Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Күйеуіңізге Алланың бұйрықтарын орындауға көмектесіңіз 

Жібекті жүн қылады түте алмаған, 

Жігітті құл қылады күте алмаған. 

Халық әні 

Ақылды әйел күйеуін патшадай құрметтеп, өзі де патшаның әйеліндей ғұмыр кешеді. Ақымақ 

әйел күйеуін құл қылады, өзі де құлдың әйеліндей өмір сүреді. 

Сіз  де  күйеуіңізді  патшадай  құрметтеңіз,  өзіңіз  бен  дүниенің  құлы  етпеңіз,  Алланың  құлы 

болуына жәрдем беріңіз! 

Мына нәрсені естен шығармаңыз. Күйеуіңіздің Алла тағала мен байланысы күшейген сайын, 

яғни  тақуалығы  артқан  сайын,  өмірі  де,  адамдармен  қарым-қатынасы  да  жақсара  түседі

150



Оның ішінде сіз де барсыз!  



150

 Ибн Аббас тақуалықты: «Алланың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан тыйылу» – деп 

түсіндірген. 

Аллаға деген иман күшті болса, күйеуіңіздің көзін харамнан тыяды, ішіп жүрген арағы мен 

шегіп  жүрген  темекісін  тастатады.  Отбасы  алдындағы  жауапкершілігін  оятып,  сізге  деген 

құрметін арттырады. Себебі мына хадистерді оқып, түсіне білген иманды азамат пен азаматша 

үшін жақсылыққа қарай өзгеруден басқа жол жоқ

151


. Күйеуіңізге Аллаға жақын құл болуға, 

Пайғамбарымызға лайықты үммет болуға көмектесіңіз.  

151

  Барлығың  да  бақташы  секілдісіңдер  және  барлықтарың  қоластыңдағылар  үшін  жауап 



бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен 

балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар 

үшін жауаптысыңдар. (Бұхари, уәсая 9; Мүслим, имара 20).  

Күйеуіңіз мінезі нашар адам болса да, еңсеңіз түспесін. Оған Раббысын тануға көмектесіңіз. 

Сол  кезде  сіз  көз  алдыңызда  болып  жатқан  ғажайып  құбылыстардың  куәсі  боласыз. 

Күйеуіңіздің жақсы жаққа қарай қалай өзгергенін көресіз. Себебі Раббысын таныған адамның 

жақсы жаққа қарай өзгермеуі мүмкін емес

152


. Осы жолда ең бастысы, өзіңіз мықты болыңыз. 

Аузыңыздан Алланы тастамаңыз. Біреуге бір нәрсе берсеңіз, Алла атымен беріп, алғанда да 

Алла атымен алыңыз. «Бисмиллә» деп іс қылып, «Әлхәмду лилләһ» деп сол ісіңізді аяқтайтын 

салиқалы әйелдер қатарынан болуға ұмтылыңыз. Аллаға жалбарынып, тілейтін дұғаңыз көп 

болсын! 

152


 Сол себептен болар бәлкім дана халқымыз: «Құдайдан қорықпағаннан қорық», – деген. 

Мына ғибратты оқиғаға назар аударыңыз! 

Мұсылманшылықты берік ұстанған иман жүзді әйелдің діннен мүлдем хабарсыз әрі екіжүзді 

пасық  күйеуі  бар  еді.  Әлгі  діндар  әйел  қай  істі  бастаса  да  «бисмиллә»  деп  барып  қана 

бастайтын.  Ал  күйеуі  оның  бұнысына  қатты ашуланатын.  Сол  үшін  де  әйеліне  көрсетпеген 

қорлығы жоқ еді. Әйелі байғұс күйеуінен көрген құқайларға барынша сабыр ететін де тек қана 

Аллаға күндіз-түні дұға етіп, күйеуін тура жолға түсіруді тілейтін.  

Қабағынан қар жауған күйеуі бір күні тағы да қатты ашуланды. Әйелін осы жолы да ебін тауып 

шықпыртып алмақ болғандықтан, өзінше оған себеп іздей бастады. Іштей:  «Бұны жақсылап 

тұрып қатырайын, қайтер екен? Содан соң көрсетейін көресіні» – деп күбірлеген күйі әйеліне 

жала  

жауып,  жазғырудың  жолын  қарастыра  бас-тады.  Құдай  алдында  бас  иіп  иманға 



келмегендіктен, оның жүрегін әлдеқашан осындай бықсыған арамдық жайлап алған-ды.  


64 

 

Әйелін шақырып, оған бір әмиян алтын берді де: «Мынаны бір жерге тығып қой!» – деді. Әйелі 



күйеуінің айтқанын екі етпестен «бисмиллә» деген күйі алтын толы әмиянды үйдің бір жеріне 

тығып қойды. Ал күйеуі оны сырттай аңдып тұрып, алтынды әйелінің қайда жасырғандығын 

біліп алды. Артынша әйелінің көзін ала беріп жасырған жерден алтынды алды да, әмиянды 

құдыққа тастай салды. Арада көп өтпей жатып әйелін қайта шақырды да:  «Әнеукүнгі  саған 

берген  алтынды  қайтып  әкел»,  –  деді.  Әйелі  жүгіріп  барған  күйі  өзі  жасырған  жерге 

«бисмиллә» деп қолын сұқты. Әйелдің шын ықылас-пейіліне Алла тағала разы болғандықтан, 

бар алтын мұрты бұзылмаған күйі әмиянымен бірге сол орнында тұр еді. Бірақ әмияннан су 

тамшылап  тұрды.  Әйел  әмиянның  неліктен  су  болғанын  түсінбестен,  алтынды  алған  күйі 

күйеуіне әкеліп берді.  

Алтын  толы  әмиянды  бәз  баяғы  қалпында  көргенде,  күйеуі  есі  шыға  таңғалды.  Сөйтті  де 

әйелінің  істеп  жүрген  тірліктерінің  қаншалықты  шындық  екендігіне  осы  жолы  анық  көз 

жеткізді. Қипақтап әйеліне қараған күйі: 

–  Саған  осы  уақытқа  дейін  қаншама  қиянат  жасадым.  Менің  барлық  пендешіліктерімді 

кешірші.  Шын  тәубе  етіп,  Алладан  да  кешірім  сұраймын.  Осыдан  бас-тап  құлдық  ұрып, 

құлшылығымды жасайтын боламын, – деп уәде берді. 

Сол күннен бастап: «Я, Алла! Маған о дүние мен бұ дүниемді бақытты ететін діндар әйел нәсіп 

еткеніңе шүкіршілік айтамын. Мені кешіре көр!» – деп дұға ететін болды.  

Ал  оның  иманды  әйелі  болса:  «О,  Жаратқан!  Ертелі-кеш  аузымнан  тастамайтын  дұғамды 

қабыл алып, күйеуімді тура жолға түсіргеніңе мың да бір шүкір», – деп дұға етті

153


153


 Қ.Бағашар «Тағылым тамшылары», «Көкжиек-Б» баспасы, 173-бет, Алматы 2015 ж. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет