10.2.10. АУДАРМА ҚЫЗМЕТІ
•
Аудармашылар КТМАС-та қаралатын істерде ау-
ызша немесе жазбаша аударма қызметтерін ұсына
бастағанға дейін тілді қажетті деңгейде меңгергенін
көрсете алуын талап етуге кеңес беріледі. ҚР Жоғарғы
Соты ауызша және жазбаша аудармашылар үшін
біліктілік стандартын және сертификаттау жүйесін
белгілеу мүмкіндігін қарастыра алады.
10.2.11. СОТ МӘЖІЛІСІ ЗАЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
•
Кәмелетке толмаған тұлғаны тартып, оған КТМАС
қарауындағы сот өндірісіне қатысуға толық мүмкіндік
беру үшін қылмыстық іс болсын, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс немесе азаматтық іс болсын,
сот мәжілісі залында қатысушыларды орналастыру
тәртібін мейлінше бейресми ету үшін сот залының
жоспарын өзгерту мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
КТМАС судьялары кәмелетке толмаған тұлға және
істің басқа да қатысушыларымен бір деңгейде, ман-
тия кимей отырғаны жөн.
•
Прокурорлар кәмелетке толмаған тұлға қатысатын
сот тыңдаулары барысында арнаулы киім кимегені
жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлға сезіне алуы үшін және
іс бойынша сот өндірісіне қатыстырылуы үшін іске
қатысатын тараптар бір-біріне айтарлықтай жақын
отырған жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлғаларға қажет болғанда,
сот тыңдауы немесе сот ісін қарау барысында
өзара әрекеттесе алуы үшін ата-анасының және
қорғаушысының жанында отыруға рұқсат еткен жөн.
Полиция қызметкерлері КТМАС-та қарусыз жүргені
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |