Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет61/180
Дата31.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#22599
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   180
Байланысты:
189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния

Жеңіл  зақымданулар  –  жіпше  жарықтар  мен  жарықтардың  үлкенаралықтардан 
бөлек    барлық  конструкцияларда  0,3  мм-ге  дейінгі  ашылуы,  фермаларда  және  құрамалы 
үлкенаралықты арқалықтар негіздерінде - 0,1 мм-ге дейін, құрама элементтерінің негіздегі 
ұстап  тұру  тереңдігінің  10%  шамасына  дейін  жылжуы,  қабаттарға  немесе  қорғаныс 
қабатының зақымдануы.  


ҚР ҚЖ 1.04-110-2017 
 
27 
Орташа  зақымданулар  -  конструкциялық  элементтердегі  0,3  мм-ден  0,5  мм-ге 
дейінгі жарықтар, фермалар мен үлкенаралықты арқалық негіздеріндегі 0,1-ден 0,3 мм-ге 
дейінгі  жарықтардың  ашылуы;  құрама  элементтерінің  негіздегі  ұстап  тұру  тереңдігінің 
20%  шамасына  дейін  жылжуы,  жапсарланған  элементтердің  айтарлықтай  орнынан 
жылжымай құрама конструкциялар жіктерінің зақымдануы. 
Ауыр  зақымданулар  -  жай  конструкцияларда  0,8  мм-ден  астам  жарықтардың 
ашылуы,  алдын  ала  кернеуленген  арқалықтарда  0,5-тен  0,8  мм-ге  дейінгі  жарықтар, 
фермаларда  0,3-тен  0,5  мм-ге  дейінгі  жарықтар;  жалаңаш  арматурамен  қысу  есебінен 
қорғаныш  қабатын  бұзуы,    элементтің  бүкіл  көлденең  қимасы  бойынша  1  мм-нен  астам 
жарықтардың  ашылуы,  біріктірілген  элементтердің  орын  ауыстыруы  арқылы  жекелеген 
жіктердің (буындардың)  бұзылуы. 
Бұзылуы  -  элементтің  барлық  қима  бөлігінде  арматураның  дөңестенуімен  немесе 
жарылуымен бетонның зақымдануы, соның ішінде іргелес қималардың жылжу мүмкіндігі; 
аралық  конструкция  негіздеріндегі  жарықтар  (арқалық,  фермалар  және  т.б.)  төменгі 
жиектерге  шыға  отырып,  бетонды  сығып  алу  және  арматураның  жалаңаштануы;  ферма 
элементтеріндегі жарықтардың  0,5 мм-ден жоғары ашылуы. 
10.4.3    Темірбетон  конструкцияларын  қайта  құру  немесе  күшейту  жұмыстарын  әр 
түрлі  металл  сортаменттерін,  арматурадан  бастап  ірі  жылжымалы  илемдеу 
профильдерімен аяқтап  және бетонның жоғарғы класы (В25-тен жоғары) мен полимерлік 
құрамды пайдаланып жүзеге асырылады. 
10.4.4  Қабықша немесе жабынның, қабырғалардың бұзылған жазық бөлігін қалпына 
келтіру  үшін,  конструкция  бетонға  дейін  бөлшектеледі,  сонымен  бірге  арматураның 
ұштары  120  мм-ден  кем  емес  жалаңаштанып  және  оның  жобалық  сипаттамалары  аз 
күштемемен    қалпына  келтіріледі  (5%  -дан  10%  -ке  дейін),  және  одан  әрі  бұрын 
қолданылған класынан бір саты жоғары бетонмен бетондалады. 
10.4.5  Жабын  элементтерін  және  ғимараттың  көтеруші  қаңқасын  қалпына  келтіру 
немесе  күшейту  жобалық  конструкциялық  қиманы  ұлғайтумен  жүзеге  асырылады. 
Жұмыстың  жалпы  тізбегі  келесідей:  бетондарды  алып  тастау  және  конструкцияның 
бүлінген бөліктерінде арматураны қалпына келтіру; барлық күшейтілген элементте бетон 
бетінің кертпесі (немесе тіпті қорғаныш қабатын толық алып тастау) орындалады; элемент 
қапсырмалар және таратушы өзектер орнату арқылы қосымша күшейтіледі және қалыпта  
бетондалады немесе торкреттеледі. Бұл әдіс ең сенімді болып табылады, егер темірбетон 
қабығы элементтің жобаланған қимасын толығымен жапса. 
10.4.6 Темірбетон конструкцияларының көтеру қабілеттілігінің артуы, көбінесе, оны 
металлмен  илемдеп  күшейту  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар,  бүлінген 
элемент бұрыштық,  кергіш немесе  оған қосылған  басқа профильді  металлдың жеткілікті 
қатаң  құрылымымен  күшейтіледі,  бұл  темірбетондағы  күшті  азайтуға  мүмкіндік  береді. 
Жиі  күшейтілетін  элемент  жай  металл  бандажбен  қапсырылады,  темір  бетонға  қатаң 
бекітілген конструкция және содан кейін қорғаныс қосылымымен жабылады. 
10.4.7  Қосымша  көтеруші  элемент  негізінен  жабын  арқалықтарын  күшейту  үшін 
қолданылады.  Сонымен  қатар,  темірбетон  элементінен  ішінара  немесе  толықтай  жүк 
түсіретін  дербес  металл  конструкциясы  құрылады.  Осындай  конструкциялар  ретінде 
арқалықты, кергішті, фермаларды, қосымша тіректерді, рамканы және т.б. қолданады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет