Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
«ҚАЗАҚТЫҢ» АҚЫРҒЫ РЕДАКТОРЫ
«Қазақ» газетіне қатысты енді бір зерттелініп, тиісті ба-
ғасын  алуға  тұрарлық  тұлға – Жанұзақ  Жəнібекұлы.  Ол 
газеттің 1918 жылғы 261-263 сандарына  редактор  ретінде 
қол қойған. Осымен қоса газетте үзбей жарияланып тұрған 
туындыларына  қарап,  қаламы  ұшқыр,  ойы  жүйрік  журна-
лист  екендігінен  сыр  түйеміз.  Солай  бола  тұрса  да,  қалам 
қайраткерінің  шығармашылық  мұрасы  зерттеушілер  наза-
рынан тыс қалып келе жатқаны өкінішті-ақ жай.
Біз  қаламгердің  өмір  жолы  мен  Қазан  төңкерісінен 
кейінгі  тағдыр-талайынан  сыр  тарқататын  мəліметтерді 
кездестіре қойған жоқпыз. Сөйтсе де, оның «Қазаққа» сіңір-
ген  қызметіне,  шығармашылық  бай  мұрасына  қарап,  қазақ 
журналистика тарихында аты аталынып, өзіндік орнын ием-
денуге тиісті тұлға екендігіне көзіміз жете түседі.
Ж.Жəнібекұлының «Қазаққа» жарияланған еңбектерінің 
тақырып  аясы  кең  жəне  мейлінше  меңгерілген.  Мəселен, 
алғашқы  жарық  көрген  «Сыртқы  хабарлар»,
1
  «Ғұсмани 
түріктері»
2
 жəне «Кəріс мұсылмандары»
3
 деген еңбектерін-
де  қазақты  бодандыққа  ұстаған  Ресей  мемлекетінің  сырт-
қы  саясатынан  мəліметтер  келтіріліп,  талдау  жасалынады. 
Алғашқы  мақаласының  арқауы  Ресей  мен  шетел  мемле-
кеттерінің  арасында  қарым-қатынасқа  құрылса,  кейінгі  екі 
еңбегі  Түркия  мен  Ресейдің  жаулығына,  түріктер  мен  қа-
1
 Қазақ, 1914, №48,53.
2
 Бұл да сонда, 1913, №26.
3
 Бұл да сонда, 1915, №128.


109
зақтар  жəне  жалпы  мұсылмандардың  саяси  жағдайы  ту-
ралы  мəселелерге  арналады.  Бұл  шығармаларының  қай-
қайсысының да тілі жатық, ойы орамды əрі авторлық пікір, 
пайымдауларға бай. 
Публицистің қаламына арқау еткен екінші бір тақырыбы 
ел ішіндегі тыңшылар мен бас пайдасын халқының қамынан 
жоғары қойған «жүзіқаралардың» бетпердесін түріп, кінəсін 
мойнына  қоя  айыптауға  құрылған.  Газеттің 1917 жылғы 
228-нөмірінде жарық көрген «Қара жүз қажы» яки «Корган-
ский»  деген  мақаланың  авторлары – Тілеулин  Жұмағали, 
Жəнібеков  Жанұзақ,  Турин  Ысмайыл.  Бұл  еңбекте  «Кор-
ганский»  деген  бүркеншік  атты  жамылып,  жеке  басының 
қамы  үшін  елін  сатып,  патша  өкіметіне  астыртын  қызмет 
еткен Дүйсенбай қажының іс-əрекеті əшкереленді. Сонымен 
бірге, газеттің осы санында жарияланған «Тыңшылар» деген 
өзінің жеке мақаласында татардың кейбір газет тілшілерінің 
қазаққа  істеп  отырған  келеңсіз  қылықтарының  сырын 
ашып, оны ауыздықтау жөнінде ой айтады. Қазақ пен татар 
арасындағы мəдени қарым-қатынас мəселелеріне тоқталады.
Ж.Жəнібеков қаламынан туған туындылардың бірсыпы-
расы  түркі  халықтардың  ортақ  тарихы  мен  тілін  жəне  оны 
зерттеуші  ғалымдардың  еңбектерімен  таныстырып,  талдай 
бағалауға арналады. Соның ішінде қомақтысы – «Түрік тілі-
нің ұлық ғалымы В.В.Радлов» деген апталықтың 1917 жыл-
ғы 214-санында жарық көрген естелік мақаласы. Атының өзі-
ақ айтып тұрғандай, бұл еңбекте ұлы ғалымның өмірбаяны 
мен  мол  шығармашылық  мұрасы  сөз  болады. «Тегі,  түсі 
бөлек» болғанмен, қазақ негіз боларлық көп қымбат бұйым-
дарды  қойнына  салып,  бағып-қағып,  ардақтаған  баласын 
Алаш азаматы танып тұрғаны жөн», – деп ой қорытады.
Мақала  атышулы  ғалымның 80 жасқа  толу  мерейтойы-
на  орай  жазылған.  Көрнекті  зерттеушінің  көне  түркі  тілі-
нің,  соның  ішінде,  қазақ  тілінің  төркінін  танытатын  құны 
өлшеусіз, бай қазыналарымызды қағазға түсіріп, мəн-маңы-
зын анықтап, бүгінгі күнге қаз-қалпында жетуге қосқан үле-
сі  қомақты,  орны  орасан  зор.  Осыны  қаламгер  жан-жақты 
баяндай отырып, басты-басты еңбектерімен қалың қазақты 


110
таныстырады: «1812-жылы  Монғол  жеріне  барып  Орхон 
өлкесіндегі  ескі  түркі  жазуларын  тауып  оқиды.  Ол  жазу-
лар  оқылған  соң  түркі  жұртының  тарихында  көп  көмескі 
нəрселердің беті ашылып, тарих ғылымдарының кейбір қате 
сөздері  құнын  жояды. ...Қырғыздың  «Манасы»,  қазақтың 
Шыңғыс, Көкше, Едіге, Тоқтамыс, Ертарғын, Орақ-Мамай-
лар  туралы  жазылған  көп  сөздері  бар.  Қазақ  тіліне  керек 
толық  мағлұмат  оның  сөздерінен  табылады», – деген  жол-
дар  сол  жөнінде  сыр  шертеді.  Еңбек  ұлы  ғалымның  өмірі 
мен  шығармашылық  қызметін  жалаң  баяндау,  құрғақ  тізуге 
құрылмаған.  Ол  авторлық  ой-толғаммен  ұштасып,  жанды 
бейне,  тылсым  дүниеге  ұласа  суреттелінеді.  Бұл  қырынан 
келгенде журналист қаламының əбден ұшталып, табаны қыз-
ған жүйріктей, төселе шапқанын көреміз. «Орхон жазулары 
осы күнгі қазақ тілімен жазылған екен десек, бұған өкпе ай-
тушы елдер болар деп қоя тұрдым. Бірақ Радлов кітаптарын 
оқығанда  түркі  тілдерінің  ішінде  ең  бай  ел  қазақ  елі  екені 
айқын көрінеді», – деген жолдардан қаламгердің биік өресін, 
білімділігі мен біліктілігін жəне көңілге түйгені мол, көкірек 
көзі ашық, ұлтжанды азамат екенін айнытпай танисыз.
Қалам  қайраткерінің  «Қазақ»  газетінде  жарық  көрген 
шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі – «Алаш құрбан-
дары»  деп  аталатын  туындысы.  Апталықтың 1918 жылғы 
262-нөміріне  жарияланған  еңбекті  тебіренбей  оқу  мүмкін 
емес. Баспасөз жанрларының бірнешеуінің жүгін бір өзі арқа-
лап  тұрған,  əрі  корреспонденция,  əрі  репортаж  үлгісінде, 
публицистикалық  сарында  жазылған  туынды  оқырманның 
жандүниесін  баурап,  көңіл  шіркінді  мың  түрлі  құбылтады. 
Мақаланы  оқи  отырып,  автормен  бірге  біресе  жаныңыз 
шырқырай  күйінеді,  біресе  халқының  қамы  үшін  басын 
бəйгеге  тіккен  Алаш  азаматтарының  іс-əрекеттеріне  қаны-
ғып, көңіліңізге жылылық ұялайды. Міне, журналист шебер-
лігінің тылсым күші, тəлім алар мол тəжірибесі.
Еңбек екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Алашорда үкіме-
тін  қорғайтын  Семейде  атты-жаяу  милиция  құрылғандығы 
баяндала  келіп,  соның  басшысы  Қазы  Нұрмұхамедұлының 
большевиктер  қолынан  оққа  ұшқандығы  жария  етіледі. 


111
«Алаш жолында құрбан болған жас бағланның» жантүрші-
герлік  өлімі  мақала  авторының  ғана  емес,  барша  қазақтың 
ортақ қайғысына айналғаны əдемі өрнектеледі. Қаламгердің 
осы көріністі, жұрттың ішкі сезім, жан толқынысы иірімдерін 
айнытпай қағазға түсіріп, газеттің қалың оқырманына мөл-
дірете жеткізуі – хас шеберліктің белгісі. «Марқұмның жол-
дастары ботадай боздап, басын құшақтап шуласты. Көрген-
естіген жан қайғырды. Ертеңіне халық көп жиналып, жана-
засы шығарылды.
...Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шəкəрім 
ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі: «Əлеумет! Мынау жат-
қан кім, білесіңдер ме? Бұл – ұлты үшін шыбын жанын құрбан 
қылған  Алаш  азаматының  тұңғышы.  Мұны  өлді  демең-
дер.  Бұл  күнгі  һəм  мұнан  соңғы  «ұлтым!»  деген  азаматтар 
мына  мен  сияқты  болып  «ұлтым!»  деңдер» – деп,  өзінің 
ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты 
да Қазы еді, қазы-би деген сөз, қазы билігін айтып кетті.
Қарағым,  Қазы,  өліміңе  өкінбе!  Арманың  жоқ!  Құдай 
алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. ... Құдай 
тағала  Алашқа  шын  ұл  бергеніне  бүгін  ғана  көзім  жетті. 
Алпыс  жасқа  келгенде  мұндай  ұлт  үшін  құрбан  болатын 
азаматты  көремін  деген  үмітім  жоқ  еді.  Көрдім,  енді  бүгін 
өлсем де арманым жоқ...» – деді.
Жиылған жұрт еңіреп жылап жіберді», – деген жолдар-
ды  оқып  отырған  əр  оқырман  өзін  оқиғаның  ортасында 
тұрғандай сезінеді. Бұл – репортаж жанры арқалайтын жүк. 
Мұнда ол шебер орындалған, əдемі өрнектелген.
«Қаралы жиында сөз алған ақын Міржақып Дулатов:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет