Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет80/189
Дата31.12.2021
өлшемі1,89 Mb.
#22329
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогикалық шеберлік:
- пәндік білімі (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, 
оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
-  педагогикалық  технология  (сөйлеу  мәнерінің  техникасы, 
ойлау  логикасы  мен  нақтылығы,  талдауларының  нақтылығы, 
бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, 
формалары мен тәсілдері);
-  педагогикалық  шығармашылық  (шығармашылық  талдау, 
стандартты  емес  ойлау,  жаңа  ақпараттар  іздестірудегі  қажеттілік, 
экспериментке ұмтылыс);
-  педагогикалық  стиль  (педагогикалық  нақтылық,  өзінің  және 
өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық 
бағыттағы  тіл  табысу  мен  әрекетшілдік,  педагогикалық  тактика 
мен  этика,  тыңдай  және  тыңжата  білу  дағдысы,  адамдардың  ішкі 
дүниесін тануға қызығушылық).
Жалпы алғанда, кәсіби шеберлігі – бұл өте жоғары деңгейдегі,  
әрі ұдайы жетіліп баратын тәрбиелеу және оқыту өнері. Шеберлік 
негізі  –  жеке  тұлға  мәдениеті,  білім  мен  өрісті  дүниетаным  және 
осы  сапалармен  кірісе  ұштасқан  педагогикалық  техника  мен  озат 
тәжірибе. Шеберлікке көтерілудің басты шарттары: теорияны білу, 
оқу-тәрбие үрдісінің тиімді технологиясын пайдалана білу мен оны 
нақты  жағдайларға  орай  сәйкестендіре  таңдау,  көзделген  деңгей 
мен сапаға байланыстыра нақтылау, болжамдау және жобалау. 
Шеберлікке  жету  кезеңдері  келесідей:  озат  мұғалімдер 
тәжірибесін  бақылау;  үздіксіз  біліктілік  көтеріп  бару;  арнайы 
әдебиеттерді оқу, өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіру, 
өзіндік сарап жүргізіп отыру.
Педагогтің  білім  мен  ақпаратты  тасымалдаушы  ғана  болуы 
бүгінгі  күнде  жеткіліксіз.  Ендеше  бүгінгі  мұғалім  жоғары 
педагогикалық және психологиялық меңгеруі міндетті.


182
Психологиялық  мәдениетке  адамның  психологиялық  саулығы 
мен  өзін-өзі  және  басқа  адамды  тануы,  өзін-өзі  тануы,  өзін-өзі 
ұстауы және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады.
Педагогикалық  іс-әрекет  мәнін  ашуда  біз,  ең  алдымен, 
мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар 
аударғанымыз жөн.
Білім  беру  жүйесінің  маңызды  мәселесі  ретінде  көптеген 
ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениет танымдық дайындығын 
алға  тартады.  Өйткені,  педагогика  ғылым  мен  мәдениетті  негіз 
ретінде алып қарастырады. Себебі, арнайы зерттеулер мамандардың 
жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның мәдениеттілігіне 
байланысты деп санайды. Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік 
білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне 
байланысты  болады  дейді  ғалымдардың  пікірінше.  Үшіншіден, 
қазіргі  маман  ол  –  ойлау  жүйесі,  жетілген  қоғам  мәселесіне 
байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті 
тұлға.    Төртіншіден,  көптеген  ғалымдар  адамның  рухани  сезімін 
қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу 
керек  деп  есептейді.  Бесінші,  болашақ  мұғалімдерді  дайындау 
мақсатында алдымен мәдениеттанымдық дайындығын көтеру үшін  
“Жалпы мәдениет деген не?” сұраққа жауап іздеуіміз керек.
Мұғалім  мәдениеті  өзін-өзі  жетілдіру  үшін  педагогикалық 
еңбектің  мақсатын  және  оларға  жету  тәсілдерін  еркін  таңдауға 
мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде 
қаланады,  іс-әрекеттің  кәсіби  және  интеллектуалды  тәжірибесін 
меңгеру жағдайында туындайды.
Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті 
жүріс-тұрысынан, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, 
білімді,  адамгершілігі  мол,  жан-жақты  жарасымды  болғанда  ғана 
нағыз  ұстаз  екенін  дәлелдейді.  Педагогтің  білім  мен  ақпаратты 
тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі 
мұғаілім  жоғары  педагогикалық  және  психологиялық  мәдениетті 
меңгеруі міндетті.
Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл 
мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.
Шығармашылық  –  мәселені  белгілі  тәсілдермен  шешуге 
болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз шешім 
қабылдауға әкелетін әрекет әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден 


183
тұратын  күрделі  психологиялық  үрдіс.  Осы  мәселені  зерттеген 
ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден 
тұратынын анықтаған;
1) педагогикалық ойдың пайда болуы;
2) түпкі ойды талдау;
3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;
4)  шығармашылықтың  нәтижесін  талдап  бағалау  (В.  А.  Кан-
Калик, Н. Д. Никандров);
5) жаңалықты көру; 
6) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, модельдеу;
7) жетілдіру (В. И. Загвизинский).
Шығармашылық әрекетке мұғалімнің өз еңбегі сыни тұрғыдан 
қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды 
мотивацияның қалыптасуы, т.б. орын алады.
“Шығармашылық-проблемалық  сипаты  бар,  барлық  ішкі 
байланыстарды  біріктіретін,  нәтижеде  жаңа  материалдық  және 
идеалдық  құндылықтар  алынатын  адамның  мақсатты  әрекеті”  
деген тұжырым жасауға болады. 
Мұғалімдердің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, 
әлеуметтік,  кәсіби  әрекетіндегі  мәселелерді  табысты  шешуін 
қамтамасыз  етеді,  басқаша  айтсақ,  кәсіби  шығармашылығын 
дамытады.
Шығармашылық  жолы  -  ол  үміттер  мен  күдіктер,  жеңілістер 
мен  жеңістер  жолы.  Осы  жолдан  өзіне  сабақ  ала  білу,  өзінің 
жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің өзін-өзі 
шығармашылықпен  дамытудағы  стратегиялық  бағыттары  болып 
табылады. 
Әрекет  –  іс-қимыл  бірлігі,  саналы  түрдегі,  мақсатқа  жетуге 
бағытталған  тікелей  жасалатын,  еркін  ниеттілік,  белсенділік. 
Әрекетте  адам  субъект  ретінде  танылып,  оның  жасампаздығы, 
іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет