Өзге дастандармен ұқсастығы
Ғашықтық дастандардың оқиғасы көбіне перзентке зарығу мотивінен
басталады. «Таhир-Зухра» дастанында да осылай. В. Жирмунский осы
мәселе турасында былай деп жазады: «Шығыс халықтары эпосы мен
ертегілерінде мынадай сюжеттік формула кең өріс алған... Кейіпкер
баласы жоқ кәрі кісілерден туады. Бұл формула әртүрлі варианттарда:
өзбектің «Алпамыш» поэмасында, «Едігенің» кейбір нұсқаларында,
қазақтың «Қобыланды», «Шора батыр», «Ер Сайын» атты батырлық
жырларында, қырғыздың «Манасында», «Таhир мен Зухра» эпикалық
новелласында және басқа да көптеген жырларында кездеседі»
|