қолданылуы тиіс.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі РК 2014 ж., 532 бабы.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 29 бап, 1 бөлім.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
49
•
Кәмелетке толмаған тұлға алғаш рет заңға қайшы әрекет жасаған сәттен бастап (яғни, бірден полиция оны
ұстағаннан кейін және тергеуге алардан бұрын), қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталғанша шұғыл құқықтық
көмек және қорғаушының оның атынан өкілдік етуіне қол жетізу үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етуге
кеңес беріледі. Халықаралық стандарттарға сай қорғаушы кәмелетке толмаған тұлғаның қатысы бар іс бой-
ынша жұмыс жасауды бастаудан бұрын осы салада арнайы дайындықтан өтуі тиіс (толығырақ мәлімет алу
үшін жоғарыдағы “Мамандандырылған кадрлар мен мекемелер» және «Прокурорлар мен қорғаушылар»
бөлімдерін қараңыз).
•
Әр кез кәмелетке толмаған тұлға ұсталғанда полиция қоңырау шалуы үшін әр ауданда «кезекші қорғаушы»
жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлғаны қорғаушының қатысуынсыз тергеуге болмайтыны туралы полицияға арналған
нұсқаулықты тәжірибеге енгізуге кеңес беріледі.
•
Сот өндірісі кезіндегі жасына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде он сегіз жасқа толмаған
деп танылған айыпталушы тұлғаларға кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар тура-
лы істер бойынша өндіріс тәртібін қолдануды жалғастыру қарастырылатындай етіп ҚР Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 530(3) (2) бабына түзетулер енгізуге кеңес беріледі.
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ
ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
•
Заң КТМАС-тағы барлық сот тыңдаулары мен сот істерін қарау, соның ішінде, азаматтық істер және әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот тыңдаулары қалың бұқара қатыса алмайтын жабық сот оты-
рыстарында өтуін нақтылауға кеңес беріледі.
•
Туынды нормативтік-құқықтық актіде осындай сот үдерістеріне/тыңдауларына кімнің қатысуына рұқсат
берілетінін нақтылауға кеңес беріледі. Әдетте, оқудан өтетін сот қызметкерлеріне, тағылымдамадан өтетін
прокурорларға және қорғаушыларға, сонымен қатар, Әділет министрлігінен, Жоғарғы Соттан және/немесе істі
қарайтын судьядан қол жеткізу құқығын алған ғылыми қызметкерлерге жабық тыңдауларға және сот істерін
қарауға қатысуға рұқсат етіледі, бірақ, сонда да қатысушы тараптардың рұқсатын сұрау қажет.
ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНА
ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР
жалпы ережеге сәйкес, олар кейбір ерекше жайттар
болған жағдайда ашық сот мәжілістерінде өткізіледі.
Ондай ерекше жайттар асырап алуға қатысты істер
немесе сот жеке, отбасылық, коммерциялық немесе
өзге, заңмен қорғалатын құпиялардың, азаматтардың
жыныстық өміріне қатысты мәліметтердің құпия
сақталуына немесе сот ісін ашық қарауға бөгет бо-
латын өзге де жайттарға сілтеме жасайтын іске
қатысушы тұлғаның өтінішін қанағаттандыратын
істерді қамтиды
214
. Заң, егер сот ісін қарау жабық
мәжіліс тәртібінде жүзеге асырылса, оған іске
қатысушы тұлғалар, олардың өкілдері, ал қажет
болғанда, куәгерлер, сарапшылар, мамандар және
аудармашылар қатысуы тиіс екенін нақтылайды
215
.
Бірақ, судьялар ашық және жабық істерге қатысты
ережелерді толығымен түсіне ме, түсінбей ме, белгісіз.
Асырап алуға қатысты істі бақылау барысында сот
тыңдауы ашық тәртіпте өтті, бірақ іске қатысты шешім
жабық сот мәжілісінде шығарылды
216
.
Әдетте, Қазақстан заңнамасына сәйкес КТМАС-тағы
214
Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 ж., 19 бап 1 және 2 бөлімдері
және 317-4 бап.
215
Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 ж., 19 бап 4 бөлім.
216
Азаматтық іс бойынша сот тыңдауы [КТМАС орналасқан жері ту-
ралы ақпарат алынып тасталған], шілде 2014 ж.
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бой-
ынша сот тыңдаулары жария болып табылады, тек
мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері
бар істер, сонымен қатар, сот белгілі бір мәліметтің
құпиялығын қамтамасыз ету қажеттілігіне неме-
се сот ісін ашық тәртіпте қарауға тосқауыл болатын
өзге жайттарға сілтеме жасаған іске қатысушының
тұлғаның
өтінішін
қанағаттандырғанда
сот
тыңдаулары жабық тәртіпте өтеді
217
. Осы зерттеу
мақсатына сәйкес бақылау жүргізілген әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша барлық
сот тыңдаулары қалың бұқара үшін ашық болды.
Достарыңызбен бөлісу: