Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
5.3 Қаңқалы (каркас) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын бағалау 5.3.1 Қаңқалы ғимараттарды тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:
- ғимараттың іргетасы (түрі мен өлшемдері, табандарын белгілеу және т.б.);
- қаңқа элементтері мен қабырға қоршауы арасындағы түйісу ерекшеліктері;
- қаңқаның арматуралау және бетондау түйіндерінің түйісу ерекшеліктері;
- қабырғалар мен аралық қабырға жақтаудың элементтерімен қаңқаның арасындағы
түйісу ерекшеліктері;
- ғимарат бөліктері арасында сейсмикалық тігістің болуы және олардың орындалу
сапасы;
- баспалдақтардың және негізгі тірек конструкцияларымен олардың түйісулерінің
конструктивті шешімдерінің ерекшеліктері;
- шатыр конструкциясы және шатыр жабынының ерекшеліктері;
- қабырғалық қоршаулар – қоршаудың аспалы төбесі немесе даналанған
материалдармен қалау, ғимараттардың қаңқасымен қоршауды қосу әдістері;
- өндірістік ғимараттарда - ғимарат жүйесінде кран жабдығының болуы және кран
асты конструкцияларының жағдайы.
5.3.2 Темірбетонды қаңқалы ғимараттарды тексеру кезінде ерекше назар аудару
керек:
- темірбетонды қаңқалы түйісудің түйіндік аймақтарының тік және көлбеу
сызаттарымен зақымдануының мүмкін болуы;