8-тапсырма. Асты сызылған сөздер қандай мағынада қолда-
нылған? Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. _______________
Көз – көңілдің айнасы. _______________________________
Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. ___________
Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік. ________________
Марат ауыр жүк көтерді. ______________________________
Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі. __________
Дастарханға ыстық тамақ та келді. _____________________
Досына ыстық ықылас білдірді. ________________________
9-тапсырма. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз.
Жұмыстың көзін тапсаң, тез бітеді.
Ол – тобымыздағы мінезі ауыр бала.
Біз таудың басына шығып келдік.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
Жердің бетінде тыныштық бола бергей!
Олар футбол алаңының оң қанатына отырды.
Алты қанат ақ орда әдемі-ақ!