Н.С. Балтабаева
1
, Л.М. Əділбекова
1
1
Қазақ филологиясы жəне əлем тілдері факультеті,
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
е-mail: balnargiza@mail.ru
ТАЛАПТАН АХМЕТЖАННЫҢ «ТОЗАҚ ОТЫ» ПОВЕСІНДЕГІ
ƏДЕБИ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Аңдатпа
Талаптан Ахметжан – қазақ əдебиетіндегі өз қолтаңбасын қалдырған қаламгер-
лердің бірі. Жазушы туындыларында ар-ұят, адамгершілік, намыс, адалдық сынды адам
бойындағы жақсы қасиеттерді дəріптеп, жат қылықтардың зияны жайлы оқиғалар
баяндалған. Сонымен қатар, шығармалардағы Барақ баба жəне Қойлыбайдың қобызы
жайлы аңыздарды кездестіреміз.Қаламгердің шығармаларынан діни сарындар мен
мифологиялық құбылыстарды да кезіктіруге болады.
Талаптан Ахметжан шығармаларының басым бөлігі – адамгершілік, ар – ұят
тұрғысынан болғанымен, шығармалар тарихи шындыққа толы болып келеді. Тарихи
шындықты айқын көрсете бейнелейтін ол – кейіпкерлер. Шығармадағы кейіпкерлердің
характері, іс-əрекеттері арқылы əдеби образдар жүйесі қалыптасады. «Тозақ оты»
повесіндегі əдеби образдар жүйесін анықтай отырып, сипаттама береміз.
Тірек сөздер: кейіпкер, адамгершілік, əдеби образ, характер, əңгіме.
1, 2020 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
89
КІРІСПЕ
Талаптан Ахметжан өзі өмір сүрген дəуір талап еткен бірқатар маңызды
мəселелерге өзінше жауап беруге əрекет жасаған. Автор өзінің дидактикалық са-
рында жазылған шығармасында мороль, этика, əдептілік, тəлім-тəрбие тура-
лы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынас,
сөйлесуі, сыйласуы, əсіресе тіл əдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Жазушы
жалқаулықты, əдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты т.б жаман мінез құлықтарды
өлтіре сынайды.
Қаламгер шығармаларында дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне
өзінің, сыртқы дүниеге қарым-қатынасы кездеседі, адам баласының дүниеге
көзқарасын аңғартады. Мəселен, шығармаларының басым бөлігі дүниені діни
тұрғысынан қарастырады. Адам баласының жаратылуы, өмірдің алдамшы, жалған
екенін аңғартатын образдардың жасалуы, сонымен қатар о дүниенің бар екенін
адам баласының есіне салуы. Сондай сюжеттер негізінде шығармалардан діни
жəне мифологиялық құбылыстарды кездестіруімізге болады.
Əдебиет – сөз өнері, əлеуметтік мəні бар шығармалар жиынтығы. Əдебиеттің
суреттейтіні ол – адам. Адамды жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) ретінде да-
ралап көрсетеді. Адам қай уақытта болмасын бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді,
сол ортада өзін жан – жақты танытады,көрсетеді. Адам бейнесін жасауда жеке бір
адамға тəн мінез – құлықты да, көпке ортақ жақсы – жаман қасиеттерді де пайда-
лана отырып, шығармаға тəн кейіпкер тұлғасын көрсетеді.
Əдеби қаһарман – көркем шығармадағы адам бейнесі. Əдеби қаһарман,
кейіпкер, образ, персонаж, тұлға, тип, көркем бейне деп те атала береді. Шығармадағы
өмір тіршілігі суреттелген кез келген адамның тұлғасын толыққанды əдеби сана-
тына қосу қиын. Əдеби қаһарман жеке адамға тəн жақсылы – жаманды мінезімен,
іс-əрекетімен, ой-толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген көркем
тұлға. Əдеби қаһарманның ең жоғары, жан-жақты шебер мүсінделген түрі – типі.
Əдеби қаһарман жеке адамға, сондай – ақ белгілі бір таптың, топтың, өкіліне тəн
күрделі болмыс – бітімін, жалқылық əрі жалпылық қырларымен үздік көрінуі
(Хлестаков, Мелехов, Абай Құнанбаев, Еламан т.б.) – таланттың ғана еншісі. Əр
кездегі қоғамның, таптың мақсат – мұратына, эстетик, ұғым – түсінігіне сəйкес
əдеби қаһарманның түрлішетипі болғандығы мəлім. Ауыз əдебиетіндегі Ер Төстік,
Алпамыс, Қобыландылар халықтың асқақ арман – қиялының, ал Қыз Жібек нəзік
талғамының жемісі болып табылады [1, 91–92 б].
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2020
90
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Əдеби шығарманы оқи отырып, шығармада суреттелетін өмір шындығын,
қоғамда болып жатқан өзгерістерді сол туындыдағы кейіпкерлердің образынан,
болмысы мен мінез – құлқынан аңғарсақ болады. Кейіпкер характерлері жайында
белгілі ғалым Серік Мақпыров былай дейді: «Жазушы міне осындай сан түрлі адам
характерлерін, мінез стихиясын, олардың бір – бірімен қарым – қатынасын, тарты-
старын бейнелеу арқылы адам жаратылысының жұмбақ һəм күрделі қырлары мен
сырларына жіті зерттеушілік көзбен үңіліп, адамгершілік, жан жомарттығы де-
ген не немесе дүлей озбырлық, əйтпесе тоңмойын топастық немесе сатқындық не-
ден туындайды, бұндай ұнамды, ұнамсыз сипаттар неден бастау алады, олардың
төркіні неде деген секілді тағы да басқа адамзатты сан ғасырлар бойы толғантып
келе жатқан этикалық – эстетикалық, философиялық мəңгілік сауалдарға жауап
іздейді» [2, 34 б.].
Жазушының кəмпеске, күштеп ұжымдастырудың салдарынан халқымыздың
1928–1933 жылдары басынан өткерген ашаршылық жайында, тарихи тақырыпта
жазған үздік туындысы – «Тозақ оты» повесі. 1929–1930 жылдардағы колхоз-
құрылғысы күштеп, зорлықпен жүргізілді. Колхоз құрылысының алапатында
аудан халқы малын бір ортақ қазанға бергісі келмеді. Берместің қамымен малға
қанды қасап жүргізілді. Атап айтқанда:ірі қаралардың артынан қолағаш жүгіртіп,
іш құрылысын талқандау немесе тілін буып тастау. Не оттай алмаған, не су іше
алмаған Зеңгі баба тұқымы өз иелерінің қолынан пышаққа ілініп жатты. Қой мен
жылқыны қанша сойғанымен, оның санын азйту қиын болғандықтан, əрі десе
«обал» деген сөзден қорыққан қазақ баласыосы аруақтаған түліктерінен тапа-тал
түсте айырылып қалды. Облыстан, ауданнан қару асынып, келген уəкілдер елдің
«ұлтанқұлдарын» жиып, бүкіл ауылдың малдарын белгіленген орталықтарға
жинады. Бұл жиналған малға қора-жай, жанашыр малшы, бас – көз болар есеп
жүргізген ешкім болмады. Колхоз болып ұйымдасқан қазақ ауылдарының малы
ұстағанының қолында,тістегенінің аузында кетті. [3, 10 б]
Суреттеліп отырған дəуірдің басты шындығы сол дəуірде өмір сүрген
адамдардың тарихи ақиқат наным сенімдерімен, əдеп-ғұрыптарымен тығыз байла-
ныста ашылады. Соған орай этнографиялық ақиқат деректер əдеби шығармадағы
тарихи өткен дəуір тынысына, сондай-ақ сол тарихи өткен дəуірде өмір сүрген
адамдардың мінез-құлқына тарихи нақты, шынайы сипат. Туындыдағы ата-
бабалардан қалған асыл қасиеттер де бізге осы мəңгілік ұлы мақсаттармен биіктен
көрінеді.
Бұл шығармада халықтың басына түскен ауыртпашылықтар, саяси
олқылықтар ғана бейнеленіп қоймай, қазақтың бойына сіңген төзімділік, сабыр-
1, 2020 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
91
лығы, шыншылдығы да сөз болған. Сонымен қатар, шығармадан кейіпкерлердің
ойлары мен іс-қимылдары, сөздері арқылы халқымызға тəн мінез – құлықты көре
аламыз.
Қаламгер «Тозақ оты» атты повесінде қазақ халқының басынан өткерген
барлық азабы мен күйігі, қасіреті шынайы баяндалған. Голощекиннің шаш ал десе,
бас алатын қызметкерлері салықты салған үстіне салып, қазақты қынадай қырып
салғаны бір ғана ауыл, бірнеше қазақ отбасының тартқан қасіреті баяндалады. Ел
басына орнаған қиындыққа тек билік басындағылар ғана емес, кеше ғана қарапайым
халықтың қасында жүрген, бір табақтан ас, бір ыдыстан су ішкен, бір-екі жыл
орысша білім алғанын бұлдап, туған халқын ауыр азапқа душар еткен Сабалақ
сынды оқыған самақтар мен жағымпаздар да кінəлі еді. Повестегі Сабалақ – кеңес
өкіметінің қолшоқпары, сол кезеңдегі өзін саяси биліктің серісі ретінде сезініп,
белсенді ел басқарғандардың бейнесін білдіреді. «Орақ басталғалы Сабалақ ат-
тан түскен жоқ. Есік пен төрдей шұбар бестісін желдіртіп қырман мен егін ба-
сын шаңдатты да жүрді. Ауылда емшектегі бала, кəрі – құртаң, ауру – сырқаудан
басқа бір пенде қалмады. Бəрін бір шыбықпен айдап егінге қуды. Көзімді тайды-
рып əкетсем түк көрмеген бейшаралар дорба – дорба қып үйлеріне дəн тасиды
деп қорықты. Колхозшыларға да сенбеді. Кешке ауылға қайтқан орақшылардың
қойны-қонышын тінтті, балалардың сусын құятын торсықтарын, құрт-ірімшік са-
лып əкелген қоржындарын ақтарды...» [4, 167 б.]
Қазақ прозасында тоталитарлық дəуір кезеңінде жабық болып келген
тақырыптардың бірі – халқымыз 1928–1933 жылдары бастан кешірген солақай са-
ясат, күштеп ұжымдастыру, ашаршалық тақырыбы. Бұл кезеңнің ащы шындығы
ұзақ жылдар бойы бүркемеленіп келгені, ашық жазылып, айтылмағаны белгілі.
Қаламгерлер қауымына бұл ауыр зұлматтың бар шындығын толықтай ашып жа-
зуына еш мүмкіндік болмады. Айтар ойын тұспалдап, астарлап жеткізуге мəжбүр
болды. Бұл жөнінде зерттеуші Н. Ақыш былай деп ой түйеді: «Алайда мемлекеттік
деңгейде осындай тыйымға қарамастан, Кеңес дəуіріндегі қазақ жазушылары да
жиырмасыншы-отызыншы жылдардың оқиғалары жайында айтқанда, оның адам
айтқысыз ауыр салдарына тұспалдап болса да қалам тартқанын байқауға болады
екен» [4, 142 б.].
Ұлттық характерге тəн жағдайларды туындыдағы Ысқақтың сөздерінен
байқасақ болады. Онда Ысқақ əділдікті жақтаған, шыншыл, шымыр, сөзге шешен,
кішіге қамқор, үлгі бола алатындай азамат ретінде көрсетілген
«Əй, сабалақ, тіліңді тартып сөйле. «Жаман атқа жал бітсе жанына торсық
байлатпас» деуші еді, Шұбарды тақымыңа басқалы кісі танудан қалған екенсің.
Байқа таптап кетпе, мұнда да ел бар» [4,168]
Ысқақ Сабалаққа ескерту жасап, өзінің қолындағы билігін асыра пайдалан-
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2020
92
бауын, қолында билік болмағанға дейін қарапайым жұмысшының бірі болғанын
меңзеп, ескерту жасауы болса да, Ысқақтың шыншыл, сөздің турасын айтып,
жағымпаздықты жаны сүймейтін қасиеттерін көрсетеді.
Сабалақ – кеңес өкіметінің қолшоқпары, сол кезеңдегі өзін саяси биліктің
серісі ретінде сезініп, қарапайым халыққа қысым көрсететін жағымсыз кейіпкер.
Сол себепті, халықтың көпшілігі жақтыра қоймайтын. Ал шығармада Ысқақтың
характерін өзінің ойындағысын айтуы негізінде байқаймыз. Ондай қасиетті
де ұлттық характерге жатқызсақ болады. Себебі, тарихымызға үңілсек қазақ
халқының бойына біткен ерекше бір қасиет ол – шыншылдық болып табылады.
«Жібер, Байсал, былай тұр жолдан! Тойынайын деген екен иттің ғана күшігі,
жұдырықтай балаға қамшы сілтейді тағы. Өй, көрінде өкіргір, хайуан!» [4,169]
«Мүбəрəк – ау қалай ғана күйінбейсің, ел ішіндегі лаңы аздай-ақ енді сəбиге
қамшы сілтеуін қарашы! Көзің шыққыр неге ғана көрмейді, үйіндегі шиеттей екі
інісі мен ауру шешесіне тасып жүр ғой бұл байғұс, аштан өлтіре ме енді. Бір уыс
бидайлық еңбегі сіңбеді ме, құдайшылығын өзің айтшы!»
Ысқақ əділдікті жақтап, адал еңбегінің ақысы ретінде бір уыс бидай-
ды алған жұдырықтай қара ұлға қамшы сілтемек болғаны үшін Сабалақтың са-
зайын тартқызбақ болған еді. Яғни, Ысқақтың бойындағы əлсіздерді жақтауы,
жанашырлық танытуы да ұлттымызға сіңген қасиеттің бірі десек болады.
«– Онда сүйек шығарамыз ба? Жаназа шығарар да кісі жоқ...
Өзім білген аятымды оқып бір Құдайға тапсырамыз енді...
Аққайша ақ киіз бен оюлы сырмақ алып шықты.
Зейнелхан темір күрекпен ағаш шаншылған тұстан едəуір қазған кезде қар
астынан киізге оралған балалардың денесі көрінді. Шал-кемпір мелшиді де қалды.
Жылай-жылай көз жасы суалып қалғандай. Мүбəрəктің таяққа сүйенген қолдары
қалтырағандай болды. Аққайша: «Құлындарым-ау...» – деп ақырын ғана ернін жы-
бырлатты.
Зейнелхан құрым киізді сырмақтың үстіне салып, байлауын шешті. Қатар
жатқан екі баланың сүйегі де ағаштай болып қатып қалыпты. Көкпеңбек. Көздері
зындандай шүңірейіп ішіне түсіп кеткен. Бет сүйектері адырайып-адырайып
көрініп тұр.
Тізерлеген күйі жылжып келіп сіресіп жатқан мұз денелерге тқне түскен
Аққайшаны Зейнелхан қолтығынан демей берді.
– Құлындарым-ау... – дей береді күбірлеп. Көзінен бір тамшы жас шықпады.
Мүбəрəк сүйектердің бетін ақ киіздің шетімен бүркей бере тізерлеп отырды.
Дауысы жер астынан шыққандай болып, қалтырап аят оқыды» [4, 223 б.].
Бұл уақытта осындай іс-əрекеттен бүкіл қазақ халқы Сталиннің геноцидтік
зұлмат аштығынан қырылуда еді.
1, 2020 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
93
– Сол бір жылдары аштан өлудің үш түрі болды, – дейді Момынқұл қария:
1. Үйінен шыға алмай «жүріп кету». Оны ыстық мезгіл уақытында бұзылған
мəйітін иісінен сезіп, көму немесе əл-қуаты бар адамдардың «пəленше көрінбейді»
деп, үйіне іздеп барып, үстінен түсуі;
2. Ауыл ішіндегі үйлерден қайыр сұрап жүріп, көшеде қылжиып қалуы;
3. Аштықтан əбден жүдеген, əлі ептеп күш-қуаты бар адамның жандалбаса-
мен «бір жердегі жекжатыма барсам, аман қалармын» деген үмітпен үйден шығып,
жолда жан тапсыруы [5, 141-142 бб.].
«Ағатай үйдегі кішкентай інім жылаған соң... бүгін бір – ақ уыс... Кішкене
ғой, айтсам ұқпайды... апам да ауру...» [4, 168 б.]
Қаршадай ғана кішкентай ұлдың үйдегі ауру анасы мен аш құрсақ жатқан
інісіне қамқорлық танытып, асырап бағып жүрген ұлдың бойынан ізгілікті,
қамқорлықты, өзінің жасына қарамай жұмыс жасауы, қиыншылықтарға қарсы
тұруын жəне еңбегіне жарасар ақысын алуын білдіреді.
«Əй, заржақ, қоясың ба, жоқ па?! – деді Мүбəрəк шаңқ етіп, – Тілдеме
Құдайды, имансыз! Қыршыннан қиылып жатқан жалғыз сенің балаң ба, бір түйір
дəнге зар боп отырған жалғыз сен бе?! Бұл көпке келген зобалаң. Сендей көркеуде
имансыздар тəубасына түссін деп Алла Тағаланың жіберіп отырғаны деп біл!
Құдайды ұмыттыңдар! Адамшылықтан аздыңдар! Қайырым – мейірімнен жұр-
дай болдыңдар! Бір – біріңді қасқырдай талайсыңдар, жыландай шағасыңдар.
Сайтанға айналып барасыңдар. Ауыздарыңнан біссіміллəларың түсті. Кеуделеріңе
нан пісті! Кепиет атты сендерді!»
«Балаңды жұтқан Құдай емес, Сабалақ! Малды қырған Сабалақ, жан-
ды қырған Сабалақ! Бар, шұқы көзін! Жерге тық. Аспандағы Құдайды тілдеуге
шеберсіңдер, қастарыңдағы тажалға қарсы келуге қорқасыңдар! Ортаға мал
жиғызған Құдай ма? Ортаға дəн төккізген Құдай ма?Неге тілдейсің Құдайды,
жүзіқара!» [4, 190].
Шығармадағы Мүбəрəктің мінез – құлқы жоғарыда келтірілген үзіндіде
көрінеді. Мүбəрəк көпке келген зобалаңды адамдардың бойындағы жаман қасиеттің
салдарынан, қанағатшылық, шүкіршілік, адамгершілік қасиеттің жоқтығының
салдарынан Алла тағаланың сынағы ретінде деп ұғынады. Əйеліне басу айтып,
солақай саясаттың салдарынан ел басына күн туғанын жəне де Құдайды бекер
тілдеп, күнəға батқанша, Сабалаққа барып турасын айтуды меңзейді.
«Обалың Сабалаққа! Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ. Алла əкпар!»
«Əй, Сабалақ, əкіреңдеме, баланы шошытасың! Еркек қайда түнеп, қайда
түстенерін қатынынан сұрамас болар. Кеткелі үш күн болды, үйде жоқ екенін өзің
де көріп тұрсың ғой»
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2020
94
«Өй, əдірем қалғыр, сен екенсің ғой етегіне намаз жүрген нағыз еркек?!
Біз де білеміз, біз де де құлақ бар еститін... Еркек басыңмен қатын өсегіңді көп
қоңырсытқанға ұялсаңшы!» [4, 197]
«Рахмет, қайыным, у-у-у-һ, көңілге жұбаныш етерім бауырымдағы қоңыр
қозым... Осы аман болсыншы!» [4, 219]
Жоғарыда келтірілген үзінді арқылы Күлманның қазақ əйеліне тəн ержүректік,
батылдық қасиеттері көрсетілген. Сонымен қатар, Балжан өзінің баласы болмасада
бауыр еті баласындай қамқорлық танытуы, Ысқақ пен Зибаштың жоғын білдірмей
Балжанды бауырына басуы да қазақ əйелдеріне тəн ерекше қасиетті білдіреді.
«Е-е, балам... Ақнайманмын де... дұрыс – дұрыс... Сен сол аталарың
Ақнайманның шын аты кім екенін білесің бе? – деді бір кезде Мүбəрəк үзілген
əңгіменің ұшығын енді тапқандай аяқ астынан көңілденіп. – Білмейсің бе? Оның
ұят енді... білген жөн. Арғы шыққан тегіңді білгеннің артықтығы жоқ, қарағым. Ол
дегенің шежіре ғой... Ауылыңда үлкендер бар ма?
– Бар ғой... бірақ...
– Иə-иə, белгілі... ескінің жолын, ескінің сөзін ұстамайбыз дейсің ғой. Жөн-
жөн! Бірақ өзіңнен бұрынғылардың қателігін қайталамас үшін де білгеннің бөгеті
болмас еді. Білмесең есіңде жүрсін. Ақнайманның шын аты – Қуансейіт. Жас
күнінде жоғалып кетеді. Əкесі Ерторы іздеп барып Арғын ішінен тауып, қазыға
барып: «Өзімнің аппақ Найманым», – депті, содан «Ақнайман» атанған. Оны да
естіген жоқсың ба?» [4, 210].
Кеңес кезінде қазақтың рулық түсінігі «надандықтың салдары», «ескінің
қалдығы» ретінде бағаланды. Ру сұрасу ұят саналды. Осы бір отаршылық қасірет-
тің кесірі халқымыздың сан жылдар бойы қалыптасқан тарихының жойылып ке-
те жаздағаның айғағы. Осы бір таным-тетікті жақсы білген Ресей отарлаушыла-
ры қазақ қоғамын бөлшектеудің негізі руда жатқанын жақсы аңғарған. Сөйтіп,
олар қазақ қоғамын рулық бөлшектеу арқылы сан ғасырлық қалыптасқан бітім-
құрылымын, ұлыстың тұтастығын, ағайын аралық береке-бірлігін бұзудың өте бір
нəзік жолын тапты жəне оны жүйелі түрде заң жəне əскери құрылым күштерді
пайдалана отырып, іске асырды.
Əдебиет зерттеуші, ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақ халқының рулық
дəстүрін осыдан мыңдаған жылдар бұрын тарихтың еншісіне айналған алғашқы
қауымдық құрылыстың наным-сеніміне теліп, ескі үрдістің қалдығы десек, онда
көшпелілер қоғамының ең бір мəнді тетігін тани алмаған болар едік» деп жазған
[6, 108 б.].
Ата тегін білу, руын, өзінің тарихын білу əрбір қазақ азаматының парызы деп
білу қажет. Сол себепті, Мүбəрактың Зейнелханнан арғы тегін сұрастыруы, сынау
1, 2020 ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
95
мағынасында емес, жастарға білмегенін үйретіп, келешекте қайталанбауын, есінде
сақтауын меңзейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Автор кісінің адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа əдепсіз, дөрекі, на-
дан етіп көрсеттетін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама береді.
Мұндай жағымсыз мінездер, мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сараңдық,
мейірімсіздік, ашушандық, тағы да басқалары деп көрсетеді. Қаламгер байлық,
дəулеттің, баршылықтың қадірін суреттей отырып тоғышарлыққа, санасыз
қомағайлыққа қарсы. Автор айтпақ құттың көзі-қанағат, тепе-теңдік. Тұрмыстада,
өмірдеде ұстамдылықты ұмытпау. Адалда, əділ, барға қанағат тұтқан кедейлікті
арам байлықтан əлденеше есе бай дей отырып, жалқаулықтан, сорлылықтан туа-
тын бейшаралыққа қарсы.
Қаламгердің əңгіме, повестерінде қаймағы сылынбаған ұлттық орта, қазақ
ауылының шындығы негізінде жаңа характерлер ашуға құрылған. Шығарма-
дағы кейіпкерінің іс-əрекеті мен сөйлеген сөздері арқылы қазақтың ұлттық
мінез-құлқы көрінеді. Олар халықтың аңыздан бастап, қазіргі уақыттағы қоғам
арасындағы түрлі қайшылықтарды бейнелейді. Қазақ қоғамындағы үлкен
əділтсіздіктер, күштінің əлсізге жасаған зорлығы, өнер иелерінің қорлығы,
жемқорлық, адамдар арасындағы бəсекелестік тағы сол сияқтылар Талаптан Ах-
метжан шығармаларында кездеседі. Алайда, бəріне тəн ортақ идея – қараны ақтан,
жендетті жаудан, күштіні əлсізден айыра білудің қажеттілігі, адамгершілік,
жақсылық сияқты мəңгілік құндылықтарды бағалай білуге тəлім береді.
Талаптан Ахметжан туындыларында нағыз адамдық белгісі, ұлттық
менталитетің көрінісі – кісілік мінез-құлыққа басты назар аударады. Сонымен
қатар, адамның өзі қымбат бола бермеуі мүмкін, негізінен адамгершілігі қымбат.
Ізгілік – ізгілікпен қайтуы тиіс. Ал, адамгершілік – адамгершілікпен қайтады.
Өмірдің кез келген жағдайында жəне адам болмысының шуақты жақтарына назар
аударатын авторлар адам бойындағы тазалық, ізгілік жəне адамгершілік пен баоша
жақсы қасиеттердің табиғи қалпы бұзылмаған, қаймағы сылынбаған шағын нəзік
көңілмен бейнелейді.
Сонымен қатар, жазушы шығармаларында кейіпкерлердің өткен өміріне
қатысты жағдайлар, тағдырларының ұқсас болуы, кейіпкерлердің рухани болмы-
сы, мінез – құлқы жəне олардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір сүру ортасы қайталанып
жатқандай болады. Автор əдейілеп қайталамайды, алайда болған өмірде болған
оқиғалар негізінен құрылған сюжет болғандықтан бір-біріне ұқсап кететіні рас.
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ 1, 2020
96
Қай дəуірде болмасын, ақын – жазушылар – өз заманының қызметкері. Талап-
тан Ахметжан да өз заманының, кешегі кеңес кезінің шындығын, сонымен қатар
тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарды жырлады. Қаламгерді
заман мен адам проблемасын кеңінен зерттеген десек те болады. Өмір шындығын
терең түсініп, адамның бойындағы асыл құндылықтар мен адамгершілікті зор
бағалады.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Мақпыров С. (1999). Қазақ əдебиеті энциклопедия. – Алматы: Білік – 91–
92 б.
2 Мақпыров С. (2009). Адамтану өнері. Алматы: Арыс. – 214 б.
3 Уразбаев Қ.М. (2007). Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы
ұлттық дəстүрлер көрінісі. фил. канд. дисс Түркістан: – 10 б.
4 Ахметжан Т. (2006). Шығармалар жинағы. – Алматы: Жалын. – 168 б.
5 Қызылдар қырғыны (1992). Алматы: Өнер. – 141–142 бб.
6 Сейдімбек А. (1995). Көшпелілер тарихы. – Алматы: Атамұра-Қазақстан. –
108 б.
Н.С. Балтабаева
1
, Л.М. Əділбекова
1
Достарыңызбен бөлісу: |