«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ және ЖУРНАЛИСТЕР МІНДЕТІ «Қазақстан 2050» даму стратегиясы алғаш рет 2012 жылы
14 желтоқсанда Елбасының республика халқына арнаған «Қа-
зақстан-2050»: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қа-
дам» Жолдауында жарияланды.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: – «Біздің басты мақсатымыз
– 2050 жылға қарай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру. Қа-
зақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30
елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клуб-
тағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын
тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз
жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс», – деп
атап көрсетті. Жолдауда Қазақстанның даму жолы белгіленіп,
ұзақ мерзімді нақты мақсаттары айқындалып, оларға жан-жақты
талдаулар жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Қа-
зақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауын жария етті. Бұл Жолдауда еліміздің 2050 жылға дейін-
гі даму басымдықтары нақтыланды. Қазақстан Республикасының
Президенті «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды.
«Мәңгілік Ел» идеясын уақыт сынынан өткен Тәуелсіздік құн-
дылықтар құрайды. Олар:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік
пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға
негізделген экономикалық өсім.