Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
«Хош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаны
Алашты құдай оңдасын!» – 
деп  келетін  өлең  шумақтарын  оқығанда  жиналған  халық 
қамығып,  көңілі  босап,  көзіне  жас  алды, – деп  жазады  ав-
тор. – Бұлардан кейін Райымжан, Жанғали қажы, Мұстақым 


112
сөз  сөйледі.  Ақырында  қазының  бірге  оқып  жүрген  жол-
дасы  Жүсіпбек  еңіреп  тұрып: «Жан  бауырым,  жолдасым! 
Хош бол! Жасаған алдыңды өзіңе, артыңды бізге қайырлы 
қылсын!  Талаптандың,  талпындың,  оқып  қатарға  кірдің. 
Бұл күнде мынадай мезгілсіз қазаға душар болдың. Өкінбе! 
Ұлтың  үшін  туып  едің,  ұлтың  үшін  өлдің.  Кеудеңде  бір-
ақ  арманың  кетті,  ешкімге  оқ  атып,  қылыш  суыра  алмай, 
жазықсыз оққа ұштың. Тым болмаса ұлтыңның бақытының 
шетін көре алмай кеттің...» – деп көзінің жасын тыя алмай, 
сөзін əзер тоқтатты».
«Бұл  жолдарды  тебіренбей  оқу  əсте  мүмкін  емес».  Ав-
тордың  осынау  қайғылы  оқиғаны  қағазға  түсіргендегі 
мақсаты  да  осыған  сайса  керек.  Яғни,  Алаштың  алғашқы 
құрбанының  өнегелі  ісін  жастарға  үлгі  етіп,  халықтың  ру-
хын көтеруге бағыштаған.
«Алаш  аман  болса,  бұл  тұңғыш  құрбан  ұмытылмас,  та-
рихта аты қалар. Бірақ біздің бұдан үлгі алып, жүргенімізді 
соның  жүргеніндей  қылуымыз  керек», – деген  авторлық 
түйін сол жайынан сыр шертеді.
Туындының құнды бір тұсы – Қазы Нұрмұхамедұлының 
өмірбаянынан біраз мəліметтер келтірілуі. Бұл – тарихи де-
рек, өткенімізді танып-білу үшін таптырмайтын мəлімет.
Еңбектің екінші бөлімінде «Алаш туын көтеріп, ел жігі-
тін  бастайтын,  соғыс  ғылымын  оқыған,  бірнеше  жыл  со-
ғыста болып, тəжірибе көріп ысылған ... штабс-капитан Нұ-
ғыман  Сарбөпеұлының  «атты-казактар»  қолынан  тапқан 
жантүршігерлік  қазасы»  баяндалады.  Жай  ғана  баяндалып 
қоймай, оқиға құдды бір көз алдыңызда өтіп жатқандай бей-
нелі  көрініс  табады.  Оқырманға  түсінікті  болу  үшін  автор 
кейіпкерінің өткен өмірінен қысқаша мəліметтер келтірумен 
əңгіме бастайды. Александр атындағы кавалериялық учили-
щеде əскери білім алған Нұғыман Сарбөпеұлы, əуелі, қытай 
шекарасында №553 жаяу полкта, кейіннен неміс фронтын-
да  қызмет  етеді,  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  қатысады. 
Большевик лаңы басталған уақытта Мəскеуге келіп, ондағы-
лардың  үлкен  қызмет  ұсынғанына  қарамастан  бас  тартып, 
Орынборға жетеді. Бұл шаһар большевиктер қолына қарап 


113
тұрғандықтан  уақытша  Ақтөбенің 1-Бөрте  болысы, 3-ауы-
лында бой жасыра тұруға мəжбүр болады. Оқиға осы жер-
де өрбиді. Алаш милициясына қызмет етуді ойлап, Семейге 
жетудің қамымен жүргенде атты-казактар «штабқа жүріңіз» 
дейді.  Бұл  «жарайды»  деп,  штаб  деген  жерлеріне  барса, 
өзінің  алданып  қолға  түскенін  сезіп,  бармағын  шайнайды. 
Əлгі  келгендер  атты-казактар  екендіктері  анық  болғанмен, 
азғырылып большевик болған, бұралқы атты казактар екен.
Сол  арада  Нұғыманды  жалаңаштап,  қамшымен  сабап, 
мылтықтың  дүмімен  ұрып,  ең  соңында  алты  мылтықпен 
бір  басып,  өлді  деп  тастап  кетеді.  Бірақ  ол  кезде  Нұғыман 
тірі екен. Соңынан жамағаты Зинаятта Рамазанованың ішкі 
киімінен басқасын, алтын-күміс нəрселерін – бəрін əлгі за-
лымдар ауылға келіп, жұрдай қылып тонап алып кетіп бара 
жатқанда  кеудесін  сүйретіп,  ауылға  қарай  жер  бауырлап 
келе  жатқан  Нұғыманды  көріп,  тағы  қылыштың  астына 
алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын шауып, кө-
зін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп өлтіреді».
Қалың  қазақтың  қайғысына  айналған  қаза  қаламгердің 
де қабырғасын қайыстырғаны анық. Бірақ, ол ашуын ақылға 
жеңдіреді:
«Қыршын  жас,  қаһарман  сарбаз  Нұғыман  марқұмның 
өліміне шын жүрегімізбен қайғырып, жеңіл болсын айтып, 
құдайдан артында қалғандарына сабыр сұраймыз», – деп елді 
сабырлыққа, қазаның соңын күтуге шақырады. Өзі құр қол 
қалмай,  Алаш  құрбанының  артында  аңырап  қалған  жама-
ғатына  қаражат  жағынан  жəрдемін  көрсетеді. «Нұғыман 
марқұмның опатын естіп қайғырып, бет сипап, дұға қылып 
қойғанмен, азаматтық борышымнан құтыла алмайтын ретті 
көріп, ауыр қайғы үстіне жұрдай болып бар мүлкінен айыры-
лып қалған Зинаятта ханымға һəм емшек баласына өзімнен 
100  сом,  қарамағымдағы  қазақ  оқығандарға  ашқан  «Еркін 
деле»  пұлынан 200 сом  қаражат  жібердім. «Аш  қазақтарға 
жəрдем» комитетінен де біраз нəрсе бердім», – деп жазады 
бұл жөнінде автор.
Еңбектің, біріншіден, тарихи құжат ретінде құны жоғары. 
Екіншіден, қалам қайраткерінің журналистік болмысын та-


114
нытуымен  бағалы.  Осыған  қоса  қазақ  журналистикасының 
репортаж жанрының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан шы-
ғармалардың бірі деп қарауға əбден болады.
Қорыта  айтқанда,  Жанұзақ  Жəнібекұлының  «Қазақ»  га-
зетіндегі журналистік қызметі – зерттеушісін күткен тақы-
рыптың бірі. Бұл қазақ баспасөзі тарихын зерттеушілерге ой 
тастауға тиіс.
Басқа да есімдерін əлі ел танып біле бермейтін, еңбектері 
зерттеу  жүзін  көрмей  келе  жатқан,  газетке  қаламымен  де, 
қаржысымен де көмегін тигізген қаламгерлер қаншама.
Осы  орайда,  жоғарыда  аты  аталған  Алаш  азаматтары-
ның  қай-қайсысының  да  «Қазақ»  газетіне  қосқан  үлестері 
қомақты екендігін тілге тиек етпей тұра алмаймыз. Олардың 
əрқайсысының  осынау  басылымға  сіңірген  еңбегіне  жеке-
жеке тоқталып, терең зерттеу жүргізетін болсақ, өз алдына 
бір-бір  бұлақ  бастауы  алдымыздан  тартылатынына  ешбір 
шүбəміз жоқ. Ал бұлақтар қосылып, ол мұхитқа барып тоғы-
сатыны  белгілі  жай.  Мұны  да  солай  қабылдағанымыз  жөн 
шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет