қандай иодар
өтті? Стакандағы судың түсі өзгермеді ме?
Достарыңызбен бөлісу: