аттарын Таhир мен Зухра қойыңдар», – дейді. Ақылбек Сабалұлы
жырлаған «Таhир-Зухра» дастанының мазмұны да соған жақын. Мұның
әдебиетінде айтылатын дидактикалық түйіндерден шыққан. Жырды
Ақылбек Сабалұлы жырлаған «Таhир-Зухраның» қазақ тіліндегі
нұсқасында басты қаhарман қолдаушы иесі Қызырдың арқасында жол
азабын тартпай сүйгеніне еш кедергісіз жетеді. Дастанның бас қаhарманы
қашанда мінсіз кейіпкерлер санатында. Олар асқан сұлу, ақылды, білімді,
басы көрге жеткенше махаббатқа адал, тұрақты болады. Көп нұсқаларда
Таhирдің ақындық, әншілік өнері көрініс табады. Жыр желісінде
қаhарманнық эпос дәстүрі де байқалады. Ақылбек Сабалұлы жырлаған
нұсқада Таhир орасан қайрат иесі болып сипатталады, патша жіберген
бес мың әскерге қарсы майдан ашады делінеді. Таhир жалғыз өзі көп
әскерге қырғын салып, ақыры қапылыста қолға түседі. Оған патша
төңірегіндегі уәзірлер араша сұрайды, Таhирдің жалпы қолға бас
болғандай қасиеттері дәріптеледі. Бұл арадан қаhармандық эпос
табиғатына тән белгі-нышандар байқалады. Таhир батыр жау
қылышынан өлмейді, жаратқаннан жанын алуын өтініп, екі қолымен
бетін сипағанда кеудесінен жаны шығып кетеді.