34
салмақты болжам алу үшін екі-үш итерация жеткілікті. Бұл әдістің негізгі
артықшылықтары - құпиялылық және қатысушылардың бір-біріне әсер етпеуі.
Интуиция бойынша бағалау. Интуицияны нақты деректердің болуына
қарамастан дұрыс баға беру қабілеті ретінде анықтауға болады. Қазіргі
іскерлік тәжірибеде кез келген интуиция, күмәнді, сенімсіз, назар
аудармайтын нәрсе болып саналады. Мысалы, www.e1.ru порталында
ұсынылған басшылар мен мамандар үшін 377 тренингтік бағдарламаның
ішінен, интуицины дамыту мәселелері тек үшеуінде ғана болды.
Мұндай жағдайдың екі себебін атауға болады. Біріншіден, әлі күнге дейін
психолог-мамандардың арасында интуиция деген ұғымға ортақ пікір жоқ.
Екіншіден, интуиция - бұл бір адамға тән, ал басқаларға тән емес қабілет.
Интуицияны «ғылыми» зерттеу әрекеттерінің көпшілігі нәтижелердің
қайталану факторымен байланыстырады. Теориялық тұрғыдан, егер интуиция
- әлемнің ғылыми бейнесінің бір бөлігі болса, онда сол бастапқы жағдайлар
орын алса нәтиже қайталануы тиіс. Тәжірибе жүзінде сыналушының ішкі
жағдайының күшті әсерін сезінеді, сондықтан әр кездегі нәтижелер бір-бірінен
өзгеше болуы мүмкін.
Болжамдарды алу үшін интуицияны пайдаланатын компаниялар бұл
фактіні
жариялауға
асықпайды. Алынған интуитивті деректерді «нақтылау»
немесе «түзету» үшін болжаудың басқа да әдістері міндетті түрде
пайдаланылады.
2.5-кесте.
Автомобиль доңғалағының тысына сұраныс
Апта
1
2
3
4
5
6
Сұраныс
бірлігі
44
32
46
42
39
40
Достарыңызбен бөлісу: