Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014


«ҚАЗАҚТЫҢ ТІРІ Я ӨЛІ БОЛУ МƏСЕЛЕСІ»



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
«ҚАЗАҚТЫҢ ТІРІ Я ӨЛІ БОЛУ МƏСЕЛЕСІ»
Қай заманда да жер дауын бірінші орынға қойған қазақ 
халқы үшін ата-бабадан қалған бай мұра – ұланғайыр дала-
ны  көздің  қарашығындай  сақтап  қалу  ХІХ  ғасырдың  аяғы 
мен ХХ ғасырдың басында ең өзекті мəселеге айналды. Бұл 
жөнінде Қазан төңкерісіне дейін, шын мəнінде, «халықтың 
көзі құлағы һəм тілі қызметін» абыроймен атқарған «Қазақ» 
газетінің 1913 жылғы 13-сəуірдегі  санында  жарияланған 
«Жер мəселесі» атты бас мақалада: «Бұл күнде қазақ қаже-
тінің арасында ең біріншісі – жер мəселесі», – деп жазылуы 
бекер емес-тін. «Басқармадан» деп қол қойылған мақала ав-
торы,  біздіңше,  Ахмет  Байтұрсынұлы.  Олай  деуімізге  екі 
түрлі уəжіміз бар. Біріншіден, басқарма атынан жарияланған 
материалдардың  дені  А.Байтұрсынұлы  қаламынан  туында-
ғаны  талас  тудырмауы  тиіс.  Екіншіден,  тілге  тиек  етіп 
отырған мақаладағы сөз орамдары мен жер мəселесін көтер-
ген жəне астына Ахаңның «А.Б.» деген бүркеншік аты таң-
баланған  «Аңдаспаған  мəселе»  турасында»  деген  екінші 
мақаладағы сөз саптау мəнері бірі-бірімен үйлесіп, бір қолдан 
шыққанын соқырға таяқ ұстатқандай, анық аңғартады. Алаш 
ардақтысы «Жер мəселесі» мақаласында: «Қазақ қажетінің 
ең біріншісі – жер мəселесі, – деген пікір айтады. – Əркім 
жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ой-
лап, тексере қарайтын іс», – деп өрбітіп, жер мəселесінің ма-
ңызын  айшықтап  берсе, «Аңдаспаған  мəселе»  турасында» 
атты мақаласында осы ойды: «Қазіргі қазақ мəселелерінің ең 
зоры – жер мəселесі. Бұл – қазақтың тірі я өлі болу мəселе-
сі, – деп түйіндеп, мынадай қорытынды жасайды: Бұл тура-
сында  түсініп  жетпей  қателесіп,  қазақты  теріс  жолға  сал-
ғанымыз – 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктеге-
німіз. Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз 
қазақ та һəм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап ашып 
сөйлегеніміз  абзал»
1
.  Екі  мақалада  да  мəселенің  көтерілуі 
мен  оны  жеткізу  жолдары  жəне  ой  үйлесімдігі  біріне-бірі 
1
  Байтұрсынов  А. «Аңдаспаған  мəселе»  турасында. // Қазақ, 1914, 
31-қаңтар.


179
қатты  ұқсап,  сөз  жүйесі  қайталанып  тұрғандықтан  да  бір 
қолдан шыққаны еш талас туғызбауы тиіс.
ХХ ғасыр басында қазақ даласында жер мəселесінің осын-
шалықты ушығуының себебін іздегенде оған толыққанды жа-
уапты Алаш публицистикасынан табарымыз хақ. Осы орайда, 
публицистиканың тарихи құндылығы туралы құнды ой туа-
ды.  Ұстазымыз,  профессор  Т.Амандосовтың: «Публицисти-
ка – өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... 
Публицистика – адамдар арасындағы əлеуметтік, саяси-эко-
номикалық, өндірістік, ғылыми жəне рухани, тағы басқа құ-
былыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді»
1
, – 
деген ғылыми тұжырымын негізге алсақ, қазақ көсемсөзінің 
ел тарихын түгендеудегі мəн-маңызы айшықтала түседі. За-
ман  тарихы,  қоғам  шындығы,  өмір  шежіресі  болғандықтан 
да көсемсөзді тарихшылар ғылыми зерттеулеріне дерек көзі 
ретінде  пайдаланып,  тарихи  қорытынды  жасауға  негіз  етіп 
жүргені  жаңалық  емес.  Айталық,  Алаш  қозғалысы  тарихын 
терең қазып, көзіқарақты оқырманға құнды еңбектер ұсынған 
алаштанушы  ғалымдар  М.Қозыбаевтың,  К.Нұрпейісовтің, 
М.Қойгелдиевтің,  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  Алаш 
баспасөзі жарияланымдарының басым орын алатынын ешкім 
жоққа  шығара  алмайды.  Оның  себебі  де  түсінікті.  Өйткені, 
«публицистика  нақтылы  өмірден  орын  алып  отырған  мəнді 
оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс 
ұғым  қалыптастыруға  ықпал  жасайды.  Яғни,  публицисти-
ка – фактінің,  нақты  оқиғаның  жанры».
2
  Бұдан  түйер  ой – 
нағыз көсемсөз шеберлері өз заманы мен қоғамының тыныс-
тіршілігін  өшпестей  етіп  қаз-қалпында  тасқа  қашап  жазып, 
ұрпаққа аманаттап қалдыратын тұлға болғандықтан да олар-
дың еңбектерін тұнған шежіре деп қарастыруға болады. 
Публицистиканың  тарихи  құндылығын  айшықтайтын 
ғылыми  тұжырымымызды  Алаш  көсемсөз  шеберлерінің 
жер туралы жеріне жеткізе жазған публицистикалық құнды 
еңбектері дəлелдейді.
1
 Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практика-
сы. – Алматы: Мектеп, 1978. – 128 б.
2
 Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1961. – 127 б.


180
«Қалмақтармен  ұзақ  та  сұрапыл  ұрыстардан  кейін,  əке-
лер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін өз меншігі деп 
есептеген қазақтар орыстың қарамағына кіргенде, ол мемле-
кет  халық  меншігіне  қол  сұға  қояды  деп  ойлаған  жоқ  еді. 
Ал  сол  кезде-ақ  орыс  мемлекеті  ешқандай  дəлел-себепсіз 
күштінің құқы жүреді деген қағидаға сай, барлық қазақ жері 
мемлекеттік  меншік  болып  танылады  деген  заңды  бекітіп, 
соның нəтижесінде қазақ даласына (орыс шаруаларының – 
С.Қ.) қоныс аудару қозғалысы басталды. Ең шұрайлы жер-
лер  қоныс  аударушыларға  кертіліп  біріліп,  ең  нашар  жер-
лер  қазақтарға  қалды.  Əрине,  жердің  бұлай  сапалық  жəне 
сандық жағынан азаюы малшы қазақтардың тұрмыс халіне 
əсер  етпей  қойған  жоқ.  Соңғы  кездері  халықтың  айрықша 
байқала түскен жарлылануы да дəл осы ешқандай төлемсіз 
жəне байырғы халықтың шаруашылығына айқын зиян кел-
тіре отырып, шұрайлы жерлерді күшпен тартып алумен тү-
сіндіріледі»
1
.
Бұл – Семей облысы, Қарқаралы уезі қазақтарының Пат-
шалық Ресейдің Министрлер Кеңесі төрағасына 1905 жылдың 
26-маусымында  жолдаған  атақты  арыз-талаптан  (петиция-
дан)  үзінді.  Тарихта  Қарқаралыдағы  Қоянды  жəрмеңкесіне 
қатысушылар қол қойған арыз-талап болып таңбаланған пе-
тицияның «мəтінін профессор М.Қ.Қойгелдиевтің орыс тілі-
нен қазақ тіліне аударған»
2
 нұсқасынан алынған үзінді отар-
лау саясатының салдарынан əбден ушыққан жер мəселесі ту-
ралы халықтың жанайқайынан сыр тарқатады. Сонысымен 
де  əрі  тарихи  шынайы  дерекке  негізделіп  жазылғандықтан 
да оны публицистикалық мұра деп қарастырған дұрыс. 
Өкінішке  қарай,  аталған  атақты  арыз-талаптың  түпнұс-
қасы  осы  күнге  дейін  табылмағаны  көңілге  қаяу  салады. 
Бұл туралы Алаш қозғалысы құжаттары мен материалдары 
жинағын  құрастырушылар: «Нақты  құжаттың  түпнұсқа-
сы табылмады. Құжаттың қазақ тіліндегі мəтіні болуы мүм-
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 489 б.
2 Бұл да сонда, 488 б.


181
кін»,
1
 – деп жазып, зерттеушілер назарын аудартқанын орын-
ды ескертпе деп есептейміз. Арыз-талаптың түпнұсқасы та-
былмағандықтан оған қол қоюшылардың саны туралы дерек-
терде  бірізділік  байқалмайды.  Мəселен,  жоғарыда  сілтеме 
жасалынған жинақтың өзінде бір жерде: «Подлинная за под-
писками 12767 лиц»
2
, – деп көрсетілсе, екінші жерде: «Летом 
грамадное совещание было устроено в Семипалатинской обл. 
Каркаралинскому у. На Куяндинской ярмарке, здесь подпи-
сались 14,5 тысячи человек под знаменитой петицией»
3
, – де-
ген  дерек  келтіріледі.  Осы  дерек  Алаш  публицистикасы-
на  талдау  жасаған  өзге  бір  ғылыми  еңбекте: «Қарқаралы 
петициясының мəтінінде Ахаң қолтаңбасы айқын көрінеді. 
А.Байтұрсынов дайындаған саяси құзырхатқа 16500 адам қол 
қойып  Санкт-Петербургке  жіберілді»
4
, – деп  беріледі.  Үш 
түрлі дерек үш түрлі санды көрсетеді. Қайсысы шындыққа 
сай? Бұл сұраққа жауап беру болашақта тарихшылар енші-
сіндегі  міндет  деп  білеміз.  Ел  тарихында  аса  зор  мəнге  ие 
құжат туралы деректің алуан түрлі болуы оған көлеңке тү-
сіріп  қана  қоймай,  сенімсіздік  туғызады.  Сондықтан  тари-
хи  құжат  туралы  деректі  бірізділікке  түсіру  маңыздылығы 
айтпаса да түсінікті. Жалпы, ел тəуелсіздігі жолындағы ұлт-
азаттық күрес шежіресінен ойып тұрып орын алатын құны 
өте  қымбат  тарихи  жəдігеріміздің  түпнұсқасын  іздеп  та-
уып, ел мұрағаты мен музейлерінен орын сайлайтын болсақ, 
ұрпақ танымы мен тағылымын арттыруға үлес қосқан іс бо-
лар еді. Бұл да келешек зерттеушілер назарын өзіне аударуы 
тиіс. 
Тарихшылар Алаш қозғалысы тарихы осы Қоянды жəр-
меңкесіне  қатысушылар  атынан  даярланып, 12767 кісі  қол 
қойған  (бұл  жерде  жоғарыда  сілтеме  жасалынған  Алаш 
қозғалысы  құжаттары  мен  материалдары  жинағындағы 
дерекке  жүгініп  отырмыз), 1905 жылғы 26-маусым  күні 
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 488 б.
2
 Бұл да сонда, 39 б.
3
 Бұл да сонда, 52 б.
4
  Жақып  Б.  Қазақ  публицистикасының  қалыптасу,  даму  жолдары. – 
Алматы: Білім, 2004. – 166 б.


182
Санкт-Петербургке, Ресей Министрлер комитеті төрағасына 
жолданған атақты арыз-талаптан бастау алады деген қоры-
тындыға келеді. Осы ғылыми тұжырымды негізге ала оты-
рып,  біз  де  Алаш  публицистикасы  тарихын  сонымен  бай-
ланыстыра қарастырғанды дұрыс санаймыз. Бұл турасында 
«Алаш публицистикасын кезеңдеу мəселелері» атты бөлімде 
арнайы  терең  əңгіме  өрбітілетін  болғандықтан,  ол  туралы 
əңгімені осымен əзірге шектейміз.
Қаймана қазақтың көкейтесті мəселелерін паш еткен мұн-
дай  арыз-талаптар  қазақ  даласының  барлық  өңірінен  сан 
мыңдаған кісілердің қол қоюымен Патшалық Ресей өкіметіне 
тұс-тұстан  жолданғанын  назардан  тыс  қалдыруға  болмай-
ды.  Алаштың  көрнекті  көсемсөз  шебері  М.Тынышбаевтың 
1905  жылы 19-қарашада  Санкт-Петербургкте  Автономис-
тер  одағы  құрылтайында  жасаған  «Қазақтар  жəне  азаттық 
қозғалысы» атты баяндамасында: «Сын Отечества» газетінің 
11-қарашадағы санында Семей жəне Павлодар уездері қазақ-
тары мен татарлары атынан (граф Виттеге жоданған) зорлық-
зомбылыққа өткір қарсылық көрсеткен жəне үкіметтің уəде-
сіне сенімсіздік танытқан телеграмма жарияланған.
Ақмола облысы қазақтары да бастарына төнген түрлі қа-
уіп-қатерге қарамастан, табанды əрекет танытты. Осы қоз-
ғалыста қазақтар арасынан бюрократиялық тəлкекке қатты 
ұшыраған  Дала  өлкесі  тұрғындары  айрықша  күш  көрсетті, 
25 мыңнан аса кісі əртүрлі арыз-талаптарға (петицияға) қол 
қойды. Енді генерал Сухотинге барлық қазақ тұрғындарын 
Сібірге жер аударып, жансыз далаға патшалық етуден басқа 
жол қалмады. Семей облысындағы халықтық қозғалыс Же-
тісуға  жетті: «Лепсі  қазақтары  үкіметтің  сасық  саясатына 
қатты қарсылық танытып, өз талаптарын білдірген, 1000 кісі 
қол қойған арыз-талаптарын жолдары... Бұлардың арасынан, 
əсіресе,  Орал  жəне  Торғай  облысы  қазақтары  қозғалысын 
айрықша  атап  өтпеуге  болмайды  (Орыс  тілінен  аударған – 
С.Қ.
1
, – деп жазып, атақты Қоянды жəрмеңкесі арыз-тала-
бынан басқа да наразылық шаралы көп болғаннан мəлімет 
келтіреді. 
1
 Тынышбаев М. Таңдамалы. Избранное. Құрастырған жəне алғы сөзін 
жазғандар Г.Жүгенбаева    мен Б.Байгалиев. – Алматы: Арыс, 2001, – 30 б.


183
Аталған арыз-талаптардың қай-қайсысы да жер мəселесін 
бірінші орынға қойғаны дəлелдеуді қажет етпейді. Өйткені, 
қазақ халқының экономикалық жағдайы жермен тығыз бай-
ланысты  болатын: «Мал  күйлі  болса,  қазақ  та  күйлі,  өріс 
шұрайлы болса, қазақтың жүзі де шырайлы. Мұнда дала – 
малды, мал – қазақты асырайды»
1
, – деген ұстаным тіршілік 
заңына айналған еді. Осыны негізге ала отырып даярланған 
құзырхатта Қоянды жəрмеңкесіне қатысушылар Ресей Ми-
нистрлер комитеті төрағасына жер мəселесіне қатысты мы-
надай  батыл  талаптар  қояды: «...4. Дала  өлкесін  отарлау 
жүріп  жатыр.  Жыл  өткен  сайын  қазақтардың  иелігіндегі 
жер азайып келеді. Қоныс аударушылар телімдеріне деп ең 
шұрайлы жерлер мен тұщы сулы алқаптар тартып алынуда. 
Сондықтан да қазақтар иеленіп отырған жерлерді олардың 
(қазақтардың – С.Қ.) меншігі деп тану шарт.
5.  Мемлекеттік  мүлік  басқармасы  Дала  өлкесінде  қазы-
наның иелегіне жер бөлу үстінде қазақтарды өздерінің ата-
баба қыстауларынан қуып шығуда. Осы тұрғыда, жерді ме-
желеп бөлу кезінде қазақтардың өз қонысынан қуылмағаны, 
олардың  тікелей  қатысуымен  қазына  жері  мен  екі  арадағы 
қашықтық шамасын өздері анықтайтын қорғаныс белдеулері 
қалдырылуы қажет.
6. Қазіргі «Далалық Ереже» қазақ өмірінің бүгінгі қалпы-
на  сəйкес  келмейді. ...Сондықтан  да  қазақтардан  құралған 
депутаттардың  қатысуымен  «Далалық  Ереже»  өзгертілуі 
қажет».
2
Əрине,  Қарқаралыдағы  Қоянды  жəрмеңкесіне  қатысушы-
лар атынан даярланған арыз-талап мəтінін жеке тұлғалар əзір-
легені  дау  туғызбайды.  Алаштанушы  ғалым  С.Өзбекұлының 
зерттеуіне жүгінсек, Ахмет Байтұрсынов пен Жақып Ақбаев-
тың осы міндет төрінен көрінгеніне көз жетеді.
3
 «Ақаңның 50 
жылдық тойы» атты портретті очеркінде М.Əуезов те, аталған 
арыз-талапта Ахмет Байтұрсынұлының қолтаңбасы бар екенін 
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 488 б.
2
 Бұл да сонда,  – 490-491 бб.
3
 Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 28 б.


184
ашып  көрсетеді: «1905 жылы  Қарқаралыда  Ахаңмен  біраз 
оқығандар  бас  қосып,  кіндік  үкіметіне  қазақ  халқының  аты-
нан петиция жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер. 
Бірінші – жер мəселесі, қазақтың жерін алуды тоқтатып, пере-
селендерді жібермеуді сұраған. ...Петициядағы тілек қылған ірі 
мəселелер  қазақ  баласының  дертті  мəселелері  болғандықтан, 
Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер 
көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».
1
 Бұл жол-
дар  жоғарыда  біз  айтқан  «арыз-талаптардың  қай-қайсысы  да 
жер мəселесін бірінші орынға қойған» деген пікірдің негізсіз 
емес екенін дəлелдейді.
Қоныс  аударушы  орыс  шаруаларын  орналастыру  үшін 
қазақтың  ең  шұрайлы  жерлері  тартып  алынып  жатқанын 
айыптаған  шағым-арыздар  жеке  кісілер  атынан  да  хат  бо-
лып  кіндік  үкіметке  жолданғанын  мұрағат  материалдары 
айғақтайды. Мəселен, Ақмола облысы Көкшетау уезі Жылан-
ды болысының тұрғындары Мұстафа Илинов пен Байдүйсен 
Оразаевтың атынан Ресей Жер ісі жəне мемелекеттік меншік 
министріне  жолданған  жерді  əділ  бөлу  туралы  өтініш  хат 
сақталған. Хатта өтініш иелерінің сөздерін қағазға түсірген 
демалыстағы казак Алексей Портняжев екені жазылған. Со-
нымен бірге хат иелерінің өтініш сұрауымен Василий Глу-
хов деген азамат қол қойғаны айтылады.
2
Біздің  назарымызды  өзіне  ерекше  аудартқаны – хаттың 
жазылған  мезгілі.  Арыз-тілек 1901 жылдың 4-сəуірінде 
жолданғаны – оның мəн-маңызын арттыра түсетін дерек.  Де-
мек, Алаш публицистикасы кезеңі 1905 жылдың 26-маусы-
мындағы  атақты  Қоянды  жəрмеңкесіндегі  арыз-талаптан 
емес,  осы  жеке  тұлғалардың  хаттарынан  бастау  алады  де-
ген сөз. Бұл «Алаш публицистикасын кезеңдеу мəселелері» 
бөлімінде таратыла талданатын болады. 
Қос беттік шағын хатта қазақ даласындағы жер мəселе-
сінің түйткілді жайлары таратыла баяндалады. 
1
 Əуезов М. Ақаңның 50 жылдық тойы. // Ақ жол. 1923 жылдың 4-ақ-
паны.
2
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 26 б.


185
«Есте  жоқ  ерте  заманнан  пайдаланып  келе  жатқан  жер-
лерімізді  тартып  алу  кейінгі  кездері  жыл  сайынғы  əдетке 
айналды.  Бізге  беймəлім  өлкелерден  көшіп  келіп  жатқан 
қоныс  аударушы  шаруаларға  жер  кесіп  беру  салдарынан 
біздің  қоныстарымыз  тарылып  барады,  оның  есесіне  жер-
ге  деген  қажеттілігіміз  еселеп  өсу  үстінде:  жан  жəне  мал 
саны  артуда,  бұрын  тұтынып  көрмеген  қажеттіктер  тууда, 
мысалы,  қыстап  шығу  үшін  өзімізге  нан,  малымызға  жем-
шөп  дегендей,  оның  үстіне,  салықтың  түр-түрі  үздіксіз 
өсіп  барады  (орысшадан  аударып,  алғаш  пайдалануда – 
С.Қ.)», – деп басталатын шағым хатта жиырмасыншы жүз-
жылдық  табалдырығынан  жаңа  аттаған  қазақ  халқының 
ауыр күйі ашық айтылады. Бұдан əрі хат иелері жергілікті 
жұрт орыс қоныс аударушыларына жасалынып жатқан жақ-
сылықтардың бірін де көрмей отырғандығын, оларға ең құ-
нарлы жерлер бөлініп берілсе, өздері сусыз-нусыз, тау-тас-
ты  жерлерге  ығыстырылу  үстінде  екенін  айыптап: «Бізге 
қазірдің өзінде өмір сүру өте қиындап кетті, ал осы талғажау 
етіп отырған жерлерімізден айырылсақ, онда күйіміз не бо-
лады?!» – деген мұң-зарларын сыртқа тоғытады. 
Шағын  хатта  қаймана  қазақтың  қайыршылық  күйге  тү-
суінің,  жылдан-жылға  жатақтардың  (малсыздардың)  көбе-
йіп  бара  жатуының  себебін  жердің  тарылуынан  деп  дəл 
түсіндіріледі.  Отарлау  саясатының  «нəтижесін»: «Біздің 
атақонысымыз  болған  жерлерде  Максимовка (1890), Вла-
димировка (1878), Новгородок (1897) жəне  басқа  да  ауыл-
дар  (поселкелер)  пайда  болды.  Өткен 1900 жылы  жазда 
мемлекеттік іс жүргізші Уминов-Велицкий Тақыр-Жыланды 
(Жалтыр)  қыстағындағы  қоныс  аударушыларға  бөлінген 
жер маңайынан бізге қарайтын Жалтыр-Су қыстағын кесіп 
алды», – деп, деректерге жүгіне отырып, нақты дəлелдейді.
Жер мəселесіндегі осындай əділетсіздіктерді ашық айып-
таған  хат  иелері  Ресей  министрінен  өтініштерін  аяқсыз 
қалдырмай,  қамқорлық  танытуын  сұрайды: «Жоғары  мəр-
тебелім,  Сізден  қоныс  аударушыларға  алынады  деп  қарас-
тырылып  жатқан  Жалтыр-Су,  Үй-тас  қыстақтары  мен  Кү-
тем-Қыс (Бұлақ зират), Жан-тамыр, Шетен-Адыр, Өр-шие-


186
лі  (Ур-челі)  өзендерін,  Новгородтан  Қара-суға  дейінгі  ара-
лықты  біздің  меншігімізде  қалдыруға  тапсырма  беруіңізді 
сұраймыз.  Бар  өтінеріміз  осы.  Онсыз  тіпті  тарлық  көріп, 
өмір сүруіміз мүлдем қиындап кетеді», – деген жолдар де-
ректілігімен  жəне  жиырмасыншы  жүзжылдық  басындағы 
қазақтың  мүшкіл  халін  баян  етуімен  құнды.  Осынысымен 
де  публицистиканың  ауыр  жүгін  арқалап  тұрған  туынды 
деп қарастырғанымыз тарихи əділеттіліктің салтанат құруы, 
яғни  аты  аталған  азаматтардың  бастарын  бəйгеге  тіккен 
еңбектерін бағалау деп білеміз. 
Алаш  азаматтарының  жер  мəселесі  туралы  публицис-
тикалық  еңбектерін  талдағанда  көрнекті  қоғам  қайраткері 
Мұхаметжан  Тынышбаевтың 1905 жылдың 20-маусымын-
да Ресей Министрлер комитетінің төрағасына жазған хатын 
бағаламау қиянат болар еді. Санкт-Петербург қаласындағы 
І Александр атындағы Теміржол транспорты институтының 
студенті қазақ халқының басына түскен ауыртпалықты ашы-
на жазып, метрополия тарапынан зорлық-зомбылықтың тоқ-
татылуын  талап  етеді.  Жас  қайраткер  көтерген  қазақтың 
көкейтесті мəселелерінің ішіндегі ең соқталысы – жер дауы. 
Бұл жөнінде заңсыздықтың етек жайғанын былай дəлелдеуге 
тырысады: «Уақытша ереженің» (1868 жылы қабылданған қа-
зақ  даласын  басқару  туралы  заңдық  күші  бар  құжаттың – 
С.Қ.) 125 жəне 129-тармақтары  бойынша  қазақтардан  бос 
жатқан артық жерлерді ғана алуға болады. Құрылыс салынып 
жатқан, бау-бақша егілген, басқа да игерілген жерлер жеке 
меншікке  теңестірілген.  Ал,  шын  мəнінде,  бізден  ең  тəуір 
жерлер: қыстаулар, жайлаулар, шабындықтар, құрылыс жəне 
бау-бақша орындары тартып алынуда. Қазақтардың мұндай 
жерлері артық жəне бос жатыр деп айтуға ауыз бармайды. 
Қазір ондай жерлер басқаларға бөлініп берілуде, соның сал-
дарынан  жерден  тапшылық  көрген  қазақтар  оған  көнгісі 
келмей, қарсылық танытуда, нəтижесінде бітпейтін дау-да-
май, ұрыс-керіс, тіпті өлім-шығын орын алуда» (Орысшадан 
алғаш аударылып пайдалануда – С.Қ.).
1
1
  «Қазақ»  газеті.  Құрастырушылар:  Ү.Сұбханбердина,  С.Дəуітов, 
Қ.Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 20 б.


187
Көсемсөз қоғамдық маңызды мəселені көтеріп қана қой-
май,  оны  шешудің  жолдарын  іздестіруімен  де  бағаланаты-
нын  ескерсек,  М.Тынышбаевтың  эпистолярлық  публицис-
тикасында  бұл  жай  қалыс  қалмаған: «Біз,  қазақтар,  есте 
жоқ  ерте  замандардан  өз  жерімізді  иеленіп  келеміз.  Орыс 
қоластына  өз  еркімізбен,  еш  қантөгусіз  өткенде  ең  құнды 
жерімізден  айырылу  үшін,  əділетсіздік  пен  зорлық-зомбы-
лықты көру үшін емес, арамызда тыныштық жəне бейбіт за-
ман  орнасын,  қысымшылықтан  қорғасын  деп  қамдандық. 
Сондықтан да тарихи əділеттілік қыстаулар мен жайылым-
дарды, шабындықтарды келімсектерге беретін аудан шека-
расынан  шығарып  тастауды  талап  етеді.  Егер  бос  жатқан 
артық жерді қоныс аударушылар қажетіне беру лажсыз ке-
рек  болса,  ондай  жерлер  қазақ  қоғамының  шешімімен,  тек 
солардың келісімімен жайлаулардан бөлінуі тиіс»
1
, – деген 
жолдар  ХХ
 
ғасыр  басында  қазақ  даласында  аса  күрделене 
түскен жер мəселесін шешудің нақты тетіктерін ұсынуымен 
құнды. 
Орысшадан  қазақ  тіліне  алғаш  аударып,  тұңғыш  ғылы-
ми  айналымға  біз  енгізіп  отырған  М.Тынышбаевтың  эпис-
толярлық жанрдағы тырнақалды туындысы тарихи шындық-
ты жайып салуымен ерекшеленеді. Жиырма бес жасар сту-
денттің  қалың  елі  қазағының  қамын  жеп,  батыл  қадам  жа-
сауы – Министрлер  комитетінің  төрағасына  ұлт  намысын 
жыртып, хат жолдауы тарихи ерлік деп бағалануы тиіс. 
Тілге тиек етіп отырған тарихи хатында публицист жаңа 
жүзжылдық басында «қазақтың тірі я өлі болу мəселесінің» 
соншалықты ушыға түсуінің түпкі себебін дөп басып тани 
білген.  Ол – метрополияның  отарлау  саясатын  заңдастыру 
мақсатында 1868 жылы 21-қазанда  патша  өкіметі  бекіткен 
«Орал,  Торғай,  Ақмола  жəне  Семей  облыстарын  басқару 
жөніндегі Уақытша Ереже». 
Алаш  ардақтысы  Міржақып  Дулатов  кейіннен  «Тарихи 
жыл» атты маңызы айрықша мақаласында: «Қазақ халқының 
өткен дəуіріне айналып қарасақ түрлі тарихи зор уақиғалар, 
өзгерістерді бастан кешіргенін көреміз: 
1
 Бұл да сонда, – 21 б.


188
– Қазақ-қалмақтың жауласқан заманы;
– Ақтабан шұбырынды;
– Россияға бағынған шағымыз;
– Кенесары заманы;
– Қоқан заманы;
– 1868 жылғы жаңа заңның шығуы»,
1
 – деп жазып, осы 
«Уақытша Ереженің» күшіне енуін «Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама» заманымен тең қоюы бекер емес-тін. Ұлы 
империялық  кеселге  шалдыққан  Ресей  патшалығы  осы 
заңды негізге ала отырып, орыс шаруаларының қазақ дала-
сына жаппай қоныс аударуын қолға алды. Бұл ұшы-қиырсыз 
қазақ  жерін  империяның  географиялық  құрамдас  бөлігіне 
айналдыруды көздеген патшалық əкімшілік үшін аспаннан 
іздегені  жерден  табылғандай  жол  болды.  Мұны  шұғыл  əрі 
ауқымды жүзеге асыру арқылы патша үкіметі мынадай үш 
түрлі пайда тапты: 
Біріншіден, «қара шаруа переселендерін сыртқа көбірек 
жіберіп,  Орталық  Ресейдегі  жер  дағдарысынан  құтылмақ 
болды».
2
 
Екіншіден,  ішкі  Ресейдегі  етек  алып  бара  жатқан  шар-
уалар  көтерілісін  осылай  тұншықтырып,  елдегі  саяси  ты-
ныштықты  қамтамасыз  ету  арқылы  отандастары  алдында 
жоғалып бара жатқан абырой-беделін қайтарып, жақсыатты 
көрініп қалу үшін де ұтымды саясат еді. 
Үшіншіден,  жəне  бұл  ең  негізгісі,  орыс  шаруаларының 
қоластындағы  ел  территориясына  кең  жайыла  орналасып, 
жергілікті жұртты тықсыра қоян-қолтық аралас отыруы отар-
лау, яғни орыстандыру саясатын батыл əрі қалауынша емін-
еркін  жүргізуге  қолайлы  жағдай  туғызады  деген  мысық 
тілеуі күткендегіден да артық «жемісін» бере бастады. Оған 
мынадай тарихи мəліметтер айқын дəлел. «1917 жылға де-
йін Қазақстанның 45 млн. гектарға жуық жер көлемі қазақ-
тардың  иелігінен  казак-орыс  əскерінің,  қоныс  аударушы 
1
  «Қазақ»  газеті.  Құрастырушылар:  Сұбханбердина  Ү.,  Дəуітов  С., 
Сахов Қ. – Алматы: «Қазақ   энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 
356 б.
2
 Аспандиярұлы С. Қазақ тарихының очерктері. – Алматы: Қазақстан, 
1932,  – 21 б.


189
орыс  жəне  басқа  еуропалық  шаруалардың,  сондай-ақ,  пат-
шалық мемлекет мекемелерінің пайдалануына өткен».
1
 Бұл 
кесіп алынған жерлер топырағы ең құнарлы, сулы да нулы, 
шұрайлы аймақтар екендігі бесенеден белгілі. 
Қара шекпенділердің қазақ даласына сеңдей тоғытылуы, 
əсіресе,  ХХ  ғасыр  басында  өте  жоғары  қарқын  алды.  Мы-
салы, 1896-1905 жылдар аралығында Ақмола, Торғай, Орал 
жəне  Семей  облыстарына  ішкі  Ресейден 294296 шаруа 
қоныс аударса, ол 1906-1910 жылдары 770 мың жанға өскен.
2
 
Əрине, бұл жағдай қазақ облыстары тұрғындарының ұлттық 
құрамына  кері  əсерін  тигізгені  даусыз.  Тарихи  дерекке 
жүгінсек, 1905 жылдан 1910 жылға шейін қоныс аударушы 
келімсіктердің қатары екі еседен артық өссе, оның есесіне, 
жергілікті ұлттың үлес салмағы 12,9 пайызға кеміген.
3
Алаш  қайраткерлерінің  публицистикалық  мұралары  пат-
шалық Ресей өкіметінің қазақ даласына мақсатты түрде жүр-
гізіп  отырған  осындай  отарлау  саясаты  зардаптарын  ег-
жей-тегжейлі  талдап,  жеріне  жеткізе  жазып,  əшкерелеуімен 
бағалы. Жоғарыда халық наразылығының нақты көрінісі ре-
тінде  метрополияның  зорлық-зомбылығына  қарсы  жолдан-
ған  арыз-талаптар  көптігі  туралы  мəлімет  келтірген  М.Ты-
нышбаевтың 1905 жылғы 15-қарашада  Санкт-Петербургте 
ұйымдастырылған  Автономистер  құрылтайында  жасаған 
«Қазақтар  жəне  азаттақ  қозғалысы»  атты  баяндамасынан 
үзінді  келтірген  болатынбыз.  Эпистолярлық  публицисти-
ка  үлгісіндегі  осы  тарихи  еңбегінде  Алаш  қайраткері  отар-
лау  саясатының  ойранына  айналған  қазақ  даласы  мүшкіл 
жағдайының  себеп-салдарын  айқара  ашып  көрсетеді. «Одақ 
мүшелеріне (бұл жерде əңгіме Автономистер одағы туралы – 
С.Қ.) Ресейде əлі таныла қоймаған халық өкілдерімен жұмыс 
істейтін  болғандықтан  қазақтар  туралы,  оларды  басқару 
жүйесі туралы, қазақ даласындағы жағдайдың басты себебіне 
айналған саяси, рухани, діни жəне экономикалық қаналу ту-
1
 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995, - 50 б.
2
 Тұрсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан. 
– Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР, 1950,  – 34 с.
3
 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995.


190
ралы мəлімет бере кетуді дұрыс санаймын»,
1
 – деп бастала-
тын  баяндамасында  публицист  ХХ  ғасыр  басындағы  Алаш 
баласы басындағы тауқыметті тарата талдайды. 
Осы жерде аталған Автономистер одағы туралы қысқаша 
мəлімет келтіре кеткенді дұрыс көреміз. Бұл қоғамдық-саяси 
ұйым Ресей империясы құрамындағы ұлттар мен ұлыстардың 
еркіндігін  қамтамасыз  ету  үшін  поляк  ғалымы  Б.А.Бодуэн 
де Куртенэнің ұйымдастыруымен ХХ ғасыр басында, нақты 
айтсақ, 1905 жылдың қарашасында құрылған. Одақтың құ-
рылуы Ресей империясы қоластындағы халықтардың еркін-
дік  жолындағы  күресте  бірігуіне  ықпал  еткен  ірі  саяси 
оқиға  болды.  Жалпыресейлік  мұсылман  қозғалысы  атынан 
А.Ибраимов,  А.Топчибашев,  С.Жантөрин  секілді  қайрат-
керлер  қатысқан. 1905 жылдың 19-қарашасында  ұйымдас-
тырылған  жəне  М.Тынышбаев  баяндама  жасаған  Автоно-
мистер құрылтайына поляк, əзербайжан, армян, грузин, бе-
лорус, украин, еврей, латыш, татар, қазақ халықтары атынан 
83 өкіл қатысқан. Құрылтай Ресей империясы халықтарының 
барлығы  бірдей  Республика  негізінде  мемлекет  құруға  қа-
тысуы тиіс деген қаулы қабылдаған. Олар Ресей əр ұлттың 
дербес автономиялық басқаруын қамтамасыз ететін федера-
циялық мемлекет болуы қажет деп санаған. Сол үшін де «ав-
тономистер» саяси қуғын-сүргінге ұшыраған.
2
М.Тынышбаевтың  баяндамасы  танымдық  маңызы  өте 
жоғары  тарихи  деректерге  негізделуімен  жəне  қара  қылды 
қақ  жарған  əділ  əрі  өткір  тілде  жазылуымен  оқушысын 
еліктіріп, елітіп əкетеді. Мұны публицистің шеберлік қыры 
ретінде қарастыруымызға əбден болады. Сөзіміз құрғақ бол-
мауы үшін баяндамадан тағы үзінді келтірсек, оған көзіңіз 
анық жетеді: «Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай, Орал, Сыр-
дария,  Каспийдің  бір  бөлігі,  Самарқан  жəне  Ферғана  об-
лыстары  мен  Əмудария  бөлімін,  Астрахан  губерниясының 
қазақ-қайсақ  аталатын  Бөкей  ордасын  мекендейтін  қазақ 
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 47 б.
2
 Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопе-
лиясының Бас редакциясы.


191
көшпенділері 1897 жылғы жалпыхалықтық санақ бойынша 
4 100 000 жан деп есептеліп, Ресейде 6-орынды иемденеді 
(1-великоростар – 55,7 млн., 2-малоростар – 22,5 млн., 3-по-
ляктар – 8 млн., 4-беларустар – 5,9 млн., 5-еврейлер – 5 млн.).
Əрине,  бұл  сан  шындыққа  толық  сəйкес  емес:  кейінгі 
уақытқа дейін қазақтарда метірке деген болмаған, ол қазір 
де  көп  жерде  жоқ.  Санақ  кезінде  қазақтар  біржола  босат-
қанына  қарамастан  үкімет  əскери  борышкер  етуге  əзірлік 
жасауда  деп  қорқып,  балаларын  жасырып  қалды.  Торғай 
облысы əкімшілігінің бұрынғы кеңесшісі И.Крафт қазақтар 
6 миллион деп санайды. Қазақтардың тарихы мен тұрмыс-
тіршілігінің  білгірі  саналатын  Я.Я.Полферов 5,5 милли-
он  деп  есептейді,  меніңше,  осы  сан  шындыққа  жанаса-
ды  (орысшадан  аударған – С.Қ.)»,
1
 – деген  жолдар  тарихи 
деректілігімен құнды.
Тарихи баяндамасында Тынышбаев қазақ халқы үшін ең 
маңызды  мəселе,  сөз  жоқ,  жер  дауы  екенін: «Жер  мəселе-
сі – қазақтар үшін, сөз жоқ, ең маңыздысы», – деп жеткізіп, 
Алаш  жерінің  талан-таражға  түсіп  жатқандығы  туралы 
шындықты  құрылтайға  қатысушылар  алдына  жайып  сала-
ды.  Орыс  тіліне  жетік  публицист  стиліне  тұщына  қану 
үшін  қазақшаға  аудармай  үзінді  келтірейік: «Лет 20 тому 
назад  местные  администраторы-генералы,  по  выражению 
Я.Я.Полферова, «кликнули  клич»,  и  доклады  о  колониза-
ции  киргизских  (казахских – С.Қ.)  степей  стали  поступать 
один за другим. По ходатайству губернаторов переселенцам 
предоставляли всякого рода льготы, чтобы только они пона-
ехали  и  заняли  богатый,  сказочный  край;  и  вскоре  пересе-
ленческие обозы в безчисленном количестве потянулись по 
степным дорогам, разыскивая удобные места для поселений. 
С  проведением  Сибирской  железной  дороги  волна  пересе-
ленного  движения  увеличилась.  Правительство  отбирает 
все новые и новые участки, туземное населения фактически 
лишается удобных земель, годных для пастбищ и земледе-
лия. Киргизы жмутся друг к другу; из-за земель происходят 
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004,  – 47 б.


192
«споры», драки и убийства. Киргизов обвиняют, что они от 
скотоводства не переходят к земледелию, но в предоставляе-
мых в их распоряжение голых степях и песках не могут жить 
не только люди, но и звери. Теперь районы пастбищ силь-
но  сократились,  благодаря  чему  киргизы  уже  принуждены 
оставить привычку частых передвижений для поправления 
скоты. Леса, под защитой которых зимою паслись стада на 
подножном  корму,  уже  отняты.  Собирать  сенные  запасы 
на  зиму  неоткуда.  Снежные  бураны  в  степи,  гололедица  и 
падеж скота стали учащаться, и статистика прогрессивного 
падения  скотоводческого  хозяйства  киргизов  прямо-таки 
невероятна.  Земледелием  заниматься  больше  почти  негде. 
Отсюда понятно, почему теперь киргизский народ идет та-
ким  быстрым  темпом  по  наклонный  поголовного  обнища-
ния и принужден повторить в скором времени историю пов-
семестных голодовок и вымирания не менее несчастных со-
седей – башкир.
...Вот в общих и кратких чертах политика правительства, 
приведшая весь, киргизский народ в состояние поголовного 
бесправного степного пролетариата!».
1
ХХ ғасыр басында жер үшін күрес не себепті «қазақтың 
өлі я тірі болу мəселесіне» айналғанына М.Тынышбаев ба-
яндамасында  толық  жауап  беріліп  тұрғандықтан  да  одан 
мейлінше  молырақ  үзінді  келтіруге  тырыстық.  Автордың 
мəселені  құрғақ  баяндамай,  деректерге  жан  бітіре  сөйлеуі, 
мəселенің мəнісін терең зерттеп, жан-жақты аша білуі, сезім 
қылын шертетін сөздерді ұтымды пайдаланып, авторлық по-
зициясын айқын білдіруімен бірге өз ойын көпшілік пікіріне 
айналдыра алу қабілеті көсемсөз өнерінің хас шебері екенін 
көрсетеді. Ең бастысы, тұла бойында тұнған талантын туған 
елінің қамы үшін еңсере пайдаланып, «басқа пəле – тілден» 
деп тосылып қалмай, батыл ойын ортаға салуға саналы түрде 
баруы көсемдік табиғатын танытады. 
Жиырмасыншы  жүзжылдық  елең-алаңында  Алаш  пуб-
лицистері жер мəселесін қоғам талқысына салудың бар мүм-
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004,  – 50-51 бб.


193
кіндігін  сарқа  пайдаланғанына  кəрі  тарих  куə.  Ел  сөзін 
сөйлеп, ұлт сойылын соғатын баспасөз, қазіргі тілмен айт-
қанда, бұқаралық ақпарат құралы əлі шыға қоймаған заман-
да  ол  оңай  болмағанын  бүгінде  екінің  бірі  біле  бермейді. 
Қалың елі қазағына сөзін жеткізер ақпарат құралы жоқ деп 
қол қусырып қарап отырмай, қазақ зиялысы шарқ ұрып жол 
іздеп,  түрлі  амал-əрекет  қамында  болғаны  ұлт  тарихында 
бағаланбақ тұрмақ, айтылмай келеді. Абай ақынның əйгілі 
«Қара  сөздері»  сондай  ізденістің  жемісі  екеніне  ешқандай 
шүбəміз жоқ. Ұлт ұстазы «Бірінші сөзінде»: «... енді қалған 
өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз?» деп өзіне-өзі сұрақ 
қойып, оған мынадай жауап берген жоқ па еді: «Ақыры ой-
ладым: осы ойыма келген нəрселерді қағазға жаза берейін, 
ақ  қағаз  бен  қара  сияны  ермек  қылайын,  кімде-кім  ішінен 
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, 
өз сөзім өзіміздікі дедім де, ақыры осыған байландым, енді 
мұнан  басқа  ешбір  жұмысым  жоқ».
1
  Осы  жолдарды  оқып 
отырғанда,  егер  Абай  заманында  «Айқап»  не  «Қазақ»  ба-
сылымы  шығып  тұрған  болса,  осы  сөздер  сөзсіз  солардың 
бетінен  ойып  тұрып  орын  алып,  бұдан  да  басқа  қаншама 
публицистикалық  құнды  мұра  еншілейтін  едік-ау  деген  ой 
туғанын жасыра алмаймыз. Бұдан мынадай түйін түюге бо-
лады: Абайдың «Қара сөздері» жалпыұлттық баспасөзі пай-
да бола қоймаған қазақ қоғамы үшін ой салудың дара амалы 
деп қарастыруға зерттеушілер баса назар аударса дейміз. 
Жоғарыда  əңгіме  өзегі  болған  арыз-талаптар,  жеке  кісі-
лердің  шағым  хаттары  мен  түрлі  жиындарда  көпшілік 
талқысына  салынған  баяндама,  ой  толғаулар «...кезіндегі 
əлеуметке  керек  іске  мұрындық  болып  істеу  ыждағатымен 
айтылған» (А.Байтұрсынов)
2
 көсемсөз үлгісі деп қарастыр-
ған тарихи əділеттік болар еді. 
Осы  орайда,  тəуелсіз  еліміздің  мемлекеттік  «Мəдени 
мұра» бағдарламасы аясында қолымыз жетіп жатқан мұра-
ғат материалдарының ішінен мына бір дерек сонылығымен 
назарымызды  өзіне  аударды.  Алаш  қайраткерлері  отарлық 
1
 Құнанбаев Абай. Қара сөздері. Алматы: Көшпенділер, 2007, – 3-4 бб.
2
 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 223 б.


194
езгіден қазақ халқын азат ету үшін, соның аясында жылдан-
жылға  күрделене  түскен  жер  мəселесін  шешу  мақсатында 
1905-1906 жылдардың өзінде саяси партия құрып күресу тал-
пынысын  жасағанын  мұрағат  материалдары  растайды.  Татар-
дың «Əл-ғаср-ул-жадид» басылымының 1906 жылғы бірінші 
санында  жарық  көрген  «Орал  қаласында»  атты  мақаланы 
«Алаш  қозғалысы  құжаттар  мен  материалдар  жинағын» 
құрастырушылар  алғаш  рет  татар  тілінен  қазақшаға  ауда-
рып, жариялаған. «Орал қаласында тұрушы қазақ халқының 
қадірменді адамдары өзара бас қосып, бірнеше жиналыстар 
өткізіп, көп пікірлесіп, бүкіл Руссия халқы мүддесін қорғаған 
«Конституциялық  демократиялық  партия»  секілді  ұйым 
құруға шешім қабылдады»
1
, – деп басталатын мақалада ол 
ұйымның  «Қазақ  конституциялық  демократиялық  партия-
сы» деп аталғаны туралы ақпарат беріліп, оқырманға партия 
бағдарламасы  ұсынылады.  Бағдарлама: «І.  Азаматтардың 
негізгі еркіндіктері», «ІІ. Патшалық қалпы», «ІІІ. Халықтың 
өзін-өзі билеуі», «ІV. Сот», «V. Дін», «VІ, Жер», «VІІ. Алым-
салықтар», «VІІІ. Жұмысшылар», «ІХ. Мемлекеттер» атты 9 
бөлімнен жəне «Партия жарғысынан» тұрады. 
Мақалада  «Қазақ  конституциялық  демократиялық  пар-
тиясының  мүшелері  мыналар»  деген  қорытынды  жасалып, 
төмендегі кісілердің аттары көрсетіледі: «Сұлтан Бақытжан 
Қаратаев,  Ғабидолла  Бердиев,  Мірəлі  Бақтыгереев,  Ихсан 
Тоқбердиев,  Халел  Досмұхамедов,  Нұрəлі  Ипмағамбетов, 
Мұхамедəлі Мұқанов, Ғабдолкəрім Рахымбердиев, Ізбасаров 
Үмітəлі Дүйсембин».
2
Осы  орайда,  мақала  мəтінін  жариялаған  жинақтың  «Ес-
кертпелер» бөлімінде құрастырушылар келтірген мына мə-
ліметтер  де  қызығушылығымызды  арттырды: «Конститу-
циялық-демократиялық  (кадеттер)  партиясы («Народная 
свобода» партиясы деп те аталған) 1905 жылдың қазанында 
құрылып, 1917 жылға  дейін  Ресей  империясындағы  ең  не-
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 55 б.
2
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 61 б.


195
гізгі  партиялардың  бірі  болған.  Партияның  көрнекті  өкіл-
дері П.Н.Милюков, А.И.Шингаров, В.Д.Набоков т.б. «Речь» 
газеті  мен  «Вестник  партии  народной  свободы»  журна-
лын  шығарып  тұрған, – дей  келіп,  құрастырушылар  тө-
мендегі  құнды  деректерді  ғылыми  айналымға  еңгізеді. – 1905 
жылы  желтоқсанда  Қазақстанның  либералды-демократия-
лық  қозғалысының  өкілдері  Ə.Бөкейханов,  Б.Қаратаев, 
Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов жəне т.б. Орал қаласында өткен 
бес облыстық делегаттық съезінде «Қазақ конституциялық-
демократиялық  партиясын  құру»  əрекетін  жасайды.  Ə.Бө-
кейханов 1906 жылы қаңтар айындағы Бүкілресейлік съез-
де кадет партиясы ОК-нің мүшелігіне сайланған. Конститу-
циялық-демократиялық  шеңберде  қазақ  ұлтына  автономия 
алуды үміт артқан Ə.Бөкейханов кадет партиясы мен қазақ 
интеллигенция  өкілдерінің  саяси-идеялық  алшақтығын  тү-
сінгеннен кейін 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін партия 
қатарынан шыққан».
1
Алаш  арысы  Ə.Бөкейхановтың  «Қазақ»  газетінде  жа-
рияланған  «Мен  кадет  партиясынан  неге  шықтым?»  де-
ген  мақаласына  жүгінетін  болсақ,  оның  кадет  партиясы 
мүшелігінен  бас  тартуына  түрткі  болған  үш  себептің  бірі 
жер мəселесі екендігіне көз жеткіземіз: «Кадет партиясы жер 
адамға  меншікті  болып  берілсе  де  жөн  дейді.  Біздің  қазақ 
жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа са-
тып, бір аз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді»,
2
 – де-
ген жолдар соған нақты дəлел. Мақаланы оқи отырып, кадет 
партиясы  жер  туралы  мұндай  шешімге  кейіннен  келгенін, 
ал  басында  басқаша  болғанын  бағамдау  қиын  емес.  Алаш 
көсемінің: «... жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен 
сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны 
мен июльдегі жалпықазақ съезінде айтқан едім», – деп жа-
зуы  соны  меңзейді.  Олай  десек,  Алаш  арысының  кадет 
партиясына  мүше  болуының  жəне  «Қазақ  коституциялық-
демократиялық  партиясын»  құруға  талаптануының  басты 
1
 Бұл да сонда,  – 494 б.
2
 Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопе-
лиясының Бас редакциясы,  1998,  – 268 б.


196
себебінің бірі қазақ жерін қайткенде де отарлық озбырлық-
тан  қорғап  қалу  мақсатынан  туындағаны  талас  туғызбауы 
тиіс. Жоғарыда тілге тиек еткен татардың «Əл-ғаср-уа-жəдид» 
басылымында жарық көрген «Орал қаласында» атты мақала-
да жария етілген «Қазақ конституциялық-демократиялық пар-
тиясы»  бағдарламасы  сөзіміздің  жаны  бар  екенін  айғақтай 
түседі. Аталған бағдарламаның «Жер» деп аталатын алтын-
шы бөлімінде төмендегідей талаптар алға тартылады: 
«Қазақ халқының жері мен суы мəңгілік өздерінікі жəне 
оған  ешкімнің  ортақтығы  жоқ  делініп  негізгі  заңға  жазыл-
сын.
Қазақтардың жері қазына жері жəне ол жерге орыс мұжық-
тары орналассын деген заңдар бұзылып, жоқ қылынсын.
Қазақтардың жерін өздерінің рұқсатынсыз орыстар мəң-
гілік  ала  алмайтындай  болсын.  Орыс  мұжықтарының  жері 
өздерінің отырған жерлерінде кеңейтілсін».
1
Алаш публицистерінің жер мəселесіне байланысты көп-
шілік талқысына салып, пікірталас барысында іріктеліп, сұ-
рыпталған  ой-тұжырымдары  осы  талаптармен  түйінделеді 
десек, қателікке жол бермейміз. 
Рас, қазақтың ұлан-байтақ даласын сақтап қалу жолын із-
дегенде  Алаш  публицистерінің  арасында  пікір  қиғаштығына 
ұрынған кездері де жоқ емес. Дəл осы мəселеде Алаштың кө-
зінің ағы мен қарасындай болған қос басылым – «Айқап» жур-
налы мен «Қазақ» газеті арасында пікірталас көрігі қызғанын 
жасыруға болмайды. Екеуі екі жолды нұсқап, насихат еткеніне 
«Айқап»  пен  «Қазақ»  материалдары  жинағына  енген  жария-
ланымдар арқылы көз жеткізу қиын емес. Оны «Ұлттық сана 
ұйтқысы» атты монографиямыздың «Айқап» пен «Қазақ» неге 
айтысқан?» бөлімінде егжей-тегжейлі талдап, мейлінше толық 
ашып,  тиісті  бағасын  бергендіктен,  бұл  жерде  зерттелінген 
жайтқа қайта соғуды артық санап, аталған еңбегімізге сілтеме 
жасаумен шектелеміз.
2
1
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004. – 58-59 бб.
2
 Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000, 
– 114-137 бб.


197
Бұл  ретте  мына  мəселеге  айрықша  мəн  берген  дұрыс. 
Кеңес  дəуірінде  кейбір  зерттеушілер  «Айқап»  пен  «Қазақ» 
арасындағы жер туралы пікірталасты олардың таптық мүддені 
көздеген ұстанымдарының салдары деп қарастырғанын ес-
тен  шығаруға  болмады. «Жер  мəселесі  жөнінде  «Айқап» 
журналының  маңында  болғандар  татарлардың  əсерімен 
жерге отырықшы болуды қуаттады. «Қазақ» газеті маңында 
болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі 
пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың 
пікірі,  мүддесі  еді.  Мұның  біріншісі – қазақтың  кедейлері 
мен жарлы-жақыбайларының пікір, мүддесі еді де, екіншісі 
қазақтың ірі байларының пікір, мүддесі еді»,
1
 – деген ғылыми 
тұжырым – соның нақты дəлелі.
Осы орайда, шындықтан ауылы алыс мұндай жаңсақ көз-
қарас  қайдан  туғанының  төркінін  дөп  басып  танып  алмай, 
кеңес  кезіндегі  зерттеушілерді  беталды  қаралаудан  аулақ 
болған абзал деген ойымызды ортаға салғанды жөн көреміз. 
Біздіңше, жоғарыда келтірген ғылыми тұжырымды айтқанда 
зерттеуші  мынадай  мақсат  көздеген  болуы  тиіс.  Елуінші 
жылдардың басында кеңестік тоталитарлық қоғамды билеп-
төстеген үстемшіл орталықтың өктем саясаты жел үрлеген 
өрттей  өршіп  тұрған  уақытта  «алашордашыл,  байшыл, 
ұлтшыл»  деген  «айып»  арқалап,  қуғын-сүргін  жалынында 
қақталған «Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете 
түсінген  ғалым  еріксіз  басқаша  амал-əрекетке  барған.  Ол 
кезінде  көздің  ағы  мен  қарасындай  болған  Алаштың  бір 
газет,  бір  журналының  алғашқысын  қорғап  қалу  мүмкін 
еместігіне  көзі  жеткеннен  кейін,  тым  болмаса,  екіншісін 
аман  сақтау  жолын  іздеген.  Сол  мақсатын  жүзеге  асыру 
үшін екі басылым арасындағы пікірталасқа жүгінген, ол ойы 
жемісін  де  бермей  қалмаған.  Нəтижесінде, «Айқап»  жур-
налы «ақталып», кеңес дəуірі кезінде қазақ баспасөзі тари-
хынан  сылынып  алынып  тасталынбай,  ғылыми  айналымда 
болғанына кəрі тарих куə. «Айқап» журналы Алаш арыста-
ры  есімдерін  атауға  қатаң  тыйым  салынған  кездің  өзінде 
1
  Кенжебаев  Б.  Қазақ  баспасөзінің  тарихынан.  Алматы:  Қазмембас, 
1950,  – 20 б.


198
азды-көпті зерттеліп, тіпті ғылыми диссертациялық жұмыс 
объектісі  болғаны – соның  нақты  дəлелі.  Ендеше,  осы-
ның  өзі  кезінде  ғалымның  үлкен  жеңісі,  қазақ  журналис-
тика  ғылымының  айтулы  жетістігі  болған  деп  жоғары  ба-
ғалауға  əбден  лайық.  Алаш  азаматтары  ақталғанға  дейін 
ол  журнал  Алаш  рухын  кейінгі  ұрпаққа  жалғастырып  кел-
ген  бірден-бір  алтын  көпір  болса,  дау  жоқ,  ол  зерттеуші 
Б.Кенжебаев еңбегінің жемісі.
Алаш азаматтары түгел ақталып, олардың қаймана қазақ 
қамын  жеп  жазған  асыл  мұралары  шаң  қапқан  мұрағат 
қоймаларынан  қотарылып  алынып,  жинақ  болып  жарық 
көріп,  ұрпақ  көз  қуанышы,  жан  қуатына  айнала  бастаған 
бүгінгі  нұрлы  заманда  тарихи  шындық  салтанат  құруы  ке-
рек.  Ол  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеті  арасындағы 
жер  мəселесі  туралы  пікірталасқа  да  қатысты.  Екі  басы-
лым  жарияланымдары  мен  мұрағат  материалдарына  жүгі-
нетін  болсақ,  бұл  екеуінің  төңірегіндегілердің  жер  тура-
лы  көзқарастарында  ешқандай  таптық  ұстанымдарының 
табы  байқалмайды.  Басқаша  айтқанда, «Айқап»  қазақтың 
кедейлері  мен  жарлы-жақыбайларының,  ал  «Қазақ»  ірі 
байлардың  мүддесін  көздемегені  айдан  анық.  Екеуінің  де 
«бас  жазушыларының»  ойлаған  мақсаттары  бір  болды.  Ол 
қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің талан-таражынан 
қорғап қалу қамы болатын. Бірақ, оған қол жеткізу үшін екі 
жолды таңдапты. «Айқап» журналының басы-қасындағылар 
(М.Сералин,  Ж.Сейдалин,  Б.Қаратаев  т.б.)  патшалық  Ре-
сей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясаты мен толассыз 
қоныс  аударушылар  легінің  екпінінен  қорқып,  қазақ  жерін 
сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы келімсектер сияқты 
15  десятина  жер  кестіріп  алып,  отырықшылық  тұрмысқа 
көшу деп санап, соны уағыздап, бұл істе өздері де үлгі көр-
сетті.
Ал  «Қазақ»  газеті  төңірегіне  топтасқан  Алаш  азаматта-
ры  бұл  мəселеге  басқаша  қарады.  Олар  отырықшы  болуға 
біржола қарсы шығып, таптық мақсат көздеген жоқ. Орталық 
əкімшіліктің айлакерлікпен ойлап тауып, əдіскерлікпен қа-
зақ  даласына  енгізген  отырықшы  норманың  отаршыл  маз-


199
мұнын ашып көрсетіп, аңқау елді арбап-алдап, қақпанға тү-
сіруді көздеген құйтырқы саясатты əшкерелеуге күш салды. 
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталаста 
антогонистік қайшылық жоқ екенін архивтен алынған мына 
материал да айғақтайды. «Айқап» журналының жер мəселесі 
туралы  ұстанымын  қалыптастыруда  ерекше  ықпал  еткен 
ірі  қоғам  қайраткері  Бақытжан  Қаратаевтың 1910 жылдың 
30-қыркүйегінде  Алаш  ардақтысы  Əлихан  Бөкейхановқа 
жазған  хатының  көшірмесі  табылды.  Ол  Жетісу  облысы 
басқармасының аудармашысы Барлыбек Сыртановтан 1910 
жылы тінту кезінде тартып алынған құжаттар арасында сақ-
талған. Орыс тілінде жазылған хат: «Қадірлі Əлихан! Орал 
қаласында сенімен жолыға алмай қалғаныма қатты өкінемін. 
Сөйтсем, сен мұнда екі рет болыпсың, екеуінде де мен қырға 
шығып  кетіппін.  Өте  өкінішті» (Аударған – С.Қ.)
1
, – деп 
басталады.  Бұған  қарап,  екі  қайраткер  арасында  ешқандай 
араздық  жоқ,  керісінше,  достық  ықылас  бар  екенін  байқау 
қиын емес. 
Жер мəселесі туралы кеңес сұраған хатында Б.Қаратаев 
жеке басының шаруасын емес, қалың елі қазағының басын-
дағы ауыр жағдайды деректерге жүгіне отырып жария етеді: 
«Қоныстандырушы мекеме Орал уезіне қарасты жеті болыс-
тан қоныс аударушылар үшін 47 жер телімін алып үлгерді. Ол 
алынған жерлер – ең жақсы қоныстар, олардың ішінде тұрғын 
үйлері бар қыстаулар да бұзылып алынуда. Кей қыстаулар 
бұйрықпен  бұзылып  жатса,  кейбіреулері  төңірегіндегі  егін 
егетін, шөп шабатын жерлерді қоныс аударушыларға беріп 
қойғандықтан қолайсыз күйге ұшырап, қирау үстінде. Орал 
жəне Темір уездері қазақтары қоныстандырушы мекеменің 
барлық талаптарына, барлық зұлымдықтарына бас шұлғып 
көніп отыр. Шағымданатын жан жоқ, шағымданған күннің 
өзінде  ол  қанағаттандырылмайды.  Ол  аз  болса,  қазақтың 
«бас  адамдары»  орыс  үкіметі  өкілдерінің  ұйғарымымен 
салтанатты  түрде  сатылатын  басқарма,  ауыл  басшысы,  ха-
лық  биі  секілді  қызметтер  үшін  ешқашан  бітпейтін  сай-
лаулардан  қолдары  босамайды. «Бас  адамдардың»  жаны 
1
 ЦГУ РУ. Ф.И. – 461.Оп.1. Д.1026. Л. 27-30.


200
ашымай  басқаруының  салдарынан  сайлау  қазақ  халқының 
санасын,  жанын,  өмірін  жаулап  алғаны  соншалық,  ұлттың 
сақталуы,  дін,  жер  мəселелері  ойларына  кіріп-шығар  емес. 
Есесіне,  қоныстанушыларға  жерлеріміз  бірінен  кейін  бірі 
кетуде, «бас  адамдарымыз»  жерлерімізді  тонаушыларды 
көзсіз  мақтап-мадақтап,  жерді  қорғап  қалам  деушілерге 
кінə  тағып,  басшылыққа  қарсы  шығушыларды  ақымаққа 
санап,  айыптаудан  жаңылар  емес»
1
, – деген  жолдарды 
тебіренбей  оқу  мүмкін  емес.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
халқының басындағы ауыр жағдайды жаны шырқырай шы-
найы  жеткізген  Қаратаевтың  хатын  эпистолярлық  жанрда 
жазылған  құнды  публицистикалық  мұра  деп  қарастырған 
лəзім. «Көсемсөз əлеуметке басшылық есебінде айтылатын 
сөз болғандықтан жұрт ісіне мəні зор болады. Басшылығы 
дұрыс  болса,  əлеуметті  түзейді,  теріс  басшылық  қылса, 
əлеуметті  адастырады.  Солай  болған  соң  көсемсөз  жазып, 
əлеуметке  басшылық  қылатын  адам  көпті  көрген  көсем, 
білімді адам боларға керек»,
2
 – десек, тілге тиек етіп отырған 
хат осы талаптарға толық жауап береді.
Қаратаевтың өзінің көзі жетпеген мəселенің мəн-жайын 
терең түсініп білу үшін қазақ жеріне қоныс аударушыларды 
орналастыруды  тоқтату  жолында  күрес  көрігін  қыздырған 
Алаш қайраткері Ə.Бөкейхановтан кеңес сұрауы «əлеуметке 
дұрыс  басшылық  ету»  мақсатынан  туғандығы  айтпаса  да 
түсінікті. «Жан сырымды тек саған ғана жайып салып отыр-
мын.  Өйткені,  меніңше,  тек  сен  ғана  халыққа  жетекшілік 
етуге  лайықтысың.  Сен  ғана  халық  үшін  адал  еңбек  еттім 
деп  айтуға  құқылысың», – деген  жолдар  сол  жайынан  сыр 
шертеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының көкейтесті мəсе-
лесін талқыға салған хатында Қаратаев Шідерті болысының 
басқарушысы  Андижан  Жұбаналиевпен  бірге  жер  ісі  жə-
не  жерге  орналастыру  Бас  басқармасына  Шідерті  болысы 
қазақтарына жеке меншіктері етіп жер кесіп беріп, отырық-
шылыққа  көшкендерін  тіркеу  туралы  өтініш  жолдағанда-
1
 ЦГУ РУ. Ф.И. – 461.Оп.1. Д.1026. Л. 27-30.
2
 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989, – 224 б.


201
рын  жеткізеді.  Столыпин  үкіметінің  аграрлық  саясатын 
қолдамайтынын,  алайда  Шідерті  болысының 15 мың  деся-
тина жерін қоныс аударушылардан сақтап қалу үшін амал-
сыз сондай қадам жасауға мəжбүр болғандығын тілге тиек 
етеді. Оның үстіне, отырықшылық тұрмыс қазақ халқының 
күйреуге соқтырған көшпенді өмірін өзгертіп, мəдени соқ-
паққа  сала  ма  деген  үміті  де  жоқ  емес  екендігін  білдіреді. 
«Татарлар  жаңа  өмір  аясында  ояну  үстінде.  Олардың  ізін 
ала қазақтар да отырықшылыққа көшіп, жеке меншікке жер 
кесіп алуға міндеттелу нəтижесінде оянуы керек. Міне, менің 
пікірім осындай. Мүмкін мен қателесетін шығармын. Маған 
хат арқылы жауап бер. Мен сенің пікіріңді қадірлеймін жəне 
Шідерті ісінде маған басшылық етуіңді сұраймын. Бұл жер 
кесіп алып, ата қонысты сақтау жөнінен барлық қазаққа үлгі 
болар еді. Маған хат арқылы өзіңнің кеңестеріңмен көмекке 
кел», – деген жолдар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне 
сəйкесінше  идеялық  жетекшілік  еткен  қос  қайраткер  ара-
сында бас араздық немесе тап тартысы болмағанына айқын 
көзімізді жеткізеді. Өкінішке қарай, біздіңше, бұл хат Əли-
хан  Бөкейхановтың  қолына  тимеген  болуы  керек.  Оған 
қайтарылған  жауапты  жəне  «Айқап»  пен  «Қазақ»  басы-
лымдары материалдары ішінен ол туралы бірде-бір мəлімет 
таба алмаған себепті сондай түйін жасаймыз. Бұдан егер дер 
кезінде Əлихан Бөкейханов тарапынан жауап берілген бол-
са, онда екі басылым арасындағы жер туралы пікірталас ту-
мас та еді-ау деген қорытынды келіп шығады. 
Алаш публицистерінің жер туралы жеріне жеткізе, егіле 
жазған  еңбектері  қоғамдық  пікір  туғызу  арқылы  қоғамдық 
санаға ықпал етудің жарқын үлгісін көрсетті.
1917  жылғы  ақпан  төңкерісінен  кейін  қазақ  даласының 
əр  облысында  ұйымдастырылған  құрылтайларда  қаралған 
жер мəселесі туралы пікірлердің бір жерден шығуы соның 
жемісі  болатын.  Осы  ғылыми  тұжырымымыздың  тарихи 
шынайылығына  көз  жеткізу  үшін  бірінен-бірі  шалғай  жат-
қан  екі  облыстың,  атап  айтқанда,  Торғай  жəне  Жетісу  об-
лыстары қазақтарының құрылтайына салыстырмалы талдау 
жасасақ та жеткілікті. 


202
Орынбор қаласында 1917 жылдың 2-8-сəуір аралығында 
ұйымдастырылған  Торғай  облысы  қазақтары  құрылтайы-
ның «6. Аграрлық мəселелер» туралы шешімі: 
«І. Мемлекет керегіне қазақтан жер алынатын болса, əуелі 
қазақтың өзіне жеткілікті жер беріліп, артығы алынсын.
ІІ. Учредительное собранияда жер мəселесі шешілгенше 
бұл  күнге  шейін  мұжық  орнамаған  учаскелер,  мұжық  жа-
мансынып тастап кеткен жерлер, отрубной, оборочный ста-
тиялар, мал бағуға деп һəм монастырский участке деп алған 
жерлердің  бəрі  бұрынғы  иелеріне  (қазаққа)  қайтарылсын. 
Законсыз ұзын срокпен арендаға берілген мал бағатын учас-
келер  де  иелеріне  қайтарылсын.  Қымыз  ішуге  ашылған 
ауруханаларға  алынған  жерлер  иелеріне  қайтарылсын. 
Жаңадан  алуға  жоба  жасалған  жерлерге  енді  мұжық  жазу 
тоқтатылсын. 
ІІІ.  Жер  алу  Дала  уалаяттарында  һəм  Түркістанда  тоқ-
татылсын.  Алуға  жоба  жасалған  жерлердегі  қазақтардың 
қыстауы көшірілмесін. Айрықша қазына мүлкі саналған ор-
ман ішінде кеткен қазақтың егіндік, пішендік һəм жайылы-
мына жаңадан бөлік бөліп, бұрын жасалған шекара түзетіліп, 
қазақтан  орынсыз  алынған  егіндік-пішендігі  қайтсын.  Бұл 
ағаштардың  арасындағы  шөбін  қазақ  тегін  шапсын  һəм 
қыс мал жаюға ерік берілсін. Қазақтың өзі қорыған ағашы 
өзіне қалсын. Ағаш маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы 
салуға  ағаш  берілсін»,
1
 – деген  талаптарды  алға  тартады. 
Осы ұйғарым Верный қаласында 1917 жылдың 12-23-сəуір 
аралығында  өткен  Жетісу  облыстық  қазақ  съезінің «11. 
Облыстағы жер мəселесі» туралы шешімінде былай көрініс 
табады: 
«1. Облыс сырттан қоныс аударушылар үшін мүлде жа-
бық деп саналсын.
2. Бұдан кейін шаруаларға, казактарға жəне басқа қоныс-
танушыларға жер бөліп беру тоқтатылсын.
1
  «Қазақ»  газеті.  Құрастырушылар:  Сұбханбердина  Ү.,  Дəуітов  С., 
Сахов Қ,.  – Алматы: «Қазақ    энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, 
– 377 б.


203
3. Мемлекеттік мүлік басқармасы тарапынан əлі де бол-
са қоныстандырылмаған қосалқы, алым төленетін жəне т.б. 
жерлер қырғыздарға қайтарылсын»
1
.
Көріп  отырсыздар,  екі  облыс  қазақтары  құрылтайының 
жер мəселесі туралы қарарлары бір-біріне толық сəйкес ке-
леді. Бұл – басқа облыс құрылтайларына да қатысты ортақ 
құбылыс.  Осылайша,  облыстық  қазақ  құрылтайларының 
барлығында  талқыланып,  жер  мəселесі  туралы  арнайы  қа-
былданған қарарлар Орынбор қаласында 1917 жылдың 21-
26  шілдесінде  өткен  жалпықазақ  съезінде  халық  өкілдері-
нің  ортақ  бір  шешімге  келуге  негіз  болғаны  еш  талас 
туғызбайды.  Оған  съездің  «ІІІ.  Жер  мəселесі»  туралы 14 
пунктен  тұратын  қаулысымен  танысу  арқылы  көз  жеткізу 
қиын емес:
«1.  Қазақ  халқы  өзіне  еншілі  жерге  орнығып  болғанша 
қазақ жері ешкімге берілмесін.
2. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ 
пайдасынан  алынып  кеткен  мынадай  участкалар  қазақтың 
өзіне тоқтаусыз қайтарылсын: дворянский, скотоводческий, 
торгово-промышленный, курортный, моностырьский, пере-
селен  орнықпағандар,  отрубтар,  оброчный  статиялар,  жай 
адамдарға «показательный поля» деп берілген, бірақ расын-
да жоқ нəрселер һəм гарнизондарға беріліп, бұл күнде олар 
кеткеннен кейін яки сəл азайғаннан кейін босаған жерлер.
3. Бос участкелерге жазылу тез тоқтатылсын.
4.  Переселен  орныққан  участкелерде  олқы  бос  тұрған 
сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын.
5. Қазақтан алған қыстаулар егер қожалары əлі көшпеген 
болса, қазақтың өзіне қалсын. Келген мұжықтарға қайтадан 
бөліс қылып, өзге участкелерден жер əперілсін.
6.  Айрықша  қазына  мүлкіне  деген  тоғайлықтардағы  қа-
зақ  шабындығы  өзіне  қайтарылсын.  Қазақ  малы  қазына 
ағаштарының беткейіне жайылуға рұқсат болсын. 
7.  Бүкіл  мемлекетке  дақылы  болмаған  айрықша  қазына 
ағаштары земство қарауына берілсін.
8. Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын.
1
 ҚР ОМА 9-қ. 1-т. 51-іс. 1-8 п.


204
9. Жер мəселесі туралы басқа саяси партиялармен келісу 
еркі Учредительное собранияда қазақ депутаттарына беріл-
сін.
10. Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыс-
тарына мал бағу һəм мал бағу, егін салу үшін лайықталған 
Щербина нормасы алынсын, əр жердің ретіне қарай.
11.  Бөкейлік  қазақтары  басқа  көрші  қазақ  облыстарына 
лайықтаған  норма  бойынша  өздерінің  отырған  жерлерінен 
жер алсын.
12. Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті 
су да берілсін.
13.  Қазақ  халқы  жермен  ортақ  пайдалансын  (ру,  ауыл, 
болыс болып), яғни земельная община болсын (Ферғанадан 
келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, əркім-
нің жер еншісі бөлек болсын деді).
14. Земельная община яғни ортақ жердің ауданын шама-
лау  жергілікті  жер  мекемелері  (Земельно-строительное  уч-
реждение)  еркінде  болсын»,
1
 – деген  талаптары  облыстық 
қазақ  құрылтайларының  жер  мəселесі  туралы  қарарларын 
негізге  алып  даярланғаны  бірден  байқалады.  Ең  бастысы, 
алғашқы жалпықазақ құрылтайына қатысқан «Ақмола, Се-
мей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының 
һəм Бөкейліктердің өкілдері»
2
 жер туралы мəселеде алауыз-
дық танытпай, бірауыздан ортақ шешімге келуі Алаш пуб-
лицистерінің  ұзақ  уақыт  мəселенің  мəнісін  егжей-тегжейлі 
терең  түсіндіріп,  қоғамдық  пікір  қалыптастыру  арқылы 
қоғамдық  санаға  ықпал  ету  бағытындағы  жанкешті  еңбек-
терінің нақты жемісі деп бағалаған лəзім.
Жер  мəселесі  туралы  қазақ  зиялыларының  шешімі  бір 
жерден  шыққанына 1917 жылдың 2-5-тамыз  аралығында 
Ташкент қаласында өткен Түркістан аймағы қазақтарының 
жалпы  жиналысы  қаулысы  да  айқын  дəлел  бола  алады. 
Қаулының «3. Жер-су,  переселен  орыстар  туралы»  бөлімі 
1
  «Қазақ»  газеті.  Құрастырушылар:  Сұбханбердина  Ү.,  Дəуітов  С., 
Сахов  Қ,.  – Алматы: «Қазақ  энциклопедиясы»  Бас  редакциясы, 1998, – 
405-406 бб.
2
 Бұл да сонда,  – 405 б.


205
18  талаптан  тұрса,  оның 14-і  жоғарыда  тілге  тиек  етілген 
жалпықазақ  құрылтайының  «Жер  мəселесі  туралы»  талап-
тарымен  толық  сəйкес  келіп,  тіпті  сөзбе-сөз  қайталанады.
1
 
Ал, қосымша төрт тармағы Түркістан аймағының мынадай 
ерекшеліктерінен  туындайды: «15. Ақмешіт  һəм  Қазалы 
уезінің  пайдасын  ойлағанда,  Сырдарияның  бас  жағынан 
арық шығару тоқтауы тиіс.
16.  Перовск,  Қазалы  уездеріндегі  қазақтардың  халін  əз-
де  тұтып,  қазынаның  қаражатымен  əдейі  осы  үшін  барған 
инженерлердің жобасымен қазақтарға су шығарылып беріл-
сін. Суды жинап пайдаланатын үлкен көл-тоғандар соғу ке-
рек. 
17.  Ферғана  қырғыздарының  жер  мəселесі  өздерінің  бі-
рінші облыс жиналысындағы қаулыларына лайық шешілсін.
18.  Шу  дариясының  орташығындағы  переселен  мұжық-
тар  пайдасына  Шудың  бар  суы  ашылып  қойып,  төмендегі 
Сырдария мен Ақмола облыстарының қазақтары құралақан 
қалып тарығуда. Бұл қазақтарға керекті су тоқтаусыз төменге 
ағызып жіберілсін».
Алаш  публицистерінің  қазақ  жерін  көздің  қарашығын-
дай  сақтау  туралы  құнды  ой-пікірлері  «Алаш»  партия-
сы  бағдарламасына  да  негіз  болған. «Қазақ»  газетінде  жа-
рияланған  «Алаш  партиясы  бағдарламасының  жобасы» 
соған  анық  көзімізді  жеткізеді.  Мұнда  да  жоғарыда  сөз 
болған  жалпықазақ  құрылтайының  «Жер  мəселесі  тура-
лы»  шешімдері  жолма-жол  қайталанады.  Сондықтан  бағ-
дарлама  жобасының  «Х.  Жер  мəселесі»  бөлімін  толық  ба-
яндамай, «Жоба  жасаушылар:  Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Елдес  Ғұмаров,  Есен-
ғали  Тұрмұхамедов,  Ғабдолхамит  Жүндібаев,  Ғазымбек 
Бірімжанов»
2
 секілді Алаш қайраткерлері маңыз берген мы-
на мəселеге айрықша тоқталғанды жөн көреміз: «Жер зако-
нында жер сату деген болмау, əркім өзі пайдалану. Пайда-
1
  Түркістан  аймағы  қазақ-қырғыздарының  жалпы  жиналысы  мен 
қабылдаған қаулылары. // «Бірлік   туы» газеті, 1917, №6.
2
  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар  жинағы. – Алматы: 
Алаш, 2004, – 441 б.


206
сынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, 
астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында 
болу», – деген  талап  тарихи  маңызымен  қоса  өміршеңдігі-
мен құнды. 
Мəселе мəнісін терең түсіну үшін, алдымен, Алаш қайрат-
керлері мұндай талапты неге алға тартып отырғандығының 
сырына  үңілген  дұрыс.  Оған  жауапты  «Қазақ»  газетінде 
«Бортаң»  деген  бүркеншік  атпен  жарияланған  «Жер  жал-
дау» деген мақаладан табамыз. Біздіңше, «Бортаң» – Алаш 
қайраткері Хайреддин Болғанбаевтың бүркеншік аты.
Көрнекті  көсемсөз  шебері  қаламынан  туған  мақала  ма-
ңызын  газет  басшылығының  мына  лиді  (анықтамасы)  ай-
қындайды: «Қала  болушылар  ер  басына 15 десятинаны 
бұрынғыдан  еркін,  пайдалы  деп  алған  жоқ,  аз  да  болса, 
атамекенін қимағандықтан алған секілді еді. ...Енді бүгін кө-
ріп отырмыз өрісі тарылғандар бір күндік ақшаға қызығып, 
жерлерін орысқа жалдай бастапты. Мұнысы үкімет қазаққа 
15 десятина көп екен, міне, өздері артық жерін сатып, жал-
дап  жатыр  деуіне  дəлел  үшін  бе,  жоқ,  құдай  береке  беріп, 
жерлері өсіп кетті ме, өздері біледі. Бұл келіспеген істен өзге 
қала  болғандар  да  сақтансын  деп  басқармаға  келген  мына 
бір хатты басамыз».
1
Хат авторы Х.Болғанбаев Ақтөбе уезі Бөрте болысының 
3-ауылында  өзі  куə  болған  келеңсіз  жайды  əшкерелеп, 
жалқау қазақтың аңқау мінезін өткір сынап-мінейді: «Был-
тыр  осы  ауылдың  атқамінер  отағасылары  мен  бірсыпыра 
ілкім  жастары  мешіт  салуға  жаратамыз  деп 300 десятина 
жерді  бір  орысқа  арендаға  берген  еді.  Бірақ  онан  бері  бір 
жыл  заман  өтті,  не  ақша,  не  мешіттің  қайда  екенін  білген 
кісі жоқ. Енді биыл тағы да мешітті сылтау қылып, жұрттың 
ризалығынсыз 25 десятина жерді арендаға беріп отыр, – деп 
нақты дерекке жүгініп, маңызды қоғамдық ойды ортаға са-
лады. – Бұған  риза  болмаған  бірсыпыра  адамдар  бастапқы 
кезде  олай  қыламыз,  бұлай  қыламыз  деп  жүр  еді,  бір  күні 
1
  «Қазақ»  газеті.  Құрастырушылар:  Сұбханбердина  Ү.,  Дəуітов  С., 
Сахов Қ,.  – Алматы: «Қазақ    энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, – 
112 б.


207
əлгі атқамінерлер бір мал сойып, етке тойғызған екен, қар-
қындары  сонымен  басылыпты.  Сорлы  қазақ  бір  күн  етке 
тойса, жүз жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой». 
Əрине,  алыстан  ойлап  тірлік  етпей,  бір  күндік  пайдаға 
мəз болған қазақтың бұл кер мінезі опық жегізбей қалмайды. 
Болғанбаев  мақаласында  оны  дөп  басып,  ашып  көрсетеді: 
«Бүгін мешіт салам деп ұлтарақтай жерін сатып бітіріп алып, 
ертең бала-шағасын асырау үшін елдің еркегі маңайындағы 
қара  шекпеннің  малын  бағып,  көшесін  сыпыруға  кеткенде 
ол  мешітке  кім  кіріп  құлшылық  қылмақшы.  Мына  сатқан 
жердің  бір  шеті  ауылдың  іргесіне  тиіп  тұр.  Жұрттың  осы 
күні  аз  да  болса,  қара-құрасы  бар.  Бүгінге  шейін  сол  аз 
малдарын осы сатқан жерлеріне жайып отыратын еді, енді 
мұнан  соң  қозы-лағына  шейін  арқандап  отырып  бақпаса, 
қалай бағады? Күн сайын орыстың егініне малын түсіріп по-
трав (айып – С.Қ.) төлеп отырғанын көрерміз əлі. Міне, осы 
күнгі  алған  ақшаның  қызығын  сонда  көрер  жұрт», – деген 
жолдар оқырманға ой салғаны анық. 
Жерді кірмелерге жалға берудің болмай қоймайтын зар-
даптарын  жалпақ  елге  жария  ете  отырып,  оны  тоқтатуға 
күш салған Алаш публицистері еңбектерінің тарихи маңызы 
орасан  зор.  Сонымен  бірге,  өміршеңдік  мəнін  де  жоғары 
бағалауға тиістіміз. Тəуелсіз еліміздің жиырма жылдық та-
рихында  жерге  байланысты  мəселелер  туындамай  қалған 
жоқ.  Жерді  жекеменшікке  сату  туралы  заңның  үлкен  пі-
кірталас  туғызып  барып  қабылданғанын  білеміз.  Оның 
дұрыс  я  бұрыс  болғанының  бағасын  келер  ұрпақ  берері 
хақ. Кейінгі кезде жерді қытайлықтарға жалға беру туралы 
даулы  мəселе  БАҚ-тан  көрініс  тауып  жүр. «Жел  тұрмаса, 
шөптің басы қимылдамайды» деген қазақ мақалына жүгін-
сек, оның бекер əңгіме емес екенін бағамдауға болады. Осы 
тұста Алаш көсемдерінің ХХ ғасыр басында – қазақ тағдыры 
қыл көпірдің үстінде тұрған қилы кезеңде қаламдарын қару 
етіп,  ұлан-байтақ  даланы  жаппай  қоныс  аударушылардан 
қорғап,  сақтап  қалуға  мұрындық  болған  публицистикалық 
мұраларын қазір де ел игілігіне жаратар болсақ, көп ұтысқа 
шығар едік деген ой туады. Ол үшін Алаш публицистерінің 


208
жер мəселесі туралы жазғандарын жиып-теріп, құрастырып, 
жинақ  етіп  басып  шығарып,  жерге  жауап  беретін  мемле-
кеттік  қызметкерлер  қолына  ұстатып,  міндетті  түрде  бас-
шылыққа алуын талап ету, жалпы халықтың етене танысу-
ына мүмкіндік туғызу ауадай қажет. Тарихтан сабақ алып, 
қателікке  бой  алдырмай,  болашаққа  тура  жол  табу  өрке-
ниетті  елдің  төл  ұстанымы  болуға  тиіс. «Өткен  жылдар 
шежіресін үнемі əрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні 
бөлек. Мұның өзі өткендегі тəжірибенің жақсысын үйрену 
үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жи-
рену үшін қажет»,
1
 – дейді бұл турасында Тəуелсіз еліміздің 
тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаев. 
Қорытындылай  келгенде,  Алаш  публицистері  қаламда-
рына  арқау  болған  ХХ  ғасыр  басындағы  ең  өзекті  мəселе 
қазақтың құны өлшеусіз байлығы – ұлан-байтақ даласын сақ-
тап қалу қамы болғанына зерттеу барысында көз жеткіздік. 
Ұлтымыздың  рухани  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов  айрықша 
анықтама берген «қазақтың тірі я өлі болу мəселесінің» мə-
ніне  мейлінше  терең  бойлап,  себеп-салдарын  толық  ашуға 
тырыстық. 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басында  қазақ  дала-
сында жер мəселесінің осыншалық ушыға түсуінің бірден-
бір себебі – патшалық Ресей өкіметінің отаршыл озбыр сая-
сатының  салдары.  Алыстан  көздеген  əртүрлі  айла-амалда-
рының  нəтижесінде  қазақтың  құнарлы  жерлерін  білдірт-
пей,  біртіндеп  жаулап  ала  бастаған  метрополияның  зұ-
лым  саясатын  əшкерелеп,  оның  сырын  қаймана  қазаққа 
түсіндіруде  Алаш  зиялылары  публицистикасының  тарихи 
маңызы орасан зор. Ел басына қиын-қыстау кез туғанда сөз 
өнерінің жауынгер саласы – публицистика алғы шепке шығып, 
əлеуметке  басшылық  жасауда  айрықша  рөл  атқаратынына 
Алаш публицистерінің бай мұрасы айғақ. 
Халықтың сөзін сөйлеп, сойылын соғатын ұлттық баспа-
сөздің  жарық  көруіне  айрықша  ықпал  еткен  Алаш  публи-
цистикасы  қазақ  мұңын  мұңдайтын  газет-журнал  шықпай 
1
 Назарбаев Н.Ə. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын // 
Егемен Қазақстан, 1998, 16-қаңтар.


209
тұрған кезде эпистолярлық жанр үлгісінде көрініс тауып, қо-
ғамдық ойдың бірден-бір қозғаушы күші болғаны туралы ал-
ғаш айналымға енгізіп отырған ғылыми тұжырымымыздың 
мəн-маңызы  айрықша.  Бұл  арқылы  ХХ  ғасырдың  елең-
алаңында  отарлық  езгіге  қарсы  халық  наразылығын  паш 
еткен,  патшалық  Ресей  өкіметінің  айылын  жиып,  амалсыз 
қалың  қазақтың  талабымен  санасуына  мəжбүрлеген  құ-
зырхаттардың  (петициялардың)  тарихи  маңызын  жоғары 
бағалаумен  бірге  олардың  жанрлық  табиғатын  айқындау 
қажеттігіне  көз  жеткіздік.  Қалам  қару  орнына  жұмсалып, 
ұлт-азаттық күрестің соны соқпағы ретінде тарихта өшпес із 
қалдырған, қазақ даласының түкпір-түкпірінен сан мыңдаған 
кісінің қол қоюымен орталыққа бірінен кейін бірі жолданып, 
метрополия алқымынан алған арыз-талаптар – эпистолярлық 
жанрда көрініс тапқан Алаш публицистикасының күш-қуа-
тын  паш  еткен  тарихи  туындылар.  Зерттеу  барысында  құ-
зырхаттарды  Алаш  қайраткерлері  даярлағаны  жəне  жеке 
тұлғалар  тарапынан  да  шағым-хаттар  жазылғаны  мұрағат 
материалдары  негізінде  дəлелденді.  Шынайы  деректерге 
құрылуы мен қоғамдық маңызды мəселелерді, соның ішінде 
ең өзектісі болып табылатын қазақ жері туралы шындықты 
көтеріп,  қоғамдық  пікір  туғызу  арқылы  қоғамдық  санаға 
ықпал  етуі,  ең  бастысы,  елді  елең  еткізіп,  еліктіріп,  елітіп 
əкететін  əсерлі  де  өткір  тілде  жазылуы  аталған  тарихи  ту-
ындыларды  хат  үлгісіндегі  публицистикалық  мұра  деп  ба-
ғалауымызға толық негіз береді.
Алты Алашқа аты мəлім ардақтыларымыз Алаш баспасө-
зі  жарық  көргенге  дейін  қоғамдық  маңызды  ақпараттарды, 
танымы мен тағылымы мол ой-толғауларын əртүрлі жолмен 
ұрпаққа аманат етіп қалдырғанын жадымызда ұстағанымыз 
жөн. Соның жарқын үлгісі – хакім Абайдың «Қара сөздері». 
Осы орайда, егер «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті Абай 
заманында шыққан болса, сөз жоқ, ақынның бұдан да басқа 
бай публицистикалық мұрасын еншілер едік деген ғылыми 
тұжырымымыздың жаны бар деп санаймыз.
Алаш баспасөзінің пайда болуы жер мəселесінің қыры мен 
сырын,  қалың  қатпарларын  түгесе  жариялап,  көзіқарақты 


210
оқырманға  шынайы  ақпарат  берумен  бірге  қоғамдық  ма-
ңызды ой туғызып, пікірталас арқылы ақиқатқа көз жеткізіп, 
санаға сіңіруге қалам қайраткерлері мүмкіндігін арттырғаны 
зерттеу барысында дəйекті түрде дəлелденді деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет