Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
5.6.2 Баспалдақты тексеру байқау арқылы жүзеге асырылады, оның барысында
төмендегілерді орнату керек: - қолданылатын материалдар және конструкциялар ерекшеліктері;
- қалпына келтірілетін бөліктердің жағдайы, элементтердің түйісуі, қабырғаларға
көтеруші конструкцияларды бекіту орындары, баспалдақ торларын бекіту;
- жүктеме конструкцияларының деформациясы;
- баспалдақтарда, арқалықтарда, марштарда, саты басқыштарында жарықтар мен
зақымданулардың болуы.
5.6.3 Құрастырмалы темірбетон элементтерінен баспалдақтардың деформациясы
мен зақымдануын орнату үшін баспалдақтардың қабырғаға салынған жерлерін ашу керек;
баспалдақтар марштарының негіздерін; тас баспалдақтар үшін металды көлбеу
арқалықтарын - қабырғаларға баспалдақтарды жауып бекіту орындарында. Көлбеу арқалықтар емес аспалы тасты баспалдақтарды қабырғалардың қалауындағы
басқыш сатыларды бітеп жабумен олардың тығыздығын тексереді.
Ағаш баспалдақтардың металды көлбеу арқалықтарын және ағаш адырнамен
қабырғадағы арқалықтардың жауып бекітілген орындарын ашады және элементтердің
зақымдалуының түрін және шекараларын анықтау үшін ағаш конструкцияларды алдын
ала зондпен тексереді.
5.6.4 Шатырларды, ағаш итарқаны және фермаларды тексерген кезде қажет:
- көтеруші жүйенің түрін белгілеу (төсеме, торлама, белдеме);
- шатыр түрі, шатырдың жабын материалына шатыр еңістігінің сәйкестігі, шатырдың
және ішкі суағызудың жағдайы, желдеткіште жел тесігінің болуы, олардың шатыр
алаңына қатынасын анықтау;
- жүйенің негізгі деформацияларын (ақауларын) белгілеу (иілген жерлер мен
арқалық жабынның аралығының ұзартылуы, фермалар түйіндері мен көлденең
қималардың бұрыштары), үйлесімді түйісулерді ауыстыру (біріктірілген элементтердің