С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Тауар қозғалысының логистикасы .docx

 
 
 
 


 

 
 
КІРІСПЕ 
 
Қоғамның    қазіргі  даму  кезеңі  нарықтық  бәсекелестіктің  жоғары 
деңгеймен  сипатталады.  Тұтынушылық  пен  өндірістік  мақсатында  тауарлар 
мен  қызметтерді  өндіру  және  сату  жағдайларындағы  бәсекелестік  ерекше 
орынға  ие  болады.  Компаниялар    әлем  бойынша  шикізат,  материалдар, 
аяқталмаған  өндіріс,  дайын  өнім,  қызметтер,  ақпарат  ағындарын  біріктіре 
отырып,  тауар  қозғалысының  деңгейін  жоғарлатады.  Жаңадан  ашылған 
нарықтарда компанияның қызметін кеңейту маңызды болып табылады. 
Нарық  дамыған  сайын  маржиналдық  пайда  азаяды  және  бәсекелестік 
артады.  Компания  нарыққа  шыққан  кезде  қол  жеткізілген  позицияны 
жоғалтпау  үшін    шығындарын  азайтуға  мәжбүр  болады.  Дәл  осы  сәтте 
логистиканың  орны  өте  маңызды,  яғни компанияларға  үнемдеуге  мүмкіндік 
беретін  әдістер  мен  тәсілдер  бәсекелестіктің  ең  маңызды  қаруы  болады. 
Логистика  кәсіпорынның  әртүрлі  салалардағы,  яғни  сатып  алу,  өндіріс, 
материалдарды жеткізу, дайын өнімді тарату, қойма, көлік, сервистік қызметті 
ұйымдастыру  және  т.б.  жұмысын  жақсартуға  арналған  құралдармен 
қамтамасыз  етеді.  Логистика  құралдарының  мұндай  әмбебаптығының 
осы 
заманғы    экономикада  қолдану 
маңыздылығы  жоғары  деңгейінде  болу. 
Логистиканың өзектілігі осыған байланысты күшейтіледі, бұл  шығындарды 
едәуір азайтуға мүмкіндік береді.  
Бұл  оқу  құралында  логистика  құралдарын  тауар  қозғалысында 
пайдалануы ерекше орын алады.  
Кәсіпорынның  сатып  алу,  өндірістік,  өнімдерін  таратуды,  көлік  және 
қойма  тауар  қозғалыстарында    логистика  өз  инструменттерін,  әдістемелерін 
кеңінен  қолданады.  Оқу    құралында  әрбір  тақырып  бойынша  өзіндік  жұмыс 
үшін  сұрақтар,  тапсырмалар  және  тест  тапсырмалары  берілген.  Бұл  оқу 
құралының  басқа  да  көптеген  оқу  құралдарынан  айырмашылығы  ол 
құрастырылған  сұрақтардың  берілген  теория  мен  тәжірибене  меңгерілуін 
бақылауын  көздемейді,  керісінше,  жазылған  материалды  толықтыруға  және 
кеңейтуге, өз бетімен оқуға арналған қосымша білім беруге негізделген. 
Логистиканың  даму  мәселелері  шетел,  ресей  және  қазақстандық 
ғалымдардың еңбектерінде жүйенің ішінде және сыртында материалдық және 
ақпараттық  ағындардың  қозғалуын  оңтайландыру  ретінде  қарастырылған. 
Логистикадағы  ғылыми  зерттеулер  нарықтың  қазіргі  тұжырымдамасында 
әлемдік экономиканы ғаламдандыруына, оның ішінде интегралданған көліктік 
түйіндерді  құруға  бағытталған.  Бұл  зерттеулердің  ішінде  келесі  ресей  және 
қазақстандық ғалымдардың еңбектерін айта кету керек:  О.В. Толмачев, Б. А. 
Аникин,   А. А.Смехов,   Л. Б. Миротин,  А. Н. Родников,  А. И.Семененко, Д. 
Т. Новиков, М. Е. Залманову, В. И. Сергеев, Ы.Э. Ташбаев, А. М. Гаджинский,  
О. Сабден, Ж. С. Раимбеков, А. Н.Тулембаева, осы ғалымдар экономикадағы 
логистика теориясының негізін қалады.   


 

 
Бірінші  бөлімде  логистиканың    мәні,  мағынасы,  негізгі  функциялары 
және  міндеттері  қарастырылады.  Мұнда  жұмыста  пайдаланылған 
логистикалық жүйелердің негізгі түсініктерінің анықтамалары беріледі. Тауар 
қозғалысын  басқаруға  дәстүрлі  тәсілдемелерге  қарағанда  логистикалық 
тәсілдемелерді қолданудың артықшылығы негізделеді. Логистиканың негізгі 
функционалдық салалары және олардың өзара байланыстары қарастырылады, 
сондай-ақ    олардың  әрқайсысы  үшін  функциялары  мен  міндеттері  беріледі. 
Мұнда логистиканың әрбір функционалдық саласы бойынша таралған типтік 
модельдердің көрінісі келтіріледі.  
Екінші  бөлімде  сатып  алу  ішкі  жүйсінің функциялары  мен  міндеттері, 
қызмет ету механизмдері құрастырылған, модельдері мен әдістері сипатталған 
және зерттелген.  
Үшінші  бөлімде  өндірістік  логистикадағы  тауар  қозғалысының 
мақсаттары  мен  міндеттері  және  олардың  математикалық  модельдері  мен 
әдістерің қолдануға мысалдар мен өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар мен 
сұрақтар берілген.  
Төртінші  бөлімде  тарату  логистикасында  тауар  қозғалысының 
міндеттері  мен  мақсаттары  сипатталған,  сондай-ақ  бесінші  бөлімінде  көлік 
және  алтыншы  бөлімде  қойма  логистикасындағы  тауар  қозғалысы 
қарастырылған. 
Берілген  оқу  құралы  логистика  салаларындағы  (сатып  алу,  өндіріс, 
тарату,  көлік  пен  қойма)  тауар  қозғалысына  арналған  тест  сұрақтарымен 
қамтылған.  
Бұл оқу құралында математикалық модельдеу мен әдістерінің синтезін 
логистиканың  әмбебап  құралы  ретіңде  қолдануға  мүмкіндік  беретін  жаңа 
енгізулерді  студенттерді  мен  магистранттарды  оқыту  барысында  қолдануға 
мүмкіндік беретін әдіс ретінде қарастырады. 
Бұл  оқу  құралы  О.В.Толмачевтын  «Логистика  товародвижения» 
электронды мәтіндік басылымына негіздеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет