Постпозитивизм. ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы 60-жылдарының басында
неопозитивизм философиялық бағыт ретінде ғылыми зерттелуден тысқары қала бастады.
Оның орнына “төртінші позитивизм” немесе постпозитивизм, яғни философия мәселесін
қайта қарап, оның ғылымдағы, қоғамдағы және ғылыми зерттеулердің методындағы ролін
анықтай бастады. Оның ең ірі өкілдерінің қатарына К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун жатады.
Постпозитивизмнің басты мәселесі ғылыми білімнің динамикасы мен дамуы. Оны
алдымен жаңа теориялардың пайда болуы, оларды ойшылдардың бірлесе отырып
қабылдауы, бәсекеге түскен ғылыми концепциялардың салыстырылуы мен таңдалу
критерилері, жалпы ғылыми білімнің әлеуметтік-мәдени детерминациясы қызықтырады.
Постпозитивизм эмпирикалық пен теориялық білімдердің өзара қарым-қатынаста
болатындығын айтады. Теорияның эмпирияға тигізер ықпалы зор екендігін нақтылайды.
Фактіні тағайындау үшін теория қажет, сондықтанда фактілер белгілі бір анықталған кезеңде
теорияға тәуелді одан қалды сонымен анықталады.
Постпозитивизмнің көптеген концепцияларының келесі ерекшеліктері ғылыми
танымның дамуын түсіндіру барысында оларды кумулятивизмнен бас тартуға алып келеді.
Олар ғылымның тарихы революциялық қайта қалыптасу кезеңінен ешқайда қашып
құтылмайтындығын айтады. Ғылыми революцияның нәтижесінде ертеде мойындалған және
санадан орын тепкен білімдер, тек теориялар ғана емес, сонымен қатар методтарда,
фактілерде қайта қарастырылуға тура келеді.
Постпозитивизм ғылыми білім мен философияның арасын бөліп-жарудан бас тартады.
Ол философиялық ойлардың озықтығын мойындай отырып, олардың ғылымнан ешқашан
тыс қалмайтынын айтады. Постпозитивизмнің кейбір өкілдері ғылым, философия мен миф
араларындағы қандайда бір ерекшелікті көруден бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |