Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
«Үмітті Орынбордан бала туды, 
Қолына жарық сəуле ала туды. 
Мақсаты қараңғыда жүрген жұртын 
Ойлайды тура жолға қаратуды», –
деген үмітпен өмірге келген «Қазақ» газетінің Орынбор қа-
ласында жарық көруінің өзінде үлкен мəн бар.
Бұл жөнінде тарихшы-ғалым М.Қойгелдиев өзінің «Алаш 
қозғалысы» деген еңбегінде біраз жайдан сыр ағытады. Біз 
ғалымның  төмендегі  ой-пікірлерін  толық  қолдай  отырып, 
оның басқа да себебі болғандығын айта кеткенді жөн санай-
мыз.
Орынбор XX ғасырдың басына қарай күрт дамып, гүлден-
ген қалаға айналды. Ол Орта Еділ сағасы мен Орал өңірінде 
Қазаннан кейінгі мəні ірі саяси жəне сауда, сонымен қатар, 
мəдени  орталық  болып  қалыптасты.  Оған  Қазақстан  мен 
Орта  Азияны  өз  империясының  географиялық  құрамына 
енгізуден  дəмелі  патшалық  монархияның  бұл  шаһарды 


62
«ұлы  қақпа»  ретінде  пайдаланғаны  қатты  əсер  етсе  керек. 
Осы себептен де бұл қалаға бірсыпыра еркіндіктер беріліп 
отырған.  Соның  бір  ғана  дəлелі  ретінде 1906 жылдан  бас-
тап татар тілінде онға тарта газет-журнал шығаруға рұқсат 
етілгендігін ауызға алсақ та, оған айқын көз жеткіземіз.
Міне, осындай дамыған баспа мəдениеті бар қаланы қа-
зақ зиялылары газет шығару үшін оңтайлы көріп, қалап ал-
ғаны,  əрине,  ұтымды  таңдау  болған.  Ол  дəлелдеуді  қажет 
етпейді.
Осыған  қоса  басылым  басқармасы  газетті  Орынбор-
да  шығаруды  ойлағанда  тағы  да  бір  мақсат  көздеген  де-
сек,  қателеспейміз.  Ол  осынау  «қақпа-қаланы»  патшалық 
отаршылыққа қарсы күресте өз пайдаларына жарату міндеті 
болатын.  Əрине,  бұл  турасында  ашық  айтуға  ол  кезде  мүл-
дем мүмкін еместігі белгілі. Бірақ газеттің тұспалдап жазыл-
ған материалдарымен мұқият танысқан кісі оны айқын аңға-
рады. Мəселен, апталықтың 1918 жылғы 258-санында жария-
ланған  «Орда  гербі  (таңбасы)»  деген  мақалада  біраз  жай-
дан  сыр  тарқатылады.  Онда  газеттің  екінші  санынан  бастап 
маңдайшасынан  тұрақты  орын  алған  Орда  суретінің  мəн-
мағынасына  түсініктеме  беріледі.  Сол  арқылы  апталықтың 
ұстанған жолы, мақсат-мұраты мен атқарған қызметтері толық 
ашылып,  айқындала  түседі.  Оған  мақаланың  өзін  сөйлету 
арқылы  көз  жеткізіп  көрейік: «Киіз  үй – киіз  туырлықты 
қазақ  халқы.  Үйдің  түндігі  ашық,  есігі  жабық  болуындағы 
мағына: түндік жарық кіретін жол, есік – түрлі заттар кіретін 
жол дегендік. Жарық жолы ашық, еркін болсын, түрлі зат-
тар кіретін жол есігі еркін болмасын делінген еді. Түндіктен 
түсетін  жарыққа  өнер-ғылым  енгізілген  еді.  Түндік  күн-
батыс жағынан ашылуы өнер-ғылым Еуропа жағында күшті 
болған  себепті  қазақ  ішіне  Еуропа  ғылым-өнері  таралсын 
деген мағына еді. Үйдің есігі «Қазақ» деген сөзден жасалған. 
Ондағы мағына «Қазақ» газеті қазақ жұртына əрі мəдениет 
есігі болсын, əрі жат жұрт жағынан күзетшісі болсын делін-
ген  еді.  Қазаққа  деген  игілік  нəрсені  енгізу  жолында  газет 
қызмет етсін, сырттан келетін жамандық болса, күзетші ор-
нында газет қызмет қылсын делінген еді».


63
Осы  жолдарды  оқи  отырып,  басылым  басқармасының 
газетті  Орынборда  шығаруды  қалағандағы  екінші  бір  мақ-
сатының тамырын ұстағандай боламыз. Ол жоғарыда айтыл-
ғандай,  тек  көрші  отырған  екі  ел  арасын  ғана  емес,  Еуро-
па мен Азия секілді қос құрлықты қосып тұрған үлкен мəні 
бар  қаланы  қазақ  игілігіне  жарату  міндетінен  туындаған 
деуімізге толық негіз бар. Бұл шаһар, бір жағынан, қазақ да-
ласына  еніп  жатқан  мəдениет  пен  ғылым-өнердің  қақпасы 
болса, екінші жағынан, отаршыл озбыр саясаттың қамалына 
айналғаны  белгілі.  Осыны  жақсы  түсінген  Алаш  азаматта-
ры  сол  «қақпаға» «Қазақты»  күзетші  етіп  қойып,  халыққа 
пайдалы нəрсені енгізіп, залалдысы болса, тосқауыл қоюды 
өз  міндеттеріне  санап,  ел  қорғаушысы  болған  осынау  қыз-
меттерін газет арқылы жүзеге асыруға атсалысқандығы кө-
рінеді.
Бұл іс-əрекеттері, əрине, отаршыл əкімшіліктің көңілінен 
шықпағандығы  айтпаса  да  түсінікті.  Олар  тұрмақ,  бұған 
халқымызбен аралас-құралас отырған, түбі бір татар туыс-
тардың  кейбір  қалталы  байлары,  оқымыстылары  да  жылы 
қабақ  таныта  қоймаған.  Өйткені  олардың  өз  есептері  де 
жоқ  емес-тін.  Бұл  сырлары  кейіннен 1917 жылғы  ақпан 
төңкерісі  жеңіске  жеткеннен  соң  ашылады.  Осы  жылдың 
1-13 мамыр аралығында Петербург қаласында өткен жалпы 
мұсылман съезінде татар депутаттарының жетекшісі Ахмед-
бек  Салықов  өз  отандастарының  атынан  үш  рет  сөз  алып, 
соңғы  мəрте  сөйлегенде  ішке  бүккен  сырды  ашып  салады: 
«Қазақ, сарт, кавказдықтарға федерация болуға жібермеу ке-
рек. Олар бөлінсе, Россия қолында Еділ бойындағы татарлар 
қалмақшы. Жəне де қазақ пен Түркістан жақтарында бос жер 
көп. Олар бөлінсе, жерімен бөлінеді. Онда бізге пайда жоқ. 
Егер  де  бөлінбей  тұрса,  онда  жері  жоқ  татарлар  қазақ  пен 
Түркістан  жеріне  көшіп  барып,  жер  алады».
1
  Бұдан  кейбір 
татар оқымыстыларының Ресей патшалығының қазақ дала-
сын  отарлай  түсуіне  кетəрі  болмағандығын  көреміз.  Керек 
десеңіз, өз пайдалары үшін белгілі бір дəрежеде оны қолдап 
та  отырғандығы  аңғарылады.  Басылым  басқармасының  га-
1
 Тілеулин Ж. Жалпы мұсылман съезі //Қазақ, 1917, №232.


64
зеттің 1917 жылғы 214-нөміріндегі: «Газет  һəм  кітаптарды 
өзімізде болмаған соң, Хусайнов баспаханасында бастырып 
отырғанымыз  оқушыларымызға  мағлұм.  Газет  пен  кітап-
тарды бастыру үшін біреудің баспаханасына қарауда қанша 
қолайсыздық,  қанша  қиыншылық  барлығына  басынан  өт-
керген адам болмаса, басқалар түсініп жете алмайды. Газет 
пен  кітаптарды  мезгілімен  шығару  үшін  талай  жүз  салып 
кішірейесің, талай жалынып-жалпаясың. Газет шығарғаннан 
бері біреу баспаханасына телміру, дəмі таңдайға татырлық 
болды», – деп  жазуы  да  татар  байларының  отаршылыққа 
қарсы күресіп жатқан Алаш азаматтарына қаншалықты қол-
дау көрсетіп отырғандығын байқатады.
Апталықтың  патшалық  əкімшілік  тарапынан  көрген 
қоқан-лоққы, құқайы – өз алдына жеке бір əңгіме. Бұл жө-
нінде  «Ахмет  Байтурсунович  Байтурсунов»  деген  естелік-
еңбегінде  Міржақып  Дулатов  бірталай  мəлімет  келтіреді: 
«Поэтому то и дело производилось в редакции обыски, то и 
дело А.Байтурсынова таскали к губернатору или жандарм-
скому начальнику на допросы. В 1914 году за помещенную 
в  №80 «Казаха»  передовицу,  где  А.Б.  критиковал  только 
что выработанный М.В.Д. проект положения об управлении 
Киргизском  краем,  оренбургский  губернатор  Сухомлинов 
оштрафовал А.Б. как редактора на 1500 руб. И в случае его 
несостоятельности постановил заменить штраф арестом А.Б. 
на 3 месяца. Утрата 1500 руб. была равносильна закрытию 
газеты, поэтому А.Б., несмотря на слабость своего здоровья, 
заявил полиции, что он согласен сидеть, но платить штраф 
не может. 20 октября А.Б. посадили в тюрьму. Пишущий эти 
строки подал телеграммы в разные города, известив друзей 
А.Б. о случившемся. В адрес редакции посыпались перево-
ды по телеграфу, А.Б. не просидел и 4-5 дней, по внесению 
штрафа был освобожден. «Казах» и после этого подвергался 
штрафам на разные суммы, доходившие иногда до 3000 руб. 
(1916),  и  всегда  отзывчивые  читатели  аккуратно  вносили 
штрафы, не доводя дела до ареста А.Байтурсынова или за-
крытия газеты».
М.Дулатовтың бұл келтірген мəліметтерін мұрағат мате-
риалдары  да  растайды.  Патшалық  əкімшіліктің  жоғарғы 


65
билік  орындары  жергілікті  басқару  мекемелеріне  «Қазақ-
тың» əр қадамын қатаң бақылап, кішкентай күдік туса бол-
ды,  өздеріне  баяндап, «қылмысына»  қарай  аяусыз  жаза-
лау  жөнінде  арнайы  тапсырмалар  беріп  отырған.  Мəселен, 
Ішкі  істер  министрлігі  жанындағы  баспасөз  жөніндегі  Бас 
Басқарманың  бастығы  граф  Татищев 1913 жылғы 26-қыр-
күйекте  Орал  облысы  Əскери  губернаторына  мынадай 
мазмұндағы  аса  құпия  құжат  жолдаған: «Имея  в  виду,  что 
газета «Казах», по-видимому, принимает за последние вре-
мя нежелательное направление, Главноме Управление счи-
тает долгом просить Ваше Превосходительство сделать за-
висящее  расположение  о  тщательном  наблюдений  за  наз-
ванным изданием и о привлечении редактора его к судебной 
ответственности в каждом случае нарушения изданием уго-
ловных законов».
1
Ал  жергілікті  əкімшілік  болса,  осынау  бақылаушылық 
жəне  қаралаушылық  қызметіне  мұндай  тапсырма  берілмей 
тұрып-ақ, білек сыбана кірісіп кеткен болатын. Жоғарыдағы 
архив  құжатына  қоса  тіркелген  Орал  облыстық  əскери  гу-
бернаторының 1913 жылдың 17-қыркүйегінде баспасөз жө-
ніндегі  Бас  Басқармаға  жолдаған  мəліметі – соның  дəлелі. 
Онда «Қазақ» газеті 18-нөмiрінің аудармасын қоса жіберіп 
отырғанын баяндай келіп, əскери губернатор мынадай пікір 
біддіреді: «...со  своей  стороны,  данное  повременное  изда-
ние («Қазақ» – С.Қ.) я признаю крайне вредным для много-
численного  киргизского  населения  временно  управляемой 
мною области, равно как и для проживающих в ней татар».
Осындай  қара  ниеттегі  лауазым  иесіне  жоғарыдағыдай 
арнайы  тапсырманың  берілуі,  отқа  май  құйғандай,  қуана 
қарсы алынатындығы айдан анық.
Мұнымен  ғана  шектелмей,  баспасөз  жөніндегі  Бас  Бас-
қарма «Қазақты» тырп еткізбей бақылап отыру үшін Орын-
бор облысының генерал-губернаторы Сухомлиновты да осы-
нау аса құпия маңызды «жұмысқа» тартады. Аталған архив 
1
  Санкт-Петербург  қаласындағы  Орталық  мемлекеттік  архиві 776-к., 
16-іс (архив материалдарын ізгі ниетпен қолымызға берген библиограф-
ғалым Ү.Сұбханбердинаға алғысымыз шексіз.


66
мəліметі бойынша 1913 жылы 22 қазанда оған жолданған аса 
құпия  құжатта  жоғарыдағы  Орал  облыстық  əскери  губер-
наторының пікірі қаз-қалпында баяндала отырып, мынадай 
нақты өтініш білдіріледі: «В виду сего, Главное Управление 
просит Ваше Превосходительство сделать зависящее распо-
ряжение о возможно тщательном наблюдении за упомяну-
тым изданием, и о привлечении редактора его к судебной от-
ветственности в случаях обнаружения в содержании какого 
либо нумера нарушения уголовных законов».
Əрине, мұндай арнайы жолданып тұрған өтініш-тапсыр-
малар асыра орындалып отырған. Оған төмендегі деректер 
дəлел.
Бұл  жөнінде  «Қазақтың» «екінші  жазушысы» – Міржа-
қып  Дулатов  апталықтың 1917 жылғы 239-нөмірінде  жа-
рияланған «Қазақ баспаханасы» деген мақаласында былай-
ша еске алады: «Жер аудару» деген мақала басылған 9-нөмі-
рінен  бастап,  кешегі  өзгеріске  шейін  (мұнда 1917 жылғы 
ақпан төңкерісі туралы айтылып отыр – С.Қ.) тергеу, тексе-
ру, тінту, абақты, штрафтан «Қазақтың» көзі ашылған жоқ. 
Дəл Николай түсіп, өзгеріс болардан бес-алты күн ғана жа-
уыз  хакімдер  «Қазақты»  тағы  да  тексеріп,  біржола  жабуға 
айналып тұрғанда өздері су түбіне кетті».
Газет бір емес, екі мəрте – жарық көрмей тұрып жəне бас-
падан басылып шыққаннан кейін қайта тексеріліп отырған. 
Оған мына мəліметтер дəлел бола алады. «Қазақтың» 1914 
жылғы 31-тамыздағы 76-санында  бас  мақаланың  орны 
ашық  қалдырылып,  ол  басылым  басқармасының  кінəсінен 
болмағандығы ескертіледі. Ендеше əскери цензураның кесі-
рінен  екендігі  күмəн  келтірмесе  керек.  Бұл  алдын  ала  тек-
серудің  тигізген  залалы  болса,  оның  бір  емес,  бірнеше  рет 
айыпқа  тартылып,  редакторының  тұтқындалып  отырылға-
нын  дəлелдейтін  деректер – артынан  болатын  бақылаудың 
зардабы.
Оған  бір  ғана  мысал,  жоғарыда  газеттің 1914 жылғы 
80-санында жарық көрген бас мақала үшін тартқан жазасын 
тілге тиек ету арқылы көз жеткізгендей болдық. Көрсетілген 
айыппұлы төленгеннен кейін абақтыдан босатылған А.Бай-


67
тұрсынов істі біттіге санап, қарап отырмаған. Өзінің жөнсіз 
жазаланғандығын,  газеттің  айып  төлеуі  заңға  қайшы  келе-
тіндігін дəлелдеп, күрестің жаңа жолын бастайды. Жоғарғы 
билік  мекемелеріне,  соның  ішінде  Мемлекеттік  Сенатқа 
жолдаған шағым-арыздары сол жайынан сыр шертеді. «Ах-
мет  Байтұрсыновтың  Орынбор  губернаторына,  Ішкі  істер 
министріне, Сенатқа жазған арыздары (Санкт-Петербургтегі 
Мемлекеттік – С.Қ.)  мұрағат  құжаттарында  сақтаулы  тұр. 
Бұл  арыз-өтініштерін  тебіренбей  оқу  мүмкін  емес.  Меру-
ерттей əдемі жазумен, орыс тілінде, бір қатесіз əрі дəлелді 
жазылған  арыздан  елім  деп  еңіреген  аяулы  азаматтың  жан 
дауысы  естілгендей!» – деп  жазады  бұл  жөнінде  осынау 
құны жоғары құжаттарды қолымызға ұстатқан библиограф-
ғалым  Ү.Сұбханбердина  «Қазақ,  Алаш,  Сарыарқа»  атты 
библиографиялық көрсеткішінің алғы сөзінде.
А.Байтұрсынов бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп, ақы-
рында  жеңіп  шығады.  Жоғарыдағы  архив  құжатында  Се-
нат 1915 жылдың 9-желтоқсанында  осы  мəселе  бойынша 
істі  қарап,  мынадай  себептермен  Орынбор  генерал-гу-
бернаторының жоғарыдағы үкімін бұзу туралы шешім шы-
ғарғаны айтылады: «В жалобе Правительствующему Сена-
ту  Байтурсынов  объясняет,  что  путем  помещения  упомя-
нутой выше статьи он преследовал только цель разъяснения 
киргизам проекта нового закона об устройстве их быта, ука-
зывая  кроме  того,  что  инкриминируемая  статья  была  про-
смотрена  военной  цензурой  и  снабжена  дозволительной 
надписью (астын сызған – С.Қ.), проситель ходатайствует о 
сложении с него взыскания.
Принимая во внимание... Правительствующий Сенат на-
ходит распоряжение Оренбургского губернатора лишенным 
правильных оснований, а потому определяет таковое отме-
нить. О чем, для исполнения и объявления просителю, а рав-
но в разрешение рапорта от 8 декабря 1914 года за № 7514».
«Қазақтың»  əрбір  материалы  жарық  көрмей  тұрып  та 
əскери  цензураның  тексеруінен  өтіп  отыратындығына  бұл 
құжат  та  айқын  дəлел.  А.Байтұрсыновтың  Сенат  алдында 
Орынбор  генерал-губернаторының  сағын  сындырып,  жеңіс-


68
ке  жетуінің  басты  себебі  де  сондықтан.  Яғни,  жазықсыз 
жазаға  ұшырауына  түрткі  болған  мақаланың  алдын  ала 
цензураның  тексеруінен  өткендігін  тілге  тиек  ету  арқылы 
«айыпталушыдан» айыптаушы жағына шыққан. Осының өзі 
газетті шығарушылардың саяси сауаттылығы мен отарлау-
шыларға қарсы күресте əбден ысылып, мол тəжірибе жинақ-
тағандықтарын танытады.
Газет өзінің алты жылға таяу ғұмырында, қолымыздағы 
мəліметтер  бойынша,  бес  рет  айып  тартып,  редакторы  əр-
түрлі  мерзімге  абақтыға  жабылған.  Атап  айтқанда, 1913 
жылғы 9-нөмірінде  басылған  «Жер  аудару», 1914 жылдың 
78, 79, 80 жəне 90-нөмірлерінде  жарық  көрген  «Алашқа», 
«Россиядағы ұйымшылдық», «Закон жобасының баяндама-
сы»  жəне  «Бұ  қалай?»  деген  мақалалары  үшін  апталық 50 
сомнан 1500 сом  аралығында  айып  тартып,  төлей  алмаған 
жағдайда, редакторы 2 айдан 2 жылға дейін айдалып, абақ-
тыға жабылатындығы жөнінде жарлық шығарылғанын жоға-
рыдағы архив материалдары растайды.
Бұдан басқа 1916 жылы да газеттің айып тартқаны тура-
лы деректер ұшырасады. Бұл жөнінде кейіннен Жақаң: «Ка-
зах»  и  после  этого  подвергался  штрафам  на  разные  сум-
мы, доходившие иногда до 3000 руб. (в 1916 г.)»,
1
 – деген 
мəлімет келтірсе, оны газет тігінділерінің материалдары да 
жоққа  шығармайды. «Қазақтың» 1917 жылғы 215-санын-
да  «Штраф  туралы»  деген  хабар  жарияланған.  Онда 1916 
жылғы 25-июнь  жарлығына  байланысты  қара  жұмысқа 
алынған қазақ жігіттерінің апталық айыпқа тартылыпты де-
ген хабарды естіп, жəрдем ақша жібергендері туралы хатта-
рынан үзінді келтіріледі: «Қазаққа» 3 мың сом штраф түсіпті, 
жайшылықта да халқымыздың көз-құлағы еді, оның үстіне, 
биылғы 25-июнь  жарлығы  бойынша  алынған  біздердің  қа-
мымызды көп қайғырып, хал-жағдайымызды жазып, елімізге 
амандығымызды  білдіріп,  елдің  амандығын  бізге  жеткізіп, 
біздің  көңілімізді  ашып  отырған  жалғыз  газетіміз  еді,  біз 
жəрдем  жібереміз», – деген  жолдарды  оқып,  соған  көзіміз 
жете  түседі.  Бірақ,  ол  айып  газеттің  қай  нөміріне  жəне  не 
1
 Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Ғылым, 270 б.


69
үшін таңылғандығын дəл əзір дəлелді дерек болмауы себепті 
анықтай алмай отырмыз.
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  баспасөзі  тарихында  ең 
шоқтығы биік басылым – «Қазақ» газеті. Оған апталықтың 
ұстанған жол, мақсат-мұратын жəне шын мəніндегі «халық-
тың көзі, құлағы һəм тілі» бола білген қызметін тілге тиек 
ете отырып көз жеткізгендей болдық. Ол өзге басылымдарға 
қарағанда  мейлінше  ұзақ,  мерзімді  əрі  жиі  шығып  тұрады. 
Сонымен  бірге,  таралымы  мол  жəне  таралым  аймағының 
кең болып келуі де оның құндылығын арттыра түседі. Бұл 
жөнінде газеттің 1914 жылғы 45-нөмірінде мынандай дерек 
жарияланған: «Қазақ»  газетасын 10 облысқа  қараған  киіз 
туырлықты  қазақ  байдың  баласынан 1913 жылдың  ішін-
де  алдырып  тұрғандардың  есебі  мынау:  Торғай – 694, Се-
мей – 612, Ақмола – 582, Сырдария – 327, Орал – 301, Жеті-
су – 157, Ішкі ордалық – 136, Ферғана – 30, Самарқан – 8, 
Закаспий – 5, өзге жерлерден: Орынбор – 37, Уфа – 14, Қа-
зан – 13, Қытай қазағы – 10, Петербург – 9, Түркия – 5, Мəс-
кеу – 3, Томск – 3 һəм басқа шаһарлар – 57».
Бұдан қазақ даласын ғана түгел шарлап қоймай, шет ел-
дерге де кең жайылған «Қазақ» газетінің таралымы 3007 да-
на болғандығын көреміз.
Бұл – алғашқы  жылғы  көрсеткіші.  Ол  кейінгі  жылда-
ры,  дəлірек  айтсақ, 1915 жылы  бір  жарым  мыңға  дейін 
кемігенімен,  соңғы  екі  жылында,  яғни 1917 жылғы  ақпан 
төңкерісінен  кейін,  қазақтың  өз  қолы  өз  аузына  жеткен 
уақытта, қайтадан күрт өсіп, өзінің шарықтау шегіне жеткен. 
Жоғарыдағы еңбегінде М.Дулатовтың: «газета перед  закры-
тием  имела  свою  собственную  типогафию,  большой  запас 
бумаги, небольшую библиотеку, тираж превышал 8000», – 
деп еске алуы – соның дəлелі.
Жоғарыда «Қазақ» газеті тарихының бірқатар келелі мə-
селелеріне тереңірек тоқталып, жан-жақты зерттеу жүргізу-
ге  көңіл  қойдық.  Енді  оның  осы  күнге  дейін  мəн  берілмей 
келе жатқан, назар аударылса да, біржақты талқыға салынып, 
сыңаржақ пікір туғызылып жүрген көлеңкелі тұстарынан да 
сыр тарқаталық.


70
Бұлай дегенде, əуелі əңгімені газеттің жабылу тарихы мен 
одан кейінгі тағдыр талайы туралы тың деректер негізінде ой 
бөлісуден бастаған артық болмас. М.Дулатовтың жоғарыда 
келтірген  мəліметтеріне  қарағанда,  газеттің  материалдық 
та,  моральдық  та  жағдайы  жабылу  қарсаңында  өте  жақсы 
болғандығын көреміз. Мұны газет тігінділерінің материал-
дары да толық растайды. 
Апталық ғұмырының ең бір шырайлы да шұрайлы мез-
гілі – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезең. Осы соң-
ғы    бір  жарым  жылдық  уақытында (1917 жылғы  ақпан 
төңкерісінен  газет  жабылған 1918 жылдың 16-қыркүйегіне 
дейін) газет шын мəнінде, өз сөзімен айтқанда, «қазақ-қыр-
ғызға қызмет һəм басшылық ету» міндетінде болған. Ұсақ-
түйектен  бастап,  ұлтымыздың  ұлт  ретінде  сақталып  қана 
қоймай, өсіп-өркендеуіне негіз қалайтын мəселелердің бар-
шасы, соның ішінде қазақ халқының өз алдына автономия-
лы ел болып өркениетті елдер қатарына ұмтылу жолындағы 
қыруар іс-шаралар, ең алдымен, осы басылым бетінде тал-
қыға салынып, содан кейін шешімін тауып отыруы – соның 
бұлтартпас дəлелі. Бұл қырынан келгенде «Қазақтың» «төр-
тінші  билік»  тізгінін  берік  ұстағаны  көрінеді.  Оған  газет 
тігінділерінің тарихи да, таным-тағылымдық та мəні орасан 
зор  материалдарын  тілге  тиек  ете  отырып  көз  жеткізу  көп 
қиындық келтірмейді.
Газет  қызметінің  осынау  дəрежеге  көтерілуі  оған  деген 
сұранысты  да,  сөз  жоқ,  арттыра  түскен.  Жер-жерден  оның 
шығарылуын  жиілету  туралы  өтініш-тілектің  ағылып  келе 
бастауы  сол  жайынан  сыр  шертеді.  Мəселен,  Орал  уезі, 
Қарашығанақ  қазақтарының  жиылысы  «болған  өзгерістің, 
болып жатқан һəм болашақ уақиғалардың, комитеттер ашу-
дың (уақытша билік жүргізетін – С.Қ.) жұртқа тиімділігі, уч-
редительное собраниеге даярланудың һəм оған қандай кісі-
лерді жіберу жайын сөз қылып, аяғында халықтың қамсыз 
қалмай, жете біліп, түсіністікпен іс қылу шарасын сөйлесу 
һəм бет-бетімізбен жамырама болмас үшін «Қазақ» газетін, 
тым  болмаса,  жұмасына  үш  рет  шығаруды  лайық»
1
  көріп, 
1
 Қазақ, 1917, №225.


71
басылым  басқармасына  өтініш  білдіруі – соның  бір  ғана 
дəлелі.
Бұл мəселе 1917 жылдың 1-сəуірінде Орынборда бастал-
ған қазақ халқының тұңғыш съезінде де талқыға салынып, 
апталықтың 1917 жылғы 226-санында жарияланған Мадияр-
дың «Қазақ съезі» мақаласында жазылғандай: «Қазақ» газеті 
жиі  шықсын»  деген  шешім  шығарылған  болатын.  Осыған 
байланысты басылым басқармасы тарапынан газет арқылы 
мынадай  түсініктеме  беріледі: «Съезде  баспасөз  мəселесі 
қараларда, «Қазақ»  газетін  екі  һəм  онан  да  жиі  шығару 
жағын кеңеспес бұрын, типографиямен сөйлесіп едік, харіп 
тізушілер жоқ деп, жетісіне екі басып бере алмайтынын айт-
ты. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» дегендей-ақ, қалай 
да  болса,  газетті  жиі  шығару  жағына  қам  қылмай,  қарап 
отырмаймыз».
Бұдан газетті жиі шығару ісі тек баспаханаға байланыс-
ты  қаңтарылып  тұрғандығы  көрінеді.  Осыны  оқырмандар 
құлағына құйып, мəн-жайды түсіндіру мақсатында жазылып, 
газеттің 1917 жылғы 214-нөмірінде жарық көрген «Баспаха-
на  туралы»  деген  мақаласында  М.Дулатов  алты  Алаштың 
жігерін жанып, намысын қайрай түседі: «Баспахана жайын 
сөз  қылып  отырғанымыз  біздің  газет  басылатын  Хусаинов 
баспаханасы  сатылайын  деп  тұрғанын  «Уақыт»  газетінен 
оқып көргендерің де бар шығар. Аламын деп тұрған адам-
дар  бар.  Саудалары  келіссе,  баспахана  мұсылман  қолынан 
я  яһуди,  я  орыс  қолына  көшпек.  Яһуди  я  орыс  қолына 
көшкен соң газет һəм кітап бастыру ісі не күйде болар? Ол 
жағы қараңғы. Мұсылман қолынан кеткен соң мұсылманша 
жағы нашарлар деген қауіп бар. Солай болған соң осы бас-
пахананы яһудиге жібермей, қазақ болып қам қылып, алып 
қалу қолымыздан келмес пе?» – деген қаламгер сөзі аяқсыз 
қалмай, жер-жердегі оқырмандар тарапынан қызу қолдау та-
бады. Тіпті, сонау қиырдағы Қытай мемлекеті қоластындағы 
қазақтар  да  апталықтың 222-нөмірінде  үн  қатқан: «Қазақ» 
басқармасының  баспахана  туралы  жазған  сөзіне  ішіміз 
еріп,  Қытай  қоластындағы  Күнес  елінің  қазақтары  «Аза-
мат серіктігіне 600 сом жібердік. Алаш ұранды қазақ бала-


72
сы «ау!» десіп қолға алған істен біз де құр қалмалық дедік. 
Алаш  туының  астына  біз  де  қосылдық.  Қараңғы  бір  шет 
жерден  біздер  қосылғанда,  басқа  көзі  ашық,  көңілі  сергек 
қай  қазақ  қарап  қалар  дейміз.  Бүтін  алты  Алаш  болып  бір 
баспаханаға ие бола алмаса, қанша ноғайға күлкі болмаймыз 
ба?!» – деген жолдар оқырмандар намысын қайрай түскен.
«Көп түкірсе – көл» деген. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 
Көпшіліктен қызу қолдау тапқан іс шешімін таппай қоймай-
ды. Көп ұзамай, алты жылғы арманы болған баспахана са-
тып алу бақыты «Қазақ» газетін шығарушылардың қолына 
келіп қонады. Бұл кезде басылымның «бас жазушысы» (бас 
редакторы) қызметін мойнына алған (А.Байтұрсыновтың бү-
кілресейлік  құрылтай  жиылысына  депутаттыққа  кандидат 
болып, ел басқару жұмысына араласа бастауына байланыс-
ты)  М.Дулатов  апталықтың 1917 жылғы 239-санында  оны 
былайша  сүйіншілете  хабарлайды: «Жаңа  арада  «Азамат» 
серіктігі атына «Қазақ» газеті үшін 30 мың сомға баспахана 
алдық.  Баспахананың  екі  машинасы  бар,  орысша  харіптері 
мол,  саймандары  түгел  құрулы.  Мұсылманша  харіпті  Қа-
заннан алдырғалы тұрмыз, заказ беріп қойдық. Сөйтіп, бар-
лығы 40 мың  сомға  түскен  қазақша  һəм  орысша  басатын 
баспаханамыз болды. Көптен «көңіл жетсе, қол жетпей ай-
налып бастан бұлт кетпей» жүретін еді, сəті бүгін түсті, қуа-
ныштымыз!»
Бұл – қазақ халқы тарихындағы тұңғыш баспахана. Бүгін-
де дəулетті де сəулетті полиграфия өндірісіміздің тарихы осы-
лай  бастау  алса  керек-ті.  Өкінішке  орай,  бұл  да – əлі  күнге 
дейін зерттелінбей келе жатқан тақырыптың бірі. Осы уақытқа 
дейін  баспахана  ісінің  тарихы  Қазан  төңкерісімен,  соның 
«жеткізген жетістіктерімен» байланыстырыла оқытылып кел-
се, енді оның тамырын əріден іздеуді уақыт талап етеді. 
Осы орайда, мынадай заңды сауалдар туады: Сол «Аза-
мат»  серіктігінің  пұлымен  «Қазақ»  үшін  сатып  алынған 
баспахананың  кейінгі  тағдыры  қалай  болды?  Апталық  жа-
былғаннан кейін ол кімнің қанжығасында кетті? Қазақ игі-
лігі  үшін  жаратылды  ма?  Бұл  сауалдар  жауап  бере  кетуді 
қажет етеді.


73
Республикалық  «Ана  тілі»  газетінің 1992 жылғы 7-ма-
мырында  жарияланған, «Газет – халықтың  көзі,  құлағы 
һəм тілі» деген мақаласында М.Əнесұлы ол жөніңде мына-
дай мəліметтер келтіреді. 1919 жылы жазда Қазақ Төңкеріс 
комитеті  құрылады  да,  Бөкей  Ордасына  орналасқан  ұлт-
халкомның қазақ бөлімшесі түгел Орынборға көшеді. Онда 
оларды Төңкеріс комитетінің баспасөз органын шығару мін-
деті  де  күтіп  тұрады.  Сондықтан,  көп  ұзамай,  бұл  мəселе 
Төңкеріс комитеті ұйымдастырған Орынбордағы қазақ ұйым-
дары  мен  қайраткерлерінің  біріккен  мəжілісінде  талқыға 
салынған.  Оған  комитет  мүшелері  Ахмет  Байтұрсынұлы, 
Əмірғали Меңдешұлы, Мұхамедияр Тұңғаншин, Əлихан Бө-
кейханұлы,  Бегімбетұлы,  Шапқат  Бекмұхамедұлы,  ақпа-
рат  бөлімінің  меңгерушісі  Алма  Оразбаева,  əскери  істер 
жөніндегі  өлкелік  комиссариаттан  Б.Меңдешов  пен  Өтеге-
нов қатысады. А.Байтұрсынұлы мəжілістің төрағасы, Меңде-
шов  хатшысы  болып  сайланған.  Күн  тəртібінде  екі: 1. Ко-
митет  газетін; 2. Кітап-брошюраларын  шығару  мəселесі 
қаралған».  Осы  мəжілісте  «Қазақ»  газеті  баспаханасына 
қатысты  мəселе  де  талқыға  салынған.  Бұл  жөніндегі  автор 
келтірген мəліметтерді қаз-қалпында баяндайық: «Қазақша 
қаріптердің жетіспеуіне байланысты Орынбор губерниялық 
Халық  Шаруашылығы  Кеңесінен  олар  пайдаланып  жүрген 
Торғай  облыстық  баспаханасын  бүкіл  құрал-жабдығымен 
қайтарып беруін сұрау жөнінде шешім қабылданады.
Газеттің бұдан кейінгі тағдыры зерттеушілерге біршама 
мəлім. «Ұшқын»  бір  жылдай  шығып  тұрады  да,  соңына 
«Еңбек  туы», «Еңбекшіл  қазақ», «Еңбекші  қазақ»  болып 
ауысып, «Социалистік Қазақстанға» дейін ұласты. Көмескі 
болып  келгені – оның  бастауында  Ахаңның  тұрғандығы 
һəм  Торғай  баспаханасының,  демек, «Қазақ»  газетінің  хан 
талауға түскен құрал-жабдығын пайдаланғаны еді».
Ғалым  мұндай  ой-толғамдарға  Орал  облыстық  мемле-
кеттік архивінде сақталған құжаттармен таныса келе байлам 
жасаған екен. Оған, біз білетін, «Қазақ» газетінің жабылу та-
рихы да қайшы келмейді. Патшалық Ресей үкіметі тұсында 
небір «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткерген, бірақ, соған 


74
қарамастан,  тоқтамай  шығып  тұрған  басылымның  біржола 
жабылуы  мемлекет  билігі  большевиктер  қолына  көшумен 
байланысты іске асты. Омбы атқару комитетінен 1918 жыл-
ғы 4-наурызда  Орынбор  Совдепіне  жолданған  телеграм-
ма – соның бұлтартпас айғағы. Онда былай деп жазылған: 
«В виду того, что киргизский орган партии Алаш – «Казах» 
является контрреволюционным, открыто выступает против 
Советской власти, организуя Алаш-Орду, просим немедлен-
но закрыть газету».
1
Бұл  үкім  жарыққа  шыққан  кезде  «Қазақ»  газеті  «боль-
шевиктер  ылаңынан»  онсыз  да  уақытша  тоқтап  тұрған  бо-
латын. «Январьдың 17-сінен  бері  большевиктің  кесірінен 
«Қазақ» тоқталып тұрды», – деген басылым басқармасының 
апталықтың 261-нөміріндегі ескертпесі соны дəлелдейді. 
Осы мақалада газеттің 1918 жылғы 17-қаңтарда шыққан 
260-санынан кейін 6 айдан аса уақыт кідіріс жасап, кезекті 
261-нөмірі 23-шілдеде жарық көруінің себебі Орынбор қала-
сының  большевиктер  қолына  қарап  тұрғандығының  салда-
рынан екендігі айтылады.
Осы жылдың 20-маусымында Орынбор атты казактары-
ның  күшімен  қала  большевиктерден  тазартылуына  байла-
нысты газеттің жұмысы қайта жолға қойыла бастаған. Осы-
дан  кейін  оның 4 нөмірі  жарық  көрген.  Соңғы 265-нөмірі 
16-қыркүйекте  басылып  шыққан.  Оның  материалдарымен 
танысқан  кісі  газеттің  біржола  жабылуы  төтеннен  болған 
оқиға  екендігінен  хабардар  болады.  Басылым  басқарма-
сының: «Енді  газет  жұмысы  реттеліп  келеді.  Мезгілінде 
шығып  тұрады.  Бұрынғы  тілшілерімізден  өтінеміз,  əр  елде 
болып жатқан уақиғадан кешіктірмей хабар жазып тұрула-
рыңызды», – деген оқырмандарға соңғы арнауы сол жайы-
нан сыр шертеді.
Бірақ, бұл үміттері ақталмапты. Қаланы қайта басып ал-
ған большевиктер бұл жолы күрес майданын басқаша «қыз-
дырады».  Олар  баянды  жеңіске  қол  жеткізу  үшін  жаңаша 
амал-əдістер  ойлап  табады. «Халықтың  көзі,  құлағы  һəм 
1
  Победа  Вел.  Окт.  революции  в  Казахстане  и  образование  КазССР, 
документ №46. – Алма-Ата,   1947, стр.95.


75
тілі»  қызметін  атқарушы  «ондаған  контрреволюциялық 
деп  табылған  ұйымдарды,  қоғамдық  баспасөз  органдарын 
жауып»,
1
  жол  бастар  серкесінен  айырылған  қараңғы  елді 
емін-еркін, қалауынша билеп-төстеуге бет қойғанына тарих 
куə.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет