17
-тауарлар мен қызметтерді тарату жүйелерінің даму тұрақсыздығы;
-қазіргі электронды коммуникациялар, электронды желілер, байланыс
және телекоммуникация жүйелерінің дамуының төмен деңгейі;
-көліктік инфрақұрылымының дамуының артта қалуы, әсіресе,
автомобиль жолдар облысында, жүк терминалдарының жеткіліксіз мөлшері,
сондай-ақ олардың төмен техникалық-технологиялық деңгейі;
-көліктің барлық түрлерінде дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін
көліктік құралдардың жоқтығы; көліктің жылжымалы құрамының физикалық
және моральді тозуының жоғары деңгейі;
-қойма шаруашылығының өндірістік-техникалық базасының дамуының
төмен деңгейі; өнім өндіру бойынша қазіргі технологиялық жабдықтың
жетіспеушілігі;
қойма
жұмыстарының
механизациясының
және
автоматизациясының төменгі деңгейі;
- қазіргі талаптарға сай
тараларды және орауыштарды өндіру бойынша
өндірістің жеткіліксіз дамуы және т.б.
Тарату жүйесі тауарлардың өндірушілерден тұтынушыларға баяу
жылжуымен, қанағаттандырылмаған сұраныстың жоғары деңгейімен, төмен
сенімділікпен және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының деңгейінің
жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Логистика тұжырымдамасын тарату үрдісінде көлікке ерекше орын
бөлінген. Жүктерді халықаралық тасымалдауларға қатысатын отандық
көліктік және экспедиторлық өнеркәсіптер тасымалдау және жүктерді
өңдеудің логистикалық технологияларын, интермодальді, мультимодальді
және терминалды жүйелерді, «есіктен есікке» қағидасы бойынша тасымалдау
технологияларын енгізу қажеттігін алғашқылардың бірі болып байқады. Ірі
мемлекеттік және жеке көліктік және экспедиторлық өнеркәсіптер өзінің
терминалдық жүйелерін, тарату және логистикалық орталықтарын,
логистикалық
қызметтің
ақпараттық-компьютерлік
қамтамасыз
ету
орталықтарын белсенді құра бастады.
Логистика саласында кадрларды дайындау жеткілікті күрделі мәселе
болып табылады. «Логистика» мамандығы бойынша кадрларды белсенді
даярлау, бұл салада орташа және жоғары менеджмент қызметкерлерінің
кәсіптілігін жоғарылату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: