6.5. Лимфаның құрамы мен қасиеттері
Лимфа – мөлдір, сарғылт түсті сұйық. Түрлі органдардан ағатын
лимфаның құрамы əр түрлі. Мысалы, ішектен шыққан лимфа құрамында
негізінен альбуминдер ғана болады да, глобулиндер болмайды. Ал бауыр
лимфасының құрамында қан плазмасындағы мөлшерде белоктар
ұшырасады. Аш мал лимфасы тығыздығы 1.015 шамасындағы түссіз мөлдір
сұйық. Оның құрамында белоктар жəне белокқа жатпайтын азотты
қосылыстар, глюкоза, гормондар, тұздар, ферменттер, дəрмендəрілер жəне
антиденелер кездеседі.
Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белогына ұқсас, бірақ олардың
мөлшері өте аз. Белоктардың ең аз концентрациясы (1-2 пайыз) аяқтардан,
теріден, еттен шығатын лимфада кездеседі, себебі бұл органдар
капиллярларының өтімділік қасиеті өте төмен.
Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен
тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында
хлоридтер мен бикарбонаттар концентрациясы көбірек. Оның əрекетшіл
ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада
эритроциттер болмайды, аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер жəне
гранулоциттер кездеседі. Лимфа құрамында тромбоциттер болмағанымен
фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды (16- таблица).
Лимфаның құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның физиологиялық
күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, майлы азық жегеннен кейін ішек
лимфасының құрамында май тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |