Модуль 3. Дайындамаларды қысыммен өңдеу арқылы алу
Дәріс 6.
Тақырып 1.
Металлдарды қысыммен өңдеу арқылы дайындамаларды
жобалау және өндіру
Сұрақтар
1.
.
Металлдарды қысыммен өңдеу процессінің жалпы сипаттамасы
2.
.
Қолданылатын материалдар
3.
.
Иілімді деформация процессінде металл қасиетінің өзгеруі
4.
.
Металдарды қысыммен ыссылай және салқындай өңдеу
5.
.
Металлдарды қысыммен өңдеу
Құйма құрылғысына қойылатын талаптар
Құйманы жобалау кезінде бір қатар талаптарды орындауға ұмытылу
қажет.
1. Құйма ең аз қабырғаларымен, шеткермен және ішкі қуыстарымен
сыртқы бейнесі оңай болуы қажет.
2. Құйма құрылғысы берілген салмағымен және конфигурация
дәлдігімен оның қызметтік сипаттамаларының жоғары деңгейін
қамтамасыз етуі қажет.
3. Құйма құрылғысы құйманың негізгі қасиеттерінің, яғни
тығыздылығын, құрылысын, механикалық қасиеттерін, өлшем
тұрақтылығын және беткей кедір-бұдырлығының өлшемдерін дұрыс
құрылуын қамтамасыз етумен құйманың қалыппен өзара әсерлесуін
есепке алу қажет.
4. Құйма құрылғысы жеткілікті технологиялық болуы қажет, яғни
құюдың таңдалған тәсілімен дайындау үшін ыңғайлы.
5. Құйма құрылғысы шабу және тазалау орнының ең аз мөлшері
және ұзақтылығын, шабу мен тазалаудың жүргізілу ыңғайлылығы, келесі
механикалық өңдеудің ыңғайлылығы және ең аз көлемін қамтамасыз етуі
қажет.
6. Құйманың базалық беткейі кесумен өңдеуге ыңғайлы орналасуы
қажет.
7. Құйма материалы берілген құю тәсілі кезінде жеткілікті
технологиялық және үнемқорлы болуы қажет.
8. Құйма құрылғысы дайындаудың берілген жағдайларында
металдың ең аз шығынын қарастыру керек.
9. Құйма компакті болуы тиіс. Өте ірі құймаларды бірнеше
бөліктерге бөлу қажет.