Діни шаруашылық моделі. Мәдениеттің соңғы принципиальді мүмкін моделі бірінші
және екінші молдельдерді синтездейді, жинақтайды. Осы діни шаруашылық модельге
байланысы мәдениеттің генотипі болып діни идеалдар мен экономикалық архетиптер бірлігі
табылады. Ол нақты адамдар қауымдастығымен мойындалған. Бұл бірлік діни және
экономикалық идеалдардың қарапайым жиынтығы емес, ол не рухани болмысқа, не
материалдық біріншілік етуге әкелмейтін жаңа қасиет. Осы модель көбіне түсіндірмелі
құндылықты түсіндіре алады, ал жалпы сипаттағы басқа модельдердің болуы мүмкін емес.
Материя мен рух жалпы ұғымдар, оларға Бірлік ұғымынан басқа қосымша ештеңе қосуға
болмайды; сондықтан да мәдениеттің жалпы теориялары тек үшеу ғана болады
Материядан логикалық тұрғада ештеңе шығара алмайсын, одан тек материяның
модустарын алуға болады, ал рухты материалистік софизмдермен түсіндіре алмайсын.
Рухтан денелер, заттар немесе материалдық процестер емес, тек рухани болмыс түрлері
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |