«ОН АЛТЫНЫҢ ОЙРАНЫ»
Апталықтың күні кешеге дейін қараланып келуінің
тағы бір себебі 1916 жылғы патша жарлығына қатысты
көзқарасына байланысты болды. Бір назар аударарлығы,
халқымыздың тарихында ерекше із қалдырған осынау оқиға
тұсында ұлттық демократиялық интеллигенцияның бұған
дейінгі алауыздықтан арылып, бір жолды таңдауы қоғамдық
ой-сананың едəуір ілгерілегендігін айқындап берген еді.
Ол заманына қарай амалын қарастырудан туған жол бола-
тын. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары «білекті бірді,
білімді мыңды жығатын» кез келіп жеткенін жақсы түсінді.
Сондықтан, мұздай қаруланған патша əскеріне қарсы ашық
шайқасқа шығу халықты орынсыз шығынға ұшыратып,
қырғын келтіретінін алдын ала сезіп-біліп, күрестің басқаша
тəсілін таңдаған болатын. Ол əдістің негізгі белгісі ұлттық
саяси тұтастық жəне негізгі мақсаттар үшін, яғни ел теңдігі
мен бостандығы жолында саналы, ұйымдасқан əрекетке
көшу екендігін халыққа түсіндіріп жеткізу мұраты еді. Осы
1
Санкт-Петербург мемлекеттік архиві, 776-қ., 21 т., 16-іс.
151
жолда қалың қазақ елінің ұлттық санасын ояту арқылы са-
уатын арттыру міндетін бірінші кезекте алдарына тартыпты.
Апталықтың 1917 жылғы 212-санында жарияланған «Тарихи
жыл» деген публицистикалық мақаласында М.Дулатовтың:
«Қазақ баласы енді оянбасаң, мəңгіге шейін ұйқың ашыл-
май, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстағанның
қолында кеткенің», – деп жазуы сол жайынан сыр тарқа-
тады.
1916 жылғы патша жарлығының зорлық-зомбылығына
қатысты, оның халқымыздың тарихынан алатын орнын
анықтау мақсатында жазылған ең алғашқы туынды бо-
лып табылатын осы мақаласында М.Дулатов көтерілістің
жылнамасын жасауға ниет танытады. Қалам қайраткерінің
оны халқымыз бастан кешірген тарихи кезеңдермен, атап
айтқанда, «қазақ қалмақтың жауласқан заманы; ақтабан
шұбырынды; Ресейге бағынған шағымыз; Кенесары за-
маны; Қоқан заманы; 1868 жылғы жаңа заңның шығуы»
секілді тарихи оқиғалармен тең қойып қарастыруы – оған
ерекше маңыз беріп отырғандығының айғағы. Туындының
құндылығы да сонда. Сонымен бірге ғасырлық мəнге ие
осынау оқиғаның шынайы шежіресі, алғашқы əсермен ақ
қағазға түсірілген қысқаша тарихы болуы да оның бағасын
арттыра түсері анық. Мақаламен танысу арқылы төтеннен
туған патша жарлығының тып-тыныш отырған елге кенет-
тен өрт тигендей əсер еткендігін, қаншама зардап-залал
алып келгендігін бейне бір оқиға ортасында болғандай көз
алдыңыздан өткізесіз: «айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелт-
кен төрт түлік малына қатерлі он екі жылда бір айналып,
көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды (қоян жылын – С.Қ.)
аман өткізіп, өткен жаз қазақ байдың баласы пейілі кеңіп,
байға жарлы теңеліп, жайлауында жадырап, өзінше өзінен
бақытты жұртты білмей, рахат ғұмыр өткізіп, тып-тыныш
жатқанында өрттен шошып оянғандай бір күйге ұшырады.
Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты, жүрегіне
найзадай тиді», – деген жолдар қаламы ұшқыр, ойы жүйрік
журналистің əрі өткір пікірлі публицистің шығармашылық
шеберханасының шоқтығы биік екендігін тайға таңба бас-
қандай айқын танытады.
152
Бұдан Ресей патшалығының қоластындағы «бұратана»
жұрттардан қара жұмысқа жігіттер алу жөніндегі «25 июнь»
жарлығының төтеннен туып, жорта асықтырылып, халықтың
апшысын қуыра, жанын ышқынтып, қысымшылықпен ор-
нына келтірілмек болғанын байқаймыз. Десек те, қазақтан
солдат алу мəселесі ел үшін жаңалық емес-тұғын. «Қазақ»
газеті бұл турасында содан үш жыл бұрын мəселе көтеріп,
əсіресе, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байла-
нысты 1914-1915 жылдары жеріне жеткізе жазып, оқырман
талқысына салып келген болатын.
Əскер тақырыбында «Қазақта» жарық көрген тырнақ ал-
ды туынды – «Қазақтан солдат ала ма?» атты Қыр бала-
сы, яғни Ə.Бөкейханов жазған мақала. Ол апталықтың
1913 жылғы 13-санында басылып шыққан. Мұнда публи-
цист жер мəселесіне əскер мəселесін қосып шатастырып,
қараңғылық қармауындағы қалың елін алдап-арбап, құрған
қақпанына түсіру əрекетіндегі отаршыл озбыр саясаттың
бетпердесін түріп, əшкерелейді. Соған көндігіп, мойны-
на қамыт кигізіліп жатқанымен шаруасы жоқ көнбіс жұр-
тының іс-əрекетіне реніш білдіреді: «Қала болып жер кесті-
ріп алсақ, солдат алмайсың ба?» деп сұрап, төрелер «сол-
дат алынбайды» деп бір жапырақ қағаз берсе, бейшара
қазақтар жаудан мал айырғандай қуанады. «Солдат алмай-
мын, – дейді ғой, – солдат алмаса болды» деп тоғытқан қой-
ша ұйытқып барса қайтпасқа кіріп кеп кетеді», – деп жа-
зып, халқының басындағы ауыр жайды қынжыла баяндай-
ды. Тек сынап-мінеп қана қоюмен шектелмей, тығырықтан
шығар жолды іздестіргенде, озбырлыққа қарсы күресте
заңды қару ету керектігін алға тартады: «Қазақтан солдат
алынбасын деген закон бар, войнский уставтың 42-статья-
сында жазған: «Түркістан һəм Ақмола, Семей, Жетісу, Орал,
Торғай қазақтары солдаттықтан азат (Свод законов Рос-
сийской империи, т.ІV, изд. 1897)» деп 1834 жылы Ақмола
аға сұлтаны – Сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменде баласы
Петерборға барған. Сонда Қоңырқұлжа айтқан: «Патша сол-
дат алады деп, қазақ халқы қорқып уайымдайды», сол се-
бептен қазақтың корқыныш жұмысын ашып бер деп сұраған
153
соң, правительство Қоңырқұлжаға қағаз берген: «Қазақтан
бұл күнде солдат алынбайды, келер уақытта да қазақ халқы
солдаттан азат. Осы қалпымен жүрсе де, егін, сауда қып,
өз еркімен кент қалыбына түссе де деген» деп мəселенің
заң жолы бойынша қалай шешілгендігінен нақты дəлелдер
келтіреді. Сөйтіп, осы заңдар күшін жоймайынша, қазақтан
солдат алынбайтындығын, сондықтан оны жер кестіріп алу,
т.б. мəселелермен шатастыруға болмайтындығын кеңес
етеді. Мақала тек мазмұны жағынан ғана емес, сонымен
бірге жазылу стилі тұрғысынан да құнды. Мұндағы басты
ерекшелік ой ықшам жəне нақты дəлелдермен оқырман на-
зарына ұсынылады. Əсіресе, заңдардан үзінділер келтіріліп,
олардың қайдан алынғандығына сілтемелер жасалынып
отыруы туындының ғылыми құндылығын арттыра түсері
даусыз. Осы қырынан келгенде мақаланы ғылыми стиль-
де жазылған төлтума туындылардың қатарына жатқызсақ,
қателеспейміз.
Қазақтан əскер алу мəселесі бұдан кейін де «Қазақ» шы-
ғарушыларының назарынан тыс қалмаған. Халықты толған-
дырып отырған жайға қатысты əркез көңіл аударып, мəсе-
ленің алдын алу міндетінде болғандықтары байқалады.
Мəселен, апталықтың 1914 жылғы 60-санында жарияланған
«Қазақтан солдат алына ма?» деген мақаласында М.Дулатов
қала болып отырған кейбір қазақ ауылдарынан əскерге
адам алынып жатқандығынан нақты деректер келтіре оты-
рып, оның заңсыздық екендігін ашына жазады: «1912 жылы
Павлодар абақтысы арқылы Өскемен қаласындағы дисци-
плинарная ротаға бір топ жазалы солдаттар айдалып өтті,
солардың ішінде бір қазақ солдат бар екен, сонымен таны-
сып сөйлестім. Бұл Тобол губерниясында крестьяндыққа
жазылып, қала болған Атығай Сəрсембай деген қазақтың ба-
ласы. ...Егер Закон бойынша қазақтан солдат алынбайтыны
анық болса, бұл істеп отырғандары жолсыз екендігі онан да
анық болмай ма? ...Біздің қазақтың жолдыға да, жолсызға да
тырп етпей, мойынсұнып отыратыны осыдан да көрініп тұр
емес пе?» – деп шындықтың шымылдығын түре, өз құқығын
өзі қорғай алмай жүргендердің жігерсіздігін айыптайды, на-
мысын қайрайды.
154
«Газеталардан» деген тұрақты айдармен басылым бас-
қармасы атынан апталықтың 1915 жылғы 153-санында жа-
рияланған «Қазақтан солдат алу» деген бас мақаладан осы-
нау көкейтесті мəселенің жылдан-жылға ушығып келе
жатқандығын көреміз. Мұнда орыстың «Русское слово»,
«Биржовые ведомости», «Утро России», «Новое время» га-
зеттерінде жарық көрген мақалалар негізінде қазақтан сол-
дат алу мəселесіне патшалық əкімшіліктің қызығушылық
таныта бастағандығы алғаш рет ауызға алынады. Бұл мəселе
думада да сөз болып жатқандығы айтылып, депутаты бол-
маған себепті ондай хабарлар қазақ жұртының құлағына
жетпей жүргендігі баяндалады.
Газеттің келесі санында «Қазақтан солдат алу туралы»
деген проблемалық мақала жарық көрген. Онда «бұратана»
елдерден əскерге адам алу мəселесін переселен мекемесінің
бастығы Глинко да қолдап отырғандығынан мəлімет кел-
тіріледі. Ұзынқұлақтан естулері бойынша, өкімет дайындап
жатқан қазақтан солдат алу туралы заң жобасы мемлекеттік
негізгі заңның 87-бабы бойынша қабылдануы мүмкін екен-
дігі тілге тиек етіліп, оған мынадай түсініктеме беріледі:
«Бұл 87-інші деген статья – мемлекеттік негізгі заңның ста-
тьясы. Ол статьяда айтылған: «Дума тарап кеткен кезеңде
қалыптан тысқары керегі болып, тəртіп шығару керек бол-
са, ол туралы закон жобасын министрліктер төте патшаның
өзіне жолдауға ықтиярлы» деп. Бірақ бұл сияқты тəртіптер
Г.Дума жиналғаннан кейін екі айдың ішінде Г.Думада
қаралуға тапсырылмаса, яки Г.Дума мен Г.Совет қабыл ет-
песе, закон күшінен айрылады деген».
Мақалада сонымен бірге қазақтан солдат алу мəселесіне
мұсылман депутаттары мен мұсылман газеталары да теріс
қарамайтындығы айтылады. Олардың мұндай мақсатты көз-
деп отырғандары егер қазақтан солдат алынса, үкімет бер-
мей отырған депутаттықты, муфтилікті, земствоны жəне
жер тандауын өздеріне берер əрі əскерге алынған жігіттер
жер көріп, мəдениет жоғарылауына жол ашылар деген игі
тілектен екендігі түсіндіріледі. Бірақ соғыс кезінде олардың
айтқандарының бірі де келмейтіндігі, ол қазаққа пайда емес,
155
залал келтіретіндігі былайша дəлелденеді: «Бірден осы со-
ғыс тұсында қазақтан солдат алғанын қуаттау – зор ұлығу.
«Уақыт» газетасы айтады: «Үйден өрт шыққан кезде əйнек
сынғанына қарамайды» деп. Ол рас. Бірақ қазақтан солдат
жинау соғыс үшін елден тері-терсек, темір, шойын, мыс жи-
наудай деп ойлау да жарамайды. Қазақтан солдат шықса,
бесіктегі баладан бастап, тоқсандағы шалға дейін алынсын
демес. Пəлендей деп жас мөлшері көрсетілер. Ол жастың
дəл анығын білдірерлік метірке қайда? Қазақтың жасын бі-
лу – нағыз былықпа іс. Рас, қазақта посемейной список де-
гені бар екені. Ондағы жастың бірі де дұрыс емес. Ауыл-
найлар кімнің неше жаста екенін сұрамастан сыртынан жаза
салады. Өйткені оның жасына қарап тұрған қазақ арасында
бұрын жұмыс жоқ. Ауылнай һəм болоснойлардың жазуын-
ша өз партиясы болса, 20 жастағы 40-та болып шығуы, қарсы
партия болса, 40 жастағы 20-да болып шығуы оп-оңай».
Бұдан Алаш азаматтарының аурудың алдын алу қамында
болғандықтарын көреміз. Бұл мақала 1915 жылдың 22-қа-
занында жарық көріпті. Бірақ, соған қарамастан, осында
көтерілген мəселенің арада бір жыл өтпей-ақ шындыққа
айналуы «Қазақ» қаламгерлерінің көрегендік болмысын ай-
қындап берсе керек.
Əскерге шақыру жөніндегі əртүрлі алыпқашпа сөз 1916
жылдың басына қарай қазақ елі құлағын түрген ең көкей-
тесті мəселелердің біріне айналады. Соған байланысты «Қа-
зақ» газеті орыс жəне татар басылымдарының хабар-ошар,
пікірлерін жариялап отырумен шектелмей, ендігі жерде
оның қаншалықты рас-өтірігін айқындап, анық-қанығына
жету мақсатын да алдарына тартады. Əсіресс, төртінші дума
ашылу қарсаңында оның қажеттілігі еселеп арта түскен.
Соған байланысты мəселенің мəн-жайына қанып, жұрттың
өтініш-тілегін депутаттарға жеткізу мақсатында арнайы
топтың Петербургке аттанғандығы газеттің 1916 жылғы
168-нөмірінде былайша хабарландырылады: «Бүгін, 9-фев-
ральда Г.Дума ашылады. ...Хүкімет Думаның бұл мəжілісіне
соғысқа қатысы бар бірсыпыра закон жобасын кіргізбекші.
Бұлардың ішінде қазақтан солдат алу жобасы болуы да ық-
156
тимал. Қазақтан солдат алады деген сыбыс күзден бері ес-
тіліп келеді. Қазақтан қазір, осы соғыс үстінде, солдат алу
мүмкін еместігі, қазақ халқы қамсыз жатқандығы, анық
жасын білерлік метірке жоқтығы һəм басқа себептері де
газетімізде кезінде жазылған еді. Думада өзімізден де-
путат жоқтығы, солдаттық мəселесі секілді зор мəселені
қатесіз шешетін, қазақ жайын білетін депутаттардың кемдігі
де айтылған еді. Бірақ газет жүзінде ғана жазылған сөз,
айтылған тілек тиісті орындарға өздігінен жетпейтіндігі
белгілі. Бұл тілектерге ие болып, жалпы жұрт қара көрсетіп,
қам қылғандығы көрінбейді. Тағдырға тапсырылып, жай
жатқан түрі бар. Солдаттық туралы қазақ халқының пікірін,
тілегін хүкіметке, Думаға жеткізу үшін олармен сөйлесіп,
жай-жапсарды түсіндіру үшін əр облыстан бірер өкіл баруы
тиіс еді. Бұл істі қалың қазақтан күту қашпаған қашардың
уызына қарағандай болатын болған соң, Дума ашылуға
қарсы, Самардан Əлихан Бөкейханов, Орынбордан Ахмет
Байтұрсынов, Ақтөбе уезінен Нысанғали Бегімтаев 3-фев-
ральда Петроградқа жүріп кетті».
Бұдан кейін газеттің төрт нөмірінде қатар бас мақала ор-
нына Петроград хаттары жарық көрген. Апталықтың «Бас
жазушысы» қаламынан туған бұл хаттарда халықтың құ-
лағын елеңдетіп тұрған солдаттық мəселесі егжей-тегжейлі
зерттелініп, анық-қанығы күн құрғатпай қалың оқырмандар
назарына ұсынылады. «Солдат алар ма?» деп атаған алғашқы
хатында көрнекті қалам қайраткері күзден бергі қазақтан
əскер алу жөнінде заң жобасы жасалынып жатыр деген
алыпқашпа сөздің шындыққа жанаспайтындығын хабарлай-
ды. Ол 1914 жылдың шілде айында, соғыс басталардың нақ
алдында соғыс министрі тарапынан Министрлер Кеңесіне
ұсынылған анықтамадан (докладная записка) туындап жүр-
геніне тоқталады. Бірақ, ол анықтама керісінше мақсатта,
яғни қазақтан солдат алмау жөнінде болғандығын, соған
келтірілген көп дəлелдердің ішінде қазақ казарма тұрмысына
шыдамайтындығы айтылғандығын жазады. Əйтсе де, қауіп
сейілгенін көңілге тоқ санап, қол қусырып қарап отыруға
болмайтындығын, түбінде заң шығуы ықтималдығын дума
157
депутаттарының аузынан шыққан сөздермен тарқата баян-
дай келіп, алдын ала соның қам-қаракетінде болу керектігін
оқырмандар назарына ұсынады.
Қалған Петроград хаттары енді не істеу керек деген
сауалға жауап беруге арналған. Мəселен, «Не істеуге?» де-
ген екінші хатында А.Байтұрсынов соғыс кезінде бұрынды-
соңды əскерге шақырылмай келген жұрттардан солдат алу
дұрыс еместігі, онымен мүлде келісуге болмайтындығы
жөнінде мəселе көтереді. Ал соғыстан кейін алам десе, оған
қарсылық таныту олжа əпермейді. Одан гөрі, қалай жə-
не қандай əскерге алатындығы турасында талас туғызған
пайдалы деп түйін түйеді. Сөйтіп, əскердің түрлерімен та-
ныстырып, соның қайсысы оңтайлы екендігін көпшілік
талқысына салады. Үш түрлі əскердің: жаяу əскер, кавале-
рист жəне атты қазақ болудың бірін тандағанда, соңғысының
ел тұрмысына жақындығын тарата талдай келіп, «түбінде
əйтеуір əскерліктен құтылмайтын болған соң, казак секілді
(əскер – С.Қ.) болуды қаламайтын қазақ жоқ шығар десек,
адаса қоймаспыз», – деп басылым басқармасының пікірін
ашық білдіреді. Оның себебін «солдаттың (жаяу əскердің)
жүрісі жаяу, тұрысы казармада, кавалеристің жүрісі атты,
тұрысы казармада, казактың жүрісі атты, тұрысы үйінде»
болуынан тарқата түсіндіріп береді. «Өгізді қойшы – өлген
қойшы, түйелі қойшы – тұрған қойшы, жаяу қойшы – жатқан
қойшы, атты қойшы – екпіні қатты қойшы» екендігін, сон-
дықтан да атты казак болудың пайдалылығын, ал атты ка-
валерист болуға казарма ауасы қазаққа жақпайтындығын,
ол көкірек ауруына душар ететіндігін құрғақ сөзбен емес,
белгілі ғалымдардың пікірлерімен дəлелдеп, ұстанған жол-
дарының дұрыстығына айқын көз жеткізуге тырысады.
Хатта көтерілген екінші мəселе халықтың тілек-ұсыны-
сын дума депутаттарына дер кезінде жеткізіп тұру жолдарын
іздестіруге саяды. Бірер адамның өтініші халық тілегі болып
шықпайтындығы, оның заңдық күші болу үшін «жұрт орта-
сынан сходпен сайлап, думаға жіберген депутаттардың ау-
зынан шығуы», я болмаса, «жұрт аузынан сходта приговор-
ға жазылып барған сөз» болуға тиістігі тəптіштеп түсіндірі-
158
леді. Сол себепті күнілгері қам-қаракетін жеп, қазақтан сол-
дат алу туралы заң жобасының дума табалдырығын аттамай
тұрып-ақ өз өтініш-тілектерінің депутаттар колында бо-
луын халқына уағыз етеді. «Қолымыздан келетін жағымен
тілегімізді Думаға жеткізіп қалу – қазақ біткенге қажет іс.
Мұны қалғып-мүлгіп отырып өткізіп алып, қамсыз қалған
қазақтар балаларының һəм онан кейінгі ұрпақтарының ка-
зармада шіріп, азып-тозуына себепкер болып, көрінде ты-
ныш жата алмас, талай күрсініп, күңіренер», – деген жолдар
кім-кімді де толғандырмай тұрмайды. Халқым деп соққан
жүректен шыққан сөз жүрек төрінен орын иемденеді.
Осы хатында Ахаң бұған дейін де «Қазақ» газеті бетінде
бір емес, бірнеше рет көтерілген метірке түзету мəселесіне
қайыра соғып, оны толық шешпей тұрып, қазақтан солдат
алынуы барып тұрған əділетсіздік болатындығын құлаққа-
ғыс етеді: «Қазақтан əскер алудың алдында метірке түзелуі
тиіс. Метірке түзету жұмысы духовные собраниедей (муф-
тиліктей) қиянатсыз істейтін мекемеге тапсырылмаса, қия-
натқа үйреніп қалған мекемелерге тапсырудан қолайсыз
шатақ істер шығып, халық ылаңға түсуі ықтимал», – деп үл-
кен қауіптің алдын алуға, жұрттың əділетсіздік құрбанына
айналмауына амал қарастырады.
Сонымен, қаһарлы патша əмірі шығар күн де жақындай
бастады. «Қазақ» газетін шығарушылар күн көзін тор-
лай бастаған қара бұлттың түсі суық екендігін күнілгері
сезіп-біліп, алдағы дауылдан халықтың қамсыз қалмауын
сақтандыру жолында жан аямай қызмет еткендігін көреміз.
Олар халық басына үйірілген қара бұлтты дауылға айнал-
дырмай, қалайда саяси жолмен бетін қайтару қамында
қолдарынан келгенінше күресіп бақты Бірақ, амал не, пат-
ша үкіметінің қазақ елінен əскерге адам алу не алмау мəсе-
лесін халықтың өзімен ақылдаспай-ақ шешуді ұйғарып,
оны шұғыл түрде жүзеге асыруға көшуі отаршыл озбыр
саясаттың тағы да бетпердесін айқара түріп, əлем алдында
əшкерелеп берген болатын.
Бұратана халықтардан майдан жұмысына адам алу тура-
лы 1916 жылы 25-маусымдағы патша жарлығы ел күтпеген
159
тосын оқиға болды. Ол жөнінен кейіннен сол бір суық ха-
барды елге жеткізу міндетін мойнына алған ардақты Алаш
азаматы М.Дулатов былайша есіне түсіреді: «1916 жылғы
маусым жарлығы шыққан кезде Орынборда едім. Ахмет
Байтұрсынұлы сол жаз Торғай уезіндегі санақ қызметіне
кетіп, «Қазақ» газетін мен басқарып тұрдым. ...Бір күні
төбеден түскен жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете
түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі қазақ
еліне оның əсері қандай болатындығын сезгендігімізден еді.
Бұл жарлықтың қазақ арасына қалай тарайтыны, қазақ елі не
күйге ұшырайтыны көз алдымызға елестей қалды. ...«Қазақ»
басқармасына қазақ жерінің тұс-тұсынан телеграммалар,
хаттар жауа бастады. Ол кезде «Қазақ» газетін қазақ елінің
көбі көз-құлағындай көретін. Сондықтан құр телеграм-
ма жіберу, хат жазумен ғана қойған жоқ, жан-жақтан сау-
лап ел адамдары Орынборға ағыла бастады. Елде не болып
жатқанын, хатқа, телеграммаға жазуға болмайтын сөздерді
солар əкеліп отырды. Қазақ даласы күңіренді».
Осындай халықтың арқасына аяздай батқан қаралы ха-
бар – патша жарлығының ойламаған жерден тосыннан жа-
риялануының өзіндік себептері де жоқ емес-тін. Бұл туралы
«Қазақтың» көрнекті қаламгерлері сол бір сұрапыл заман-
да үн қата қоймағанмен, кейіннен, ақпан төңкерісі жеңіске
жетіп, ел тізгіні қолдарына тиген уақытта көкіректерінде
қатталған, көңілге түйген ойларын ортаға салмай қалмаған.
Апталықтың 1918 жылғы 258-санында жарық көрген «Орын-
бор, 1-қаңтар» деген бас мақаладан біраз жайдың сырына
қанамыз.
300 жылдан астам уақыт Ресей секілді алып мемлекетті
жұмса – жұдырығында, ашса – алақанында ұстап келген Рома-
новтар тұқымының тақтан түсуі бірінші дүниежүзілік соғыс
салдарынан болды. Патшалық монархия өзі қазған орға өзі
құлады. Ол соғысқа билігімді күшейтем, байлығымды молай-
там деп кірсе де, күн өте келе ол үміті ақталмайтынына көзі
жете бастады. «Суға кеткен тал қармайды» дегендей, сасқан
тұсы да осы кез болды. «Зор соғыстың салмағы да зор. Оны
көтеруге көп күш керек. Жайшылықта керек қылмайтын
160
халық күшін, халық ісін керек қыла бастады. ...(Оны) земство-
лар қолға алып, хүкімет далада қалып қоятын болды. Мұны
көріп, тіпті керексіз болып, босқа қалармын деген хүкіметке
қауіп кіре бастады. ...(Сол себепті) соғысты тоқтатпақ ни-
етке кірісті. Бірақ соғысты тоқтату да оңай бола қоймады.
Соғыс басталған жылы, август ішінде Англия, Франция һəм
Россия араларында жасалған, онан кейін Жапония мен Ита-
лия да қол қойған уағда бойынша, аталған патшалықтардың
ешқайсысы жаумен бөлініп шығып бітім жасамасқа тиіс,
ішінен бүліншілік шыққан патша ғана одақтарынан бөлек
өз бетімен бітімгершілік жасауға
ықтиярлы болды. ...Сөйтіп,
бітім жасаудың жалғыз-ақ шарасы болды. Ол – мемлекет
ішінен бүліншілік шығарып, соның сылтауымен бітім жасау.
Соғысты тоқтатуға олай да, былай да жол қарап, Романовтар
хүкіметінің ақырында тоқтаған шарасы іштен бүліншілік
шығару болды. Бүліншілік өте зор болып кетсе, басу қиын
болар деп ол жағынан да қорықты. Ептеп шамалы бүліншілік
шығару жаһұтымен бұратаналарды соғыс жұмысына алмақ
болып, 25-июнь жарлығын шығарды. Ол жарлықты жорта
асықтырып, жұрттың апшысын қуырып, жанын ышқынтып,
қысымшылықпен орнына келтірмек болып, телеграмма-
мен хабарландырды. Ондағы есептері бұратаналар соғыс
жұмысынан қорқып, жарлыққа көнбейміз, адамдарын бер-
мейміз деп бунт шығарып, бүліншілік жасар деген еді». Ба-
сылым басқармасының мұндай тұжырымы шындыққа жа-
наспайды дей алмаймыз.
Міне, мəселенің түп мəні. Саяси шолу осылай жазылса
керек-ті.
Ойы орамды, тілі жатық, пікірі дəлелді. Көтеріліп отырған
мəселе қанша күрделі болса да, қысқа да нұсқа əрі көңілге
қонымды түрде берілген. Бұл біліктілікті, шеберлікті қажет
етеді.
Əлгіндегідей суық оймен суыт жүргізілген солақай сая-
сат салдарынан «жұрт сеңдей соғылған, түнде ұйқыдан,
күндіз күлкіден айырылып, «əне келеді, міне келеді» деп
өлім жазасына бұйырылған үкімнің орнына келуін күткен
тұтқындай болып тұрған» алмағайып уақытта халыққа жол-
161
жөн көрсету сол кезде шын мəнінде қазақтың қамқоршысы-
на айналған «Қазақ» газеті басқармасына жеңіл соқпаған-
дығы түсінікті. «Өз өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағ-
дарысқа ұшырадық, – деп жазады ол жөнінде кейіннен
М.Дулатов: – Қайтпек керек? Не істейміз? Елге не айтамыз?
Біздің басшылығымыз қандай болмақ керек? Елдің риза-
лықпен көнгісі келмейтіні, балаларын бергісі келмейтіні,
«соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қорқатыны,
патша үкіметіне сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме»
дейміз бе? Оның түбі не болады? Немізге сеніп, «көнбе»
дейміз? Көнбейтін күшіміз қайда? ...Міне, біздің басымыз-
ды дал қылған, миымызды ашытқан, дағдарысқа қалдырған
сұраулар осылар еді. Қайткенде де бізге бұл жолдың біріне
түспеске болмады. Ол кезде 1916 жыл еді. Жиһан соғысының
қызып тұрған шағы еді. Ресейдің таяқ жеп, халқының ша-
руашылығы күйзеліп, патша үкіметіне наразылық күннен-
күнге күшейіп, саяси партиялардың төңкерістен үміт етіп те
тұрған шағы еді. Бірақ, ондай төңкеріс қашан болады, қалай
болады? Ондай төңкеріс бола қалғанда қазақ жұрты көнбей,
қарысып отырып, соған аман-есен жете ала ма? Бұған біздің
көзіміз жетпеді. Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан
болып-ақ кетсін деуге дəтіміз шыдамады. Сондықтан біз
екінші жолды қаладық, көну керек дедік».
1
Басылым басқармасы осы шешімін газеттің 1916 жылғы
8-шілдеде жарық көрген бас мақаласы арқылы дүйім жұртқа
жария етеді. Бұл күні кешеге дейін зерттеушілер «...қазақ
буржуазияшыл ұлтшылдарының газеті («Қазақ» – С.Қ.)
өзін ұлтын сатқан орган ретінде көрсетті. ...Ол халықты
патшаның указын орындауға, патша ағзамының алдында
құрдай жорғалап, қазақтарды дереу шақыру пунктіне ке-
луге үндеді»,
2
– деп, оңды-солды айыптауға негіз болған
əйгілі мақала болатын. Ендеше, апталық жарияланымда-
рын тарата талдай отырып, қаншалықты патша «сойылын
соққандығын» айқындамасқа амалымыз қалмайды.
1
Дулатов М. Он алтының ойраны //Еңбекші қазақ, 1926, 145.
2
Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) –
Алматы: Мектеп, 1981, 51 б.
162
«Соғыс», «солдат» деген сөздерден онсыз да үрейі ұшып,
берекесі қашып тұрған жұртқа қара жұмысқа алу жөніндегі
жарлықтың келіп шүйлігуі жағдайды тіпті ушықтыра түске-
ні айтпаса да түсінікті. Осындай қысқа күнде қырық түрлі
хабар тарап, елді сеңдей сапырыстырған уақытта көзсіз
көбелектей отқа ұмтылған жұртты тыныштандырып, са-
бырлылыққа шақыру қалайша «өз ұлтын сатқандық» бо-
лып шығады? «Малым – жанымның, жаным – арымның
садағасы» деп білетін халық үшін əсіресе ауыр тигені қара
жұмысқа алады деген сөз болды. Газеттің жоғарыдағы
188-санындағы бас мақалада бұл жайлы, оның ел намысы-
на тиетіндігі туралы былайша ашық жазылады: «Мынадай
қырғын соғыста мал шығынынан тартынбай, əскерлікке
алам десе де, ақылдасып барудан тайынбастай болып жүрген
қазақ халқы бүгін қара жұмысқа алатын жарлық шыққанға
дағдарып, таңырқап қалдық. Қазақ секілді іргелі жұрт өз-
гелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,
мемлекет қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа
байлануды кемшілік санаймыз».
Мұнда өздерінің үш жыл бойғы жазып келген əскер
тақырыбындағы қыруар еңбектерінің еш болғандығына
наразылықтарын білдірумен қатар, ел намысын жерге тап-
тағанмен бірдей екендігін айтып, айыптау бар. Алайда,
құрығы ұзын патша əміріне қарсы шығып, опа табар жол
жоқ. Өйткені: «Қашып жан сақтауға болмайды. Қысқа
ақылмен қашатын жігіт болса, елде бүліншілік болады. Бұл
күнде соғыс уақыты, тəртіп қатты, қашқындардың арты-
нан қуғыншы отряд шығып, елді һəм артында қалған əке-
шешесін, қатын-баласын шулатқаннан, шаруасын күйзелт-
кеннен басқа өнер нəрсе жоқ». Осы себептен де патша
жарлығын орындамасқа амалымыз қалмайды деген қалың
қазақ еліне түсіндіру шаралары бар. Соны көпшілік қауымға
жеткізуді ел ақсақалдары мен жұрт жақсыларынан өтінген
тілектері берілген.
Мақала соңында автор: «Жұрт қара жұмысқа алғанын
кемшілік көреді екен, олай болса, жарлықты орнына келті-
ріп, адамын жұмысқа жіберіп отырып, ал жарлығыңды
163
орындадық, бірақ бізге бұл лайық емес еді, бізді теңгеріп
əскерлік қызметіне ал деп сұрағаны оң болады. Жаяу сол-
дат боламыз дей ме, атты казак боламыз дей ме, ол еркі
халықтың өзінде. Бұл туралы біздің пікіріміз халыққа
белгілі», – деп əлі де болса, үмітті үзуге болмайтындығын
ауызға алып, үркіп, тулаған ел-жұртты тыныштандырғысы
келеді. Сеңдей сапырылысқан халқына басу айтып, ақылға
шақырады. «Қазақ қаламгерлері патшаның сөзін сөйлеп,
сойылын соқты» дегендей айыптаулар осыдан шығарылып,
айтылып келген болса керек. Ол əділеттік болып шықпайды.
«Қазақ» газеті қаламгерлерінің 1916 жылғы қанды оқи-
ғалар кезіндегі атқарған қызметтерін төртке бөліп қарас-
тырған жөн. Олар: 1. Патшалық əкімшіліктің бұйрық-жар-
лықтарынан туындайтын құйтырқы саясатын елге талдап
түсіндіріп отыру; 2. Ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргі-
зіп, халықтың бас амандығы жолында күресу; 3. Жігіттерді
қара жұмысқа алу кезінде жіберілген кемшіліктерді, яғни
қара басының пайдасын халық қамынан жоғары қойған «ел
пысықтарын» əшкерелеп, сынап-мінеу; 4. Майдан шебіне
алынған жұмыскерлердің күйін күйттеп, қам-қаракетін жеу,
олардың арасында болып, керек-жарағын түгендесіп, хал-
жағдайларын жариялап тұру.
Апталық тігінділерін ақтарып отырып, басылым басқар-
масының осы талап-міндеттер үдесінен шыға алғандығына
көз жеткізу көп қиындық келтіре қоймайды. Алдымен,
жоғары билік орындарының бұйрық-жарлықтарын қандай
мақсатта жариялап отырды деген сауалға жауап іздесек,
оның өзіндік мəн-мағынасы да жоқ еместігін байқауға бо-
лады. Патша жарлығының қатаң екендігін, оның жолында
əкімшілік ештеңеден тайынбайтындығын танытуға мүм-
кіншілік туған еді. Бір ғана мысал, газеттің 1916 жылғы
207-нөмірінде «Торғай облысы Ырғыз һəм Торғай уездерінің
бас хакімінің бұйрығы» деген жарияланымды алып қарайық.
Мұнда үкім қысқа да нұсқа: бітірудің ең ақырғы срогы –
15-январь 1917 жыл. 15-январьдан кейін шақыруға келме-
ген еркек жанның бірі қалмай жасын айыру үшін қаралады
һəм жасы 19 бен 31 арасында болып, шақыруға келмегендер
164
ауру-сырқауына қарамай, патша жарлығынан бас тартқаны
үшін тегіс судқа беріледі» деген бұйрық реті келген соң ай-
тыла салған сөз емес, шындығында облыс тұрғындарының
басына төнген нəубет болатын. Бұл жөнінде басылым
басқармасы атынан жазылған, апталықтың 1917 жылғы
214-санында жарияланған «Военное положение» деген
мақалада біраз жайдан сыр тарқатылады. Автор (аты-
жөні көрсетілмеген, біздіңше, А.Байтұрсынов) Сенатқа
түсірген патша жарлығын қаз-қалпында келтіре отырып,
Ырғыз, Торғай жəне Қостанай уездеріне военное положе-
ние орнағанын оқырмандарға хабардар етеді жəне оның не
жарлық екеніне жан-жақты түсініктеме береді.
Осында военное положениенің елге тигізетін зардап-
залалының ең үлкені жай соттың əскери сотпен алмаса-
тындығына байланысты екендігі ауызға алынады: «Қазан-
нан Ырғыз, Торғай уездеріне баратын военный суд шығайын
деп жатқан көрінеді. Военный судтың жай гражданский суд-
тан айырылатын толып жатқан жігі бар. Военный судтың
жазасы күшті, ісі шапшаң. Жай судтай следство жасау жоқ.
Тергеу, тексеру қысқа. Құрылған жерінен тысқары болса,
айғақтарды сұрамасқа ықтиярлы. Жазу-сызу аз. Хүкімді
тез орнына келтіру қажет десе, ол хүкімінің үстінен риза
алмасқа ықтиярлы. Военное положение соғыс заңында
болған соң, созып отыру жоқ. Ұмар-жұмар іс бітіру бола-
ды. Түркістанда военный суд құрылып, бүліншілік шыққан
жерлерінің халқы тергеуде. Талай адамдар жазасын тартып
та қойды», – деген жолдар жоғарыдағы Торғай облысы бас
хакімінің бұйрығы түбі осылай болып жүрмесін дегенді
ескертіп тұрғандай. Кейіннен Ақтөбе қаласында өткен
митингіде Торғай облысының вице-губернаторының «Бірде-
бір қырғыз (қазақ – С.Қ.) тірі қалмаса да, патша бұйрығы
орындалатын болады»
1
деген сес көрсетуі ондай қауіптің
негізсіз еместігін тайға басқан таңбадай айқын аңғартады.
Бұдан басылым басқармасы жоғарғы билік мекемелерінің
бұйрық-жарлықтарын, қарарлары мен сот шешімдерін жа-
1
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің архиві,
75754 іс, 100 п. 1 т.
165
риялай отырып, оларды өз қажеттеріне жарату мақсатын
көздегендіктерін көреміз. Сол арқылы жұрттың көзін ашып,
ненің не екенін түсіндіру, елді еліртушілердің сөзіне еріп,
арандап қалмауларына жол-жөн көрсету қам-қарекетінде
болғандықтары байқалады. Бұл сол кезең жағдайында ха-
лықты қырғынға ұшыратпай, аман сақтап қалудың бірден-
бір дұрыс жолы болғаны дəлелдеуді қажет етпейді.
«Қазақ» қаламгерлерінің сынықтан сылтау іздеп отырған
патша үкіметінің қылышынан қан тамған солақай сая-
сатына қарсы халықты жаппай қырылудан аман сақтап
қалу жолындағы күресінің екінші тармағы ел ішіне барып
түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, газет арқылы үндеулер
таратумен жалғасады. Осы бағытта қолға алған іс-шаралары
халық өкілдерінің басын қосып, осынау ел басына түскен
ауыртпалықты жеңілдетуі мүмкін деп күтілген мəжіліс
өткізуден басталады. Торғай, Орал, Ақмола, Семей жəне
Жетісу облыстары қазақтарының қатысуымен 9-тамыз күні
Орынборда өткен мəжілісті ұйымдастыруға «Қазақтың» бас
жазушысы А.Байтұрсынұлының үлкен еңбек сіңіргеніне
мына бір дерек дəлел.
«Туркестанские ведомости» газетінің 1916 жылғы 28-шіл-
дедегі санында: «Губернатор Тургайской области пригласил
к себе редактора киргизской газеты «Казах» и имел с ним
обстоятельную беседу о призыве мусульман на оборони-
тельные работы. По этому поводу местная киргизская ин-
теллигенция имело общее собрание, в котором участвовали
также известные киргизские общественные деятели и пред-
ставители общественных организации», – деген хабар жарық
көрген. Осыған қарап мəжіліс «Қазақ» қаламгерлерінің
басшылығымен өткендігін көреміз. Апталықтың 1916 жылғы
192-санында жарияланған мəлімет бойынша, осы жиында
18 баптан тұратын талап-тілек алдыға тартылған болатын.
Олардың негізгілері мыналар: «1.Солтүстік уездеріндегі
қазақ жігіттерін келер жаңа жыл – бірінші январьға дейін,
оңтүстік уездер халқын 1917 жылғы 15 мартқа дейін алмай
кешіктірсе екен. 2. Ең əуелі 19 бен 31 арасындағы жастардың
үштен бірі ғана алынса екен. Алғанда 19 жастан бастап алуы
166
тиіс. Өйткені бұл жастағылардың көбі үйленбегендер бо-
лады... 3. Бір үйдегі шаруа басқаратын алынатын жастағы
бір жігіт қалса екен (егер сол үйдің басқа еркектері 17-де,
яки 50-ден аспаған болса). 4. Шаһар медреселерінде оқып
жүрген шəкірттер қалсын... Алынған жігіттер отыз кісіден
қостас болсын. Əр қосқа бір переводчик һəм он қосқа бір
молда сайлансын...»
Бұдан М.Дулатовтың жоғарыдағы тілге тиек етілген «Он
алтының ойраны» деген мақаласында: «...неше түрлі сыл-
таумен (жарлықтың орындалуын – С.Қ.) соза түсу жағын
ескеріп отырдық» деп жазатынындай, мəжілістің сол мақ-
сатта ұйымдастырылғанына көз жеткіземіз. Ел қамын терең
ойлаған Алаш азаматтарының бұл əрекетінен нəтиже де жоқ
емес. Патшалық əкімшіліктің қазақтан қара жұмысқа алу
жұмысын 15-қыркүйекке кейін шегеруі соның жемісі бола-
тын. Торғай облысы губернаторының жоғарыдағы талап-
тілекке орай 25 тамызда «Отказать, отсрочка предоставлена
только до 15 сентября»,
1
– деген шешім шығаруы – соның
айқын айғағы.
1916 жылдың шілде айының орта тұсынан бастап бүткіл
қазақ даласында өте ауыр жағдай қалыптасты. Бір жағынан,
патша жарлығына қарсы халық наразылығы ушыға түссе,
екінші жағынан, патша үкіметінің үкімін қайтсек те орны-
на келтіреміз деп қаһарланған жергілікті билік мекемелері
күшке көшуге дайындалып жатты.
Міне, осындай өлкені өрт құшып тұрған аласапыран
уақытта, кейіннен Алаш ардақтысы М.Тынышбаев дөп ба-
сып көрсеткендей, ат төбеліндей көзі ашық қазақ зиялы-
лары екі оттың ортасында қалды. Біріншіден, патшалық
əкімшілік оларға көтерілісті ұйымдастырушылар ретінде
сезіктене қарап, бақылауды, қысым көрсетуді күшейте түссе,
екіншіден, қарапайым халық та олардың патша əміріне
қарсы ашық күреске шыққан көтерілісшілерді қолдамауын
кері түсініп, түрлі өсек-аяңға бой алдыра бастайды.
1
Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-
1917). – Алма-Ата: Наука, 1966, 91 стр.
167
Лай суда балық аулауды əбден əдеттеніп алған ел ішіндегі
орта бұзар пайдакүнемдерге керегі де осы болатын. Олар он-
сыз да жалындап тұрған отты одан сайын құшырлана көсей
түсіп, бүлінген елден бүлдіргі таппаққа əрекеттеніп баққан.
Газеттің 1917 жылғы 239-нөмірінде жарияланған «Қазақ
баспаханасы» деген мақаласында М.Дулатовтың: «Жəбірді
жаудан көргеніміз жоқ, жақыннан көрдік. Ағайынның ша-
ғымымен абақтыға жатқан ақынның (А.Б.) айтқаны бар:
Достарыңызбен бөлісу: |