«Кез келдің заманында журнал «Айқап»,
Білгендей шөлдегенін жұрттың байқап.
Жасаған ұзағынан сүйіндіріп,
Кетсе екен Еділ, Жайық – бəрін шайқап», –
деп журналмен алғаш қауышқандағы жүрекжарды қуаны-
шын «Айқаптың» 5-санында өлеңмен жеткізген Б.Құсайынов
ақынның шаттығы бар оқырманына ортақ екені күмəн туғыз-
байды. Ол қуаныштың себебі де түсінікті. Оны журналдың
тұрақты авторларының бірі М.Мақұловтың:
«Қуандым журналыңды білгеннен соң,
Майданда шабысыңды көргеннен соң.
Дертім бар, дəрменім жоқ, мен бір ғаріп,
Сөз қостым көңіл танып тұрғаннан соң», –
деген жыр жолдарынан дөп басып тануға болады. «Дертім
бар, дəрменім жоқ, мен бір ғаріп» – сол заманда отарлық езгі-
ден мерт болуға шақ тұрған қазақ күйі. Осындай қысылтаяң
кезеңде санасы сансыраған, адасқан елге ой салып, бағыт-
бағдар беруді міндетіне алған басылым – «Айқаптың» құтты
қадамы қалың қазақты қуандырмай қоймайды.
Журналдың аз уақыттың ішінде оқырман жүрегін жаулап
алуына тұрақты авторлар құрамының биік парасат, ұшқыр
ой, жүйрік қалам, жанкешті еңбектері ықпалын тигізгені та-
лас тудырмайды. Бұл ретте əуелі əр кезде журналдың хатшы-
сы қызметін абыроймен атқарған Сұлтанмахмұт Торайғыров
пен Əкірам Ғалымовтың ерен еңбектерін айрықша атап
өткен лəзім. Солармен қатар журналдың тұрақты авторла-
29
ры: Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Көпеев,
Б.Қаратаев, Ғ.Қарашев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев,
Б.Майлин, Ж.Сейдалин, Б.Сырттанов, С.Сейфуллин, т.б. Алаш
арыстарының «Айқапта» жарияланған құнды мұралары
тақырып ауқымдылығымен, ұтқыр ой, тартымды тіл, ұшқыр
қиял, құнды деректерімен көңіл төрінен орын иемденеді.
Осыдан-ақ «Айқаптың» ұлттық журналистика тарихында
ғана емес, қазақ қоғамы дамуындағы, мəдениеті мен əде-
биеті, жалпы руханиятындағы орны айшықты екені анық та-
нылады.
Осы жерде айрықша атап өтуді тіленіп тұрған «Айқап-
тың» қазақ журналистикасына қосқан тағы бір жаңалығы
бар. Журнал басшылығы ұлт баспасөзі тарихында тұңғыш
рет қазақ қыздарын тілшілік қызметке тартады. Басылым-
да тырнақалды туындылары жарық көрген Сақыпжамал
Тілеубайқызы, Мəриям Сейдалинова, Күлəйім Өтегенқы-
зы – қазақ қыздары арасынан шыққан алғашқы журналистер.
Олардың есімдерін ұлықтап, ел журналистикасына жаңалық
енгізген ерен еңбектерін бағалау – уақыт еншісіндегі мəселе.
Бір ауыз сөзге сыйдырып айтсақ, бүгінде еліміздің бұқаралық
ақпарат құралдарында халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр-
ген қазақ қыздары сарбаздары мен сардарларының бастауы
«Айқаптан» арна тартады.
Қаймана қазаққа қатысты «Айқап» көтермеген мəселе
кемде-кем. Журналдың тақырып ауқымы өте кең. Профессор
Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мəліметтер»
атты еңбегінде журнал материалдарын мазмұнына қарай
мынадай бөлімдерге бөлген:
«1. Саяси-əлеуметтік мақалалар;
2. Əдеби шығармалар, əдебиет мəселелері;
3. Қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі жəне
маңызды мəселелер;
4. Ана тілі, əліппе, емле мəселелері;
5. Қазақ əйелдерінің жайы, бостандық, теңдік мəселесі;
6. Дəрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары;
7. Ішкі-сыртқы хабарлар;
8. Тілші хаттары, жауап хаттар».
30
Қазақ баспасөзі тарихын, əсіресе, Қазан төңкерісіне де-
йінгі кезеңін зерттеуге ерен еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз,
ғибраты мол ғалымның аталған кітабы 1956 жылы жарық
көргенін ескерсек, оның бағасы еселеп арта түседі. Өйткені,
ұлттық мұраға қырғи-қабақ танытқан отаршыл саясаттың
өктемдігі артып тұрған уақытта жеке басына қауіп төнерін
біле тұра, саналы түрде тарихи тақырыпқа қалам тарту
ерлікпен пара-пар іс екенін бүгінгі жас біле бермейді. Со-
нымен бірге саясат салқыны салдарынан ғалым еңбегінде
лажсыздықтан біраз шындықтың шымылдығы түрусіз қал-
ғанын айтуға тиістіміз. Айталық, «Айқап» журналы мате-
риалдарының мазмұн жіктелісін бүгінде мынадай тақырып-
тармен толықтыру талабы туындайды:
1. Отарлық езгіге қарсы күрес тақырыбы;
2. Ұлт азаттығы мəселесі;
3. Қазақ жерін ішкі Ресейден қоныс аударушылардан
сақтап қалу жолдары;
4. Ұлттық сананы ояту мəселесі;
5. Ұлт тілін, діні мен ділін қорғау, көркейту мəселелері.
Журнал материалдарымен терең танысу барысында түй-
ген бұл тұжырымдарымыздың шындығына «Айқап» жария-
ланымдарын оқыған əрбір жан көз жеткізе алады.
Бірер мысал келтірейік. Журналдың редакторы М.Сера-
лин былай деп жазады: «Қазақ осы күнде қалың орманға кі-
ріп адасқан адам секілді. Қалай жүрсе жөн боларын білмей
дағдарған кезі. Олай-былай жүріп еді, жол табылмады. Енді
тоқтап, тың тыңдап, қайдан қандай дыбыс шығар деп құлағын
салып тұрған кезінде əркім шама-қадірінше, адасқанына
айғайлап дыбыс беретін сықылды. Үнін шығарып, ойын
айтуға міндетті».
1
Бұдан отарлау саясаты шарықтау шегіне
жетіп тұрған кезде бес жыл бойына үзбей шыққан жалғыз
журнал «Айқаптың» тарыққан елге, адасқан қазаққа жол
басшы, бағыт-бағдар беруші болғанын байқау қиын емес.
«Айқаптың» 1911 жылғы 5-санында жарық көрген «Біздің
қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында
1
«Айқап». – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995,
31 б.
31
біраз кеңес» деген мақалада, аты айтып тұрғандай, ХХ ғасыр
басындағы қазақтың ең көкейтесті мəселесі – теңдікке қол
жеткізу арманы дараланып, айшықталады да, соның жолда-
ры сараланады.
1913-1918 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газе-
тінің зерттеушісі жəне апталық жарияланымдарының энци-
клопедиялық жинағын құрастырушылардың бірі болған-
дықтан, мына мəселеге оқырман назарын аудартуға тиісті-
мін. Кезінде Бейімбет Майлин: «Қазақ» көзіміздің қара-
сы болғанда, «Айқап» ағы емес пе еді», – деп жоғары
бағалаған қос басылымды бір-біріне қарсы қойып, ұпай тү-
гендеушілерге жол беруге болмайды.
Мақаламызды Бейімбет Майлиннің «Айқап» ойларыңда
бар ма?» деген жанашыр пікірімен бастап едік. Енді сол
сөзбен ойымызды қорытындылағанды жөн көріп отыр-
мыз. Алаш арысы «Айқап» журналын мегзеп айтса да, ар
жағынан «өткізіп алып, қап-ай деп сан соғуды қазақ қойдың
ба?» дегенді ымдап тұрғандай көрінеді.
Осы орайда, «Айқапта» көтерілген мəселелердің бүгінгі
таңда да өзектілігін, яғни журнал материалдарының өмір-+
шеңдігін айтпау қиянат болар еді. Айталық, журналдың 1913
жылғы 15-нөмірінде жарық көрген «Қазақтың қазіргі халі»
атты мақалада Бейімбет Майлин көтерген мəселе – қазір де
көкейтесті. Алаш арысы қазақ тіршілігіндегі əдет-ғұрыптың
кемшілік, кері кеткен жақтарын сынап-мінеп, олардың білім-
сіздіктен, кəсіпсіздіктен туатынына тоқталады. Қазақтың
қыз ұзату тойында, өлімге ас беріп, еске алуда үлкен шы-
ғынға бататынын айыптап, оның орнына халықты пайдалы
іске, оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қоюға, мектеп-мед-
ресе салуға, газет-журнал, кітап алдырып оқуға қаражат
шығаруға шақырады.
Қазақты қап-ай деп өкінуден арылту мақсатын көздеп
«Айқапты» шығарған М.Сералиннің мына пікірі де көңіл
төрінен орын иемденеді, көкейтестілігімен құнды: «Біздің
ілгергі-келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт
қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нəрсеге тіреледі. Ол – оқу.
Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі халыққа
32
жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз
жұртшылық болып оқушы-талапкерге жəрдем бермесек,
оқығандарымыз көбейе алмайды». Дəл бүгінгі күннің өзекті
мəселесін көтеріп тұрғандай əсерге бөлейді. Қазіргі жастар
мен сауданы кəсіп еткен, тек баюды ғана мақсат тұтқан бай-
манап, бизнес өкілдеріне ой салса игі.
Мұндай құнды ойларды «Айқаптың» əр нөмірінен мо-
лынан ұшыратарыңызға бəс тігеміз. Ендеше, журнал жа-
рияланымдарын ұлттық құнды мұрамызға айналдырып,
қажетімізге жаратудан жаңылмайық.
«Егемен Қазақстан» газеті,
2011 жылдың 12-сəуірі.
Достарыңызбен бөлісу: |