С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
Тауар қозғалысының логистикасы .docx

 
 
 
4.3 Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар 
 1.  «Дәмді» компаниясы дайын таңғы ас нарығына шығуға жоспарлады. 
Компания  басшылығы  үш  мүмкін  нұсқаны  қарастырады:  Алматы 
қаласындағы зауыт құрылысы (тұрақты шығындар 160 млн теңгені құрайды., 
ауыспалы  шығындары  -  42  мың  теңге/  тонна),  Шымкент  қаласында  жұмыс 
істеп  тұрған  өндірісті  қайта  бейіндеу  (тұрақты  шығындар  80  млн  теңгені 
құрайды,  ауыспалы  шығындар  -  50  мың  теңге/  тонна),  аймақ 
кәсіпорындарында  Berliner  маркалы  өнімді  дайындауға  тапсырыс 
орналастыру  (тұрақты  шығындар  –  16  млн  теңге,  ауыспалы  шығындар  -  64 
мың  теңге/тонна).  Болжамды  өткізу  көлемі  4  мың  тоннаны  құрайды. 
Шығындарды азайту тұрғысынан Berliner компаниясына қандай балама тиімді 
екенін анықтау қажет. 
2. «Қыз-жібек» компаниясы Қызылорда қаласында киімдерді химиялық 
тазалауға  тапсырыс  қабылдауды  жоспарлап  отыр.  Осы  тапсырыстарды 
орналастырудың  мүмкін  болатын  үш  нұсқасы  бар:  Тараздағы  қолданыстағы 
химиялық тазартуды кеңейту (тұрақты шығындар  – 1,5 млн теңге, ауыспалы 
шығындар – 140 теңге/кг, көліктік шығындарды қоса алғанда  – 30 теңге/кг), 
Байқоңыр қаласында жаңа химиялық тазартуды ашу (тұрақты шығындар – 2 
млн  теңге,  ауыспалы  шығындар  –  120  теңге/кг),  Қызылорда  қаласындағы 
халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорнына тапсырыстарды орналастыру 
(тұрақты  шығындар  –  0,4  млн  теңге,  ауыспалы  шығындар-180  теңге/кг). 
Компания    үшін  тапсырыстардың  қандай  көлемінде  қай  нұсқа  тиімді 
болатынын анықтау қажет. 
3.  «Тілдік  мектеп»  лингвистикалық  орталықтар  желісі  қаланың  жаңа 
аудандарында  сабақ  алуға  арналған  екі  алаң  ашуды  жоспарлап  отыр.  Шетел 
тілдерін  үйренуге  деген  жоғары  сұранысқа  байланысты  қала  орталығында 
жұмыс істейтін топтар толып кетті. Ардаланның эвристикалық әдісін қолдана 
отырып,  лингвистикалық  орталықтардың  орналасуы  тиімді  болатын 
аудандарда анықтау қажет. 
 
Облыс 
Қашықтық, км 
Халық  
мың адам 
Салыстырмалы 
маңыздылығы 
А 
В 
С 





11 
41 
1.0 





39 
1.1 





19 
1.8 

11 



26 
1.3 
 
4.  Біздің  компания  облыста  екі  жөндеу  және  автомобильдерге 
техникалық қызмет көрсету шеберханаларын ашуды жоспарлап отыр. Қалалар 


 
72 
 
арасындағы  қашықтық  және  қалалар  халқының  саны  кестеде  келтірілген. 
Сондай-ақ  төменде  зерттелетін  қалалардың  ең  маңызды  статистикалық 
көрсеткіштері  келтірілген.  Ардаланның  эвристикалық  әдісін  пайдалана 
отырып,  шеберханалардың  орналасуы  қандай  қалаларда  неғұрлым  тиімді 
болатынын анықтау қажет. 
 
Бастапқы 
пункт 
Қалаға дейінгі қашықтық, км 
Халық 
Мың адам 






180 
240 
176 
22 

180 

242 
130 
40 

240 
242 

370 
18 

176 
130 
370 

31 
 
Қала 
Орташа  жалақы 
теңге/айл 
Автокөліктер 
саны, бірлік 
Жайлы 
тұрақ 
орындарының 
саны 

11380 
1850 
450 

14200 
4090 
2000 

11100 
2170 
890 

13800 
2850 
1840 
 
Бәсекелестер: 
-  А  қаласы:  көптеген  шеберханалар,  бір  айда  қызмет  көрсетілетін 
автомобильдердің орташа саны - 400 бірлік; 
-  B  қаласы:  шағын  жеке  шеберханалардан  басқа,  қалада  автожөндеу 
зауыты  жұмыс  істейді;  бір  ай  ішінде  шамамен  2000  автомобильге  қызмет 
көрсетіледі; 
-  С  қаласы:  тұрақты  клиенттері  бар  екі  фирмалық  автошеберхана.  Ай 
сайын қызмет көрсетілетін автомобильдердің жалпы саны – 350-400 бірлік; 
-  D  қаласы:  нарықта  көптеген  шағын  және  орта  автошеберханалар  бар, 
олардың  арасында  нақты  көшбасшы  жоқ.  Ай  сайын  шамамен  280-300 
автомобильге қызмет көрсетіледі. 
Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар 
  
1. Өнімді таратуды ұйымдастыру үшін сатып алу логистикасы әдістерін 
қолдану  мүмкін  бе.  Жабдықтау  мен  таратуды  ұйымдастыру  үдерістерінің 
айырмашылықтары неде. 
2.  Бірнеше  көтерме  саудагерлерге  өнімді  өткізу  стратегиясымен 
салыстырғанда дилерлік келісім-шарт жасаудың артықшылықтарын атаңыз. 
3. Қоймадан өнімді жөнелту үдерісі қандай операциялардан тұрады.  
4.  Сатылымнан  кейінгі  қызмет  көрсетуді  ұйымдастыру  неге  тарату 
логистикасына жатқызылды деп ойлайсыз. 
5. Халықаралық қару саудасы, кітаптар мен журналдарды сату, шетелдік 
өндірушілердің  киімдерін  сату,  цементпен,  арматурамен  және  басқа  да 


 
73 
 
құрылыс  материалдарымен  сауда  жасау  кезінде  сіз  қандай  деңгейлі  тарату 
арнасын пайдалануға кеңес бересіз. 
6.  Қандай  жағдайда  өндірушіге  өнеркәсіптік  мақсаттағы  дайын  өнімді 
тарату арнасының деңгейін қысқарту тиімді болуы мүмкін.  
7. Теледидар мен интернет мәліметтері бойынша есірткі құралдарының 
айналымы  мен  заңсыз  қару  саудасы  кезінде  пайдаланылатын  арналардың 
шамамен алғандағы деңгейін анықтаңыз.  
8.  Жоғары  деңгейлі  тарату  арнасының  қатысушылары  арасында 
функцияларды  бөлудің  басқа  қандай  нұсқаларын  ұсына  аласыз.  Қандай 
тауарлар түрлері үшін сіздің нұсқаңыз тиімді болады. 
9.  Тарату  арналарын  құруға  өндірушінің  қатысу  дәрежесі  қандай 
факторларға байланысты болады. Қандай жағдайда ол көтерме делдалдармен 
байланыс  орнатумен  шектелуі  мүмкін.  Қандай  жағдайларда  өндіруші  тарату 
арнасының барлық деңгейлерінде делдалдарды іріктеуді басқаруы тиіс.  
10.Жоғары 
деңгейлі 
тарату 
арналарын 
қолдану 
кезінде 
тұтынушылардың тілектері мен сұраныстарына жоғары деңгейдегі реакцияны 
қамтамасыз  ету  мүмкін  бе.  Осы  мәселені  шешудің  қандай  нұсқаларын 
ұсынасыз. 
11.  Қазақстан  компанияларының  дүкендерді,  көтерме  қоймаларды 
орналастыру туралы шешімдерінің қандай мысалдарын келтіре аласыз.  
12. Сіз қалай ойлайсыз, тарату орталықтарын орналастыру жүргізілетін 
критерийлердің әмбебап тізімін жасау мүмкін бе.  
13.  Аумақтың  саяси  және  экономикалық  тұрақтылығының  дәрежесі 
тарату орталығын орналастыру туралы шешімге қалай әсер етуі мүмкін. 
14. Шешім қабылдаудың қандай эвристикалық әдістерін атауға болады 
(басқа экономикалық пәндер мысалында). 
15.  Ардалан  эвристикалық  әдісін  пайдалану  кезінде  «орналастырудың 
салыстырмалы маңыздылығы» көрсеткішін қалай есептеуді ұсынасыз. 
16.  Жүйенің  гравитация  орталығын  анықтау  кезінде  клиенттердің 
(немесе  елді  мекендердің)  біздің  тауардағы  қажеттіліктері  қандай  әдістердің 
көмегімен анықталуы мүмкін. 
17.  Параграфта  аталған  критерийлерден  басқа  жүйені  гравитациялау 
орталығын  анықтау  әдісі  бойынша  тарату  орталығын  орналастыру  туралы 
қорытынды шешім қабылдау кезінде тағы қандай критерийлерді пайдалануға 
болады.  
18.  Тарату  орталықтарын  орналастырудың  қарастырылған  формальді 
әдістерінің пайдасы неде. Бірнеше маңызды факторларға назар аудара отырып, 
ешқандай есептеулер жүргізбей шешім қабылдау оңай ма. 
19.  Сызықты  бағдарламалау  қандай  әдістерін  атауға  болады.  Осы 
әдістерді қолдану саласы қандай. 
20.  «Теріс  тасымалдың  экономикалық  мәні  жоқ»  деген    мәлімдемені 
қалай түсінесіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет