Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет46/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

6.13. ДИВЕРГЕНЦИЯ

«Дивергенция»  қылмыстық  құқық  бұзушылық 

жасаған  кәмелетке  толмаған  тұлғаның  ісі  сот 

рәсімдеріне немесе сотқа жүгінусіз шешуді көздейді. 

Дивергенция –  ювеналды  әділ  сот  жүйесінің  негізгі 

қағидасы

312


,  себебі  ол  кәмелетке  толмаған  тұлғаның 

арына дақ түсірмеуге мүмкіндік береді, оның оңалуын 

жеңілдетеді,  әрі  өзін  экономикалық  тұрғыдан  ең 

тиімді  әдістеме  ретінде  көрсетті

313

.  Қазіргі  таңда 



дивергенция  жүйесін  Қазақстанда  енгізу  бойынша 

белсенді қадамдар жасалып жатыр, ол Қазақстан 

Республикасында 2009–2011 жж. Ювеналды әділсот 

жүйесінің даму тұжырымдамасының негізгі құрамдас 

бөлігі  болып  табылады.  Қазақстанда  дивергенция 

жүйесінің  қалыптасуына  берілген  баға  ЮӘ  дамыту 

тұжырымдасы  жөніндегі  есепте  мазмұндалған,  бірақ 

оның негізгі қорытындысы төменде сипатталған.

Жалпы  жауап  берушілер  арасында  дивергенцияның 

мәні мен мақсатына қатысты білімнің жетіспеушілігі 

байқалды, олардың кейбірі дивергенция шарасының 

мысалы  ретінде  кепіл  беруді  келтірді.  Дивергенция 

шарасының  мәні  мен  мақсатына  қатысты  ювенал-

ды  әділсот  жүйесіндегі  негізгі  мүдделі  тұлғалардың 

білімін байыту қажеттілігі айқын болып тұр.

Қазақстан 

заңнамасында 

құқық 


бұзушыны 

қылмыстық  жауапкершіліктен  босататын  бірнеше 

тетік  бар.  Осы  зерттеу  үшін  ең  өзекті  нормалардың 

бірі – бітімге келу. 2014 ж. ҚР Қылмыстық кодексінің 

68  (1) және (2) бабына сәйкес қылмыстық іс немесе 

өлімге алып келуге қатысы жоқ, ауырлығы аз не орта-

ша қылмыс жасаған тұлға немесе өлімге алып келуге 

не адам өміріне ауыр зиян келтіруге қатысы жоқ ауыр 

қылмысты  алғаш  рет  жасаған  кәмелетке  толмаған 

310


 Бала құқықтары туралы конвенция, 3(1) бап.

311


 Мәлімет көзі: интернет-сауалнамалар

312


 БҚК  40(3)  бабы  мүше  мемлекеттер  қылмыстық  заңнаманы 

бұзған деп саналатын, оны бұзды деп айыпталған немесе айып-

ты деп танылған балаларға қажет және жөн болған жағдайда істі 

сотта қараусыз, адам құқықтарын және құқықтық кепілдіктердің 

толығымен  сақталуын  қаматамсыз  ете  отырып,  шаралар 

қолданылуына  ықпал  етуін талап  етеді.    Пекин  ережелерінің  6 

және 11 ережелері.

313


 Адам  құқықтары  комитеті.  Жалпы  тәртіптегі  ескерту  10  (2007) 

«Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу шеңберіндегі 

бала құқықтары», 25 тармақ.



Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

67

тұлға  жәбірленушілермен  бітімге  келіп,  келтірілген 



залал орнын толтырса, қылмыстық жауапкершіліктен 

босатыла  алады.  Егер  алғаш  рет  ауыр  қылмыс 

жасаған  кәмелетке  толмаған  тұлға  қылмыстық 

жауапкершіліктен  бітімге  келуге  байланысты  боса-

тылса,  оған тәрбиелік  әсері  бар  мәжбүрлік  шаралар 

(соның ішінде, «девиантты» мінез-құлықты балаларға 

арналған  білім  беру  мекемесіне  орналастыру  неме-

се  пробациялық  қадағалау  орнату)

314

    қолданылуы 



мүмкін

315


.

КТМАС қараған істерде осы тетік арқылы қылмыстық 

жауапкершіліктен  босатылған  кәмелетке  толмаған 

құқық  бұзушылардың  жалпы  саны  бойынша 

статистикалық  мәліметтер  ҚР  Бас  прокуратурасы 

Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетімен 

ұсынылған  жоқ.  Бірақ  жекелеген  сұхбат  барысын-

да  берілген  жауаптар  бітімге  келу  және  медиация 

қылмыстық  істерді  шешудің  ең  кең  таралған  тетігі 

314


 ҚР Қылмыстық кодексі 2014 ж., 84 бап.

315


 ҚР Қылмыстық кодексі 2014 ж., 68 баптың 2 тармағы.

екенін көрсетті

316

. Мысалы, 2013 ж. Өскемен қ. КТМАС 



168 қылмыстық істің 104 (яғни, барлық істердің 61,9%-

ы) аталған тетіктер арқылы реттеген

317

. Алматы қ. бір 



судьясы  іс  жүзінде  істердің  көпшілігі  тараптармен 

істі  бітімге  келу  арқылы  реттеп,  кәмелетке толмаған 

тұлғаны  қылмыстық  жауапкершіліктен  босатумен 

шешілетінін  жеткізді

318

.  Бұл  мәлімдемеге  Алматы  қ. 



екі  прокурордың  да  сөзі  дәлел,  олардың  айтуынша, 

олардың қылмыстық істерінің сәйкесінше 40%-ы және 

70%-ы  бітімге  келу/медиация  арқылы  шешіледі

319


Ақтау  қ.  тағы  бір  КТМАС  судьясы  бітімге  келу  оның 

316

 Қараңыз, мысалы, Жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 



қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 

қыркүйек 2014 ж.; прокурор 1, Қызылорда қ. КТМАС, 9 қыркүйек 

2014  ж.  Бітімге  келу  2014  ж.  Қылмыстық  кодекстің  68  бабы 

және 2014 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 544(3) бабында 

белгіленген тәртіпте қолданылады.

 

 Топтық сұхбат, прокуратура Өскемен қ., 17 шілде 2014 ж.



317

 Топтық сұхбат, прокуратура Өскемен қ., 17 шілде 2014 ж.

318

 Жекелеген сұхбат, судья Алматы қ. КТМАС, 10 шілде 2014 ж.



319

 Прокурор 1, Алматы қ. КТМАС, 19 қыркүйек 2014 ж.




68

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

қарауындағы  қылмыстық  істерде  көп  қолданылатын 

дивергенция шарасы екенін айтты

320


. Шымкент қ. про-

куроры КТМАС-та қаралатын қылмыстық істердің 80% 

бітімге келу арқылы аяқталатынын айтты

321


.  

Бітімге  келуден  басқа,  кәмелетке  толмаған  тұлғаны 

қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін қолдануға 

болатын басқа да тетіктер бар, соның ішінде, 2014 ж. 

Қылмыстық  кодекстің  83-бабында  бекітілген  нор-

ма.  Аталмыш  норма  КТМАС-қа,  «егер  кәмелетке 

толмаған  тұлғаны  қылмыстық  жауапкершілікке  тар-

тусыз  түзету  мүмкін»  екені  анықталса,  кәмелетке 

толмаған  тұлғаны  алғаш  рет  жасаған  ауырлығы  аз 

немесе  орташа  қылмыстық  істері  үшін  қылмыстық 

жауапкершіліктен  босатуға  мүмкіндік  береді.  Бұл 

ретте  кәмелетке  толмаған  тұлғаға  «тәрбиелік  әсері 

бар  мәжбүрлік  шаралары  қолданылуы»  мүмкін, 

олардың  толық  тізімі  2014  ж.  Қылмыстық  кодекстің 

84 бабында келтірілген. Жекелеген сұхбат барысында 

КТМАС  судьялары  арасындағы  жауап  берушілердің 

көпшілігі  кәмелетке толмаған тұлғаның мінез-құлқын 

ата-анасы,  олардың  орнындағы  тұлғалар  немесе 

мамандандырылған  мемлекеттік  орган  тарапынан 

қадағалау немесе бос уақытын еркінше өткізуге шек-

теу қою немесе кәмелетке толмаған тұлғаның мінез-

құлқына  ерекше  талаптар  қою  кәмелетке  толмаған 

тұлғаға  қолданылатын  ең  кең  таралған  «диверген-

ция» шаралары болып табылатынын жеткізді. 

Кәмелетке  толмаған  тұлғаны  қылмыстық  әділсот 

жүйесінен соттан тыс инстанцияларға жолдау кезінде 

халықаралық  стандарттарға  сәйкес  қолданылуы 

тиіс  құқықтық  кепілдіктер

322

  Қазақстанда,  әдетте, 



іс  жүзінде  қолданылмайды.  КТМАС  судьялары 

арасындағы  жауап  берушілердің  жартысы  дерлігі 

(46,1%) кәмелетке толмаған тұлғаға іс «қайта жолда-

нуы мүмкін» болмайынша, қылмыс жасағанын мойын-

дамауы керек деп санайтыны ерекше алаңдаушылық 

туғызады


323

. Осы сияқты істерді прокурорға жіберудің 

320

 Жекелеген сұхбат, судья 1 Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 2014 ж.; 



Жекелеген сұхбат, судья 2 Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 2014 ж.

321


 Прокурор 1, Шымкент қ. КТМАС, 2014 ж.

322


 Халықаралық  стандарттармен  қарастырылған  құқықтық 

кепілдіктерге келесілер кіреді: бала ықтимал қылмысты жасағаны 

туралы бұлтартпас дәлелдер бар; бала еркін және ерікті түрде 

қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігін мойындаған; кез-келген 

кейінгі процессуалдық әрекеттер барысында осы мойындау оған 

қарсы қолданылмаған; бала еркін және ерікті түрде қылмыстық 

әділсот  жүйесінен  шығаруға  жазбаша  келісімін  берген;  және 

осы дивергенция шарасын қолдануға берілген келісім аталмыш 

шараның сипаты, мазмұны және қолдану ұзақтығы туралы және 

осы шараны аяқтаудан бас тарту салдары туралы сенімді және 

нақты ақпаратқа негізделген. Бала құқықтары жөніндегі комитет. 

Жалпы тәртіптегі ескерту № 10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға 

қатысты  әділ  сот  жүргізу  шеңберіндегі  бала  құқықтары»,  27 

тармақ.


323

 Судьялардың 38,5% іс қылмыстық әділсот жүйесінен шығарылып, 

орнына  соттан  тыс  инстанцияларға  (соның  ішінде, 

бітімге келу арқылы) қайта жолдадық деп сендірген 

жауап  беруші  тергеушілер  кәмелетке  толмаған 

тұлғадан  дивергенция  шарасын  қолдануға  келісім 

беруін немесе ықтимал қылмысты жасағанын мойын-

дауын талап етпегенін жеткізді

324

.  Мұндай құқықтық 



кепілдіктер  айрықша  маңызды,  себебі  олардың 

мақсаты - кәмелетке толмағандар қылмыс жасамаса, 

жазаланбайтынының және деректерді анықтау рәсімі 

еленбей қалмайтынының кепілі.

Сотқа  жеке  тұлғаны  қылмыстық  жауапкершіліктен 

босатуға  мүмкіндік  беретін  кейбір  заңнамалық 

тетіктер,  соның  ішінде,  бітімге  келу  рәсімі,  ең  алды-

мен  құқық  бұзушы  жәбірленушіге  келтірілген  за-

лал  орнын  толтыруын  талап  етеді

325


.    КТМАС  судья-

лары  арасындағы  жауап  берушілердің  жартысынан 

көбі  (61,5%)  кәмелетке толмаған тұлға  немесе  оның 

ата-анасы/қамқоршылары  іс  қылмыстық  жүйеден 

шығарылғанға  дейін  келтірілген  кез-келген  за-

лал  орнын  толтыруы  тиіс  деп  санайды

326

.  Соттағы 



бақылау  және  жекелеген  сұхбаттар  осының  жал-

пы  қабылданған  тәжірибе  екенін  пайымдауға  негіз 

бола алады

327


. Мұндай заңдар мен тәжірибе ерекше 

алаңдаушылық  тудырады.  Сот  дивергенция  туралы 

шешім шығарға дейін залал орнын толтыруды талап 

ету  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  бопсалауға 

теңестірілуі мүмкін: мысалы, «жәбірленуші» полицияға 

бітім  жасалғанын  айтқаны  үшін  кәмелетке толмаған 

айыпталушының  отбасынан  ақша  төлеуді  сұрайды, 

сонда іс сотқа жетпейді немесе сотталмайды.

Тағы  бір  мәселе  болып  кәмелетке  толмаған 

тұлға  қылмыстық  әділсот  жүйесінен  соттан  тыс 

инстанцияларға  жолдануы  мүмкін  болардан  бұрын 

қаржылай  өтемақы  төлеуді  талап  ету  табылады, 

соттан  тыс  инстанцияларға  жаолданғанға  дейін  кәмелетке 

толмаған  тұлға  өз  кінәсын  мойындауы  тиіс  деп  санайды; 

судьялардың 15,4 % осы сұраққа жауабы түсініксіз болды.

324


 Тергеуші 1, Ақтау қ., 26 қыркүйек 2014 ж.; тергеуші 2, Ақтау қ., 27 

қыркүйек 2014 ж.; тергеуші 3, Ақтау қ., 27 қыркүйек 2014 ж.

325

 2014 ж. Қылмыстық кодекстің 68 бабында белгіленген тәртіпте 



айыпталушы  жәбірленушімен  бітімге  келсе  (мысалы,  медиация 

арқылы)  және  келтірілген  залла  орнын  толтырса,  қылмыстық 

жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстық кодексте, сондай-ақ, 

сотқа  айыпталушыны  қылмыстық  жауапкершіліктен  кепілақы 

төлеу арқылы кепілгерлік орнату тәртібімен бостауға мүмкіндік 

еберетін ерекше норма бар (Қылмыстық кодекс 2014 ж., 69 бап).

326

 Жауап  берушілердің  23,1%  кәмелетке  толмаған  тұлға  не-



месе  оның  ата-анасы/ата-анасының  орнындағы  тұлғалар  іс 

қылмсытық әділ сот жүйесінен шығарылмайынша келтірілген за-

лал орнын өтемеуі тиіс деп санайды; жауап берушілердің 15,4% 

жауаптары түсініксіз.

327

 Қараңыз,  мысалы,  қорғаушы  [КТМАС  орналасқан  жері  тура-



лы  ақпарат  алынып  тасталған],  1  қазан  2014  ж.;  прокурор  1, 

Қызылорда қ. КТМАС, 9 қыркүйек 2014 ж.




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

69

• 

Халықаралық стандарттармен қарастырылған дивергенция шарасын қолдану үшін құқықтық кепілдіктерді 



заңнамаға енгізу, соның ішінде, төменде келтірілген талаптарды енгізуге кеңес беріледі:

 



бала ықтимал қылмысты жасағаны туралы бұлтартпас дәлелдер бар; 

• 

бала еркін және ерікті түрде қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігін мойындаған; 



• 

кез-келген кейінгі процессуалдық әрекеттер барысында осы мойындау оған қарсы қолданылмаған;  

• 

бала еркін және ерікті түрде дивергенция шарасын қолдануға жазбаша келісімін берген; және



• 

осы дивергенция шарасын қолдануға берілген келісім аталмыш шараның сипаты, мазмұны және қолдану 

ұзақтығы  туралы  және  осы  шараны  аяқтаудан  бас  тарту  салдары  туралы  сенімді  және  нақты  ақпаратқа 

негізделген.

• 

Заңнамада іс қылмыстық әділсот жүйесінен соттан тыс инстанцияларға жолдану мүмкін болардан бұрын 



кәмелетке толмаған тұлғаға немесе оның отбасына жәбірленушіге келтірілген кез-келген залал орнын толтыру 

талабынан бас тартқан жөн.

• 

Қоғамға қарсы және қылмыстық әрекеттермен күресу үшін жергілікті қоғамға сүйене отырып, бүкіл респу-



блика бойынша дивергенция шараларының кең ауқымын бірте-бірте тарату мүмкіндігін қарастырған жөн.

• 

Бүкіл  Қазақстан  бойынша  «Феникс»  және  «Шанс»  орталықтарымен  жүзеге  асырылатын  диверген-



ция  бағдарламаларын  (толығырақ  ЮӘ  тұжырымдамасы  бойынша  есептегі  ұсынымдарды  қараңыз)  өткізу 

мүмкіндігін қарастырған жөн.

ДИВЕРГЕНЦИЯ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ 

ҰСЫНЫМДАР

бұл  қажетті  соманы  төлей  алмайтын  тұрмысы  на-

шар  отбасылардан  шыққан  кәмелетке  толмаған 

балаларға,  сонымен  қатар,  ата-ана  қамқорлығынсыз 

қалған  кәмелетке  толмаған  балаларға  қатысты 

кемсітушіліктің орын алуына әкеліп соғуы мүмкін. Дәл 

осы кәмелетке толмаған балалар заңға қайшы әрекет 

ету  қаупіне  бірінші  болып  шалдығады

328


.  Міне,  бір 

қорғаушының пікірі:

«Егер  бізге  келтірілген  залал  үшін  кінәні  жуып-шая 

алсақ,  жақсы  болады.  Кейбір  ата-аналар  бұл  істі 

пайда  табу  көзіне  айналдырады,  бірақ  бала  бұған 

қатыспайды»

329

.

КТМАС арасында істі қылмыстық соттардың юрисдик-



циясынан соттан тыс инстанцияларға қашан жолдауға 

болатыны туралы пікір әртүрлі. Сұхбаттасқан КТМАС 

судьялары арасындағы жауап берушілердің көпшілігі 

істер  сотта  қаралғаннан  кейін  ғана  жолдауға  бола-

ды деп санайды, ал судьялардың қалған аз бөлігі істі 

сот  үдерісі  басталғанға  дейін  жолдауға  болады  деп 

есептейді. Шешім қабылдау тәжірибесі әркелкі болып 

даму қаупі туады, себебі КТМАС судьялары істі жолдау 

қажет пе, жоқ па деген мәселеге қатысты өз бетінше 

шешім қабылдағанада әркелкі әдістемелер мен фак-

торларды пайдалануы мүмкін.

Әдістемелердің  әртүрлілігіне  қарамастан,  жауап  беру-

ші  судьялардың  бірнешеуі  дивергенция  шаралары-

ның  құқық  бұзушылықтардың  қайталануының  ал-

дын алуда, кәмелетке толмағандарды оңалтуда және 

328


 Ювеналды құқықтық кеңес өкілі, Астана қ., 18 қыркүйек 2014 ж.

329


 Қорғаушы  3  [КТМАС  орналасқан  жері  туралы  ақпарат  алынып 

тасталған], 18 қыркүйек 2014 ж.

жергілікті қоғам қатарына қайта қосуда тиімді екені 

туралы өз пікірлерін білдірді. Бірақ бірнеше судья ди-

вергенция  шаралары  ретінде  пайдаланыла  алатын-

дай  жергілікті  деңгейде  әлеуметтік  бағдарламалар 

жоқ екеніне назар аударды: 

«Олар  [балама  шаралар]  тиімсіз,  себебі  келешекте 

қылмыстардың  алдын  алатын  әлеуметтік  институт-

тар жоқ, сондықтан кәмелетке толмағандар қайтадан 

сол  бұрынғы  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғансыз  ортаға 

оралады.    Әлеуметтік  қызметтердің  жұмысы  және 

мониторингі  кадр  және  қор  жетіспеушілігінен  тек 

ресми түрде ғана жасалады»

330

.

«Осы  (дивергенция)  тетіктері,  Сіздің  пікіріңізше, 



құқық  бұзушылықтардың  қайта  жасалуының  алдын 

алуда,  әрі  кәмелетке  толмағандарды  оңалтуда  және 

жергілікті қоғам қатарына қайта қосуда қаншалықты 

тиімді? 


Тиімсіз,  себебі  осы  бағытта  жұмыс  жасайтын 

әлемуеттік тетіктер жоқ»

331

.

Осыған  байланысты,  Өскемен  қ.  «Феникс»  орталығы 



ұсынған «Шығыс Қазақстан облысындағы балалар ди-

вергенциясы бағдарламасына кәмелетке толмағандарға 

дивергенция шарасын қолдану» және Астана қ. «Шанс» 

орталығының  дивергенция  жобасы  қылмыстардың 

қайталануының  алдын  алуда  елеулі  табысқа  жеткені 

үміт  ұялатады.  Осы  бағдарламалар  туралы  толығырақ 

ЮӘ тұжырымдамасы бойынша Есепте айтылған.

330


 Жекелеген сұхбат, судья КТМАС [КТМАС орналасқан жері туралы 

ақпарат алынып тасталған], 2014 ж.

331

 Судья  2  [КТМАС  орналасқан  жері  туралы  ақпарат  алынып 



тасталған], 2014 ж.


70

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет